Первый слайд презентации: 7 - дәріс Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра : Қазақстан тарихы,мәдениеттану,философия,саясаттану,әлуметтану
Слайд 2: Жоспар
1.Мүдделі топтар түсінігі.Қысымшы топтар. 2.Саяси партиялардың пайда болуы мәні және қызметтері. 3.Партиялардың жіктелуі. Партияларды типологиялаудың критерийлері; Партиялық жүйелер. 4. Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы. 5. Қоғамдық - саяси ұйымдар мен қозғалыстар.
Слайд 3
Мүдделі топтар- билік үшін күреске түспейтін, ешбір саяси партияларға кірмейтін, тек қана билік институттарына ықпал ете алатын азаматтардың ерікті бірлестігі.
Слайд 4
Лобби- белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету мақсатында әрекет ететін қысымшы топтың бір түрі. Олар саяси, қоғам қайраткерлерімен жақсы қатынастар орнатып, солар арқылы үкіметтің табысты тапсырмаларын алуға, заңға өздеріне тиімді өзгерістер жасау жолында түрлі әдіс-тәсілді пайдаланады.
Слайд 5
Қысымшы топтар- іс жүзінде парламент пен үкіметке кеңес беру және оларды арнаулы нормативтік қызмет мәселелері бойынша тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету үшін құрылады.
Слайд 6
Саяси партия дегеніміз- әлеуметтік топтардың біршама белсенді өкілдерінің ерікті түрде бірлескен, өздерінің әлеуметтік мүдделерін саяси қатынастар мен институттар жүйесінде қорғауға бағытталған ұйым.
Белгілі әлеуметтік топтардың мақсат-мүдделерін көрсету; Өз идеалы мен бағдарламасының айналасына түрлі әлеуметтік күштерді интеграциялау; Партияның басты мақсаты-билікті алу және оған қатысу үшін күрес жүргізу; Саяси биліктің қызметіне белсенді қатысу және оған ықпал ету; Халыққа, оның саяси санасының қалыптасуына идеологиялық тұрғыда әсер ету
Слайд 8: Саси партиялардың құрылымы
Партиялық аппарат; Қатардағы мүшелер (партиялық бұқара); Партияның жақтастары.
Слайд 9
Ең алғашқы партиялар ежелгі Грекияда пайда болды. Олар ұйымдаспаған, тұрақтылығы, шамалы мүшелері аз топтар еді.
Слайд 10: Макс Вебер бойынша саяси партиялардың генезисінің даму кезеңдері
Аристократиялық үйірмелер; Саяси клубтар; Көпшілік партиялар;
Слайд 11
Қазіргідей бірінші саяси көпшілік партия алғаш рет 1861 жылы құрылған Англияның либералдық партиясы еді.
Слайд 12
Ал Қазақстандағы ең алғашқы партиялары 1917жылы құрылған –”Алаш” және оған оппонент ретінде құрылған “Үш жүз” партиялары еді
Слайд 13: Саяси партиялардың қызметтері:
Теориялық- қоғамның жағдайына талдау жасау және оның болашағына баға беру; Әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін айқындау; Қоғамды жаңартудың стратегиясы мен тактикасын жасау.
Слайд 14
Идеологиялық - өзінің пікірін,адамгершілік құндылықтарын бұқара халыққа тарату; Өзінің бағдарламалық мақсаты мен саясатын насихаттау; Азаматтарды өз жағына және партияға тарту.
Слайд 15
Саяси - билік үшін күрес; Мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси курсының дайындалуына, қалыптасуына және жүзеге асырылуына тікелей, жанама түрде қатысу; Балама ұсыныстар дайындау; Сайлау алды бағдарламаларды орындау.
Слайд 16
Ұйымдастырушылық- бағдарламалық қаулылар мен шешімдерді іске асыру; Сайлау кампанияларын өткізу; Сайлау лауазымдарына үміткерлерді таңдау; Билеуші элита үшін кадрлар дайындау; Үкіметті, орталық және жергілікті ведомоства жетекшілерін қалыптастыру.
Слайд 18
Билік басындағы партиялар- мемлекет саясатын қалыптастырып, оның жүзеге асырылуын бақылайды. Оппозициядағы партиялар-өз талаптарын мемлекеттік бағдарламаларға енгізуге тырысады, бірақ бұл күштер арасалмағына байланысты. Заңсыз жағдайдағы партиялар- өз әлеуметтік топтарының және одақтастарының күресін жандандыруға ұмтылады
Слайд 19: Саяси партиялардың типологиясы
Типология- саяси шынайылықтың түрлі қырларын көрсетіп, саяси өмірдегі нақты партиялардың сипатын орны мен рөлін анықтауға көмектеседі.
Слайд 21: Идеалдары мен бағдарламалық құрылымы бойынша:
Либералды; Консервативті; Революциялық; Реформалық; Ұлтшыл; Діни.
Слайд 22: Ішкі құрылымына қарай:
Демократиялық; Тоталитарлық; Бұқаралық; Кадрлық; Ашық; Жабық.
Слайд 25
Партиялық жүйе- билік және оның жүзеге асуы үшін болатын күреске қатысушы партиялар ( билеуші, оппозициялық ) жиынтығы.
Слайд 26
Бір партиялық жүйе- авторитарлық және тоталитарлық саяси режимдерге тән. Ол саяси партиялардың сипаты мен өзара байланысына қарай төмендегі түрлерге бөлінеді: Квазиавторитарлық-(бір партиялы-плюралистік); Авторитарлық; Тоталитарлық.
Слайд 27
Екі партиялық жүйеде билік басында бір немесе екі партия болады. Көп партиялы жүйе- көп полярлы плюрализм жүйесі
Слайд 28: Демократиялық партиялық жүйедегі саяси партиялардың өзара қарым-қатынас принциптері
Билік үшін үнемі заңды күрес; Жалпыға ортақ сайлау-биліктің көзі; Билік парламенттік көпшілік қолдауына ие партияға тиесілі; Билік басындағы партияға тұрақты заңды оппозицияның болуы; Партиялар арасында демократиялық қатынастарда сақтауға қатысты келісім.
Последний слайд презентации: 7 - дәріс Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
«Отаннан» «Нұр Отанға» дейін Алғаш рет 1999 жылы 1-наурызда «Отан» партиясының бірінші съезі өтіп, оған 400 -ден астам делегат қатысты. Бұл сол жылы 10 қаңтардағы президент сайлауынан кейінгі саяси жүйедегі партиялардың бірігуіне әкелді. «Отан» партиясының құрамына Қазақстан халқы бірлігі партиясы (ПНЕК), Қазақстан демократиялық партиясы, Либералдық қозғалыс, Әділет партиясы, Қазақстан халықтық-кооперативтік партиясы, Республикалық еңбек саяси партиясы, «Қазақстан-2030 үшін» қозғалысы кірді. Кейін ел арасында салмақ жинап, саяси алаңды қызыл брендімен «қыздырған» «Асар» партиясы «Отанның» құрамына енді.