Первый слайд презентации
Тістің қатты тіндерінің тісжегі емес патологиясы. Жіктемесі. Тістер гипоплазиясы. Этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, емі.
Слайд 2
Тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларының жүйесі (В.К. Патрикеев бойынша): Тістер шыққанға дейін туындайтын тісжегі емес зақымданулары. Тістер шыққаннан кейін туындайтын тісжегі емес зақымданулары.
Слайд 3
Тістер шыққанға дейін туындайтын тісжегі емес зақымданулары Кіреуке гипоплазиясы; Кіреуке гиперплазиясы; Тістердің эндемиялық флюорозы; Тістер дамуының және жарып шығуының аномалиялары; Тістер түсінің өзгеруі; Тістер дамуының туа біткен бұзылыстары.
Слайд 4
Тістер шыққаннан кейін туындайтын тісжегі емес зақымданулары Тістер пигментациясы және қақтар; Тістердің қатты тіндерінің қажалуы; Сынатәрізді ақау; Тістер эрозиясы; Тістердің қатты тіндерінің некрозы; Тістер жарақаттары; Тістер гиперестезиясы (жоғары сезімталдығы).
Слайд 5
Тістер гипоплазиясы - іштегі нәресте ұрығы немесе бала ағзасындағы ақуыздың және минералды алмасуының бұзылыстары әсерінен тіс ұрығындағы метаболиттік үрдістерінің ауытқуы нәтижесінде ( жүйелі гипоплазия ) немесе тіс ұрығына жергілікті факторлардың әсер ету нәтижесінде ( жергілікті гипоплазия ) пайда болады.
Слайд 7
Жүйелі гипоплазияның этиологиясы. Гипоплазия сүт тістерде және тұрақты тістерде байқалады. Бірақ сүт тістерінің гипоплазиясы сирегірек кездеседі. Құрсақта дамитын сүт тістерінің гипоплазиясы жүкті әйелдің организіміндегі зат алмасу үрдістерінің зақымдалуымен байланысты, ал тұрақты тістерінің гипоплазиясы сәбидің организміндегі зат алмасу үрдістерінің бұзылуымен байланысты, себебі тұрақты тістерінің қалыптасуы бала дүниеге келгеннен кейін, оның 5- 6- ші айдан бастап жүреді. Балалардың аурулары ұрыққа қарағанда көбірек байқалады, сол себептен тұрақты тістерінің гипоплазиясы сүт тістерге қарағанда көбірек кездеседі.
Слайд 8
Әдебиет мәліметтері бойынша, аналары жүктілік кезінде қызылшамен, токсоплазмозбен, токсикозбен ауырған балалардың уақытша күрек тістерінің гипоплазиясы байқалады. Сонымен қатар тістер гипоплазиясы күні жетпей туған балаларда, туа біткен аллергиясы немесе резус конфликттің нәтижесінде гемолитикалық сары ауруы бар, асфиксиямен туған және туған кезде жарақат алған балаларда кездеседі. Осылайша, бала өмірінің алғашқы апта немесе айлары белгілі ауруларымен ауырып шықса, кейін оның сүт тістерінің гипоплазиясы кездесу мүмкін, себебі аталған мерзімдері кезінде уақытша тістерінің қалыптасуы жүреді.
Слайд 9
Тұрақты тістерінің гипоплазиясы - осы тістерінің қалыптасуы және минералдануы кезінде әртүрлі аурулар әсерінен дамиды, яғни бала рахитпен, тетаниямен, жедел инфекциялық ауруларымен, алиментарлы ауруларымен, токсикалық дистрофиямен, ішек-асқазан диспепсиямен, эндокринді жүйесінің ауруларымен, туа біткен мерезбен ауырып шықса. Гипоплазия ошақтарының орналасуы және зақымдалған тістер топтары басынан өткізген аурулар кезіндегі баланың жасына байланысты.
