7 -тақырып. ҒТП-тің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі — презентация
logo
7 -тақырып. ҒТП-тің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі
  • 7 -тақырып. ҒТП-тің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі
  • 1.Мемлекеттің ғылыми-техникалық және инновациялық саясаты. ҒТП-тің әлеуметтік-экономикалық астары мен негізгі бағыттары.
  • Ғылыми-техникалық революция – ғылымның қоғамдық өндірісті дамытудың басты факторына айналуына негізделген өндіргіш күштердің түбегейлі өзгеруі. Мемлекеттік
  • Ғылыми-техникалық кешен – ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет көрсетумен ғылыми мамандарды дайындаумен айналысатын әртүрлі ұйымдастыру құқықтық меншік түрлері бар
  • Инновациялық инфрақұрылым – инновациялық субъектілерге қызмет көрсететін ұйымдар. Технопарк - ғылыми-техникалық салада кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұйым.
  • Қазіргі кезде ғылым мен техниканың дамуының негізгі бағыты экономиканы қайта индустрияландыру болып табылады және қоғамдық өндірістің интенсивтілігін арттыруда
  • Ғылыми-техникалық прогрестің кешенді бағдарламасы – бұл мемлекет экономикасының және әлеуметтік сферасының даму болашағын айқындайтын құжаттар жүйесінің
  • Ғылыми – техникалық прогрестің екі нысаны бар. Ол э в олюциялық және ре волюциялық нысандар. Бірінші нысанда өндіріске енгізілген техника мен технологияны
  • Қазіргі кезеңдегі ҒТП негізгі бағыттары : А) өндірісті комплекстік автоматтандыру, компьютерлендіру, электрон и калау. Б) аз қалдықты және қалдықсыз
  • Г) атом энергиясын игеру. Д) жаңа технологияны пайдалану – лазерлік, химиялық, биологиялық т.б. Е) өндіріс жүйесінде адам орнының ауысуы. Ж) еңбек және
  • Ғылыми-техникалық прогрестің кешенді бағдарламасының мақсаттары : - ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарын болжау және олардың әлеуметтік-экономикалық
  • Ғылыми-техникалық прогрестің кешенді бағдарламасын құрастыру тәртібі : - ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық дамудың бағыттарына болжам жасау ; -
  • 7 -тақырып. ҒТП-тің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі
  • 7 -тақырып. ҒТП-тің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі
  • 2. Ғылыми-техникалық саясаттың мақсаты мен міндеттері
  • Екінші топ ғылыми технологиялық потенциалды тиімді пайдалануға кепілдік беретің мақсаттар мен міндеттерді біріктіреді. Олар : - жана техникалық және
  • Үшінші топ алғашқы екі блоктын мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін жағдай жасайтын мақсаттармен міндеттерді қосады. Олар : - барлық деңгейдегі шаруашылық
  • Жалпы жоғарыдағы айтылған барлық мақсаттар мен міндеттерді біріккен мақсат ретінде көрсетуге болады: жана және үнемі жанарып тұратын өнімді өндіру,
  • Инновация - жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, қызмет) немесе технологиялар түрiнде iске асырылған, қолданылатын, практикалық қызметте пайдалану кезiнде
  • Инновациялық саясат инновациялық қызметті дамытуға және қолдауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясаттың бөлігі. Инновациялық қызмет - инновациялық
  • Инновациялық саясаттың мақсаты – әртүрлі өндіріс саласында және қоғамды басқару сферасында бәсекелі, жоғары технологиялық өнімнің (қызметтің, жұмыстың) басымды
  • Мемлекеттік инновациялық саясат келесі міндеттерді шешуге бағытталған : 1) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың нысандары мен әдістерін анықтау, ғылым
  • 4) жоғары технологиялық экономика секторларды қалыптастыру, модернизация өткізу, экспортқа бағытталған өндірістерді құру ; 5) инновациялық қызметке шағын және
  • Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау мынадай негiзгi нысандарда жүзеге асырылады:       1) инновациялық қызмет субъектiлерiне инновациялық гранттар беру;
  • Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың негізгі принциптері : 1) инновациялық қызметті жүзеге асыру кезінде ұлттық мүдделерді сақтау ; 2) ұлттық
  • 4) инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдаудың экономикалық тиімділігі және нәтижелілігі ; 5) инновациялық қызметті ұйымдастыру мақсатында ғылыми
  • 3. Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың негізгі бағыттары мен басымдықтары
  • 5) нарық қатынастарына сәйкес салалық ғылымды қайта құру, 6 ) ғылым, білім беру, өндіріс және рынок сфераларының интеграциясы ; 7) ғылымды көп қажетсінетін
  • 7 -тақырып. ҒТП-тің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі
  • 7 -тақырып. ҒТП-тің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі
  • 7 -тақырып. ҒТП-тің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі
  • 7 -тақырып. ҒТП-тің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі
  • 7 -тақырып. ҒТП-тің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі
  • 7 -тақырып. ҒТП-тің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі
  • Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың негізгі басымдықтары жалпы елдегі экономикалық саясатпен байланысты. Мысалы, қазір Қазақстанда инновациялық даму
  • 7 -тақырып. ҒТП-тің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі
  • 7 -тақырып. ҒТП-тің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі
  • 7 -тақырып. ҒТП-тің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі
  • 7 -тақырып. ҒТП-тің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі
  • 7 -тақырып. ҒТП-тің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі
  • 4. Ғылыми-техникалық саясаттың іске асыру механизмі
  • Ұйымдастыру басқарушылық блок ғылыми техникалық қызметті ұйымдастыру басқарушылық қамтамасыздандыруға кепілдік береді. Ол мемлекеттік органдардың рөлін келесі
  • Механизмнің осы блогының құрылымына кіреді: - Ғылым сферасының ұйымдастыру-құқықтық құрылымы, - ғылыми-техникалық қызметтің инфрақұрылымы, - ғылымды реформалау
  • Экономикалық блокқа кіреді: - ғылымға мемлекеттік тапсырыстар, - салықжүйесі, - инновацияны қолдау әдістері, ғылыми ұйымдарға берілетін жеңілдіктер,
  • ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗ ҮШІН ТАУДАЙ РАХМЕТ !!!
1/45

