Первый слайд презентации
Тақырып : Бизнес-проектіні моделдеу және басқару ақпараттық жүйесін тұрғызу
Слайд 2
Бизнес-жоспар инвестицияны негіздейтін қорытынды құжаттардың бірі, ол жоспарланған өнім номенклатурасы және өнім шығару көлемі туралы, өнім өткізу және шикізат базасының сипаттамысы туралы, жер, әнергетика және еңбек ресурстары туралы деректерді қамтиды, сондай-ақ, қарастырылатын жобаның коммерциялық, бюджеттік және әкономикалық тиімділігі туралы көрініс береді және ең біріншіден, жобаның инвесторлары үшін салынатын инвестицияның тиімділігін негіздейді. Бизнес-жоспар интеллектуалдық меншік объектісі, коммерциялық құпия пәні болып табылады және сәйкес қорғауды қажет етеді.
Слайд 3
Қазіргі нарықтық қатынастардың даму жағдайындағы әкономикалық жағдай кәсіпорындарға ішкі фирмалық жоспарлауға жаңа тәсілімдеме қолдануды талап етеді. Жоспарлау болашақта әрекет етуді көздейтін кез-келген ұйымға қажет. Кәсіпорындар барынша тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік беретіндей жоспарлау нысандары мен модельдерін іздеуге мәжбүр болады. Мұндай шешімдерге қол жеткізудін, оптималды варианты -бизнес-жоспар болып табылады. Бизнестің табысты дамуының шешуші әлементі - сауатты басқару және жоспарлау. Жоспарлау - табысқа қол жеткізудің қажетті шарты, алайда ол жеткіліксіз. өздерінің іс-әрекеттерін жоспарлайтын көптеген кәсіпорындар сәтсіздікке ұшырайды, сондықтан жоспарлаудың өзіне де ұтымды көзқараспен қарау керек.
Слайд 5
Жоспарлау - болашақта, белгілі бір уақыт мерзімінде болатын оқиғалардың барынша нақты сандық сипаттамасы. Әрине, бизнес дамыған сайын, уақыт өтісімен ақпарат та өзгеріп отырады, өйткені әкономикалық жағдайлар өзгеріске ұшырайды. Алайда бизнесті қоршаған ортаның өзгерісі ақпаратқа өзгерістер әкелгенімен, жоспарлау - қажетсіз күш-жігер мен уақыт жоғалту деп санауға болмайды. Егер жоспарлау дұрыс жүргізіліп, болып жатқан оқиғаларға сәйкес келсе, ол бизнесмен әлсіз және күшті жақтарын сенуге, қоршаған ортаның бизнеске тигізетін әсерін бағалауға мүмкіндік беретін құрал бола алады. Сонымен қоса, бизнес-жоспар банктерге салынған инвестицияның пайдалану тиімділігін бақылауды күшейтуге және мүмкін болатын проблемаларды алдын-ала айқындауға мүмкіндік беретін маңызды құжат.
Слайд 6
Бизнес-жоспар коммерциялық кәсіпорынның барлық негізгі аспектілерін қамтитын құжат, ол алда тұрған мүмкін болатын проблемаларды талдайды, осы проблемаларды шешу тәсілдерін анықтайды. Сонымен, бизнес-жоспар - бұл бизнестегі қол жеткізуді көздеген мақсаттың қағаз жүзіндегі жазылған моделі және осы алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық ресурстарды тиімді пайдалануға жағдай жасайтын кұрал. Жақсы құрылған бизнес-жоспар - жоспарланған іс-әрекеттерінің схемасы. Ол бизнестің болашақ жай-күйін айқындауға көмектеседі. Алға қойылған мақсаттарды белгілеуден бастап, ол мақсатттарға қол жеткізуге қажетті барлық ресурстар мен кезеңдерді қамтиды. Бизнес-жоспарды құру өнерін меңгеру бүгінде себептерге байланысты қажет: • әкономикаға қазір кәсіпкерлердің жаңа ұрпағы келіп жатыр., олардың көпшілігі бұрын коммерциялық құрылымдарды басқарып көрген емес, сондықтан нарықтық әкономиа жағдайында оларды күтетін проблемалардың барлық шеңберін олар алдын-ала көріп біле алмайды;
Слайд 7
Бизнес-жоспардың құрылымы оның мазмұнының ұқсастығына қарамастан ол әр елде, әр салада әртүрлі құрылады. Алайда халықаралық деңгейде жасалатын инвестициялық жобаларды қүру ЮНИДО-ның ұсынған стандарттары бойынша жүргізіледі. Соның құрылымын қарастырайық. Негізгі тараулар келесідей: 1. Жобаның қысқаша сипаттамасы (мақсаттары мен бизнес стратегиясын анықтау). Құрал-жабдықты қою және орналастыру мерзімдері; 2. Жобаның алғы шарттары және идеясы; 3. Нарықты талдау және маркетинг концепциясы (баға белгілеу стратегиясы). Нарықтағы сұранысты бағалау; 4. Жобаның орналасуы, құрылыс участкесі және қоршаған орта; 5. Техникалық жабдықтау және технология. Жобаның базалық технологиясы; 6. Өндірісті ұйымдастыр және басқару. Өндірістік процесс. Өндіріс көлемі. Өнімнің стандарттаы мен технологиясы;