Первый слайд презентации
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы « Көкібел” жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сабақтың тақырыбы: « Тұңғыш олимпияда чемпионы атанған қазақ » Қазақ тілі мен әдебиеті мүғалім і : Копжасаров Уалихан Шегирбекович
Слайд 2
Бөлімі : Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары Оқу мақсаты : 6.2.4.1 Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру; Бағалау критерилері: Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстырады
Слайд 3
Тапсырма : « Тұңғыш олимпияда чемпионы атанған қазақ» Оқулық: Қазақ тілі 6-сынып, Арман-пв баспасы,2018 жыл,130 бет, мәтіннің авторы Төлеген Жәкітайұлы, кітаптың авторы: Т.Н.Ермеков, Ж.К.Отарбеков, Г.Б.Тоқтыбаев Мәтінді оқып шық. Қай стильде жазылғанын ажыратыңдар. Тұнғыш олимпиада чемпионы атанған қазақ Жақсылық Үшкемпіров 15 жылдан аса жеңіл салмақта (48 келі) алты алаштың көз қуанышты болды.Ел намысын қолдан бермей,қазақтың қайсар мінезін танытты.Алдымен, бүкіл Кеңес Одағының балуандарын ұтты.Табаны күректей 15 жыл бойы тек бір салмақта ғана күресудең қиындығын боз кілемді бақ сынағандар біледі.Оған екінің бірінің төзімі жетпейді. Жақсылық1980 жылы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Одан соң Мәскеу олимпиадасының чемпионы! Қазақ- қазақ болғалы олимпиадада тұнғыш алтынға қол жеткізді. Ол- грек- рим күресіненалтын медаль алып,ұлтының мәртебесін тасытқан, олимпиада жекпе жегінде олжа салған тұнғыш қазақ. Іле-шала,1981 жылы, әлем чемпионы атағын қанжығасына байлады, 1982 жылы әлем кубогінің иегері атанды. -- Олимпиада чемпионы атану -- шүмектеп жтөгілген талай жылғы мандай теріңіздің отеуі ғой.Алғашқы әсері қандай болды? -- Шынымды айтсам,нақты есімде жоқ. Соңғы белдесуден сон-ақ Қабден ағам бәйгеден келген жүйрігін жабуды жауып жіберіп, жұрт көзінен аулаққа алып кетуге асығатын қызғаншақ атбегілердей жүгіріп келіп, мені қапсыра құшақтаған күйі келем үстінен ала түсті емес пе? Қуып жеткен бір журналист: --Олимпиада чемпионы атанған тұнғыш қазақтың сөзін естігіміз келеді, --- дегенде, тандайым кеуіп, қаталап тұрған басым: --Қымыз беріндерші, қымыз ішкім келеді– деппін. --Тілегін қандай? -- дегенде естігенде: -- Олимпиада ойындарында менен кейінде де қазақ ұлдарды бірінен соң бірі чемпион бола берсе екен, -- деп айтқаным есімде.
Слайд 4
Түсіну және талдау тапсырмалары: Тест тапсырмалары Жақсылық Үшкемпіров қандай салмақта күрескен? А. Аса жеңіл салмақтакүрескен. Б. Аса ауыр салмақта күрескен. В. Орта салмақта күрескен. Д. Салмақ таңдамай күрескен. Е. Дұрыс жауабы жоқ. Салыстыру және зерттеу тапсырмалары : Жақсылық Үшкемпіровтың жетістігін қазіргі қазақ балуаны Елдос Сметовтың жетістіктерімен салыстырыңыз. Критериі: - салма ғы - күресу стратегиясы - жеңіске жету жасы -ең үлкен жетістіктері Ақпаратты іздеу: Ақпаратты сәйкестендіріңіз. 1.1980 А Әлем чемионы атанған жылы 2.1981 Б Әлем кубогінің иегері атанған жылы 3.1982 С Еуропа чемпионатының жүлдегері Интерпретациялау: Бүгінгі күні спортта жетістікке жету үшін қандай қасиеттер маңызды? ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________
Последний слайд презентации: Түркістан облысы Қазығұрт ауданы « Көкібел” жалпы білім беретін
Тұжырымдау, анализ тапсырмалары : Еңбек пен табандылық- жеңістің кепілі» деген тақырыпта келісу, келіспеу эссесін жазыңдар. Бағалау критериі: Тақырыбы Құрылымдалуы Кіріспе : кіріспе ой, негізгі ой, нақты ұстаным Негізгі бөлімдер: көзқарас, сапалы мысалдар, қорытынды Қорытынды : тұжырымдау Еңбек пен табандылық-жеңістің кепілі Адам баласы өз өмірінде үлкен жетістіктерге жетуді армандайды. Бірақ сол жетістіктердің артында қандай факторлар тұрғанын әркім әртүрлі бағамдайды. Біреулер сәттілік пен тағдырға сенсе, басқалары табандылық пен еңбекті айтады. Менің ойымша, табандылық пен еңбек-жеңістің басты кепілі. Бұл қағиданы өмірде дәлелдеген тұлғалардың бірі – Олимпиада чемпионыЖақсылық Үшкемпіров. Ол 15 жыл бойы бір ғана салмақта күресіп, еш мойымастан жаттығуын жалғастырды. Оның жеңісі кездейсоқ болған жоқ, керсінше төгілген тер мен табандылықтың нәтижесі. Егер ол қиындыққа төтеп бермесе чемпион атанбас еді. Алайда, кейбіреулер табысқа жету үшін, тек еңбек жеткіліксіз дейді. Олардың пікірінше, адамға сәттілік те керек дейді. Себебі тарихта қаншама дарынды адамдар өз мумкіндіктерін толық жүзеге асыра алмаған. Мен еңбек пен табандылық жеңістің басты кепілі екеніне толық келісемін. Еңбектенген адам міндетті түрде жеңіске жетеді. Бұл өмірдің заңы. Сондықтан біз де мақсатқа жету үшін, ерінбей еңбек етіп табанды болуымыз қажет. Назарларыңызға рахмет !