Слайд 2
Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты жақсарту бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
Слайд 3
І. Кіріспе бөлім : Ата-аналар жиналысының тақырыбы : « Адами қарым-қатынас ізгіліктері » деп аталады. Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын.... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де толық көңіл бөле алмай отыр. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. « Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі » демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы, жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.
Слайд 4
« Жұдырық » жаттығуы. Мақсаты: Өзін-өзі тану қабілетін, қарым-қатынасты дамыту. Нұсқау: Қазір барлығымыз бір тапсырманы орындайық. Көршілер бір-бірімізге қарама-қарсы отырып, біреуіміз жұдырық түйіп, екіншіміз жұмылған жұдырықты ашуымыз керек. Жұдырық түйген кісі аштырмау керек. Ал екінші кісі ашуға тырысыңыз. Енді осыны қарама-қарсы қайталау керек. Талдау: Қандай сезімде, қандай күйде болдыңыз?
Слайд 5
Қорытынды: Біз әбден күш көрсеткенге, адам жанын қинауға құмармыз. Жай сөйлесек, «жылы-жылы сөйлесе жылан інінен шығады», біз күштемей-ақ қолыңызды аша салыңызшы деп айтуымызға да болар еді.
Слайд 6
Бала – ата – ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» -деп перзентін әлпештеп өсірген ата – ананың жатса – тұрса тілейтіні -баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені. Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?
Слайд 7: Әдептілік
Жақсы қасиеттер Әдептілік Тәртіптілік Мәдениеттілік Инабаттылық Адамгершілігі мол Еңбекқорлық Тіл алғыш Сыпайылық
Слайд 8
Жағымсыз қылықтар Сараңдық Ызақорлық Еріншектік Тәкәппарлық Мақтаншақтық Дөрекілік Жалқаулық
Слайд 9
Бала Үмітіміз Өмірімнің жалғасы Болашағымыз Бауыр етіміз Асыраушым Көмекшім Ақылшым
Слайд 10
Ананың махаббаты Жан жылуы Мейірімді көздері күлкісі мейірімі Ыстық жүрегі Аялы алақаны
Слайд 11
«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді» А.С.Макаренко
Слайд 12
«Мейірімділік шуағы» Ғалымдардың айтуынша, баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл – күймен тұруы – бүкіл бір күндік көңіл – күйіне әсер етеді екен. Есіңізге сақтаңыз :Балаңыз үйге келгенде жақсы қарсы алыңыз. Дүниедегі ең жақсы жерге келгенін сезінсін...
Слайд 13: Балаларымыздың жетістіктері
2025 жылдың 5-7 наурыз күндері аралығында Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, аудандық БЖСМ спорт залында өткен облыстық чемпионатына қатысып жүлделі орын ға ие болды.
Последний слайд презентации: Адами қарым-қатынас ізгіліктері: Ой-толғаныс
Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес. Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да, бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі ата-аналар жиналысына қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамын ! Ой-толғаныс