1.Мемлекеттің ғылыми-техникалық және инновациялық саясаты. ҒТП-тің әлеуметтік-экономикалық астары мен негізгі бағыттары. 2.Ғылыми-техникалық саясаттың мақсаты мен міндеттері. 3.Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың негізгі бағыттары мен басымдықтары. 4. Ғылыми-техникалық саясаттың іске асыру механизмі.

Изображение слайда

Мемлекеттің ғылыми-техникалық және инновациялық саясатын жетілдіріп, дамыту үшін ғылыми-техникалық прогресс, ғылыми-техникалық революция, ғылыми-техникалық кешен, ғылымитехникалық потенциал, инновация, инновациялық инфрақұрылым, технология, технопарк, технополис сияқты ұғымдардың маңызы зор. Ғылыми-техникалық прогресс – идеялардың пайда болуынан бастап, олардың коммерциялық негізінде жүзеге асырылуына дейін, жаңалықтар енгізу мақсатымен адамдармен саналы түрде қолданып жандандырылатын инновациялық үдеріс.

Изображение слайда

Слайд 4: Ғылыми-техникалық кешен – ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет көрсетумен ғылыми мамандарды дайындаумен айналысатын әртүрлі ұйымдастыру құқықтық меншік түрлері бар ұйымдар жиынтығы. Ғылыми-техникалық потенциал – алға қойылған әлеуметтік және экономикалық мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған мемлекет, аймақ, ұйымның ресурстары мен мүмкіндіктерінің байланысқан жиынтығы. Инновация (жаңалықтарды енгізу) – жаңа технологиялық үрдісті өндіріске енгізу арқылы пайда болған инновациялық қызметтің түпкі нәтижесі

Изображение слайда

Слайд 5: Инновациялық инфрақұрылым – инновациялық субъектілерге қызмет көрсететін ұйымдар. Технопарк - ғылыми-техникалық салада кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұйым. Технополис - ғылыми-техникалық қызметті ғылыми негізделген өндіріспен байланыстыратын мамандандырылған аймақтық ғылыми-өндірістік кешен

Изображение слайда

Слайд 7: Ғылыми-техникалық прогрестің кешенді бағдарламасы – бұл мемлекет экономикасының және әлеуметтік сферасының даму болашағын айқындайтын құжаттар жүйесінің құрамдас бөлігі. Ол мемлекеттің біртұтас ғылыми-техникалық саясатының бағыттарын анықтайды

Изображение слайда

Слайд 8: Ғылыми – техникалық прогрестің екі нысаны бар. Ол э в олюциялық және ре волюциялық нысандар. Бірінші нысанда өндіріске енгізілген техника мен технологияны жетілдіру және тарату процестері сол бұрынғы ғылыми - техникалық принципке негізделген. Ғылыми – техникалық прогрестің революциялық ныс а ны өндірісте жаңа сападағы ғылыми – техникалық прнциптерді пайдалануға негізделген. Бұл процесс қазіргі заман – ғылыми - техникалық прогресс заманы екендігін көрсетеді

Изображение слайда

Слайд 9: Қазіргі кезеңдегі ҒТП негізгі бағыттары : А) өндірісті комплекстік автоматтандыру, компьютерлендіру, электрон и калау. Б) аз қалдықты және қалдықсыз технологияның пайда болуы, аз операциялы технологияның шығуы. В) әртүрлі қасиеттері бар жасанды және синтетикалық материалдардың шығуы, еңбек құралының түпкілікті өзгеруі

Изображение слайда

Слайд 10: Г) атом энергиясын игеру. Д) жаңа технологияны пайдалану – лазерлік, химиялық, биологиялық т.б. Е) өндіріс жүйесінде адам орнының ауысуы. Ж) еңбек және өндірісті ұйымдастырудағы радикалды өзгерістер

Изображение слайда

Слайд 11: Ғылыми-техникалық прогрестің кешенді бағдарламасының мақсаттары : - ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарын болжау және олардың әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалау ; - халық шаруашылығы салаларында және технологияныңжеке бағыттарының ерекшеліктерін анықтау ; - маңызды ғылыми-техникалық бағдарламалардың қажеттілігін және жүзеге асырылуы керектігін қадағалау болып табылады

Изображение слайда

Слайд 12: Ғылыми-техникалық прогрестің кешенді бағдарламасын құрастыру тәртібі : - ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық дамудың бағыттарына болжам жасау ; - ғылымды, техниканы және технологияны болашақта дамыту бағыттары мен мәселелерін айқындайтын біртұтас құжаттар құрастыру ; - Президент және үкіметтің негізгі ұстанымдарын ескере отырып, ғылыми-техникалық прогресс бағдарламасына өзгерістер енгізіп, құқықтық және орындаушы билік органдарына қарауға ұсыну

Изображение слайда

Слайд 13

Ғылыми-техникалық прогрестің кешенді бағдарламасы мынадай бөлімдерден тұрады : жалпы бөлім, мұнда ғылыми прогресс, техника және өндіріс технологиясының негізгі бағыттары көрсетіледі ; әр түлі салалар бойынша ғылыми прогресс, техника және өндіріс технологиясының дамуы көрсетілетін тарау ; ғылыми - техникалық прогресстің мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуына әсері көрсетілетін тарау ; - мемлекет аймақтары бойынша ғылыми-техникалық прогрестің дамуын көрсететін тарау.

Изображение слайда

Слайд 14

Ғылыми-техникалық прогрестің болжамы ірі салааралық кешендерде ғылым және техниканың бағыттары бойынша жасалады. Олар : машина жасау ; отын-энергетика кешені ; қара және түсті металургия ; аграрлық - өнеркәсіптік кешен ; АӨК тыс халықтың тұтыну тауарлары ; - өндірістік инфрақұрылым (көлік, байланыс, басқару құралдары).

