Первый слайд презентации: Ұйғыр ауданы білім бөлімінің «Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тарих пәнінің мұғалімі Надырбекова Жанагуль Жумагуловна
Слайд 2: Таныстырылым тақырыбы: Тарихи концептілер негізінде оқушылардың тарихи ойлау дағдыларын дамыту дың тиімді тәсілдері
Слайд 3: Таныстырылым мақсаты:
Тарихи концептілер негізінде тарихи ойлау дағдыларын дамытуға бағыттаған әдістерді таңдау жолдарын қарастыру «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін» Конфуций
Слайд 4
«Қазақстан тарихы» оқу пәнінде тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру және оқу мақсаттарын тиімді жүзеге асыру төмендегі тарихи концептілерге (түсініктерге) негізделеді: 1) өзгеріс пен сабақтастық; 2) себеп пен салдар; 3) дәлел; 4)ұқсастық пен айырмашылық; 5) маңыздылық; 6) интерпретация.
Слайд 5
Оқушылар... 5 сынып мысалдар келтіре отырып, өзгерістердің орын алуына өзіндік түсіндірме беру 6 сынып өзгерістер екі уақыт кезеңі арасындағы айырмашылық ретінде қарастырылуы мүмкін екендігін түсіну 7 сынып өзгеріс пен сабақтастықтың өзара байланысқандығын және кейбір нәрселердің уақыт өте келе өзгеретінін, ал басқалары тұрақты түрде қалатынын түсіну 8 сынып тарихи өзгерістер ұзақ уақыт кезеңі ішінде үдеріс (ағын) ретінде (қарқындылық, деңгей мен үрдіс жағдайында) сипатталуы мүмкін екендігін түсіну 9 сынып өзгеріс пен сабақтастықтардың бір уақытта көптеген үдерістері (ағындары) бар екенін түсіну және олардың қалыпты түрде бір-бірімен байланыспайтындығын түсіну Өзгеріс және сабақтастық Тарихи ойлау дағдыларының прогрессиясы
Слайд 6
Себеп және салдар концептісі Тарихи ойлау дағдыларының прогрессиясы 5-сынып 6-сынып 7-сынып 8-сынып 9-сынып кейбір тарихи оқиғаларға түсіндірме беру себеп және салдарлар-ды анықтау арқылы өткен заманның оқиғаларына түсіндірме беру бірқатар себептерді анықтау және олардың өзара байланысын көрсету негізінде белгілі бір оқиғаларға түсіндірме беру себептердің кең ауқымды диапазонына негізделе және олардың өзара байланысын көрсете отырып, белгілі бір оқиғаларға түсіндірме беру әрбір факторды толық талдау және олардың зерттеу сұрағымен және бір-бірімен өзара байланысын көрсете отырып, себеп- салдарлық байланыстарға жан-жақты түсіндірме беру
Слайд 7: Ұқсастық пен айырмашылық концептісіне негізделген сабақта
Оқушылар: белгілі бір жерде, белгіленген бір уақыт кезеңінде және/немесе әртүрлі қоғамдарда, немесе бір қоғамның ішіндегі өзара байланысқан тарихи оқиғаларды салыстырады. Ұқсастық пен айырмашылық концептісі негізіндегі дағдылардың прогрессиясы: 5-сынып адамдар, қоғамдар және зерттелген объектілер арасында ұқсастықтар мен айырмашылықтарды сипаттау 6-сынып бір уақыт кезеңі шеңберіндегі әртүрлі қоғамдағы адамдардың тәжірибелері, ой-пікірлері мен нанымдарын түсіну және түсіндіру 7-сынып ұқсастықтар мен айырмашылықтарды берілген белгілері бойынша жіктеу 8-сынып тарихи оқиғалар/ құбылыстар/ үдерістерді интерпретациялау үшін айқындалған ұқсастықтар мен айырмашылықтардың маңыздылығын анықтау 9-сынып тарихи контекст пен тарихи перспективаны ескере отырып, айқындалған ұқсастықтар мен айырмашы лықтарды бағалау және тұжырымдау
Слайд 8: Маңыздылық концептісі Тарихи ойлау дағдыларының прогрессиясы
5-сынып 6-сынып 7-сынып 8-сынып 9-сынып Белгілі бір оқиғалар басқа оқиғаларға қарағанда азды-көпті маңыздырақ болатындығын түсіну Оқиғалардың әсер еткен деңгейін анықтау негізінде тарихи оқиға немесе тұлғаның неліктен маңызды деп саналатынына бірнеше себептер келтіру Қоғамның әртүрлі топтары үшін оқиғаның маңыздылығын анықтау критерийлерін қолдану Белгілі бір уақытта және уақыт өтісімен оқиғаның маңыздылығын анықтау үшін критерийлерді қолдану Әртүрлі адамдар топтарының өзіндік перспективаларына сәйкес маңыздылықты әрқилы интерпретациялау себептерін түсіндіру
Слайд 9
«Дәлел» концептісі бойынша дамытылатын дағдылардың прогрессиясы 5сынып 6-сынып 7-сынып 8-сынып 9-сынып Тарихи деректерді зерттеу арқылы қойылған сұрақ - тарға жауап табу Пікірді қол - дау немесе сынға салу үшін бірқа тар деректерді қолдану Деректі оқу барысын да «көзге түсетін ақпарат шегінен» шығу және тарихи сұраққа жауап беруге және белгілі бір нәтижеге келуге мүмкіндік беретін қорытындыларды шығару Алғышарттарын, аудиториясы мен негізгі міндетін ескере отырып, қорытындыларды шығару үшін деректерді тұжырымдау Негізді қорытын дыларды қолдау мақсатында тарихи деректерді олардың контексті, аудиториясы мен міндеттері аясында бағалау
Слайд 10: Интерпретация концептісіне негізделген сабақтарда оқушылар белгілі бір тарихи оқиғаға, құбылысқа, процеске әртүрлі көзқарастарды түсіндіре және бағалай білуі керек
Интерпретация оқушылардың тарихи дереккөздердің, әртүрлі дәлелдердің мазмұнын сипаттау, түсіндіру, талдау және салыстыру, өткен туралы өз қорытындаларын тұжырымдау дағдысымен байланысты Жазбаша дереккөзде ұсынылған өткенді сипаттау, түсіндіру және бағалау, әртүрлі дереккөздердегі оқиғалардың сипаттамаларын салыстыру Кескіндемеде (суреттер, карикатуралар) ұсынылған өткенді сипаттау, түсіндіру және бағалау. Тарихи хроникада ұсынылған өткенді сипаттау, түсіндіру және бағалау (деректі және көркем фильмдер) Тарихи фотосурет терде ұсынылған өткенді сипаттау, түсіндіру және бағалау Әр түрлі тарихи дереккөздермен және дәлелдемелер түрлерімен жұмыс жасау кезінде оқушылар өткенді түсінудегі олардың рөлін түсінеді, дереккөздердегі өткенді түсіндіру авторлардың сипатталған оқиғаға көзқарастары бойынша бір-бірінен ерекшеленетінін түсінеді
Слайд 11: 8 сынып Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: Ұлттық автономиялар Сабақтың зерттеу сұрағы : Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясының идеялары неліктен жүзеге аспады? Тарихи концепт: себеп- салдар
Сабақ мақсаты: Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру; Қ азақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау.
Слайд 12
«Қоқан автономиясы мен Алаш Орда үкіметінің ортақ идеясы неліктен жүзеге аспады?» тақырып сұрағына « PEST-талдауы» жасаңыз. Тарихи концепт: себеп- салдар P – саяси фактор E – экономикалық фактор S – әлеуметтік фактор T – технологиялық фактор Тиімділігі: -Аталған кезеңде саяси үдерістерге әсер еткен факторларды анықтайды; - Салалар бойынша жіктейді; - Мәселенің негізгі себебін түсіндірді; - Салдарына қорытынды жасайды. Нәтижесі: Әрбір факторды толық талдап және олардың зерттеу сұрағымен және бір-бірімен өзара байланысын көрсете отырып, себеп-салдарлық байланыстарға жан-жақты түсіндірме береді.
