ЖОМАРТ ЖҮРЕК: ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ » — презентация
logo
ЖОМАРТ ЖҮРЕК: ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ »
  • « ЖОМАРТ ЖҮРЕК: ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ »
  • Алла Тағала – Өзінің жолында, мұқтаж жандарға қол ұшын беретін атымтай жомарт пенделерін айрықша жақсы көреді. Жалпы, көңілі дархан қазақ халқының бойынан
  • Болат Өтемұратов
  • 2014 жылы Болат Өтемұратовтың « Қайырымдылық Қоры » құрылды. Негізгі жобалары : 2014 жылы Болат Өтемұратов Қоры құрылды, оның мақсаты – денсаулық сақтау, білім
  • Болат Өтемұратов фондының Аралға көмегі. Болат Өтемұратов Қоры Арал ауданындағы құрғақшылықтан зардап шеккендерге 200 миллион теңгеден астам қаражат жібереді
  • Болат Өтемұратов Қорының « Баламекен » жобасы аясындаАрал өңірінің 40 отбасыларына үй сыйлады
  • Болат Өтемұратов қорынан баспана алған отбасылардың ішінен №64 орта мектебінің оқушысы Өмірбекұлы Нұрмұхамедтің отбасы ( әкесі Кеңес Өмірбек, анасы Сактаганова
  • Қайырымдылық қызметі:
  • Jas Leader Akademiiasy
  • Жасыл мектеп
  • ЖОМАРТ ЖҮРЕК: ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ »
  • АРДИ
  • Burabike Fest
  • Қоғамдық қызметі
  • Марапаттары :
1/15

Первый слайд презентации: ЖОМАРТ ЖҮРЕК: ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ »

Оқушы: Мұратбайқызы Қымбат

Изображение слайда

Слайд 2: Алла Тағала – Өзінің жолында, мұқтаж жандарға қол ұшын беретін атымтай жомарт пенделерін айрықша жақсы көреді. Жалпы, көңілі дархан қазақ халқының бойынан жомарттылық, кеңпейілділік қасиеттері ешқашан ажыраған емес. Жомарттық –  жұмыр басты пендеге бақыт алып келетін ұлық ғибадат

Изображение слайда

Слайд 3: Болат Өтемұратов

Қазақстандық кәсіпкер,қоғам қайраткері, дипломат. Қазақстан Теннис федерациясының президенті, ITF Халықаралық теннис федерациясының вице-президенті және Директорлар кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері.

Изображение слайда

Слайд 4: 2014 жылы Болат Өтемұратовтың « Қайырымдылық Қоры » құрылды. Негізгі жобалары : 2014 жылы Болат Өтемұратов Қоры құрылды, оның мақсаты – денсаулық сақтау, білім беру және мәдениетті дамытуға жәрдемдесу арқылы Қазақстанда өмір сүру сапасын тұрақты жақсартуды қамтамасыз ету

Аутизм. Баршамызға бір әлем; Jas Leader Akademiiasy ; Жасыл мектеп; Баламекен; Бас Ботаникалық бақты қайта құру жобасы; Батырхан Шөкенов атындағы қорға қолдау көрсету; Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамына қолдау көрсету; АРДИ; Burabike Fest.

Изображение слайда

Слайд 5: Болат Өтемұратов фондының Аралға көмегі. Болат Өтемұратов Қоры Арал ауданындағы құрғақшылықтан зардап шеккендерге 200 миллион теңгеден астам қаражат жібереді

Халықтың алғашқы қажеттіліктеріне бөлінетін қаражат « Аралым-Айдын шалқарым» қоғамдық қорына аударылады. Аймақта ұзаққа созылған құрғақшылықтың салдарынан малдың суға қолжетімділігі және азықтықпен қамтамасыз етілуі күрделі мәселесі орын алды. Қазіргі уақытта ауданда 500-ден астам малдың қырылуы тіркелді. Болат Өтемұратов Қоры Арал ауданында орын алған қуаңшылыққа байланысты 263 миллион теңге мөлшерінде көмек көрсетті. Бөлінген қаражат малға арналған жемшөп, мал азығын дайындауға арналған ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға жұмсалды. Сонымен қатар, бөлінген қаражатқа Аспай су ағытқысы іске қосылып, Кіші Арал теңізіне су ағыла бастады.

Изображение слайда

Слайд 6: Болат Өтемұратов Қорының « Баламекен » жобасы аясындаАрал өңірінің 40 отбасыларына үй сыйлады

Жаңа пәтерлерді иеленген отбасылардың қатарына көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектер мен апатты үйлерде тұратын отбасылар кірді. 64 ш.м. құрайтын үш бөлмелі пәтер және 47 ш.м. болатын екі бөлмелі пәтер бір қабатты 4 пәтер иесіне арналған үйлерде орналасқан. Үйлер электр, газ және ауыз су жүйелерімен жабдықталып, ішінде сантехника, газ плитасы мен су жылытқышы орнатылған. Әр пәтер иесіне 6 сотық жер учаскесі бөлінген.

Изображение слайда

Слайд 7: Болат Өтемұратов қорынан баспана алған отбасылардың ішінен №64 орта мектебінің оқушысы Өмірбекұлы Нұрмұхамедтің отбасы ( әкесі Кеңес Өмірбек, анасы Сактаганова Акмарал ), Едігеева Шапағаттың отбасы ( анасы Кульсумакова Жанар ), Демеуов Диастың отбасы ( анасы Қабылова Лиза) баспанаға ие болды. «Бүгін біз үшін қуанышты күн - біз жаңа үйіміздің кілтін алдық! Пәтер жарық, таза және жайлы, бізге өте қатты ұнады. Біз Болат Өтемұратов Қорына және Қызылорда облысы мен Арал ауданының әкімдіктеріне шын жүректен алғыс айтамыз. Рахмет!»,- деп ата-аналар өз алғыстарын жеткізді

Изображение слайда

Слайд 8: Қайырымдылық қызметі:

2014 жылы Болат Өтемұратов Қоры құрылды, оның мақсаты – денсаулық сақтау, білім беру және мәдениетті дамытуға жәрдемдесу арқылы Қазақстанда өмір сүру сапасын тұрақты жақсартуды қамтамасыз ету. АУТИЗМ.БАРШАМЫЗҒА БІР ӘЛЕМ Бүгінгі таңда  Астана, Алматы,  Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе, Орал, Шымкент, Петропавл, Павлодар, Тараз және Қарағанды қалаларында Болат Өтемұратов Қорының « Асыл Мирас » Аутизм Орталықтары табысты жұмыс істеп, «Аутизм. Баршамызға ортақ әлем» бағдарламасын іске асыруда. Бағдарламаның мақсаты: Аутистік спектрдің ауытқулары (АСА) бар балалардың өмір сапасын жақсартуға арналған прогрессивті қолдау жүйесін дамыту және енгізу. Бағдарламаның нысаналы тобы : 15 жасқа дейінгі АСА бар балалар мен олардың ата-аналары, жақын айналасы.

Изображение слайда

Слайд 9: Jas Leader Akademiiasy

Болат Өтемұратов қоры Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласында Jas Leader Akademiiasy бағдарламасын іске асыруда. Бағдарламаның мақсаты - 5-11 сынып оқушылары арасында көшбасшылық қабілеттерді қолдап, дамыту және мектепте оқытпайтын, бірақ сұраныстағы дағдыларды үйрету. Оқушыларға қарым-қатынас, критикалық ойлау негіздерін, көпшілік алдында сөйлеу және келіссөз жүргізу дағдыларын тиімді пайдалануды үйретеді. Факультативті сабақтар, ай сайынғы кездесулер, шеберлік сыныптар, танымал тұлғалардың қатысуымен көшбасшылық тренингтер және үздік оқушылар марапатталатын жыл сайынғы конференциялар жоспарланған. Алдағы үш жыл ішінде бағдарламаға Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Алматы облыстары біртіндеп қосылады.

Изображение слайда

Слайд 10: Жасыл мектеп

Болат Өтемұратов Қоры 16 мемлекеттік мектепке жылыжай орнатқан Алматы қаласында жобаның бірінші кезеңі бастау алады.   Алдағы екі жылда Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалалары бастамаға қосылады, онда тағы 40 жылыжай орнатылады. Өсімдіктердің биосинтезі мен өсіп-өнуін қолдайтын, олардың өсуін жақсартып, өнімділігін арттыратын көк және қызыл диодтары бар ұзындығы 60 м болатын фито таспалар өсімдіктер үшін пайдалы жарықтандыруды қамтамасыз етеді. Қыс мерзімінде көкөніс және жидек дақылдарының тоңдануын болдырмау үшін инфрақызыл жылытқыштар орнатылған және топыраққа жылыту кабелі төселген. Жылыжайдағы сабақтар мектеп бағдарламасын тәжірибелік сабақтармен толықтырады және мұғалімдер үшін қызықты факультатив сабақтарын өткізуге тамаша мүмкіндік болады.   Мектеп оқушылары көкөністер, жидектер мен шөптер өсіреді, ал жиналған егін мектеп командалары арасындағы демонстрациялық жобалар мен жарыстарда қолданылады.

