Слайд 3
Аң — еті мен терісі үшін ауланатын түз жануарлары. Қазақ халқы терісі үшін ауланатын орташа сүтқоректілер ( құндыз, суыр, күзен, бұлғын, кәмшат, сусар түлкі, қарсақ, т.б.) мен терісі, еті, мүйізі үшін ауланатын жануарларды ( қара құйрық, ақбөкен, елік, арқар, таутеке, құндыз кәмшат, марал, бұлан, т.б.) да аң деп атаған. Қазақстанда кейін арнаулы аң өсіру фермалары құрылды. Онда аң өсірудің екі әдісі: торда және жартылай еркіне жіберіп өсіру қолданылады. Күміс түсті қара түлкі, көгілдір түлкі, бұлғын, қара күзен торда өсіріледі. Ал жартылай еркіне жіберіп өсіруде аңның негізі тобы торда болады да, жаз бен күзде ересегі мен жасы еркіне жіберіліп, бірге бағылады. Республикада дайындалған аң терілерінің 12 – 15%-ы жабайы аңдардың, 82 – 85%-ы қолда өсірілетін аңдардың үлесіне тиеді.
Слайд 4
Аңшылық – түз жануарларын аулау кәсібі. Қазіргі Қазақстан жерінде адамдар аңшылықпен ежелгі палеолит дәуірінен айналысқан. Мысалы, Үшбұлақ қойнауында (Қаратау қаласының солтүстік-батыс жағында 36 км жерде ) мустье дәуірінде өмір сүрген аңшылардың шағын топтарының қысқа мерзімді тұрақтарының ізі сақталған. Ондай тұрақтар суатқа келетін аңдарды (бизон, бұғы, киік, жылқы ) аңдуға қолайлы бұлақ түбіне салынған. Соңғы палеолит дәуірінде ірі жануарларды аулау, адам қорегінің басты негізі болды. Мысалы, адамдар Жайық өзенінің бойынан мамонттар мен жүндес мүйізтұмсықтарды аулап, олардың сүйектерінен әр түрлі кескіштер, қырғыштар, найзалар мен сүңгілердің ұштары, шанышқылар, лақтырылатын найзалар, сүйек инелер, біздер жасаған. Сонымен қатар адамдар аң терісінен киім тігуді де үйренген. Аң аулау дәстүрлері мен тәжірибелері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, аң аулау шаруашылығы дамыған. Соған байланысты қазақтар арасында аңшылықты жақсы меңгерген мамандар – аңшы (аңды аулаушы ), аңкөс (аң аулаудың сырларын жетік меңгерген аңшы ), құсбегі (қырандарды түрге, топқа жақсы ажырататын ), бүркітші (бүркітті баптай алатын ) және қағушы (бүркітшілерге қолғанат болатын ) пайда болды. Олар аң аулаудың айла-шарғыларын (ор қазып, ұшпалардан ұшырып, қарға омбылатып аулау, тасқақпанмен, тормен, құмқақпанмен, тұзақпен ұстау, құспен, итпен қуу, түтін, жемтік салу, мұзға отырғызу, т.б.) жетік меңгерген
Слайд 5
Құндыз [2] ( лат. Castor fiber ) — кеміргіштер отрядының терісі бағалы аң. Тіршілігінің көбі суда өтетіндіктен дене пішіні соған бейімделген. Денесі ұршықша жұмырланып келген, басы біршама кішілеу, мойны айқын байқалмайды ; түксіз жалпақтау келген денесінің артқы бөлігі ескектәрізді құйрыққа жалғасады. Аяқтары қысқа. Артқы аяқтарының башайлары арасы жүзу жарғағымен көмкерілген. Тырнағы өткір, артқы аяғының екінші башайы айыр сияқты (жүнін қасу үшін қажет ). Жүні тығыз, су өтпейді, қара қоңыр не қара. Құндыз Еуропа, Азия және Солтүстік Америкада таралған. Қазақстанда Жайық, Сырдария, Іле, Шу өзендерінде, Бұқтырма бөгенінде кездеседі. 19 ғасырдың соңында құндызды есепсіз аулау Қазақстанда оның жойылу қаупіне әкеліп соқтырды. Тек 1963 жылы құндызды көршілес Ресейдің Орынбор облысынан Батыс Қазақстан облысының аумағына келе бастады. Жайық өзенінің бойындағы көлдерге кең тарап, саны көбейді.
