Первый слайд презентации
«Ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынас үйлесімділігі» Топтық жұмыс Арт - терапия Т.Рысқұлов ауданы Абай атындағы орта мектебінің психологы: Өскенбаева Гульнара Курманбаевна Ақтоған орта мектебінің психологы: Смайлова Дамира Муктаровна
Слайд 2
Мақсаты: тұзбен сурет салу техникасын қолдана отырып, қатысушылардың шығармашылық қабілетін, қиялын дамыту. Бірлесіп жұмыс жасауға дағдыландыру. Көрнекіліктер: түрлі – түсті картон қағазы, пва желімі, қылқалам, түрлі-түсті бояу, тұз, қалам. Қажетті құрал – жабдықтар: қыл қалам, акварель, картон қағазы, пва клейі, тұз.
Слайд 3
Күтілетін нәтиже : . Оқушы бойындағы қабілетін ашып, шығармашылығын шыңдайды ; . Өмірлік ұстанымы қалыптасады ; . Өз-өзіне талдау жасауды үйренеді ; . «Мен» бейнесі қалыптасады ; . Өзін-өзі қабылдауы артады.
Слайд 4
Топпен жұмыс: І – топ Ата-аналар: «Жарқын болашаққа сенеміз!» ІІ – топ Оқушылар: «Отбасы - қасиетті мекен»
Слайд 5
Жүргізілу барысы: Ата-анамен оқушыларға екі бөлек тақырып беріліп, сол тақырып бойынша түрлі – түсті картон қағазына қаламмен сурет салады, ол суреттін үстіне пва желімін жағамыз, оның үстіне тұз себеміз, тұзды біраз ұстап артығын жайлап түсіреміз. Қылқаламның көмегімен түрлі – түсті бояулармен бояймыз.
Слайд 6
Арт-терапия Арт терапия – бұл адамның психологиялық денсаулығы мен эмоциональды сезімдерін шығармашылық жол, өнер арқылы емдеу бағыты. Бұл жерде адам спонтанды түрде ойланбастан салған суреттері, жазулары, шығармалары, мүсіндері арқылы өзінің ішкі « Менін » (Эго) визуалды түрде бейнелей алады.
Слайд 8
Музыкалық терапия — тұлғаның өзіндік «Мен» қасиетін түсінуге және өзін-өзі игере алу қабілетін меңгеруге жол ашады. Баланың бойындағы табиғат берген жеке тұлғалық қасиеттерінің ашылуына, дами түсуіне, сезімдері мен қайрат-жігерін, шығармашылығын, тәртібі мен ұйымшылдығын арттырады. Музыка терапиясын пайдалану арқылы-баланың бойынан айналадағы болып жатқан сан- алуан құбылыстарды өз шығармашылығымен байланыстыра білуге және көркем сөзбен кестелеп, бала жүрегіне жеткізу оның жан-дүниесін байытып, сана сезімін оятып, ақыл ойын дамытуға әсерін тигізеді. Музыкалық терапия
Слайд 9
Құм терапиясы — бала психикасына әсерін тигізе отырып, қызығушылығы артады, сурет салу барысында ұсақ саусақ моторикасының, есте сақтау қабілетінің, қозғалыс ептілігінің, жүйке жүйесінің жоғары, белсенді деңгейде жұмыс жасауына мүмкіндік жасайды. Құм терапиясы
Слайд 10
Сурет терапиясын қолдану — оқушының қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады. Сурет салу — ешқандай ересек адамның көмегінсіз өзін таныту түрімен байланысты. Өзінің ішкі сезімі мен эмоциялық ахуалын түзету, өзін дамыту, зейінді шоғырландыру және күйзеліс (стресс) белгілерін танып-білу білімдері мен дағдыларын дамытуға бағытталған. Сурет терапиясы
Слайд 11
Ертегі терапиясы балаға өмірлік қиыншылықтарға шешім тауып, ертегімен жұмыс істей алатындай ( оқи отырып, ойдан шығарып, ойнап көрсетіп, жалғастырып ) жағдай жасайды. Сабақта әңгімелеу бөлімінде ертегілерді жартылай айтып, әрі қарай ойдан шығарып, өз ойынша жалғастырып, сахналауға мүмкіндік береді. Ертегі арқылы баланың ойы, қиялы дамиды, көңіл-күйі көтеріледі. Ертегідегі әрбір кейіпкер болып ойнау балаға қосымша күштерді меңгертіп, бойындағы шығармашылық қабілеттерді шыңдайды. Сонымен қатар, топпен және жеке жұмыс жасауға үйретеді. Ертегі терапиясы
Слайд 12
Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі бір дағдыларды меңгерумен қатар, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Сонымен қатар, оқушы бойындағы кездесетін ішкі уайымдарын ойындар арқылы сыртқа шығару, психикалық саулығын нығайту, баланың әлеуметтік ортаға бейімділігін арттыру, өзіндік сана- сезімін дамыту және ұжымдық жұмыс барысында баланың кез келген мәселелерді келісімді түрде шешу жолдарын қарастыруға арналған. Ойын терапиясы
Слайд 13
Тұзбен сурет салу техникасы Адамның шығармашылығы және өнер шығармалары арқылы жүзеге асырылады. Терапияда картиналар адамдарға үлкен әсер етеді : көңіл-күйінің құлазуы, тұйықтық, ой кешу, көңіл күйін көтеру сезімдерін оятады. Сонымен қатар, арт- терапиялық әдістерді пайдалана отырып тұлға бойындағы қабілетін көрсетіп, шығармашылығын шыңдайды.
Слайд 14
Тұзбен сурет салу- бұл көлемді, әдемі иридесцентті кескіндерді жасауға мүмкіндік беретін бейнелеу өнерінің қызықты және қарапайым әдісі. Мұндай суретпен қиялдың көрінісінде ешқандай шектеулер жоқ. Сурет шығармашылық қабілеттерін ашады, көркем жұмысқа қызығушылық тудырады.
Слайд 15
Тұз – қолжетімді, қолдануға оңай, экологиялық таза, денсаулықты сақтайтын материал, ең бастысы баланың қиялын барынша оята алады. Кішкентай суретші өз шедеврін жасау үшін тұзды шашып, қанша тәтті сәттерді бастан өткеруі мүмкін ! Тұзбен сурет салу балалардың көркемдік және шығармашылық белсенділігін дамытумен қатар олардың қиялын жетілдіреді ұсақ моторика қолдар, сөйлеудің дамуын ынталандырады, орасан арт- терапевтік әсер береді. Қорытынды: