АҚШ-тың геосаяси орны — презентация
logo
АҚШ-тың геосаяси орны
  • АҚШ-тың геосаяси орны
  • Ақпараттық – танымдық саты
  • Геосаясат
  • АҚш-тың әлемдік және Америкадағы геосаяси кеңістіктегі орны
  • АҚШ-тың геосаяси орны
  • АҚШ-тың геосаяси орны
  • АҚШ-тың геосаяси орны
1/7

Первый слайд презентации: АҚШ-тың геосаяси орны

Орындаған: Жұмағали Аружан, Жалғасова Фариза, Қобдабаева Нуриден

Изображение слайда

АҚШ -Америка Құрама Штаттары ( ағылшынша : The United States of Amerika ) - Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. Шығысынды Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитымен шайылады. АҚШ - көптеген атақты тұлғалардың отаны. Соның ішінде аса көрнекті саяси қайраткерлер Бенджамин Франклин, Авраам Линкольн, Томас Эдиссон Марк Твен тағы басқалардың отаны.

Изображение слайда

Слайд 3: Геосаясат

Алдымен « геосаясат » терминін айқындап алғанымыз жөн. Геосаясат деп белгілі бір елге тиесілі жер аймағының сақталуы және жер дауы болған кезде қолданылатын ортақ қағидалардың жинағын айтады. Қоғамдық-географиялық ғылым саласы болғанымен, бұны саяси географиямен шатастырудың қажеті жоқ.

Изображение слайда

Қазіргі кезде мемлекеттің экономикалық қуаты оның әлемдік саясаттағы орнын белгілейтін аса маңызды көрсеткішке айналған. Сондықтан АҚШ- тың г еосаяси жағдайы, ұстанған саяси бағыты, ең алдымен, оның дүниежүзіндегі айрықша орнымен анықталады. АҚШ-тың ғаламдық геосаясатқа ықпалын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады: АҚШ Екінші дүниежүзілік соғысқа араласып, алып державалармен бірге әлемді бөлісу кезеңі АҚШ пен Кеңес Одағы және олардың одақтастары арасындағы қырғиқабақ кезеңі 1991 жылдан қазіргі кезге дейін ғаламдық ірі геосаяси күш ретінде әлемдік тәртіпке ықпал ету кезеңі

Изображение слайда

Слайд 5

АҚШ ғаламшарымздағы бірден – бір негізгі геосаяси күштердің орталығы екені белгілі, оған келесі сипатты белгілер тән : біріншіден, әскери, экономикалық, технологиялық, ақпараттық қатынастарда және мәдени ойын – сауық салаларында әлемдегі ең қуатты держава. Сонымен бірге АҚШ – тың бас болу жағдайы оның халықаралық институттарда ( ХВҚ, БСҰ, Бүкілдүниежүзілік Банк, Қайта құру және даму банкі ), НАТО және т.б. басымдығымен түсіндіріледі. Екіншіден, әлемдегі жаһандану және жаңару үрдістері АҚШ – тың бақылауында. Үшіншіден, ол әлемде бірполярлы конструкция құруға тырысуда. АҚШ– тың геосаяси ұмтылысы өзінің аумағын қорғаумен бітпейді, оны басқа мемлекеттердің аумақтарына таратады, ол жерлерде Америка азаматтарының, америка капиталының, американың сыртқы саяси курсының және жалпы батыс өркениетінің мүдделері қорғалады ; төртіншіден, өзінің мақсаттарына жетуде күш көрсету саясатына тірек жасайды, ондағы басты құралы – НАТО – батыс мемлекеттерінің әскери – саяси блогы, мұнда да АҚШ бағыттаушы ел болып қалады. Олар НАТО- ны демократия мен тұрақтылықтың зонасы ретінде қарап, оны кеңейту тұжырымдамасын белсенді пайдаланады, осылайша өзінің геосаяси алаңын кеңейтеді. Бесіншіден, АҚШ – тың сыртқы саясатына тән белгілердің бірі - мессианизм, бұл дегеніміз бүкіл әлемге өзінің либеральді – демократиялық құндылықтарын тарату арқылы әлемді американдық етіп құруға тырысушылық.

Изображение слайда

Слайд 6

Американың жаппай ықпал ету мақсаттарына жету үшін АҚШ Еуропадағы одақтастары мен Жапонияға және қалған өзге де елдерге қатысты « Бағдарламалы көшбасшы тұжырымдамасын » қолданатынын айтуымыз керек. Бұл тұжырымдаманы 1993- 2000 жж. Клинтон әкімшілігі жасады. Тұжырымдаманың мәні – АҚШ саясатының шеңберінде одақтастарға белгілі бір әрекеттерге бағыттарын таңу. Дегенмен соңғы уақыттарда Құрама Штаттар әлемдік аренадағы бәсекелестіктен қауіптенеді. Жаһандық көшбасшылық үшін күресте – Қытай, Үндістан, Еуроодақ оның басты бәсекелестері болып отыр. АҚШ–ты ең алдымен Қытайдың экономикалық және әскери әлеуетінің шапшаң артуы алаңдатады. АҚШ пен Жапония арасында қарама – қайшылық бар, дәлірек айтқанда, Америка– Жапон экономикалық қарсыластығы шиеленісуде.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: АҚШ-тың геосаяси орны

Назарларыңызға рақмет!

Изображение слайда

Похожие презентации