Первый слайд презентации: Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы
Дайында ған: Нурбаева Айым Рахымбек Көркем Шарипова Жулдыз
Слайд 2
Сайлау жүйесі деп сайлауға қатысқан сайлаушылардың дауыс беруін есептейтін заң тарапынан белгіленген есептеу тетігін айтады. Сайлаулар Конституциялық құқықтың институттарының бірі болып табылатындықтан, Қазақстанда оған үлкен мән беріліп отыр. Ол мемлекеттің басшысын, жоғары және жергілікті өкілді органдарды сайлау кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Қазақстан Республикасының сайлау құқығы түсінігіне Қазақстан Республикасы Президентін, Қазақстан Республикасының Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарын, маслихаттар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының депутаттарын сайлауға Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысу құқығына негізделген, сайлауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бекітетін және реттейтін конституциялық-құқықтық нормалардың жиынтығы жатады.Сайлау құқығының негізгі қайнар көздері болып Қазақстан Республикасы Конституциясы және 28 қыркүйек 1995 жылғы “ Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы ” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы танылады.
Слайд 3: Қазақстанның сайлау жүйесі
Ел парламенті екі палатадан — Сенат пен Мәжілістен түрады. Заң шығарушы органның жоғары палатасына келер болсақ, Парламент Сенатын облыстар мен республикалық маңыздағы қалалардан (Астана және Алматы қалаларынан ) сайланған депутаттар қүрайды, Тиісінше, әрбір облыс пен қалалардан 2 депутаттан сайланады. Сенаторлар сайлауы жанама сайлау құқығы негізінде өткізіледі. Сайлау рәсімдерін іске асыру үшін облыстар мен қалалардың барлық өкілді органдарының бірлескен отырыстары өткізіледі. Демек, сенаторлар өз мандаттарьш тұрғындардың қолдарынан тікелей емес, сайлаушылардың қолдарынан алады.
Слайд 4: Сенат депутаттарын сайлау
Нәтижесінде, Парламенттің жоғары палатасы 47 адамнан құралады. Отыз жасқа толған, кемінде бес жыл бойы азаматтықта тұрған, сол өңір аумағында кемінде үш жыл өмір сүрген Қазақстан азаматы Сенат мүшесі бола алады. Сенат депутаттарының өкілеттілігі алты жылды құрайды. Сенат депутаттарының жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланады. Мұндай тәртіп палата құрамын толықтай өзгертпей-ақ, жұмыс сабақтастығын сақтауға және оны жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Өңірдегі барлық мәслихат депутаттары болашақ сенаторды сайлайды. Сенат облыстардың, республикалық маңыздағы қалалардың әрқайсысынан сайланған 32 өкілінен және Президентпен тағайындалатын 15 депутаттан тұрады. Депутаттарды тағайындау құқығы осының арқасында қоғамдағы барлық этникалық топтардың, әсіресе республиканың барлық аумағында өмір сүретін саны аз ұлттар мен ұлыстардың жоғары заң шығарушы органдағы өкілдігін қамтамасыз ете алады. Сайлаушылардың 50%-дан кем емесі қатысқан жағдайда сайлаулар өтті деп, ал сайлаушылардың жартысынан астамьіның дауыстарын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Бірде-бір кандидат басым дауысқа ие бола алмаған жағдайда ең көп дауыс жинаған екі кандидат қатыеатын қайта дауыс беру өткізіледі. Екінші турда жеңіске жету үшін абсолютті емес (50% + қосымша бір дауыс ), тек салыстырмалы түрдегі басымдық жеткілікті. Енді келесідей жағдайды ойлап көрелік : бір кандидат — 45%, екіншісі — 48% дауыс алды, ал қалған сайлаушылар екеуін де сызып тастады. Конституция бойынша, осы жағдайда салыстырмалы басымдық алған кандидат ( бұл жағдайда — 48%) сайланды деп есептеледі.
Слайд 5: Мәжіліс депутаттарын сайлау
Парламенттің төменгі палатасы 107 депутаттан тұрады. Олардың ішінде 98 депутат партиялық тізім бойынша пропорционалдық жүйе арқылы сайланады. Оларды сайлау үшін елдің барлық аумағы біртұтас округті құрайды. Сайлаушылардың барлығы сайлауға қатысу құқығын алған партиялар енгізілген бірдей бюллетень бойынша дауыс береді. Тізім бойынша дауыс беру нәтижелері республиканың барлық сайлаушыларының дауыстарын санау нәтижесінде айқындалады. Санақ біткеннен кейін депутаттық мандаттар 7% кем емес дауыс алған партиялар арасында пропорционалдық түрде бөлініске түседі. 2012 жылдан бастап, жетіпайыздық барьерден бір партия өткен жағдайда 7% жинамаса да, сайлауларға қатысушылар ішінде көп дауыс жинаған партия автоматты түрде депутаттық мандатқа ие болатын тәртіп енгізілді. Жалпыға ортақ дауыс беру нәтижелері бойынша жеті пайыздық барьерден өткен үш партия Мәжіліске өтті : « Нұр Отан » халықтық демократиялық партиясы (80,99 %), « Ақ жол » демократиялық партиясы (7,47 %), Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы (7,19 %).
