Слайд 2
Жарма өндіру технологиясы – астық дақылдарын қайта өңдеп жарма және тез пісетін өнімдерді өндіру туралы ғылыми пән. Бұл жарма шикізаттарын ең жақсы пайдалану әдістерін және технологиялық жабдықтардың оптималды жұмысы жағдайын, өндіріс үдерістерін тиімді жүргізуді және келешекте жетілдіруді қарастырады.
Слайд 3
Жарма дақылдарын өсіру айтарлықтай дамыды, әсіресе күріш дақылы. Осыған байланысты қайта өңделіп, даяр өнімдерді өңдеу технологиясы дамып, даяр өнімдер ассортименті және мөлшері арта бастады. Жарма өндірісі жаңа технологияға көшті, жоғары өнімді жабдықтармен қамтамасыз етіліп, дүниежүзілік талаптарға сәйкес келетін өнімдерді шығаруға мүмкіндік туды, прогрессивті жаңа технология ендіру нәтижесінде жапалақ, тез пісетін сіңімділік қасиеті жоғары жарма өнімдері технологиясы іске қосылды.
Слайд 4
Жарма өндірісі алдында тұрған маңызды мақсаттар: Дәнді пайдалану коэффициентін көбейту Өндірілетін өнімнің сапасын жақсарту, Ассортиментін кеңейту Технологиялық потенциалын кеңінен пайдалану Өндіріс қалдықтарын толығымен тиімді пайдалану
Слайд 5
Қауыздау бөлімінің технологиялық үдерісінің негізгі мақсаты қауызды және организм сіңірмейтін қабықты ажыратып алу ұрықтық бүршікті алу жармаға қажетті форманы жасау жарманың сырт пішінін жақсарту өлшемдері бойынша біркелкі болу үшін сұрыптау
Слайд 6
Жарма дақылдары дәнін гидротермиялық өңдеу (ГТӨ) Дәннің технологиялық қасиеттерін бағытты өзгерту Өндірістің технологиялық үдерістерінің тиімді жағдайын жасау Жарманың шығымын арттыру Сақтауға төзімділігін көтеру Тағамдық құндылығын және дәмділігін жақсартуда дәнге су (бумен) және жылумен әсер ету
Слайд 7
Тары қауызының түсі бойынша ақ, ақ сары түсті, қызыл сары, сұр түсті болады. Тарыны қауыздап албажұлба жарма (пшеноядролық) өндіріп, оны ажарлағыш машиналарда өңдеп, ажарланған тары жармасын алады. Тарының қауызы 16…20%, ядросы 6875%, ұрықтық және тұқымдық қабықтары 7…8%, ұрығы 3…4%.
Слайд 8
Күріш қауызды дақылдарға жатады. Күріштің үш подтипі болады: ұзын дәнді (6…8 мм), орта дәнді (5…6 мм) және қысқа дәнді немесе дөңгелек күріш (4…5 мм). Ядро мөлшері бойынша үш топқа бөлінеді: жоғары – 76,5%дан көп, орташа – 76,474,0%, төменгі –74,0%дан аз. Гүлді қауызы 14…35%, ядро – 6586%, оның қабықтары 1,5…4,0%, ұрығы – 1,5…4,5%.
Слайд 9
Сұлы жармасы жоғары сіңімді өнім, одан жапалақ және толокно (піскен сұлы ұны) алады. Химиялық құрамы бойынша сұлыда майлар 6,5%, 10% шамасында клетчатка, 3540% крахмал, белок – 10%. Сұлыдан ажарланған жоғары, 1ші және 2ші сұрып жармалар алады, олардың жалпы шығымы 45,5%; жемді жарымшақ және ұнтақ – 15,5%.
Последний слайд презентации: Жарма өндіру технологиясы
Өндіріс корпусы мен қамбада тазартуды жүргізу және барлық астық өнімдерінің сапасы бойынша есепті құру. Жарма зауыттарын технохимиялық бақылау келесілерді қарастырады Дән түскен кездегі оның сапасын анықтау, оны орналасуын және сақталуын бақылау; Қамбададәнді тазалау мен кептіруді бақылау; Дәннің қайта өңделетін партияларын құру; Өнімнің шығымын есептеу және бақылау; Технохимиялық бақылаудың схемасын мен кестесін құрастыру; Дәнді жармаға дайындау мен қайта өңдеуге бақылау; Дайын өнім сапасын бақылау және оның стандартты нормамен сәйкестігін анықтау; Жарманы дұрыс буыптүю мен таңбалауды тексеру; Сақтау, жіберу мен тиеуде жарма сапасын бақылау;