Тұлғааралық қабылдау әсерлері — презентация
logo
Тұлғааралық қабылдау әсерлері
  • Тұлғааралық қабылдау әсерлері
  • Қабылдау
  • Тұлғааралық қабылдау әсерлері
  • Тұлғааралық қабылдау әсерлері
  • Тұлғааралық қатына c
  • Тұлғааралық қабылдау әсерлері
  • Тұлғааралық қабылдау әсерлері
  • Тұлғааралық қабылдау әсерлері
1/8

Первый слайд презентации: Тұлғааралық қабылдау әсерлері

Орында ған : Жабагина Анель Топ: КК-13 Тексерген: Ақымбек Г.Ш

Изображение слайда

Слайд 2: Қабылдау

Қабылдау – заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың дәмі түсі дыбысы иісі формасы т.б. қасиеттері бейнеленеді. Мысалы алманы алсақ, біздің анализаторымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі т.б. қасиеттері әсер етеді де, миымызда тұтас зат бейнесі пайда болады

Изображение слайда

Слайд 3

Қабылдаудың түрлері : 1) Кеңістікті қабылдау адамның ортамен өзара әрекеттесуінде үлкен рөл атқарады және адамның сонда бағдарлауының қажетті шарты болып табылады. Кеңістікті қабылдау кеңістіктің объективті көрінісінің бейнеленуі болып табылады және объектілердің формасын көлемін, өзара орналасуын олардың қашықтығын және олардың бағытын қабылдаудан тұрады. - Заттардың көлемі мен түрін қабылдау. Мұнда заттардың көздің тор қабығында бейнеленуінің үлкен маңызы бар. Үлкен заттарға үлкен кескін, кіші заттарға кіші кескін сәйкес келеді. Адамның көз құрылысының ерекшелігіне байланысты алыста орналасқан зат көлемі жағынан бірдей болғанымен жақын қашықтықтаы затқа қарағанда кіші болып бейнеленеді. - Заттардың аумақтылығы мен қашықтығын қабылдау. Мұнда бинокулярлық көру ( немесе екі көзбен көре қабылдау ) негізгі рөл атқарады. Моникулярлық көру ( немесе бір көзбен көру ) қашықтықты белгілі бір шек маңында ғана дұрыс анықтай алады. 2) Уақытты қабылдау – бұл құбылыстар мен оқиғалардыңұзақтығы мен тізбегін бейнелендіру. Уақыттың қабылдау ұзақтығы адам іс әрекетінің мазмұнына тәуелді. Қызықты, маңызды істерге толы уақыт зымырап тез өтеді. Егер оқиға қызықсыз, елеусіз болса, уақыт мүлдем өтпей қояды. 3) Қозғалысты қабылдау – бұл объектілердің кеңістіктегі орны мен қалпының өзгерісін бейнелеу. Қозғалысты қабылдау өмірлік маңыза ие. Қозғалысқа көру жүйесінің перифериялық бөлімі сезімтал келеді. Қозғалысты қабылдауда көру және кинестезиялық анализаторлары негізгі рөл атқарады. Адам объекттердің кеңістіктегі орын ауыстыруы жөніндегі мағлұматты екі жолмен : орын ауыстыру немесе қозғалысты тікелей көру, қабылдау арқылы және белгілі бір уақытта басқа орында болған объектінің қозғалысы жөнінде ой қорытындысы негізінде.

Изображение слайда

Слайд 4

Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері : 1) Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдаудың обьектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей тұтастай қабылдаймыз. Мәселен егер « Дударай » операсындағы Мариям әнінің бастауын ғана құлығымыз шалса, осы әннің мәнін тұтастай қабылдайтын боламыз. 2) Қабылдаудың мағыналылығы. Бұл ерекшелікте қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашылығы жақсы көрінеді. Объектілердің мазмұнын жақсылап түсінбейінше, олар толық қабылданбайды. Егер обьектінің атын сөзьен берілсе, ол қандай нәрсе болса да, оңай және тез қабылданады. 3) Қабылдаудың құрылымдылығы. Біз белгілі бір объектіні жеке және элементтермен емес, тұтас құрылым ретінде қабылдаймыз. Мәселен, музыканы қабылдағанда, біз оны жеке ноталар бойынша емес тұтас әуен ретінде қабылдаймыз. 4) Қабылдаудың таңдамалылығы. Толып жатқын объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз ( оның қасиетін, сапасын ). Мысалы, газет оқығанда ондағы унверситет деген сөз қате жазылып тұрса, біз оны дұрыс оқимыз. 5) Қабылдаудың тұрақтылығы немесе константтылығы. Сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың формасы, мөлшері, түсі және т.б. қасиеттерінің салыстырмалы бір қалыпты қабылдануын айтады. Мысалы ақ қағаз қарағы бөлмеде қара болып көрінсе де, біз оны ақ деп қабылдаймыз. 6) Қабылдаудағы иллюзия. Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзия сан алуан себептерге байланысты пайда болады. Мысалы шай құйылған стаканға қасық салсақ ол сынған сияқты көрінуі физикалық қасиеттерімен түсіндіріледі. 7) Апперцепция. Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысынан өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығы. Бұл адамға қабылданатын заттар немесе құбылыстар таныс болып, оның бұрынғы тәжірибесінде кездескен болса, онда адамоларды дұрысырақ, тереңірек қабылдайды.

