Темір және оның маңызды қосылыстары — презентация
logo
Темір және оның маңызды қосылыстары
  • Темір және оның маңызды қосылыстары
  • Темір және оның қасиеттері
  • Темір және оның маңызды қосылыстары
  • Темір және оның маңызды қосылыстары
  • Темірдің қосылыстары
  • Назарларыңызға рахмет !!!
1/6

Первый слайд презентации: Темір және оның маңызды қосылыстары

Изображение слайда

Слайд 2: Темір және оның қасиеттері

Темір   ( лат.   Ferrum )  —  Менделеевтің   Периодтық кестесінің  4-ші периодының 8-ші қосымша тобындағы   химиялық элемент ; Алюминийден кейін жер қабатындағы ең кең таралған   металл. Металдар қатарына жататын химиялық белсенді элемент. Темір екі жағдайда кездеседі. Оның бірі — жердің өзінен пайда болған жерлік ( теллурлық  ) темір, екіншісі — аспаннаң   метеорит түрінде жерге түскен   космостық темір.

Изображение слайда

Слайд 3

Ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар, электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін, магнитке тартылатын, жұмсақ, созылғыш металл. Жылтырлығы металл типтес. Магниттік қасиеті бар. Темірдің қаттылығы 4—5; меншікті салмағы 7—8. Куб формасы бойынша жымдастығы бар. Сынығы созылыңқы. Тығыздығы 7, 864 г/см3, балқу t ═1539 С. Темірдің 769 С градусқа дейін магниттік қасиеті сақталады. Платинадан айырмашылығы, мұны HN0 3   жақсы ерітеді.  Сингониясы  куб;  гексаоктаэдр   формасында. Оның түйірлері кейде уақ тұтас форма түрінде байқалады, сирегірек болса да үлкен кесектері де кездеседі. Темірдің бірнеше   полиморфтық   модификацияда   болатыны анықталған, олардың жоғарғы температуралы модификациясы — ү- Ғе (906°- тан жоғарырақ ). Ішкі құрылысы жақ орталықты куб. Төменгі температурасы — а- Ғе (906°- тан төменірек ). Ішкі құрылысы жабайы орталықты куб. Химиялық қасиеттері Темір атомының құрылысы : 26 электрон, 26 протон, салыстырмалы атомдық массасы 56, 30 нейтрон, 4 электрондық қабат, 2) 8) 14) 2), Электрондық конфигурациясы : 1 s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2 Тотығу дәрежесі 0,+2,+3, кейде +6; тотықсыздандырғыш болып табылады. Жай заттармен және күрделі заттармен реакцияға түседі. Таза темір магниттелуге, тез магниттік қасиеттерін жоюға бейім. Сондықтан оны трансформаторлар, электромоторлар, электромагниттер, және микрофон мембраналарын жасауға қолданады. Темір көбінесе болат және шойын құймалары түрінде пайдаланылады.

Изображение слайда

Слайд 4

Изображение слайда

Слайд 5: Темірдің қосылыстары

Темір екі қатар қосылыстар түзеді : FeO, Fe(OH) 2, FeSO4 Fe2O3, Fe(OH) 3, Fe2(SO4) 3 Темірдің оксидтері де және гидроксидтері де суда ерімейді. Мысалы, темір (ІІ) сульфатының ерітіндісіне сілті ертіндісін құйсақ, ақ түсті тұнба түседі. FeSO4 + 2NaOH = Fe(OH) 2 + 2Na2SO4 Ауада ақ тұнба қоңыр тартады, өйткені Fe2+ ионы Fe3+ не дейін тотығады. 4 Fe(OH) 2 +O2 + 2H2O = 4Fe(OH) 3 Темір (ІІ) гидроксиді қышқылда еріп негіздік қасиет көрсетеді Fe(OH) 2 + 2HCl = FeCl2 + 2H2O Темір (ІІІ) гидроксиді де тұзының ерітіндісіне сілтімен әсер ету арқылы алады Fe2(SO4) 3 + NaOH = 2Fe(OH) 3 + 3Na2SO4 Темір (ІІІ) гидроксиді қышқылда ериді, негіздік қасиет береді Fe(OH) 2 + 3HCl = FeCl3 + 3H2O

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Темір және оның маңызды қосылыстары: Назарларыңызға рахмет !!!

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено