ҰЛЫБРИТАНИЯ ҚАЗАҚСТАН XX ғасырдың 30-40 жылдарында Ұлыбританияда ерекше — презентация
logo
ҰЛЫБРИТАНИЯ ҚАЗАҚСТАН XX ғасырдың 30-40 жылдарында Ұлыбританияда ерекше
  • ҰЛЫБРИТАНИЯ ҚАЗАҚСТАН XX ғасырдың 30-40 жылдарында Ұлыбританияда ерекше
1/1

Первый слайд презентации

ҰЛЫБРИТАНИЯ ҚАЗАҚСТАН XX ғасырдың 30-40 жылдарында Ұлыбританияда ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау кеңінен көрініс алды. Осы жылдары елде « медициналық үлгі » атты бағдарлама дами бастады.Бұл бағдарлама дамуында ауытқуы бар адамдарға арнайы стационарлық мекеме аясында жақсы күтім мен емдеуді қажет ететін науқас ретінде қарау тұжырымдамасына негізделген. Адамдар енді бұл мекеме тұрғындарын қоғамға қауіпті ретінде қарамай, бөлектетпейтін болды. Керісінше олардың басқа адамдар сияқты ортаға бейімделуіне көмектесетін болды. Ұлыбританияда арнайы күтімді қажет ететін ерекше қабілеті бар балалар мен адамдарды қолдау осы кездерден бастау алған. Ұлыбритания халқы балаларының барлық балалармен танысып, достасып, жақсы қарым-қатынаста болуын қалайды. Сондықтан да олар балаларының қоғамға тез сіңісіп кетуі үшін барлық жағдайды қарастырады. Ұлыбританияда ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беретін көптеген мектептер бар. Олар: А bingdon House мектебі (Лондон) Fairly House ( Лондон) Blossom House мектебі (Лондон) Аутизммен ауыратын балаларға арналған Rainbow мектебі (Лондон) Parayhouse мектебі(Лондон-Фулхэм ) Қазақстанда инклюзивті білім беру процесі әлі де даму үстінде. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес елімізде 2011 жылдан бастап инклюзивті білім беру кезеңімен енгізілуде. ҚР « Білім туралы » Заңының 3-бабы,1,2-тармақтарында көрсетілгендей білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі ; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады. ҚР-да ерекше қажеттілігі бар балаларды Ұлыбританиядағыдай санаттарға бөліп оқытады. Дегенімен білім жүйесінде икемді оқу бағдарламалары әзірленбеген,оқу-әдістемелік база әлі де жеткіліксіз,Бірақ бір қуантатыны Ұлыбританияға қарағанда еліміздегі ерекше қажеттілігі бар балалардың саны едәуір аз. Есен Арайлым

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено