Слайд 2: Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру
Слайд 4: Теңгенің шығу тарихы
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Теңге 1993жылдың 15 қарашасында дүниеге келді. Теңгенің тарихы ҚР Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасында қол қойған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Заңынан бастау алды. Теңгенің авторлары дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Меңдібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелханов. Алғашқы теңген i « Harrison&Sons » компаниясы Англияда басып шығарды. Ең бірінші бағамы 1 АҚШ долларына 4,75 теңге болды. Әр теңге 500 рубльге (СССР) ауыстырылды.
Слайд 5
Жаңа валютаның атауы – “ теңге ”, ал ұсағы – “ тиын ” еді. Қарашаның 13-і барлық газеттер жаңа валютаның суреттерін берді. Ал қарашаның 15-інен 20-сына дейінгі уақыт сомды теңгеге ауыстыру үшін берілді. Тура алты күнде халық қолдағы ақшасын тәуелсіз елдің валютасына айырбастауы керек еді. Бес жүз сом бір теңгеге ауыстырылды. Ағартушы Әл-Фараби, күйші Сүйінбай, ғалым Шоқан Уәлиханов, ақын Абай, Әбілқайыр хан бейнеленген теңге халықтың арасына ене берді. Теңгенің нышаны
Слайд 6
1993 жылы алғашқы тиындар қағазбен басылып шыққан болатын. Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айналымнан алынып тасталынып, олардың орнына монета нысанындағы тиындар айналымға жіберілді.
Слайд 7: Айналымдағы монеталар және банкноталар Монеталар : 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 теңге
Банкноталар : 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000,20000 теңге