Балалар психологиясының даму тарихы, теориялары туралы негізгі түсініктер — презентация
logo
Балалар психологиясының даму тарихы, теориялары туралы негізгі түсініктер
  • Балалар психологиясының даму тарихы, теориялары туралы негізгі түсініктер.
  • Балалар психологиясы - балалық шақтағы балалардың психикалық өмірінің ерекшеліктері мен психикалық дамуының заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының
  • Балалар психологиясы тек балдырғанның психикалық дамуын, психикалық дамудың әрбір сатысын сипаттайтын негізгі компоненттерді зерттейді. Бойының өсуін,
  • Балалар психологиясының даму тарихы, теориялары туралы негізгі түсініктер
  • Психология ғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді: биогенетикалық
  • Балалар психологиясының пайда болуы мен бала психикасының даму заңдылықтарын зерттеу биология ғылымының жүйесіне енген үлкен бір жаңалық болды. XIX ғ. Чарлз
  • 1 712-1778 жылдары мектеп жасына дейінгілердің психикалық ерекшеліктерін егжей-тегжейіне дейін толық байқаған Жан-Жак Руссо баланың өздігінен дамуына ерекше
  • Балалар психологиясының даму тарихы, теориялары туралы негізгі түсініктер
  • Балалар психологиясының даму тарихы, теориялары туралы негізгі түсініктер
  • Қазіргі балалар психологиясының теориялық және практикалық міндеті.
1/10

Қуандыққызы Еркеназ

Изображение слайда

Слайд 4

Бала психологиясы саласындағы білім педагогиканың ғылыми негіздерінің құрамына кіреді. «Егер педагогика адамды барлық қарым – қатынаста тәрбиелегісі келсе, - деп жазды К.Д.Ушинский. – ол ең алдымен оны да барлық қарым-қатынаста білуі тиіс». Балалар психологиясы жас ерекшелігі анатомиясы мен физиологиясының жетістіктерін, әсіресе баланың нерв жүйесі мен жоғары нерв қызметінің дамуы туралы мәліметтерді үнемі пайдаланып отырады. Нерв жүйесінің дұрыс жетіліп жұмыс істеуі – психикалық дамудың маңызды шарты. Балдырған психикасының дамуын зерттеген кезде бала психологиясы кейбір басқа да ғылымдардың мәліметтерін пайдаланады және өз кезегінде, олар үшін маңызды мәні бар материал беріп тұрады.

Изображение слайда

биогенетикалық социогенетикалық Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектепке барғанға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

Изображение слайда

Слайд 6: Балалар психологиясының пайда болуы мен бала психикасының даму заңдылықтарын зерттеу биология ғылымының жүйесіне енген үлкен бір жаңалық болды. XIX ғ. Чарлз Дарвиннің жасаған эволюциялық ілімі аса маңызды кезең болды. Адам соған сәйкес органикалық дүниенің дамуының тұтас жүйесіне енді. Көрнекті чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670ж) балаларды сезім ерекшеліктеріне байланысты оқыту жүйесін құру керектігі туралы ең алғаш өз пікірін ұсынып, мектепке дейінгі тәрбиенің алғашқы жүйесін жасады. Осы негізде «Ұлы дидактика», «Суретті көрнекі әлем» еңбектері шықты

Изображение слайда

Слайд 7: 1 712-1778 жылдары мектеп жасына дейінгілердің психикалық ерекшеліктерін егжей-тегжейіне дейін толық байқаған Жан-Жак Руссо баланың өздігінен дамуына ерекше мән беріп, оның дүниені танып білу негізі табиғат болуы керек деді. Табиғаттың өзі баланың ақыл-ойын дамытудың негізі. Ал тәрбиешінің рөлі – іс-әрекет барысында әрі қарай ұйымдастыру. 1746 - 1824 ж Генрих Пестолоций баланы үлкендердің жүйелі түрде үйретіп отыруына үлкен мән беру маңызды мәселе деп қарастырды. Ол кісі баланың жеке басын қалыптастыруда отбасының, әсіресе анасының рөлі ерекше деп бағалаған. Онда табиғи дарындылық принциптерін басшылыққа ала отырып, баланың жас ерекшелігін ескеруді талап етті

