1-топ Онтология болмыс туралы ілім ретінде — презентация
logo
1-топ Онтология болмыс туралы ілім ретінде
  • 1-топ Онтология болмыс туралы ілім ретінде
  • Жоспар:
  • Онтология болмыс туралы ілім ретінде
  • 1-топ Онтология болмыс туралы ілім ретінде
  • 1-топ Онтология болмыс туралы ілім ретінде
  • Болмыс және бейболмыс
  • Болмыстың түрлері:
  • Платон мен Аристотель философиясындағы болмыс мәселелері.
  • Платон
  • Платонның философиясындағы болмыс мәселелері
  • Платонның философиясындағы болмыс мәселелері
  • Платон философиясындағы болмыс мәселелері:
  • Аристотель
  • Аристотель философиясындағы болмыс мәселелері
  • Аристотель философиясындағы болмыс мәселелері
  • Аристотель философиясындағы болмыс мәселелері:
  • Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
1/17

Первый слайд презентации: 1-топ Онтология болмыс туралы ілім ретінде

Тексерген: Абдразакова Нургуль Асановна

Изображение слайда

Слайд 2: Жоспар:

Онтология болмыс туралы ілім ретінде. Болмыс және бейболмыс; Болмыстың түрлері. Платон мен Аристотель философиясындағы болмыс мәселелері.

Изображение слайда

Слайд 3: Онтология болмыс туралы ілім ретінде

Философия өз негізінде үш мәселені қамтыды. Олар: Онтология (тіршілік, тұрмыстық жағдай), гносеология (таным туралы ілім), логика (ойлау жүйесі туралы ілім) Онтология грек тілінен аударғанда онтос - болмыс, логос – ілім, яғни болмыс туралы ілім болып табылады.

Изображение слайда

Слайд 4

Онтология дегеніміз – болмыс туралы ілім. Бұл туралы түрлі пікірлер, ойлар және анықтамалар бар. Болмыс - тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Адамдар арасындағы қатынаста «болмыс» термині үш мағынада қолданылады. Болмыс – кең мағынасында, объективтік шындық. Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы. Болмыс - «тіршілік ету» сөзінің синонимі. Жай күнделікті әңгімедегi «болу», «өмір сүру» терминдеріне сәйкес келеді.

Изображение слайда

Слайд 5

Онтология терминін алғаш енгізген (1613) неміс философтары Р.Гоклениус пен Х.Вольф. Бұл философтардың пікірінше Онтология адамның шынайы дүниемен байланысын түйсікпен емес материалды болмыстан бөлек тұратын ақыл-парасат, абстракциялық рух арқылы таниды. Олар Онтология бүкіл дүниенің (оның ішінде субстанция, кеңістік пен уақыт, т.б.) негізі мен мәнін болмыстағы алуан түрлі құбылыстардың себебін, дамуын түсіндіретін бірден-бір ғылым деп санады.

Изображение слайда

Слайд 6: Болмыс және бейболмыс

Болмыс – бүкіл әлемнің тұтастығын, дүние мен адамның бірлігін, тіршіліктің мәнін білдіретін философиялық категория.. Ол “бол”, “болу” сияқты түсініктердің баламасы.Болмысқа дүниеде өмір сүретіннің бәрі : материалдық заттар да, құбылыстар мен процестер де, қатынастар мен байланыстар да, яғни осының барлығы болмысқа жатады Бейболмыс (небытие – болмыссыздық, болымсыздық) – болмыстың қарама-қарсы ұғымы. Егер болмыс бар нәрсенің бәрі болса, бейболмыс – бұл жоқ нәрсенің (жоқтың) бәрі, бірдеңенің толық жоқтығы (полное отсутствие чего-либо). Бірақ бейболмыс та болмыспен бірлікте және ол сияқты реалдылы (шын). Қоршаған дүниенің, әлемнің нәрселері, құбылыстары болмыста да, сондай-ақ бейболмыста да болуы мүмкін. Бейболмысқа әлі ұрықтанбаған, тумаған адамдар, жасалмаған нәрселер және т.с.с., сонымен бірге бұрын болған, ал қазір жоқ бейболмыстағы адамдар, заттар, қалалар, қоғамдар, өркениеттер, мемлекеттер, т.б. жатады.

Изображение слайда

Слайд 7: Болмыстың түрлері:

Заттар (денелер), процестер болмысы: А) бірінші табиғат; Б) екінші табиғат. Адам болмысы: А) заттар дүниесіндегі адам болмысы; Б) адамның өзіндік болмысы. Рухани болмыс: А) жеке адамның рухани болмысы; Б) қоғамның рухани болмысы. Әлеуметтік болмыс: А) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекеленген адам болмысы; Б) қоғам болмысы.

Изображение слайда

Слайд 8: Платон мен Аристотель философиясындағы болмыс мәселелері

Изображение слайда

Слайд 9: Платон

Платон (б.д.д 427—347 жж.) —Сократтың дәріс алған, оның ілімін әрі қарай жалғастырушы, өзінің терең де мағыналы философиялық ойларымен жалпы философия ғылымының дамуына үлкен әсер еткен ғұлама-ойшыл. Платон – оның лақап аты (жалпақ, кең деген мағына береді), шын аты – Аристокл.