Изображение слайда

Тұлғааралық қатына c - практик психологтың психодиагностикалық жұмысының пәні ретінде. Практикалық психологтың тұлғааралық қатынас және қарым-қатынас мәселесін психодиагностикалау жұмысы - кәсіби іс-әрекеттің күрделі саласы. Біріншіден, тұлғааралық қарым-қатынас саласының өзі кең ауқымды, яғни адамның жекеден әлеуметтікке дейінгі аспектілерін қамтиды. Адам жалғыздықта қалғанда да өзгелерге, маңызды бағалауларға сүйенетініне келіспеуге болмайды.

Изображение слайда

Слайд 6

Тұлғаның қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі – қарым-қатынас мәселесі болып табылады. « Қарым-қатынас » түсінігі мен тұлғаның қалыптасуындағы қарым-қатынастың алатын рөлі туралы идея кеңестік психологтар А.Н.Леонтьев, А.Б.Добрович, И.А.Зимняя, Г.В.Казнова, М.И.Лисина, А.В.Мудрик, Л.А.Поварницынаның және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Тұлғааралық қарым-қатынастың бірлігі мен қызметтік пайымы біркелкі түсінікті бермей, қарым-қатынастың қызмет түрі ретінде де қарастырылады. Себебі қарым-қатынас, біріншіден, бұл - қызметтің ерекше бір түрі ( коммуникативтік қызмет ), екіншіден, кез келген қызметті жүзеге асырудың шарты, үшіншіден, арнайы қойылған қызметтің нәтижесі болып табылады. Өзінің еңбектерінде М.Н.Ночевник « Адамның дамуын, жеке адамның тұлға болып қалыптасуын, оның қоғаммен байланысын басқа адамдармен қарым-қатынасынан тыс елестету мүмкін емес » деп атап көрсетсе, М.Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінде бұл мәселе жөнінде «Жеке адамның шын мәніндегі рухани байлығы оның іс жүзіндегі қарым-қатынастарының байлығына байланысты » деп жазған.

Изображение слайда

Слайд 7

Тұлғааралық қарым-қатынастар, яғни бір адамның екінші адаммен қарым-қатынасы. Тұлғааралық қарым-қатынасқа адамзат аралық ақпарат алмасу жатады, бұл қарым-қатынастың бірінші коммуникативтік жағы ретінде сипатталады. Тұлғааралық қарым-қатынастың екінші жағы – қарым-қатынас жасаушылардың өзара әрекеттестігі – тек сөйлесу үдерісі арқылы ғана емес, істері мен әрекеттері арқылы да қарым-қатынас жасау. Қарым-қатынастың үшінші жағы қатынас жасаушылардың бірін-бірі қабылдауы болып табылады. Ал оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынас дегеніміз – оқытушының ықпалымен студенттердің топтық іс-әрекетін реттеуші, вербалды, бейвербалды қарым-қатынасқа түсу ерекшелігі, оқыту үдерісіндегі шиеленістерді шешудің, мінез-құлықтың топтық нормаларын қалыптастырудың құралы және болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бір факторы болып табылады.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Тұлғааралық қабылдау әсерлері

Практикалық психолог тұлғааралық қатынас мәселесімен жұмыс жасағанда түрлі негізде құрылған психодиагностикалық әдістемелер жүйесіне бағдарланады. Ол жекеленгенде былай жіктелуі мүмкін : а) обьект негізінде ( топтар арасындағы қатынас, ішкі топтардың   процестері, диадалық қатынастардың   диагностикасы ); б) зерттеу   шешетін   міндеттер   негізінде ( топтың ұйымшылдығын, сәйкестігін   және т.б. анықтау ); в) қолданылған   әдістемелердің құрылымдық ерекшеліктері   негізінде ( сауалнамалар, проективті әдістемелер, социометрия  және т.б.); г) тұлғааралық   қатынасты   диагностикалаудың   бастапқы есептеуі негізінде ( субьективті   қалаулар әдістемесі, қарым-қатынасқа   қатысушылардың жеке мінездемесін анықтау   әдістемесі, тұлғааралық   қатынастың субьективті   бейнеленуін   зерттеу   әдістемесі және т.б.)

Изображение слайда

Похожие презентации