Изображение слайда

Слайд 8

Ал Лев Семенович Выготскийдің «жоғарғы психикалық функцияның тарихи мәдени даму теориясы», «Психикалық дамудың жас дағдарыстары» атты зерттеу жұмыстары балалар психологиясы ғылымы үшін теңдесіз құнды материалдар болып есептелуде. Баланың ақыл-ойының дамуының негізгі күші мен себептері жөнінде де түрлі педагогикалық ой-пікірлер айтылды. Мұндай негізгі себепші күшке баланың үлкендерге еліктеуі, үлкендерден оқып үйренуі жатады. Сонымен қатар баланың адамгершілік сезімі мен ақыл-ойының дамуы үшін тілінің шығуы сөздік қорының дамуының рөлі ерекше екенін атап көрсетті. Балалар психологиясының отандық ғалым болып бөлініп шығуына И.М.Сеченов пен К.Д.Ушинский еңбектерінің де өзіндік үлесі бар. Мысалы, И.М.Сеченовтың 1829-1905 «Бас миының рефлекстері» деген еңбегінде кішкентай балалардың рефлекторлық әрекетінің алғашқы даму барысын бақылай жүріп, сезгіштігінің даму бағытын, қимыл-қозғалысын, олардың ойлауының алғашқы формасын, ес, ерік, зейіннің сөйлеген сөзінің және өзін-өзі танып білу өзгешеліктерін көрс етіп берді.

Изображение слайда

Слайд 9

С.Балаубаев, Е.Суфиев, Ш.Әлжанов, А.Темірбеков, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, т.б. Балаларды жан-жақты зерттеумен басқа ғылымдар да айналысады. Әр ғылым өз зерттеу мақсатарына қарай түрлі бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Баланың бойының өсуін, салмағының артуын, дене пропорциясының өзгеруін, нерв жүйесінің құрылымы мен жұмысының жетілуін, ішкі секреция бездерінің жұмыс атқару өзгерістерін – жас ерекшелігі анатомиясы мен физиологиясы зерттейді. Қазақстанда Бала психологиясына қатысты еңбектер жазған психологтар :

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Балалар психологиясының даму тарихы, теориялары туралы негізгі түсініктер: Қазіргі балалар психологиясының теориялық және практикалық міндеті

Қазіргі балалар психологиясын зерттеудің педагог үшін теориялықта, практикалық та маңызы зор. Өйткені баланың жас кезеңіне байланысты айырмашылық дағдарыстарын зерттеп білу педагогқа программалық материалдың көлемін анықтауға септігін тигізеді. Психологияны жете игеру тәрбиешілерді көптеген қателіктерден сақтануға жөне балалармен дұрыс байланыс қарым-қатынас орнатуға көмектеседі және педагогтарға тек баланы түсініп қана қоймай, қолдап, жақсы қасиеттерін дамытуға, баланың жан дүниесін сезе білуге көмектеседі. Оқу-тәрбие жұмысы, ғылым саласында болып жатқан реформалық жаңалықтарды ғылыми тұрғыда зерттеу осы ғылымның негізгі міндеті. Мысалы, баланы мектепке 6 жастан бастап оқыту, басқа ұлт мектептерінде қазақ тілін кеңінен игерту немесе мүмкіндігіне қарай бастауыштан бастап шет тілдерін игерту. Ауылдық жердегі мектептің оқу-тәрбие үдерісінің ерекшелігі халықтың бала тәрбиесіне байланысты жинақтаған бай тәжірибесі, психологиялық идеялар ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдауды талап етеді. Осының бәрін балалар психологиясынсыз шешу мүмкін емес.

Изображение слайда

Похожие презентации