Слайд 10
Мысалы, бала өмірінің алғашқы айларында белгілі бір аурумен ауырса, оның орталық күрек тістерінің кесу қыры аймағында және бірінші молярларының төмпешіктерінде гипоплазия дамиды, себебі осы тістердің қалыптасуы туғаннан кейін 5-6 айдан бастап жүреді. 8- 9 айдан бастап екінші күрек және сүйір тістердің қалыптасуы басталады. Егер осы уақытта бала белгілі бір аурумен ауырып қалса, аталған тістердің кесу қыры аймағында, ал орталық күрек тістерінің және бірінші молярларының экватор аймағында гипоплазия учаскілері кездеседі.
Слайд 11
Гипоплазия айқындылығы басынан өткізген аурудың ауырлығына байланысты: зат алмасуының әлсіз бұзылыстары кезінде тістерде бортәрізді дақтар пайда болу мүмкін, күрделі аурулар кезінде – тіс кіреукесі жетілмеу мүмкін, кей жағдайда оның толығымен жетілмеуі, яғни аплазиясы байқалады.
Слайд 12: Жүйелі гипоплазия – барлық не бір уақытта дамитын тіс кіреукесінің бұзылуымен сипатталады
Слайд 13
Жүйелі гипоплазияның түрлері: Дақты түрі Тіс кіреукесінің толық жетілмеуі: - толқынтәрізді - нүктетәрізді -сызаттәрізді (бороздчатая) - табақшатәрізді (чашеобразная) Кіреуке аплазиясы
Слайд 14
Кіреуке гипоплазиясының клиникасы Гипоплазияның дақты түрі : Науқастың шағымы жоқ немесе эстетикалық жағынан. Қарап тексергенде: симметриялы орналасқан тістер эмалінде сары немесе ақ түсті дақтар анықталады, шекаралары анық, көлемдері бірдей, дақтың беті жылтыр- тегіс немесе күңгірт болады. Әдетте дақтар тістердің вестибулярлы беткейінде кездеседі (көбінесе 1.1, 2.1, 1.6, 2.6 және т.б. тістерде). Анилин бояуымен (2% метилен көгінің ер- сі) боялмайды. Дақтардың көлемі, түсі, пішіні өмір бойы өзгермей тұрады. Дақ аймағындағы кіреуке қалындығы сау эмальдің қалындығымен бірдей.
Слайд 15
Толқынтәрізді, сызатты және нүктелі түрлері кіреуке гипоплазиясының ауыр түрлеріне жатады. Толқынтәрізді түрі – тіс беткейін кептірген кезде байқалады – қарап тексергенде кіреуке бетінде кешкене біліктері мен сайлар анықталады.
Слайд 16
Гипоплазияның ең көп кездесетіні, ол эмальдің вестибулярлы не тіл бетінде орналасқан нүкте тәрізді түрі. Қарап тексергенде: әр түрлі тістер тобының әр түрлі деңгейінде нүкте тәрізді тереңдіктер байқалады. Тіс шықаннан кейін алғашқы уақытта тереңдікте орналасқан эмальдің түсі өзгермеген болады. Уақыт өткен сайын ол пигменттеле бастайды. Бірақ ақау орналасқан жердегі эмаль тығыз және тегіс болады.
Слайд 17: Кейде гипоплазия сауытта жеке- кесе көлденең орналасқан сызат тәрізді түрімен көрінеді. Бұндай сызаттар бірнешеуі болуы мүмкін, олар өзгермеген тіс тіндерімен кезектеседі, бірақ эмальдің бүтіндігі бұзылмаған болады
Гипоплазияның өте сирек кездесетін түрі, ол кейбір аймақтарында эмальдің жоқ болуы – аплазия.
Слайд 18
Жүйелі гипоплазияның бір түрі – ол Гетчинсон, Фурнье және Пфлюгер тістері. Бүл тістердің пішіндері ерекше болып келеді. Ғалымдардың пікірі бойынша Гетчинсон, Фурнье және Пфлюгер тістердің пайда болуы туа біткен мерезбен байланысты.