Изображение слайда

Слайд 15: 2. Ғылыми-техникалық саясаттың мақсаты мен міндеттері

Ғылыми-техникалық саясаттың мақсаты мен міндеттері үш топқа бөлінеді. Бірінші топтағы мақсаттар мен міндеттер келесімен байланысты: - елдің ғылыми техникалық потенциалың сақтандыру және дамыту ; - ғылыми, зерттеу және инженерлі конструкторлық мектептердің дәстүрің сақтау және көбейту.

Изображение слайда

Слайд 16: Екінші топ ғылыми технологиялық потенциалды тиімді пайдалануға кепілдік беретің мақсаттар мен міндеттерді біріктіреді. Олар : - жана техникалық және технологиялық кешендерді қалыптастыру, - біріккен технологиялық кеңістікті (пространство) құру, - дүниежүзілік рыноктарда бәсекеге қаблетті өнімнің ұдайы өндірісі үшін ғылыми өндірістік базасын құрастыру, - қауіпсіз экологиялық ситуацияны қалыптастыру

Изображение слайда

Слайд 17: Үшінші топ алғашқы екі блоктын мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін жағдай жасайтын мақсаттармен міндеттерді қосады. Олар : - барлық деңгейдегі шаруашылық жүйелердің инновациялық және инвестициялық белсенділігін қамтамасыз ету ; - елдің ғылыми техникалық потенциалын толық жіне тиімді пайдалану үшін жағдай жасау, - басымды әлеуметтік міндеттерді шешу

Изображение слайда

Слайд 18: Жалпы жоғарыдағы айтылған барлық мақсаттар мен міндеттерді біріккен мақсат ретінде көрсетуге болады: жана және үнемі жанарып тұратын өнімді өндіру, инновациялықты тұрақты негізінде ұдайы өндіретін негізгі институционалды жағдай жасау

Изображение слайда

Слайд 19: Инновация - жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, қызмет) немесе технологиялар түрiнде iске асырылған, қолданылатын, практикалық қызметте пайдалану кезiнде сапалық артықшылықтарға ие әрi экономикалық және (немесе) қоғамдық пайдасы бар ғылыми-техникалық қызмет нәтижесi. Инновациялық саясат ғылыми-техникалық саясаттын басты бағыты болып саналады

Изображение слайда

Слайд 20: Инновациялық саясат инновациялық қызметті дамытуға және қолдауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясаттың бөлігі. Инновациялық қызмет - инновациялық жобаны iске асыруға бағытталған қызмет. Инновациялық жоба - инновацияларды енгiзуге бағытталған және инвестицияларды көздейтiн, сондай-ақ белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипаты бар iс-шаралар кешенi

Изображение слайда

Слайд 21: Инновациялық саясаттың мақсаты – әртүрлі өндіріс саласында және қоғамды басқару сферасында бәсекелі, жоғары технологиялық өнімнің (қызметтің, жұмыстың) басымды болуын қамтамасыздандыратын баласланған өндірістік инфрақұрылым

Изображение слайда

Слайд 22: Мемлекеттік инновациялық саясат келесі міндеттерді шешуге бағытталған : 1) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың нысандары мен әдістерін анықтау, ғылым және техника жетістіктері негізінде әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ететін жағдай жасау ; 2) инновациялық қызметінің субъектілерің мүдделерін қорғауды және инновациялық қызметті дамытуды қамтамасыздандыратын нормативті құқықтық базаны қалыптастыру; 3) инновациялық қызметінің субъектілерің мемлекеттік қолдау және инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыр у ;

Изображение слайда

Слайд 23: 4) жоғары технологиялық экономика секторларды қалыптастыру, модернизация өткізу, экспортқа бағытталған өндірістерді құру ; 5) инновациялық қызметке шағын және орта бизнес субъектілерің қатыстыру ; 6) ғылым, білім беру, өндіріс және қаржы-несие сферасының өзара әрекетің қамтамасыздандыру ; 7) инновациялық сферада халықаралық ынтымақтастықты қолдау, ұлттық мүдделер мен интеллектуалды меншікті қорғау