Слайд 6
Олар Ақтөбе облысының Тентекқара, Үлкен және Кіші Қобда өзендеріне де қоныс аударды. Олар көбінесе тұщы суларды мекендейді. Құндыз аузы су астында болатын, түбі су деңгейінен жоғары, биіктігі 2,5 м, ұзындығы 12 м күрке жасайды. Жыныстық жағынан 2,5 – 3 жаста жетіледі. Қаңтар – ақпан айларында ұйығып, бір айдан соң кұнайлары (3 – 5) дүниеге келеді. Олар тез өседі. Құндыз шөп, үйеңкі, терек, қайың, қамыс жапырағын жейді, балық, су тышқаны, су құстары, моллюскалармен қоректенеді. Құндыз – терісі бағалы аң. Құндыздан парфюмерияда қолданылатын «құндыз жұпары» алынады (жүнінің жоғарғы кабатының астында жұпар иіс шығаратын қылшықтары болады
Слайд 7
Күзендер ( лат. Mustela ) – сусар тұқымдасының бір туысы. Қазақстанда орманды далалар мен шөлейт аймақтарды, әсіресе, жусанды және астық тұқымдас өсімдіктер өскен жерлерді мекендейтін 7 түрі : сарғыш күзен, аққалақ, ақкіс, сары күзен, еуропа қара күзені, сасықкүзен, су күзені бар. Бұлар көбінесе сарышұнақтардың, қосаяқтардың, аламандардың індерін пайдаланады. Өздері ін қазбайды. Тұрқы 13 – 53 см, салм. 0,1 – 2,2 кг. Денесі ұзынша келген. Жүні үлпілдек, жұмсақ, түсі алуан түрлі. Қорегін іңірде, түнде аулайды. Ақпанда ұйығып, мамыр айында 8 – 12-ден ( кейде 19 – 20-дан) балалайды. К-дердің ішінде ең ірісі – дала К-і ( M. eversmann і ), оның тұрқы 29 – 52 см. Бұлар өздеріне қауіп төнгенде аналық безінен жағымсыз иіс шығарады, сондықтан оларды сасық К. деп те атайды. К. – терісі бағалы, кәсіптік маңызы бар аң. Сондай-ақ олар зиянкес кемірушілерді жеп пайда келтіреді.
Слайд 8
Кәмшат ( лат. Lutra lutra ) — жыртқыштар отрядының күзендер тұқымдасына жататын, терісі өте құнды аң. Кәмшат Австралиядан басқа материктің бәрінде кездеседі. Суда жақсы жүзеді, шомылады. Камшаттың негізгі қорегі — балықтар мен бақалар. Кәмшатты кейде қазақша құндыз немесе қама деп те атайды. Мұның бірнеше түрлері бар, олардан жиі кездесетіндері : кәмшат құндызы, өзен кәмшаты.