Изображение слайда

Слайд 11

Болат Өтемұратов Қоры еліміздің мұқтаж азаматтарын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында " Баламекен " жобасына бастамашы болды.  лғашқы жаңадан қоныстанушылар Қызылорда қаласындағы көп балалы отбасылар болды. Қызылорда облысы әкімдігімен бірлестікте "дуплекс" типті 75 үй, оның ішінде 50 үй Қордың қаражатына тұрғызылды.  Арыс қаласындағы қайғылы оқиғадан кейін Қор шетте қала алмады. Шілде айында Арыста 50 дуплекс үйге жаңа " Баламекен " ықшамауданының құрылысына қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Кілттерді тапсыру 2019 жылғы 13 қарашада өтті. Қоры Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында былтыр көктемде болған су бөгетінің бұзылуы салдарынан болған тасқын судан зардап шеккендерге арнап 150 үй салған.  Ауданы 100 ш. м. болатын үш бөлмелі үйлер Мырзакенттің жаңа, перспективалы ауданында салынған, мұнда үйлері бұзылған Достық, Жаңатұрмыс және Жеңіс ауылдарының тұрғындары қоныстандырылды.

Изображение слайда

Слайд 12: АРДИ

2018 жылғы 3 наурызда қор Мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығымен (МБАҚ) меморандумға қол қойып, оның шеңберінде БЦП диагнозы бар балаларға арналған Қарқынды реабилитация және ерте килігу орталығын ашуға 330 млн. теңге бөлінді.

Изображение слайда

Слайд 13: Burabike Fest

Жыл сайынғы Burabike қайырымдылық фестивалі Шортанды-Бурабай аймағында « Rixos Borovoe » қонақ үйімен бірлестікте 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Іс-шараға қазақстандық спорт жұлдыздары, қазақстандық және шетелдік компаниялардың топ-менеджерлері, мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысады. Іс-шараның бағдарламасына велошеру, қайырымдылық аукцион, жәрмеңке және музыкалық фестиваль кіреді. Дәстүр бойынша велошеруге олимпиада чемпионы, Astana PRO Team командасының бас менеджері Александр Винокуров старт береді.  Жобаның мақсаты – облыстық, аудандық және ауылдық медициналық мекемелерге арналған өмірлік қажетті жабдық сатып алу   үшін ақша қаражатын жинау.

Изображение слайда

Слайд 14: Қоғамдық қызметі

2007 жылдың тамыз айында Болат Өтемұратов ҚР Теннис федерациясының президенті болып сайланды. Теннистен ұлттық құраманың болашақ мүшелерін дайындау мақсатында  — Team Kazakhstan теннис академиясы құрылды. Теннистен ерлер құрамасы үш рет Дэвис Кубогының ширек финалына шықты (2011, 2013, 2014 жж.), әйелдер құрамасы Федерация Кубогының әлемдік тобында ойнайды. 2010 жылдың қазан айынан бастап Болат Өтемұратов « Атамекен Одағы » Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы президиумының мүшесі саналады.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: ЖОМАРТ ЖҮРЕК: ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ »: Марапаттары :

«Құрмет» Ордені (2002) «Тұңғыш Президент» Ордені (2007) ІІ дәрежелі Достық ордені (2014) Қызылорда облысының «Құрметті азаматы » Халықаралық теннис Федерациясы мен Азия теннис федерациясының сыйлықтарымен марапатталды (2017). «Алтын Жүрек » сыйлығының иегері (2018) Болат Өтемұратовтың « Асыл Мирас » қайырымдылық қорының қызметі « Жомарт жүрек-2018» сыйлығының « Жүректен жүрекке » номинациясы бойынша марапатталды

Изображение слайда

Похожие презентации

Ничего не найдено