Изображение слайда

Слайд 24: Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау мынадай негiзгi нысандарда жүзеге асырылады:       1) инновациялық қызмет субъектiлерiне инновациялық гранттар беру;       2) инновациялық даму институттары арқылы инновациялық дамыту шаралары кешенiн қаржыландыру;       3) қаржыландыру сомаларын қайтару не бастапқы құны бойынша сатып алу мүмкiндiгi болатын қайтарым негiзiнде инновациялық жобаларды қаржыландыру ;       4) инновациялық жобалардың мемлекеттiк ғылыми-техникалық, экономикалық және, қажет болған жағдайда, экологиялық сараптамасының жүргiзiлуiн қамтамасыз ету

Изображение слайда

Слайд 25: Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың негізгі принциптері : 1) инновациялық қызметті жүзеге асыру кезінде ұлттық мүдделерді сақтау ; 2) ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін арттыру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін инновациялық қызметтің басымдығы ; 3) мемлекеттік қолдау алу кезінде инновациялық қызмет субъектілерінің теңдігі;

Изображение слайда

Слайд 26: 4) инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдаудың экономикалық тиімділігі және нәтижелілігі ; 5) инновациялық қызметті ұйымдастыру мақсатында ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілері мен кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін кешенділік және жүйелілік ; 6) инновациялық қызметті жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады

Изображение слайда

Слайд 27: 3. Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың негізгі бағыттары мен басымдықтары

Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың негізгі бағыттары қазіргі заманда Қазақстан үшін келесі: жүйелік, ғылымды көп қажетсінетін өндірісті, елдін жоғары технологиялық кешеннің, ғылымды көп қажетсінетін технико технологиялық экспорттың өсуін қолдау ; 2) ғылыми-техникалық дамудың басымдықтарың таңдау және іске асыру ; 3) НИОКР сферасын құрылымдық жанарту, инновациялық кәсіпкерлікті белсенді дамыту, ұлттық инновациялық жүйені құрастыру ; 4) ғылыми техникалық және инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру,

Изображение слайда

Слайд 28: 5) нарық қатынастарына сәйкес салалық ғылымды қайта құру, 6 ) ғылым, білім беру, өндіріс және рынок сфераларының интеграциясы ; 7) ғылымды көп қажетсінетін инновациялық өнімнің ұлттық рыногін қалыптастыру ; 8) ғылым мен технология дамуын ресурстармен қамтамасыздандыру ; 9) қорғаныс ҒЗТКЖ ( НИОКР) ды дамыту ; 10) ғылыми технологиялық сферадағы әлеуметтік саясат. Уәждеме жүйесін құрастыру ; 11) белсенді ғылыми-техниқалық ынтымақтастық; 12) мемлекеттік органдардың рөлің жандандыру

Изображение слайда

Слайд 29

ХХ ғасырдың 90-шы жылдары басталған ғылыми саланы реформалау, нарықтық экономикаға өтудегі күрделі әлеуметтік экономикалық кезеңге тап болды. Нарыққа мемлекет тарапынан қолданылған шаралар нәтижесінде ғылымға аса көңіл бөлінбеді. Соның себебінен ғылымды қаржыландыру мөлшері едәуір азайып, мемлекеттің ғылыми-техникалық потенциалының сақталмау қаупі төнді. Мемлекетте 80-90 ж.ж. жасалған өзгерістер ғылыми-техникалық кешеннің ресурстық, кадрлық, рухани, психологиялық потенциалын едәуір кемітті. Мемлекеттің даму мақсаттарын шешуде ғылыми-техникалық потенциал мүлде қолданылмады.

Изображение слайда

Слайд 30

Мемлекетті тығырықтан шығаруда ғылым мен оның жетістіктерін тәжірибе жүзінде қолдануда қарама-қайшылық пайда болды. 1990-2000 ж.ж. аралығында ғылымды қаржыландыру 20 есе кеміп, ғылымның кадрлық құрамы 2 есе азайды және ғылым саласында жалақы мөлшері өте төмен болды. Жоғарыда айтылған жағдайлар соңғы жылдары ғылымға деген мемлекеттік көзқарастың өзгеруіне әкелді. Мемлекет ғылыми потенциалды сақтау және ғылыми мекемелерді бюджеттен қайта қаржыландыруды негізгі мақсаттар ретінде қарастырды.

Изображение слайда

Слайд 31

Ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағыттарын қолдау әдістері: - салық төлеу мерзімдерін жылжыту, қарыздың бөлігін өніммен өтеу арқылы іске асырылады; - маңызды технологияларды және бағыттарды дамыту үшін шетелдерден импорттық жабдықтар сатып алуда теңгенің шетел валютасына қарағанда жеңілдетілген инвестициялық бағамын енгізу; - мемлекеттік мұқтаж отандық өнімді сатып алуда бірлесіп қызмет көрсететін салаларды және кәсіпорындарды бюджеттік несиелеу және орталықтан қаржыландыру; - орталықталған валюталық қор есебінен сатып алынатын жабдықтардың кедендік төлемдеріне және қосымша құн салықтарына жеңілдік беру.

Изображение слайда

Слайд 32

Ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының үкіметі Қазақстан Республикасының Индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясын қабылдап, жүзеге асыруда. Қазақстанның 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік стратегиясы мемлекеттің экономикалық саясатын сипаттайды және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикізаттық бағытынан қол үзу арқылы елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған.

Изображение слайда

Слайд 33

ҚР Индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясының негізгі міндеттері : - өңдеуші өнеркәсіп саласының жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін 3 есе арттыру; - өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру; - кәсіпкерлік ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын және бәсекелестікті жетілдіретін қоғамдық институттарды қамту;

Изображение слайда

Слайд 34

ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру ; елдің экспорттық әлеуетін қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердің пайдасына қарай әртараптандыру ; сапаның әлемдік стандарттарына көшу ; - дүниежүзілік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, аймақтық және дүниежүзілік экономикамен ықпалдасуды күшейту.

Изображение слайда

Слайд 35: Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың негізгі басымдықтары жалпы елдегі экономикалық саясатпен байланысты. Мысалы, қазір Қазақстанда инновациялық даму бірінші орында тұр. Қазақстан бүгінде инновация жөнінен дүниежүзінде 61-орында. Бұл – ТМД елдері арасында Ресейден кейін екінші орын. Қазақстан экономикасының негізін құрайтын ірі шаруашылық субъектлері шикізат өндірісі ретінде қалыптасты. Инновациялық қызмет белсенділігін арттыру үшін Қазақстан ғылыми зерттеуді дамытуға қаржы көлемін көбейтіп, қажетті ғалымдар мен технологтар санын қалыптастырып, оларды қорғауды қамтамасыз ету керек

Изображение слайда

Слайд 36

Бүгінде Қазақстанда басқа көптеген достастық (ТМД) елдері сияқты ғылыми-зерттеу қызметін қаржыландырудың басым бөлігі мемлекеттік бюджеттен және тапсырыс берушілер есебінен жүргізіледі. Көптеген елдер ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға шетел инвестициясын тартады (Украина-26%, Армения, Белорусь, Россия – 8-11%, Молдава -6%). Ал Қазақстанда шет ел инвесторларының ғылыми-зерттеу жұмысына жұмсаған қаржысы небәрі 1%.

Изображение слайда

Слайд 37

Инновациялық жүйенің қалыптасуы және дамуы үшін аймақтық технопарктердің рөлі аса маңызды. Осы мақсатта республикамызда «Ұлттық инновациялық қор» АҚ жұмыс істейді. Қордың негізгі міндеттері: - отандық және шетелдік инвесторлармен бірлесе отырып венчурлық қорларды құру, инновациялық жобаларды венчурлық қаржыландырудың тетіктері мен инфрақұрлымын қалыптастыруға қатысу; - ұлттық инновациялық инфрақұрылымдардың (технополистер, технопарктер, бизнес инкубаторлар, инновациялық орталықтар) элементтерін құруға қатысу; - ғылыми-техникалық өнім нарығын қалыптастыруға қатысу; - «инновациялық технологияларды тасымалдау, игеру және дамыту» саласындағы халықаралық әріптестікті, олардың коммерциялизациясын және енгізілуін дамыту; - ұлттық венчурлық индустрияның оң бейнесін қалыптастыру және жекеменшіктік капитал үшін инновациялық қызметтің тартымдылығын арттыру.

Изображение слайда

Слайд 38

Қазақстанның иновациялық саясатының негізгі элементтерінің бірі – білім саласында инновациялық жүйені қалыптастыру болмақ. Бұл жүйе инновациялық жобаны жасап, оны жүзеге асыратын квалификациялы мамандарды сапалап даярлауды қамтамасыз етуге тиіс. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында экономикалық реформаны тиімді дамыта отырып, қазіргі уақытта өндірісті ілгерілетудің сервистік-технологиялық түріне көшуді қолға алды.

Изображение слайда

Слайд 39

Осы мақсатқа сәйкес елдегі өндіріс бес салаға : ақпараттық технология; биотехнология, нанотехнология энергетика және көмірсутегі шикізатын өңдеу технологиялары бірыңғай жүйеге біріктіріледі. Бағдарламаның мақсаты - шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен өндірістің тұрақты дамуына қол жеткізу

Изображение слайда

Слайд 40

Бұл стратегияның іске асуы негізінен үш кезеңнен тұрады: 2003-2005 жылдарға арналған 1-кезең. Бұл кезең даму институтын, инновациялық орталықтар, технопарктер құруға бағытталды. 2006-2011 жылдар аралығы 2-кезең ғылыми-инновациялық инфрақұрылым құрып өнеркәсіпті жаңарту, экономика құрылымдарын әртараптандыруға бағытталса, 2011-2015 жылдарға арналған қорытынды кезең енгізілген ғылыми-техникалық қуаттарды игеру, шикізатты өз елімізде өңдеу, кез-келген салаларға қажетті өнімдер мен бұйымдарды жасауды іске асыруға бағытталған.

Изображение слайда

Слайд 41: 4. Ғылыми-техникалық саясаттың іске асыру механизмі

Ғылыми-техникалық саясаттың іске асыру механизмі бірнеше блоктан тұрады : нормативті құқықтық, ұйымдастыру басқарушылық, экономикалық, нарықтық. Нормативті құқықтық блоктін ішіне өкіметпен, парламентпен қабылданатың әртүрлі заңдар, заңдылықтар, бағдарламалар кіреді.

Изображение слайда

Слайд 42: Ұйымдастыру басқарушылық блок ғылыми техникалық қызметті ұйымдастыру басқарушылық қамтамасыздандыруға кепілдік береді. Ол мемлекеттік органдардың рөлін келесі бағыттарда анықтайды: - ғылыми- зерттеу және тәжрибелік- конструкторлық ұйымдардың ұйымдастыру-құқықтық құрылымың қалаптастыру және дамыту ; - ғылым мен технология дамуынын басымдық бағыттарын зерттеу, талдау, таңдау; - ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті салааралық үйлестіру (координация); - ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды жасау және іске асыру және т.б

Изображение слайда

Слайд 43: Механизмнің осы блогының құрылымына кіреді: - Ғылым сферасының ұйымдастыру-құқықтық құрылымы, - ғылыми-техникалық қызметтің инфрақұрылымы, - ғылымды реформалау нысандары мен әдістері, - мемлекетік ғылыми орталықтарының жүйесі, технопарктер және т.б

Изображение слайда

Слайд 44: Экономикалық блокқа кіреді: - ғылымға мемлекеттік тапсырыстар, - салықжүйесі, - инновацияны қолдау әдістері, ғылыми ұйымдарға берілетін жеңілдіктер, қаржыландыру жүйесі және т.б. Нарықтық блок: - ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің субъектілерінің өзің-өзі басқару проблемаларды шешумен, - ғылыми өндіріс құралдарына меншік қатынастарын реттеумен, - осы сферадағы бәсекеме байланысты

Изображение слайда

Последний слайд презентации: 7 -тақырып. ҒТП-тің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі: ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗ ҮШІН ТАУДАЙ РАХМЕТ !!!

BYE-BYE!!

Изображение слайда

Похожие презентации