Қоғам және   жастар — презентация
logo
Қоғам және   жастар
  • Қоғам және   жастар
  • Қоғам дегеніміз не ?
  • Жастар дегеніміз кім ?
  • Бүгінгі қоғамның болашағы-жастар
  • Жастар саясаты
  • Жас   ұрпақ
  • Қоғамдағы жастар рөлі
  • Қоғам және   жастар
  • Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда
  • Қоғам және   жастар
  • Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры
  • Қоғам және   жастар
  • Қоғам және   жастар
  • Жастар шығармашылығы
  • Қоғам және   жастар
1/15

Первый слайд презентации: Қоғам және   жастар

Изображение слайда

Слайд 2: Қоғам дегеніміз не ?

Қоғам – бұл адамдардың жай ғана бірге өмір сүруі ғана емес, сондай-ақ олардың бірлескен қызметі, яғни саналы түрде қойылған мақсаттарды жүзеге асыруы. Қоғам – бұл ортақ қажеттіктерімен, мүдделерімен және мақсаттарымен біріккен адамдардың зерделі ұйымдастырылған мәдени өмірі мен қызметінің формасы.

Изображение слайда

Слайд 3: Жастар дегеніміз кім ?

Изображение слайда

Қоғам адамзат өркениетінің біліміне, адамгершілік-этикалық нормаларына тікелей қатысты дамиды. Біздің бүгінгі тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміті – жастар. Жастарға сенім арту – барлық қоғамға тән құбылыс. Бүгінгі жастар – келешек ұрпақ. Қоғам дамуының алғы шарты - адам факторы, адамның білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты, қазіргі жастардың білім алуына, таланты мен дарынына орай ғылымға келуіне мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-шаралар, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Жастар – ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші, қоғамның жемісті дамуының кепілі.

Изображение слайда

Слайд 5: Жастар саясаты

Қазақстан Республикасының Президенті және жастар саясатына тоқталсақ, біз, тәуелсіздік бесігінде тербеліп өскен бақытты қазақ елінің ұландары, мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері – бұл партиямыздың басшысы, әлем таныған ірі саяси қайраткер, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сан алуан реформалардың заңды нәтижесі екенін мақтан тұтамыз. Себебі, елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталғандығы айқын көрініс табуда.

Изображение слайда

Слайд 6: Жас   ұрпақ

Изображение слайда

Қазіргі қоғамдағы жастар рөлі, жас буынның әлеуметтік қызметтері,оның саяси позицясы мен көзқарасы,білімі  мен кәсіби біліктілігі деңгейі, адамгершілігі мен мәдени қажеттіліктері туралы мәселелерді зерттеудің теориялық және практикалық мәні аса зор. Қоғамдағы үрдістегі жастар рөлі,оның қызметінің рөлі,құндылықтары,дүниетанымы,қызығушылығы,қажеттіліктері мен психалогиялық қасиеттері әлеуметтік және геосаяси даму сипаты,қоғамдық қатынастар, тарихи жағдайлар сипаты мен шарттастырылған. Халықтың осы тобын зерттеудің негізгі мәселелерінің біріне,біздің ойымызша,жастар еңбегінің пайдаланылуын бағалау жататын сияқты.

Изображение слайда

Слайд 8

Жастардың рөлін әлеуметтік-эканомикалық жүйеде талдау қажеттілігі ең аз дегенде екі маңызды шартпен негізделеді. Біріншіден,жастар шамамен Қазақстанда еңбекке жарамды халықтың 25% құрайды. Екіншіден,бұл аса маңызды,олар-елдің болашағы, олардың қызметі оның әрі қарай дамуымен байланысты.

Изображение слайда

Ғылым-білім, мәдениет пен өнер саласындағы дарынды жастарды қолдауда «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры» орасан зор жұмысты атқарып отыр. 2011 жылы ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен өткізілген Білім конференциясына қатысушылар адамзаттың басын біріктіретін – білім ғана деген байлам жасады. Осы мақсатта Қор жанынан республикамызда және шет елдердегі ғылыми-зерттеу орталықтарында жұмыс істейтін отандық ғалымдардан кеңес құрылды.

Изображение слайда

Слайд 10

Жас ғалымдар кеңесі ғылымды дамытуға, оны алға апарар талантты жастардың ғылымға келуіне қамқорлық жасау мақсатында бірқатар бағдарламаларды жүзеге асыруда. Соның бірі, еліміздегі ғылыми ұйымдар мен жетекші жоғары оқу орындарының жас ғалымдарының іргелі және қолданбалы ғылым салаларындағы зерттеу жұмыстары үшін берілетін гранттар байқауы. Байқау жыл сайын өткізіледі. Жеңімпаздарға гранттар тапсырылады, ал ең үздік зерттеулер үшін Президент қорының арнайы сыйлығы тағайындалған. Республикамыздың жоғары оқу орындарында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу белсенділігін арттыру, жастарды нақты ғылыми-зерттеу, сараптау, әлеуметтік және бизнес-жобаларға тарту. Яғни, гранттар алу үшін үздік жұмыстарға жарияланатын байқаулар –  бұл дарынды жастарды табу, іріктеу, олардың тұлғалық және кәсіби тұрғыда көрінуіне, өсуіне жол ашу, сонымен қатар еліміздің даму болашағы үшін құнды, бағалы идеяларды ынталандыру, алға апару мүмкіндігі.

Изображение слайда

Слайд 11: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры

Ғылым-білім, мәдениет пен өнер саласындағы талантты жастарды қолдауда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры орасан зор жұмысты атқарып отыр. Өйткені, Қазақ елінің атын үшінші мыңжылдық тарихына жазатын, аға толқынның ғылым мен мәдениеттегі өрелі жолын лайықты жалғастыратын да осы бүгінгі толқын — жастар болмақ.

Изображение слайда

Слайд 12

Еліміздің тұңғыш Президенті қорының мақсаты мен міндеттеріне тоқталсақ: — Қор қызметінің негізгі мақсаты — Қазақстан мемлекеттігін нығайтуға, отансүйгіштікті қалыптастыруға, қоғамымыздың әрі қарай демократияландырылуына, еліміздің мәдени, экономикалық және саяси саладағы халықаралық байланыстарының одан әрі дамуына атсалысу.Бүгінде қор тарапынан сан-салалы жұмыстар қолға алынып, атқарылған шаралар аз емес. Атап айтқанда, 2011 жылы мамыр айында Қазақстанның, Ресей, Қытай, АҚШ, Израиль, Үндістан, Германия және т.б. елдердің ғалымдары, қоғам қайраткерлері, саяси және іскер топтарының өкілдері қатысуымен Парламент үйінде «Н.Назарбаевтың еуразиялық доктринасы: Шығыс пен Батыстың сұхбаты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Осы ғылыми жиынның жұмыс қорытындылары бойынша еуразиялық интеграцияның тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар дүниеге келді.

Изображение слайда

Слайд 13

Изображение слайда

Слайд 14: Жастар шығармашылығы

Жастар шығармашылығына қолдау көрсетудің тағы бір қырына тоқтала кеткен жөн. «Ақылдың елден қашуы» деген мәселенің кез келген мемлекеттің болашағы үшін қауіпті екені түсінікті. Осы тұрғыда, салдарына тікелей әсер етпегенмен де қор өзінің қолдау-көмегі арқылы бұл мәселенің себебін азайтуға, яғни дарынды жастардың ғылыми-шығармашылық ізденісін ұштауға өзіндік ықпал етуде деуге болады. Мәселен, аталған байқауларға қатысушылардың қай-қайсысы болсын еліміз өміріндегі нақты бір өзекті мәселелерге байланысты жан-жақты зерттеулер жүргізеді, шешу жолдарын өзінше негіздеп ұсынады. Жақсы идеялар жоба күйінде қалмайды, міндетті түрде жүзеге асырылады..

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Қоғам және   жастар

«Мемлекеттік жастар саясаты жастарға еліміздің толыққанды азаматы болуға жақсы мүмкіндік беруі тиіс. Ол жастар өмірдегі өзінің жеке табысын іздей отырып, жақындары, өз халқы және Отаны үшін жағдай туғызатын азаматтар болуы тиіс. Мен біздің жастарға сенемін», — деген Н.Назарбаевтың үмітін жастар әрқашан ақтар деген ойдамын

Изображение слайда

Похожие презентации