Первый слайд презентации: Ақпараттың сипаттары
№72- мектеп – лицей, Нұр-Сұлтан қаласы 9- сынып Молдаханова Сандуғаш Алпысбаевна
Слайд 2
9.2.1.1 ақпараттың қасиеттерін анықтау ( маңыздылық, дәлдік, сенімділік, құндылық ) ; 9.4.1.1. компьютерде ұзақ уақыты жұмыс істеу тәуекелін сыни түрде бағалау Ақпарат ұғымы мен түрлерін анықтау; Ақпарат қасиеттерін салыстыру; Ақпарат қасиеттерін анықтаудың қажеттілігін түсіндіру. Оқу мақсаты: Сабақтың мақсаты:
Слайд 3
Ақпарат дегеніміз не? Ақпаратты қабылдаудың қандай түрлері бар ? Ақпарат арнасы деген не? Ақпарат қандай қасиеттерге ие? Ақпараттың адам өміріндегі маңызы жайлы не айтуға болады? Компьютерде жұмыс жасаудың техникалық қауіпсіздік ережелері қандай? «Миға шабуыл» әдіс
Слайд 4
Ақпарат ұғымы мен оның түрлері; Ақпараттың негізгі қасиеттері; Ақпарат қасиеттерін анықтаудың қажеттілігі; Компьютермен жұмыс істеудің зияндық жақтарынан қорғанудың маңыздылығы. Сабақтың барысы :
Слайд 5: Ақпараттың негізгі қасиеттері
Ақпарат – сақтау, өңдеу, жеткізу және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған ортада болып жатқан мәліметтер мен өзгерістер. Кез келген нысан сияқты ақпараттардың да өзіндік қасиеттері бар. Ақпарат табиғат пен қоғам нысандарынан ерекшеленетін белгісі – оның екіжақтылығы. АҚПАРАТ ОБЪЕКТИВТІ СУБЪ ЕКТИВТІ
Слайд 6
Ақпараттың негізгі қасиеттерін қарастырайық: Ақпараттың қасиеттері Н ақтылығы Өзектілігі Анықтылығы Құндылығы Толықтығы Дәлдігі Қолжетімділігі Объективтілігі
Слайд 7
Өзектілігі. Дер кезінде алынған ақпарат тура ақпаратты береді. Мысалы: «Қазіргі уақытта сіздің есепшотыңызда 5000 теңге бар» Дәлдігі. Бұл – қажетті дәрежедегі нақты нысанға байланысты ақпараттың сәйкестік дәрежесін сипаттайтын қасиет. Дәлдік - жадының негізгі қасиеті. Мысалы: «5*5 =25 » Нақтылығы. Істің ақиқат жағдайын бейнелейтін ақпарат. Бұл қасиет нақты, нақты емес болып бөлінеді. Мысалы: Нақты ақпарат - «Бір сағатта 60 минут бар»; Нақты емес ақпарат – «Марста тіршілік бар ». Құндылығы. Құнды ақпарат қойылған мәселені шешіп, мақсатқа жетуге мүмкіндік береді. Мысалы: «Бүгін күн суық, жылы киініңіздер». Толықтығы. Шешім қабылдау үшін мәліметтердің жеткілікті болуын немесе солардың негізінде жаңа деректер құруын сипаттайды. Мысалы, толық ақпарат: «Менің туған күнім 4 маусым» ; толық есем ақпарат: «Туған күнім жазда».
Слайд 8
Объекттивтілігі. Объективті ақпарат – тексеруге және өлшеуге болатын ақпарат. Мысалы: «Қазақстанның астанасы – Нұр –Сұлтан қаласы» Субъективтілігі. Субъективті ақпарат адам факторына қатысты. Мысалы : «9- сыныптағы оқушылардың барлығы жақсы оқиды» Қолжетімділік. Қажет болған жағдайда ақпаратты алу мүмкіндігі. Мысалы, егер сенде компьютер жок болса, онда кітаптағы ақпарат саған қолжетімді. Анықтылығы. Ақпарат алушы үшін колжетімді тілде көрсетілген ақпарат, анық, ақпарат болып табылады. Мысалы, сіз үшін ғимараттың кіре берісінде жазылған ақпарап қазақ тілінде болса, онда ол түсінікті, егер ақпарат жапон тілінде жазылса, ол сіз үшін түсініксіз.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазіргі кезде компьютер адам өмірінің барлық саласына толық енгізілді. Өмірді нотбук, планшет, ұялы телефонсыз елестету қиын. Олардың біздің өмірімізге еніп кеткені соншалықты, кейде оларға тәуелді болып қалғанымызды да байқамай жатамыз. Заман ағымынан қалмау керектігі түсінікті, дегенменде компьютердің адам денсаулығына әсері біздің қоғамымыздың басты мәселесі болып тұрғанын да ескеру қажет. Компьютерде күні- түні отыру ол әрине зиян. Енді біз компьютердің адам ағзасына зиянды жақтарына тоқталсақ. Төмендегі кестеге назар аударайық: Адам ағзасы Ағзаға әсері Бұлшық еттер проблемасы. Компьютерде ұзақ уақыт отырған кезде адамның ағзасындағы қан айналымы бұзылады. Бұлшық еттер қозғалыссыз болған кезде тонусын жоғалтады. Тонус аз болған сайын, сүйекке, буындарға және омыртқаға көп ауырлық түседі.
Слайд 10
Адам ағзасы Ағзаға әсері Омыртқаға әсер ету проблемасы. Тапжылмай ұзақ уақыт отырып жұмыс жасау ерте ме, кеш пе омыртқа ауруына, арқадағы ауырсынуға, остеохондрозға және сколиозға әкеледі. Денені ұзақ уақыт бойы бірқалыпты ұстау қимыл- тірек аппаратына нұсқан келтіреді, қозғалысы аз өмір салты адам денсаулығына зиян. Көз әсер ету проблемасы. Компьютермен жұмыс істеу кезінде көз торына және бұлшық еттеріне күш түседі. Көз ауырсынып, жасаурай бастайды, монитордағы сурет айқын көрінбейді. Сондай – ақ бұл көру қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін. Компьютер және асқорту жүйесі. Адам мен компьютердің өзара әрекеттестігі жиі болған жағдайда тамақтану режимі бұзылады. Мұндай жағдайда адамдар уақыт өте келе артық салмақ қосып, асқазан-ішек жолдары ауруына шалдығуы мүмкін.
Слайд 11
Адам ағзасы Ағзаға әсері Жүйке жүйесіне әсері. ДК- баяу жүктелетін, арасында ақаулар беретін және істен шығып қалуы мүмкін техника. Мұндай жағдайларда шыдамсыз адамдар ашуланғыш келеді. Айналасындағы дауыс көтеру және агрессияның басқа да түрлерінің пайда болуы – жүйке жүйесінің сыр беруінің белгісі. Компьютердің әсері заманауи зерттеулерде көрсеткендей, жүрек- қантамыр жүйкесінің қауіпті ісіктері мен ауруларының пайда болуына себеп болуы мүмкін. Адам басқа тұрмыстық техникадан гөрі компьютерден денсаулыққа қауіпті электромагниттік сәуле алады. Компьютер және тыныс алу органдары. Компьютермен ұзақ уақыт жұмыс істеу салдарынан тыныс алу органдарында аллергиялық сипатқа ие аурулар пайда болады, өйткені компьютер жұмысы кезінде монитор корпусы мен процессор қызып, ауаға зиянды заттарды бөледі
Слайд 12
Адам ағзасы Ағзаға әсері Білезік туннельдік синдромы – білектегі нервтің прогрессивті қысылуынан ауырсыну жағдайының туындауы. Күні бойы компьютерде жұмыс істеп, қолдың ұйып қалғанын байқамаймыз, кейде кент өткір және шаншып ауырғанын сезінеміз. Осы аталған симптомдар – білезік туннельдік синдромы. Компьютерлік құмар ойындарға тәуелділік қазіргі қоғамның ең маңызды мәселелерінің біріне айналып отыр. Ол адамды әлеуметтік қарым- қатынас және құндылықтарды бағалау сияқты қасиеттерден айырады. Жүйеке жүйесі әлі нәзік және әрі тұрақсыз болып келетін балалар көбіне осындай топтарда жиі кездеседі.