Первый слайд презентации: Д Ә Р І С 6. Топырақтардың жіктелуі 1. Топырақтарды жіктеудің принциптері, таксономиялық бірліктер 2. Қазақстан топырақтарын жіктеу жүйесі 3. Топырақтардың таралу заңдылықтары 4. Топырақ жамылғысы құрылымы
Слайд 2: Топырақтың пайда болуы, қасиеттерінің қалыптасуымен өзгеруі табиғи ортаның әсерімен тікелей байланысты болғандықтан жер бетінде алуан түрлі топырақтар кездеседі. Олардың морфологиялық белгілері, химиялық, физикалық-химиялық қасиеттері және құнарлылығы әр түрлі. Топырақтарды классификациялау дегеніміз оларды басты қасиеттеріне және құнарлылығына байланысты топтарға жіктеп бөлу
Слайд 4
Топырақты классификациялау өте күрделі жұмыс. Сондықтан осы күнге дейін топырақтардың үйлесімді жасалған халықаралық классификациясы жоқ. Әр мемлекет бұл мәселемен өзінше шұғылдануда. Осы мәселені шешуде жақсы жетістіктерге жеткен елдер Ресей мемлекеті ( бұрынғы Кеңестер Одағы ), Франция, АҚШ, Канада т.б. Топырақ классификациялау кезінде келесідей қағидалар ( принциптер ) қолданылады: – Классификация топырақтың негізгі қасиеттеріне және құбылымдарына сүйеніп, топырақ түзілуін қамтамасыз ететін құбылыстарды ескеруі керек. Яғни, ол топырақтың пайда болу тегін ескеріп және, сонымен бірге экологиялық, морфологиялық және эволюциялық бағыттарды да қамтуы қажет ; – Классификация ғылыми таксономиялық бірліктер жүйесіне негізделіп құрылуы керек ; – адамдардың әрекетінен болған топырақ құрамындағы өзгерістер, қасиеттер классификацияда ескерілуі шарт ; – классификация топырақтың өндірістік ерекшеліктерін айқындап, оны ауыл және орман шаруашылығында тиімді қолдануға мүмкіндік беруі керек.
Слайд 6
Табиғатта кездесетін топырақтарды дұрыс жүйелеп оған толық атау беру үшін таксономиялық бірліктер жүйесі қолданылады. Топырақтану ғылымындағы таксономиялық бірліктер төмендегідей: Топырақ типі – Біртектес биологиялық, климаттық, гидрологиялық жағдайда дамыған және негізгі топырақ түзілу процесінің айқын сипат алуымен бірге басқада процестердің қосарлануы мүмкіндігі бар топырақтардың тобы. Топырақ типшесі - Олар негізгі топырақ түзілу процесіне қосымша үрдістер әсерінен айрықша белгілері байқалатын топырақ типі ішіндегі топырақ топтары. Топырақ тегі - Ол топырақтың генетикалық сапалық көрсеткішінің ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Осы ерекшеліктер аналық тау жынысының, ыза судың химиялық құрамына, немесе топырақ түзілуінің өткен кезеңдерінен қалған кейбір белгілерге байланысты. Яғни, жергілікті жағдайдың ерекшелігі топырақты текке жіктеуге қолданылады. Топырақ түрі - Түрлерді анықтаушы белгілер негізінен топырақ түзуші процестердің даму қарқынымен және оның ерекшеліктерімен байланысты. Мысалы, топырақтың түрін анықтауға оның құрамындағы қарашірінді мөлшері және қарашірінді қабатының қалыңдығы қолданылады. Топырақ түршесі - Түршені анықтаушы белгі – топырақтың гранулометриялық (механикалық ) құрамы. Топырақ қатаршасы (разряды)– Таксономиялық бірліктің ең кішісі. Ол аналық тау жынысының генетикалық қасиеттеріне байланысты анықталады.
Слайд 7
Қасиеттеріне және жіктелуіне сәйкес берілетін атау жүйесі топырақ номенклатурасы болып есептеледі. В.В. Докучаев және Н.М. Сибирцев топырақтың генетикалақ номенклатурасын құрып, топырақты атағанда орыстың халық сөздерін қолданған. Олар топырақтың жоғарғы қабатының түсіне немесе топырақ түзілуінің экологиялық жағдайына байланысты топырақ типтерінің атауын көрсетті. Мысалы, қара топырақ, сұр топырақ, күлгін топырақ, батпақ топырағы, шалғын топырағы, т.б. Осы атаулар халықаралық дәрежеде қолдау тауыпбасқа, тілдерге аударылып немесе аудармасыз көптеген халықтар арасында қолданылып келеді. Топырақты классификациялапбелгілі жүйеге келтіріп анықтап,атау үшін топырақтың ерекшебелгілері қолданылады. Олар диагностикалық белгілер деп аталады.Диагностикалық белгілерге топырақты зерттегенде, морфологиялық талдау жасағанда көзге түсетін, жеңіл анықталатын белгілер таңдалып алынады.Сонымен бірге топыраққа толық және дұрыс атау беру үшін күрделі химиялық, агрофизикалық зерттеулер де жүргізіледі.