2023 жылдың 19 наурызында өтеді деп жоспарланған. Бұл сайлаумен қатар барлық деңгейдегі ( аудандық, қалалық, облыстық ) мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді. 2022 жылғы референдум қорытындысы бойынша Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістерден кейін Мәжіліс депутаттарының 70% партиялық тізім бойынша, 30% бір мандатты округтерден сайланатын болады. 2023 жылдың 20 қаңтарында елдің Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) сайлауды тағайындауға, күнтізбелік жоспарды бекітуге, сайлау құжаттарының нысандарын белгілеуге қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.[5] ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың сөзінше 2023 жылғы 1 қаңтар санағы бойынша Қазақстанда белсенді сайлау құқығы бар 11,976,406 азамат бар.[6] 2023 жылдың 20 қаңтарында Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) отырысында төрағаның орынбасары Константин Петров 2023 жылғы сайлаудың күнтізбелік жоспарын жариялады.
Слайд 10: Қазақстан Халық партиясы
21 қаңтарда жүргізілген отырысының нәтижесінде Қазақстан Халық партиясы ( ҚХП) өзінің бұл сайлауда « белсенді қатысатынын » жариялаған. Қантардың 31-і күні партияның ХХІІІ- съезі өтті, оның барысында ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев « қазақстандықтарды алаңда емес, сайлау учаскелеріне келіп, барлық талаптарды өркениетті, демократиялық жолмен орындау үшін шақырамыз » деді. Съезде энергетика және өнеркәсіп, сондай-ақ жерді беру, көші-қон жұмыспен қамту және әйелдер зейнеткерлік жасын төмендетусияқты мәселелер көтерілді. Съезден бұрын ҚХП құрамынан оның бірнеше мүшелері шыққан еді,солардың ішінен бұрынғы Мәжіліс депутаттарының үшеуі (Жамбыл Ахметбеков, Ерлан Смайлов және Ғазиз Құлахметов ) де болған еді. Партиядан шығу себебін олар " нашарланған партия басшылығын " атап кетті. Ермұхамет Ертісбаев айтуынша партияның бекітілген тізімінде 52 адам бар Ақ жол демократиялық партиясы 20 қаңтар күні Ақ жол демократиялық партиясы өзінің осы сайлауға қатысатынын жариялады. 1 ақпан күні партияның ХХІ- съезі өтті, оның барысында партияның сайлауда қатысуы ресми түрде шешілді. « Ақ жол » партиясынан жалпы 77 кандидат ұсынылды, оның ішінде 54-і партиялық тізімге енгізілген, осы тізімде төраға Азат Перуашев, бұрынғы президенттікке үміткер Дания Еспаева, ақын Қазыбек Иса және Сенат аппаратының басшысы болған Әлия Рақышева. Съезде Азат Перуашев пен партияның басқа мүшелері жемқорлыққа қарсы шықты және елдегі демократия, де- офшоризация, әлеуметтік әділеттілік, нарықтық экономика және сыртқы саясат мәселелерін көтерді.
Последний слайд презентации: Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы
21 қаңтар күні бұрынғы сайлауларға бойкот жасаған, өзін « елдегі жалғыз оппозициялық күш » деп атайтын Жалпыұлттық социал- демократиялық партия өзінің 2023 жылғы Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына қатысатынын жариялады. 2 ақпан күні болған партияның XX- съезінің барысында партиялық тізім бойынша 19 адам, мажоритар жүйе бойынша партия 6 адам түсетіні белгілі болды. 13 ақпан күні ЖСДП Орталық сайлау коммисиясының қатысушы партиялар тізіміне қабылданды.ия Жалпыұлттық социал- демократиялық партиясы 2022 жылы ғана тіркелген " Байтақ " Жасылдар партиясы 2023 жылғы 20 қаңтарда Қазақстанның экологиялық саясатын өзгертуін мақсат қылып, сайлауға алғаш рет қатысатынын мәлімдеді. 21 қаңтарда партия төрағасы Азаматхан Әміртай партияның осы сайлауда экологиялық проблемаларды көтеруге ұмтылатынын айтты. Партиядан тізім бойынша 20 кандидат ұсынылды, оның ішінде әйелдер квотасы бойынша 4 кандидат, жастар квотасы бойынша – 1 кандидат және мүгедектер квотасы бойынша – 1 кандидат бар. 24 қаңтар күні Ауыл Халықтық Демократиялық партиясының төрағасы Әли Бектаев « партияның жаңа сайлау циклінде адал және ашық күреске дайын екендігін » және « партиялық өрістің кеңейгені мен саяси күштер арасындағы бәсекелестіктің дамып келе жатқандығын » айтып кеткен. 4 ақпан күні өткен партияның съезі нәтижесінде партия атынан сайлауда 34 үміткер қатысатыны белгілі болды, сайлауалды бағдарлама қабылданды. Партия үміткерлерінің тізіміне 2022 жылғы президент сайлауына қатысқан үміткердің екеуі : Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден бар. " Байтақ " Жасылдар партиясы Ауыл ХДПП