Изображение слайда

Слайд 10: Платонның философиясындағы болмыс мәселелері

Платон рухани әлемнің жеке-жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе “эйдос” деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т.б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әртүрлі міндет атқарады: 1. Себептілік. 2. Заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі. 3. Заттардың_түпнегіз бейнелейтін үғымы.

Изображение слайда

Слайд 11: Платонның философиясындағы болмыс мәселелері

Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдоста (идеялар) мәңгі, өзгермейді, сондықтан Платон оларға қосымша тағы бір ұғым –“хораны” (материя) кіргізді. Хора-материя көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін, өзіне өзі тең құбылыс. Бірақ ол кез келген түрді қабылдап, пішінделген (түрленген) материя болуға қабілетті. Оны денелі немесе денесіз деп айтуға болмайды. Платонның материясын танып-білуге болмайды, ол – бейболмыстың бір түрі. Осыған қарамастан, материя – көп түрліліктің, жалқылықтың, заттанудың, өзгерістердің, туу мен өлімнің, табиғи қажеттіліктің, жамандықтың еріксіздіктің қайнар көзі. Материя мәңгі, ол өмірге идея (эйдостар) арқылы келмейді.

Изображение слайда

Слайд 12: Платон философиясындағы болмыс мәселелері:

Идеялар бір-бірімен тек қана қарым-қанынасты емес, соынмен бірге бір-біріне бағынышты бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болды. шын болмыс – ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Әлемде қаншама бір тектес, бір-біріне ұқсас заттар, құбылыстар, процестер көп болса, сонша идеялар бар. Платонның материясын танып-білуге болмайды, ол – бейболмыстың бір түрі.

Изображение слайда

Слайд 13: Аристотель

Ежелгі Греция философиясының биік шыңдарының бірі ұлы ғұлама Аристотель (б.д.д.384-322) болды. Ол өз алдына басқа ғылымдардың мәселелерін философия тұрғысынан қараған алғашқы ойшыл. Франция жағалауындағы Стигир қаласында дүниеге келді. 17 жасында Платоннан дәріс алған, ал 41 жасында Ұлы Александрдың (Македонский) тәрбиешісі болған. Ол Афиныда Ликей немесе перипатетиктер (кыдырып жүріп сүхбаттасу)

Изображение слайда

Слайд 14: Аристотель философиясындағы болмыс мәселелері

Өзінің ілімін Аристотель мәнділікті болмыс деп қарастырудан бастайды да, оны сол болмыстың өзіне тән категориялары арқылы түсіндіруге тырысады. Осы тұрғыдан мән категориясы – мәнділікті түсінудің кілті. Ол өзіне дейінгі ойшылдарға үқсап мәнді материалдық зат (от, жер, су, ауа, атом) ретінде де, идея ретінде де қарастырмайды, оны өзіне тән әртүрлі көріністеріне байланысты тануга болады дейді. Мәннің көріністері: 1) түпнегіз, субстрат; 2) болмыстың мәні; 3) болмыстың мәні мен түпнегізден тұратындар; 4) жалпыға бірдей әмбебап жалпылық; 5) жалпылық; 6) ерекшелік.

Изображение слайда

Слайд 15: Аристотель философиясындағы болмыс мәселелері

Мәннің бұл аталған көріністерінің ішінде біреуі ғана – “болмыстың мәні” мәнділік болады, ал қалғандары мәнділік бола алмайды. “Болмыстың мәні”, түр (форма), “алғашқы мән” синоним ұғымдар. Аристотельдің пікірінше, форма – кез келген жалпы бастама емес, жәй жалпылық қана, осы тұрғыдан алғанда, ол жалқылар мен жалпылар арасындағы ерекшеліктердің арқасында өмір сүреді. Форма сапа да, сан да заттар арасындағы қатынастар да емес, ол – заттардың мәні, онсыз заттар өмір сүре алмайды. Сезімдік заттар көлемінде, оның мәні ретінде форма (түр) заттардан бөлек өмір сүрмейді. Қаншама ерекшеленген (топталған) заттар болса, соншама форма. Формалардың сатысымен көтеріле отырып, форманың ең жоғары түрі — материядан тыс өмір сүретін алғашқы қозғаушы күшке дейін жетеміз. Ондай форманы ешкім дүниеге әкелмейді, ол мәңгі. Формамен қатар алғашқы бастамалардың қатарына «хюлэ» — материя да жатады. Материяның екі түрі бар. Біріншісі — түрсіз, бейтарап, 2-шісі – заттарды материалдандыратын нәрсе.

Изображение слайда

Слайд 16: Аристотель философиясындағы болмыс мәселелері:

Форма – кез келген жалпы бастама емес, жәй жалпылық қана, осы тұрғыдан алғанда, ол жалқылар мен жалпылар арасындағы ерекшеліктердің арқасында өмір сүреді. “Болмыстың мәні” мәнділік болады, ал қалғандары мәнділік бола алмайды. Формалардың сатысымен көтеріле отырып, форманың ең жоғары түрі — материядан тыс өмір сүретін алғашқы қозғаушы күшке дейін жетеміз. Ондай форманы ешкім дүниеге әкелмейді, ол мәңгі. Материя мен форманы алғанда, басты роль формаға беріледі, себебі шын нақтылық — заттардың нақтылығы емес, форманың нақтылығы.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: 1-топ Онтология болмыс туралы ілім ретінде: Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено