Первый слайд презентации: Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру » бойынша дидактикалық ойындар кешені
Слайд 2
1 2 « Жыл мезгілдері » Мақсаты :Балалардың жыл мезгідері туралы білімдерін бекіту,мезгілдерді атауларын үйрету ( қыс,көктем,жаз,күз ). Мезгіл өзгерістерін талқылау. Көрнекіліктер : Жыл мезгілдері суреттері мен карточкалары. Ойын барысы :Тәрбиеші балалардан жылдың қай мезгілі екенін сұрайды. Жыл мезгілі төрт бөліктен тұрады,әр бөлікке сәйкес мезгілдердің ерекшелік карточкасы бар. Балалар жыл мезгілдерінің өзгерістері карточкасын алып сәйкес келетін мезгілдерге қойып шығады.( мысалы:қыс мезгіліне қар,шырша,аққалат.б.) Қайсысы қайда тіршілік етеді Мақсаты: жануарларды ұқсас белгілеріне қарай табу,олардың мекен-жайын анықтау. Сөздік қорын молайту. Көрнекілік: әр түрлі жануарлар,құстар суреті ойын барысы: әр түрлі жануарлар,құстарды көрсетіп,олардың қайда өмір сүретінін сұралады. Оларды немен қоректенетінін айтқызады. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер еңгізу үшін тапсырманы түрлендіруге болады. Олар туралы білетін тақпақтарын сұрайды.
Слайд 5
3 4 «Не артық» Мақсаты: Рәміздер туралы білімдерін кеңейту Шарты: суреттердің арасынын артығын табу, қалған суреттерді атау,сипаттау Қалай дыбыстайды?» Мақсаты: жаруарлардың дыбыстарын айыра білуге үйрету. Шарты: жануарлардың дыбыстарын тыңдатып, ненің дыбысы екененіт тапқызу.
Слайд 8
5 6 «Қолғап» Мақсаты : қысқы киімдер туралы білімдерін дамыту. Шарты: қолғаптардың жұбын табу «Қандай көлік» Мақсаты: көліктердің не үшін керектігі туралы білімдерін арттыру. Шарты: көліктердің суреттерін көрсетіп, оның не үшін керектігін анықтау
Слайд 11
7 8 «Нан дастарханға қалай келеді ?» Мақсаты :Бидайды қалай өсіру және одан нанды қалай жасау жөніндегі балалардың білімдерін толықтырып жүйелеу. Диқаншылардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.Сөздік қорын толықтыру:майдалау,себу,диқаншы,комбайын,элеватор,диірмен. Көрнекіліктер : егін даласына қажетті суреттер Ойын шарты :Жүргізушінің белгісінен кейін бос тор көздерді жарыса отырып,қажетті суреттермен толықтыру. « Бұл қандай құс ?» Мақсаты : белгілі бір ерекшеліктеріне қарай құстардың суреттеуге үйрету және оларды ажырата білу. Көрнекіліктер : құстардың суреттері. Ойын барысы : Жүргізуші қарлығаш пен тоқылдақтың суреттерін балаларға көрсетіп,әр қайсының ерекшелігін суреттеп беруді ұсынады. Балалар бұл құстардың ерекшелігін суреттеп, аттарын атайды. Бұл құстарды тағы қалай атауға болады ? Олардың қандай пайдасы бар?( тоқылдақ орман дәргері,қарлығаш адамның досы )
Слайд 14
9 10 « Жалпы атауын ата » Мақсаты :Балаларға заттарды жеке-жеке таныта келе, ен соңында заттардың жалпы атауын бір сөзбен ойлана отырып шешуде тапқырлыққа, шапшандыққа баулу. Көрнекілік :жемістер,ойыншықтар,оқу құралдары ойын барысы : Бал аларға әртүрлі суреттер беріледі,сол суреттің ішінен бірдей заттарды тауып бір сөзбен атайды мысалы:ыдыстар,ойыншықтар,жануарлар. « Құстарға қалай көмектесеміз ?» Мақсаты: Балаларға құстар туралы білім беру,білімдерін жетілдіре түсу. Суреттер бойынша есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарға қамқорлықпен қарауға баулу. Ойын шарты: суреттер бойынша құстарды екі топқа топтастыру. Балалар сұрақтарға жауап береді,бір-бірінің жауаптарын толықтырады. - Қыстап қалатын құстарға қалай көмектесеміз ? - Құстар ұяны не үшін салады ? - Құстардың денесін не жауып тұрады ?
Слайд 18
11 12 « Кімге не керек ?» Мақсаты: Балалар мұғалім, дәрігер, құрлысшы, спортшыға қажет құралдарды тауып қоюы керек. Балаларды тапқырлыққа үйрету. Ойын шарты : суреттегі мамандықтарты атау және оларға жұмыс барысында қандай құралдар керек екеннің табу. « Гүлдерді күтеміз » Мақсаты: балалардың табиғатты рухани бағалау мәдениетін, гүлдерді дұрыс күтіп-баптау, яғни суару, қопсыту дағдыларын қалыптастыру. Гүлдердің түрлерін ( көпжылдық, біржылдық, пияз тұқымдас, шөптекті, тұқымдас гүлдерді ) ажырата білуге үйрету. Гүлдер сұлулық белгісі екенін, оларды күтіп-баптап, қамқорлыққа алу керектігін түсінеді. Ойын шарты : гүлдерді екіге бөлу,дала гүлдерін газонның қасына іліп,ал бөлме гүлдерін үйдің қасына қою, суреттер бойынша әнгімелету.