Слайд 19: Гетчинсон тістері – жоғарғы ортаңғы күрек тістердің пішіндері бошкатәрізді, сауыттың мойын аймағының көлемі кесу қырына қарағанда үлкен, кесу қыры жартыайтәріздес
Слайд 20: Фурнье тістері - Гетчинсон тістеріне ұқсас болып келеді, бірақ кесу қырыларында жартыайтәріздес ойығы жоқ
Слайд 21: Пфлюгер тістері – бірінші молярлардың мойын аймағының көлемі шайнау беткейіне қарағанда үлкендеу, жалпы тіс пішіндері конустәрізді, төмпешіктері толық дамымаған
Слайд 22: Жүйелі гипоплазияның тағы бір түрі – ол тетрациклин тістері. Бүл патология тістердің минералдану және қалыптасу кезінде тетрациклиннің қабылдау нәтижесінде тістердің түсінің өзгеруімен сипатталады
Слайд 23
Жергілікті гипоплазия – тұрақты тістер ұрықтарының қабыну үрдісіне ұшырауынан немесе тіс фолликулдың механикалық жарақаттанудан осы тістер кіреукесінің қалыптасудың бұзылуы. Жергілікті гипоплазия көбінесе тұрақты кіші азу тістерде кездеседі, себебі олардың ұрықтары сүт тістердің (молярлар) түбірлерінің арасында жатады.
Слайд 24: Жергілікті гипоплазияның көріністері – тістерде ақ немесе сарғыш- қоңыр дақтардың болуы, жиі жағдайда тістердің барлық беткейлерінде нүкте тәрізді ойықтар кездеседі. Кейде тістер кіреукесі жартылай немесе толығымен болмауда мүмкін (Турнер тістері аталады)
Слайд 25
Гипоплазияның салыстырмалы диагностикасы. Гипоплазияның дақты түрін бастапқы тісжегіден және флюороздың штрихты және дақты түрлерінен ажырата білу керек. Тіс кіреукесінің жетілмеуімен сипатталатын гипоплазия түрлерін (нүктелі, толқынтәрізді, сызатты және т.б.) беткей тісжегіден, флюороздың эрозиялы түрінен және кіреуке қышқылды некрозынан ажырату керек.
Слайд 26: Гипоплазияның емі
Емдеу шараларының негізі – жалпы және жергілікті реминералдаушы терапия. Ремтерапия гипоплазия дақтарын немесе ақауларын жою алдыңда жүргізіледі. Жалпы ремтерапия үшін келесі препараттар тағайындалады: кальций глицерофосфаты немесе кальций глюконаты 0,5 г күніне 3 рет, курсы 1 ай. Жылына емдеу курсын 1- 3 рет қайталанады. Жергілікті ремтерапия үшін әртүрлі әдістер және препараттар қолданылады: Леус- Боровский немесе Максимовский бойынша ремтерапия, «РОКС Минерал» тіс пастасымен аппликациялар жасау, фторқұрамдас гельдер мен лактарды қолдану және т.б.
Последний слайд презентации: Тістің қатты тіндерінің тісжегі емес патологиясы. Жіктемесі. Тістер
Гипоплазия дақтарын немесе ақауларын жою мақсатында келесі емдеу шараларды қолдануға болады: Тістерді ағарту (арнайы ағартқыш заттарды қолдану) (көбінесе гипоплазияның дақтар кезінде қолданылады) Кіреуке микроабразиясы – кіреуке жіңішке қабатын құрамында тұз қышқылы және абразиві бар «Prema» пастасының көмегімен алып тастау Ақауды егеп, композиттік пломбалық материалмен пломбалау (реставрациялау) Винир дайындау. Гипоплазияның ауыр түрлерінде ортопедиялық ем ұсынылады.