Слайд 9
Қазақстанның орманды, таулы аймақтарында кәдімгі кәмшат және Орта Азия кәмшаты кездеседі. Дене тұрқы 65 — 70, құйрығы 41 — 44 см, салмағы 5 — 8 кг. Кәмшаттың арқасы мен құйрығының түсі жылтыраған қара қоңыр. Бауыры ақшыл, төсі сарғыш қоңыр келеді. Саусақтарының арасы жүзу жарғақтарымен көмкерілген. Қазақстанның оңтүстік-шығысында таралған. Іле өзеніне құятын Шілік, Үсек, Құндызды сияқты таулы өзендерінің сағаларын және Көксу, Қара, Тентек өзендерінің жоғарғы жағалауларын мекендейді. Көбіне шабақтар мен балықтармен қоректенеді. Сондай-ақ, құстарды, сүтқоректілерден — қоян, су тышқаны мен ұсақ кеміргіштерді ұстап жейді. Кәмшат көбіне өзеннің тік жағасынан ін қазып, сонда паналайды. Інінің аузы су астында болады. Жатағын қыста қатпайтын, балығы бар ағын су бойына салады. Жылына 1 рет түлейді. Аналығы 2 — 4 құнай табады. Көп аулануына байланысты саны күрт азайып кеткен. Осы кезде тек кәдімгі кәмшатты ғана аулауға рұқсат етіледі. Орта Азия кәмшатыы өте сирек кездесетін болғандықтан Қазақстанның “ Қызыл кітабына ” енгізілген. Бұл аң Кирсанов қорықшасында арнайы қорғалып, өсіріледі. Жылына 100 — 150 кәмшат елтірісі дайындалады (2004)
Слайд 10
Б ұлғын ( лат. Martes zibellina ) – сусар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 40 – 55 см, құйрығы – 20 см-дей, салмағы 0,4 – 1,6 кг. Қазақстанда Алтайдың қылқан жапырақты ормандарында кездеседі. Құлақ қалқаны жалпақ, дөңгеленген ұшы үшбұрышты. Денесіндегі жүндері қалың қою жібектей, түсі – бурыл, сарғыш, қара қоңыр, алқымында кішкене ақшыл дағы болады. Сирағы қысқа, қимылы икемді келеді. Ұсақ жәндіктермен, самырсын жаңғағымен, жидекпен қоректенеді. Кейде жабайы бал арасының балын да жейді. Шыршалы, майқарағайлы ормандардағы ағаш діңдері мен тас қуыстарды мекендейді. Мекендейтін жерлерінен көп ұзамайды, азығы азайған жылдары орманның бір жерінен екінші жеріне қоныс аударады. Табиғи жағдайда 1 жыл 3 айда жыныстық жағынан жетіледі. Бұлар 2 рет ( наурыз – маусымда және тамыз – қарашада ) түлейді. Бұлғын маусым – тамызда шағылысып, 245 – 300 күннен кейін наурыздың аяғында, 2 – 6 соқыр күшіктен туады. Күшіктерінің салмағы 30 г-дай, дене тұрқы 11 – 12 см. 30 – 36 күнде олардың көздері ашылып, тістері шыға бастайды, ал 3,5 айда тұрақты тістері қалыптасады. Бұлғын – терісі өте бағалы аң. Терісінен бас киім тігіледі.
Слайд 12
Қарсақ ( лат. ' Vulpes corsac ' ) – ит тұқымдастары, түлкі туысына жататын жыртқыш аң. Биологиялық сипаты[ өңдеу ] Дене тұрқы 46 – 56 см, құйрығының ұзындығы 25 – 35 см, терісі бағалы аң. Қысқы жүні қалың, жұмсақ әрі жібектей болып келеді. Жазғы жүні қысқа, ірі және түбітсіз келеді. Қарсақтың түлкіден айырмашылығы: құлағы ақ, үлкен тұмсығы сүйір болады. Қарсақ жылына екі рет түлейді ( көктемде және күзде ). Көбеюуі[ өңдеу ] Қарсақ жыныстық жағынан 9 – 10 айда жетіледі. Жылына 1 рет күшіктейді. 2-ден 16-ға дейін, негізінде 3-6 күшік табады [2]. Қазақстанның далалы аймағында ақпанда, ал шөл - шөлейтті аймақтарында қаңтардың аяғында шағылысады. 52 күннен кейін 2 – 16, көбіне 3 – 6 күшік туады.
Слайд 13
Қазақстанның шөл-шөлейтті жерлерінде кең тараған. Өсімдікке бай ойпаң мен аңғарлы сайларды, тау етегін мекендейді. Қарсақ – өте бағалы терісі үшін ауланып келе жатқан кәсіптік маңызы бар аң. Қарсақ – құтыру мен оба ауруларын таратушылар. Түршелері[ өңдеу ] Қазақстанда қарсақтың 3 түршесі бар: Қазақстан қарсағы ( Vulpes с. corsac ) - солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс Қазақстан жерін мекендейді. Бұл түршелердің ең ірісі, тері жабындысы мен құйрығы ерекше үлпілдек жүнді. Қалмақ қарсағы ( Vulpes c.kalmykorum ) - Орал таулырының шөлді аймағында кездеседі. Қазақстан қарсағына қарағанда жүні онша үлпілдек емес. Түркімен қарсағы ( Vulpes c.turkmenicus ) - оңтүстік- батыс және Оңтүстік Қазақстанда тараған. Қарсақтардың ішіндегі кішісі.