Слайд 2
«тұрақты даму» ұғымын түсіндіреді, тұрақты дамудың белгілері мен бағыттарын атайды; тұрақты даму жөнінде зерттеу жүргізеді, ұсыныстарын түйіндейді (жергілікті компонент негізінде) Оқу мақсаттары :
Слайд 3
Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды.
Слайд 4
1987- жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан). 1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және « ХХІ ғасырдың күн тәртібіне » атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған
Слайд 7
1 топ- бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру 2 топ- суды тиімді пайдаланудың нақты шаралары Ауыл шаруашылығын тұрақты даму аясындағы шаралары 3 топ – биоалуантүрлілікті сақтау шаралары 4 топ әлеуметтік жағдайды жақсарту бойынша нақты іс- шаралар 5 топ- экономикалық жағдайды жақсарту бойынша нақты іс- шаралар
Слайд 8
Тұрақты дамудың 4 ерекшел іктері: 1)Қайта жаңаратын (жер, орман) табиғи қорлардың санының біраз уақытта азаймауы. 2)Қайта жаңара алмайтын (күн, жел) табиғи қорлардың азаюын мүмкіндігінше баяулату. 3)Мүмкіндігінше қалдықтарды азайтатын қор жинақтаушы технологияларды және аз қалдық шығаратын өндірістерді енгізу. 4)Заңға сүйенген тұрақты дамудың негізін жасау, табиғатты қолдану экономикалық механизмдер арқылы жөнге салу және қоршаған ортаны қорғау
Слайд 9
Қоршаған орта және адам қоғамының турақты дамуын есепке ала отырып мына жағдайды ескереміз яғни тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс: - қалалардың әрбір тұрғынын бір адамға шаққанда ең кемінде күніне 40литр ауыз сумен қамтамасыз ету; - өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды залалсыздандыру ережелерін анықтап, жүзеге асыру; - барлық ауылдық аудандардың тұрғындарын экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.
Слайд 10
Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде : ауа райының өзгеруі, ресурстарды тұтынудың артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның деградациясы, энергия мен ресурстарды пайдалану, биосфераның космостық зерттеулері, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әр түрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.
Слайд 11
Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар: - бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету; - суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау; - жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдауҚазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар: - бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету; - суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау; - жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау
Слайд 12
Қазақстан Республикасының тұрақты даму тұжырымдамасына өту принциптері ҚР Президентінің Жарлығымен Тұрақты даму тұжырымдамасы қабылданды. Осы Тұжырымдамаға сәйкес негізгі мақсат елдің бәсекеге қабілеттілігін ұзақ мерзімде қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру негізінде экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық аспектілердің балансына қол жеткізу. Тұрақты дамуға өту төрт кезеңге бөлінеді: дайындық кезеңі, бірінші, екінші және үшінші кезең. Дайындық кезеңі (2007 - 2009 жылдар) – Тұрақты даму принциптерін қоғамдық және саяси іс әрекеттердің барлық салаларына ендіру, экономиканы әртараптандыру, технологиялық алға жылжуды жүзеге асыруға қажетті жағдайларды жасау. Бірінші кезең (2010 - 2012 жылдар) – ҚР ның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруді қамтамасыз етуге негізделген. Екінші кезең (2013 - 2018 жылдар) – өмір сүру сапасы деңгейі бойынша әлемдік дамудағы көшбасшылар арасындағы еліміздің жағдайын нығайту, табиғи ресурстарды орынсыз пайдалану салдарынан болатын шығындарды айтарлықтай қысқарту, елдің экологиялық тұрақтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету. Үшінші кезең (2019 - 2024 жылдар) – тұрақты дамудың қабылданған халықаралық өлшемдеріне қол жеткізу.
Слайд 13
Экологиялық аспекті: а) қоғамның және табиғаттың коэволюциясын қамтамасыз ету, адамның және биосфераның салыстырмалы үйлесімі арқылы аралық қалпына келуге, құрылуға трансформацияның барлық көздеуі негізгі тіршіліктің қажеттіліктерін қанағаттандыруы; ә) табиғи қорларды теориялық өңдеу және нәтижелі қолданып, олардың әдістерінің практикалық орындалуы; б) ноосфералық дамудың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; в) аз қалдықты және қалдықсыз өндірістің биотехнологиясын тұйық циклмен кеңінен дамыту; г) энергетиктер негізін салған органикалық отынды өртеуде, баламалық энергетикте энергия қайнарлары қолданылады; ғ) өнегелі кодекстің - экология талаптарының өңдеу міндетін сақтауы.
Слайд 14
Қазақстан Республикасында Тұрақты дамуға көшудің негізгі принциптері мыналар болып табылады: • бүкіл қоғамды тұрақты дамуға қол жеткізу үрдісіне тарту; • тұрақты даму үшін саяси негіз жасау; • ведомствоаралық ықпалдасу, мемлекетті басқаруға деген жүйелі көзқарас, дамудың негізгі көрсеткіштерін болжамдау, жоспарлау және реттеу тиімділігін арттыру; • ел экономикасына жоғары технологияларды белсенді енгізу нәтижесіндегі экономикалық прогресс, ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру; • ғылым мен білім берудің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету; • салауатты қоғам үлгісін енгізу негізінде халықтың денсаулық жағдайын, демографиялық жағдайды жақсарту; • қоғамның аса маңызды ноосфералық қызметі ретінде қоршаған ортаны қорғау қызметін жетілдіру; • трансөңірлік экожүйелік көзқарас негізіндегі аумақтық даму.
Последний слайд презентации: Тұрақты даму
Тұрақты дамуға көшудің басымдықтары мыналар: • өндіріс пен тұтынудың тұрақты үлгілерін енгізу; • жаңа және экологиялық қауіпсіз технологияларды пайдалану; • тұрақты көлік жүйелерін дамыту; • энергетикалық тиімділік және энергия жинақтау; • Тұрақты дамудың өңірлік мәселелері; • халықтың әлеуметтік қауіпсіздігінің деңгейін арттыру; • экологиялық және гендерлік аспектілерді ескере отырып, кедейшілікке қарсы күрес; • Тұрақты даму үшін ғылым мен білім беруді одан әрі дамыту; • тарихи және мәдени мұраны сақтау; • халықтың денсаулығына төнетін экологиялық қауіп-қатердің алдыналу және азайту; • шөлейттенуге қарсы күрес; • биологиялық әралуандықты сақтау; • эмиссияларды, оның ішінде қызған газдар мен озон қабатын бұзатын заттарды азайту; • сапалы ауыз суға қолжетімділік; • трансшекаралық экологиялық проблемаларды шешу; • радиациялық және биохимиялық қауіпсіздік.