Слайд 13: 9 сынып Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдың 40-80 жылдарындағы әдебиет пен өнердің дамуы Оқу мақсаты: 9.2.2.1. кеңестік әдебиет пен өнер туындыларындарда қоғамдық өмірдің бейнеленуін талдау; Зерттеу сұрағы: Кеңестік идеология қазақ мәдениетінің дамуына қалай әсер етті? Тарихи концепт: маңыздылық ПТМС формуласы
П озиция (мен солай санаймын, өйткені...) Т үсіндіру (....себебі,.....) М ысал (мен мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын....) С алдар (айтылған мәселе бойынша мынадай қорытынды жасаймын....) Әдістің тиімділігі: -Оқушының көзқарасын айтуына мүмкіндік болады: - Себебін түсіндіреді; - Мысалдар келтіреді; Өз ойын қорытындылауға үйренеді.
Слайд 14: Тарихи деректердің түрлері
Құжат түрлері 1.Мемлекеттік сипаттағы құжаттар: (грамота, жарлық, бұйрық, заң, мемлекеттік іс-шараның хаттамасы) 2. Халықаралық сипаттағы құжаттар: (келісім-шарттар, хаттамалар мен іс-қағаздары) 3. Саяси күреске қатысты құжаттар: (бағдарламалар, саясаткерлердің сөзі, декларация) 4. Тарихи сипаттағы құжаттар: (күнтізбелер, жылнамалар, тарихи шығармалар мен еңбектер) 5. Жеке тұлғалық сипаттағы құжаттар: (күнделіктер мен хаттар) 6. Әдеби және мәдени жанрдағы құжаттар: (қанатты сөздер, өлең, жырлар, толғаулар, поэмалар т.б.) Тарихи деректердің түрлері «Дәлел» түсінігі (концепт) негізінде тарихи деректерді интерпретациялау
Слайд 15: Ой қозғау
Зерттеу сұрақтары: Суретте қандай нысан басты назарда? Автордың неге көңіл бөлгісі келгенін анықтаңыз; фотосуреттегі адамдар қандай іс-әрекетпен айналысуда? ойланыңыз, неліктен суретші осы уақытта және осы оқиғаны фотоға түсірді? фотосуреттің уақытын анықтаңыз. • фото мазмұнында қандай оқиға, ақпарат, мәлімет т.б.жеткіліксіз болып тұр?
Слайд 16
Тарихи құжатпен жұмыс. Деректің мазмұнына баға бер. Тарихи концепт интерпретация Құжат түрлері 1.Мемлекеттік сипаттағы құжаттар: (грамота, жарлық, бұйрық, заң, мемлекеттік іс-шараның хаттамасы) 2. Халықаралық сипаттағы құжаттар: (келісім-шарттар, хаттамалар мен іс-қағаздары) 3. Саяси күреске қатысты құжаттар: (бағдарламалар, саясаткерлердің сөзі, декларация) 4. Тарихи сипаттағы құжаттар: (күнтізбелер, жылнамалар, тарихи шығармалар мен еңбектер) 5. Жеке тұлғалық сипаттағы құжаттар: (күнделіктер мен хаттар) 6. Әдеби және мәдени жанрдағы құжаттар: (қанатты сөздер, өлең, жырлар, толғаулар, поэмалар т.б.) Ә. Бөкейханов, М. Дулатов бастаған қазақ қайраткерлерінің Қазақстанның негізгі орталықтарына жолдаған жеделхат мәтінінен үзінді: “Ресейдегі барша халыққа ағайындық, теңдік, бостандық күні туды.... Учредительное собрание сайлауларынақазақ болып қамдану керек. Жарамды жақсы адамдарын ауызға ала беру керек. Енді араздық, өштік, дау, жанжал, талас, партиялық сыйыспауларды тастау керек. Көксерлік жұмыстарың- бірлік, адалдық болсын! Жер мәселесін де қозғап, тезірек қолға ала беріңдер. Біз қалайтын патшалық түрі- демократическая республика, яғни мал өсіріп, етін сатып, жерге ие боларлық түрі ” Деректің жазылған уақыты Деректің түрі авторы Тиімділігі: - Сабақтарда оқушылар белгілі бір тарихи оқиғаға, құбылысқа, процеске әртүрлі көзқарастарды түсіндіреді; -Оқиғаны бағалайды