Слайд 3
Сыни тұрғыдан ойлау деген –әр жеке тұлғаның кез – келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы.Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.
Слайд 4
«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша, үш кезеңнен тұратын модульдік сабақты пайдаланады: Шақыру Іске асыру (мағынаны ашу) ұғыну, мәнін түсіну Рефлексия (ой толғаныс) сананың өзіне, өзінің психикалық күйіне назар аударуы ( қызығушылықты ояту)
Слайд 5
Шақыру - Оқып үйренушінің өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету; - Оқушылардың іс-әрекетін белсенді ету; - Оқу іс-әрекетіне уәж (негіздеме) қалыптастыру; - Оқу іс-әрекетінде оқып үйренушілердің жекелей мақсаттарын қою; Альтернативті тест ( дұрыс немесе дұрыс емес пікірлер ) Сұрақтар, мәтіннен тауып жауап беруге болатын жауаптар тұжырымы Кластер Кесте «Б–Б–Б» « Миға шабуыл » Болжам ( сурет, портреті бойынша ) Қажетті сөздер бойынша болжам Тәсілдері
Слайд 6
Іске асыру - Оқып үйренушімен жаңа білімді алу; - Белгілінің жаңамен арақатынасын білу, түсінігін қалыптастыру және білімдерін жүйелеу; - Жұмыс тәсілін ақпаратпен үйрену; - Шақыру кезеңіне қойылған мақсаттарын қолдау; insert әдісі бойынша белгілеу мен мәтінді оқу Астын сызу арқылы қажетті сөздерді көрсету Тәсілдері
Слайд 7
INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “ білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.
Слайд 8
Рефлексия - Жаңа білімді беру; - Пән туралы бүтіндей көрініс жасау; - Мәселе өрісін кеңейту, оқу іс - әрекетінде жаңа мақсаттарды қою; - Оқып үйренушінің пәндегі дамуын бағалау және өзін-өзі бағалау бойынша жұмысы; Тәсілдері insert таңбалау кестесі Шығармашылық жұмыс – синквейн қажетті сөздерге,дұрыс және дұрыс емес пайымдауға қайта оралу Досына хат жазу, күнделік жүргізу Қажетті сөздерден кластерді бітіру Шатысқан қисынды тізбектер
Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту ” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу ” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан : әдістерінен тұрады
Слайд 10
Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі: - Мен не білемін? - Мен жаңаша нені білдім? - Менің білімім қалай өзгерді? - Мен осы біліммен не істей аламын?
Слайд 11: Қорытынды
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос- Қазақстан ” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. “Сын тұрғысынан ойлау ” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе- теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.