Первый слайд презентации
« Бастауыш сынып мұғалімдеріне қазақ тілі грамматикасын үйретудің тиімді жолдары» Құрастырушы: Жеткізген Жиде Баулыбайқызы А қ тау - 201 7 «Өрлеу » «БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілік арттыру институты Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі
Слайд 2
АЛҒЫ СӨЗ Бұл кесте топатамасы қазақ тілі грамматикасы материалдарын жүйелі жеткізуге мұғалімдер үшін әдістемелік бағытта жасақталып, бастауыш мектеп деңгейінде меңгерілетін грамматикалық құрылымдарды қайталауға, тиянақты меңгеруге мүмкіндік береді. Міндеттері : - тілдік материалды ( фонетика, лексика, грамматика) игертуді қамтамасыз ете отырып, мұғалімдердің тілдік-коммуникативтік білігі мен дағдыларын дамыту; - тілдік дағдыларды əлеуметтік-тұрмыстық ортада дұрыс қолдана білуге, түрлі қарым-қатынас жағдаяттарында сөйлеу этикеттерін (диалект) қалыптастыру; - грамматикалық нормаларды сақтаудың, мұғалімдерді тілдік материалдарды меңгертудің оңай әдіс-тәсілдеріне жаттықтыру, .
Слайд 3: СЕМИНАР БАҒДАРЛАМАСЫ
М а з м ұ н ы 1 “Маған оңай” дөңгелек үстел 2 Дыбыстар оның түрлері – шеберлік сынып сағаты 3 Кей әріптердің ерекшелігі 4 Сөз: Дара сөз Күрделі сөздер: Қос сөз, Біріккен сөз, Тіркескен сөз, Қысқарған сөз 5 Мәтін, оның түрлері: Суреттеу, пайымдау, әңгімелеу мәтіні 6 Қосымша: Жалғау, жұрнақтар (сөз тудырушы және түрлендіруші жұрнақтар) 7 Сөздердің септелуі (Жеті септіктегі 40 жалғау) 8 Сөздердің тәуелденуі, жіктелуі (Жақтар жіктеу есімдігінен жасалады) 9 Үндестік заңы: Буын және Дыбыс үндестігі 10 Сөйлем: Жай сөйлем, оның түрлері, Жалаң, жайылма сөйлем, Құрмалас сөйлем 11 Сөз тіркесі: Бағыныңқы, басыңқы сыңарлар және Етістікті тіркес пен Есімді тіркес 12 Сөйлем мүшелері, Тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелеріне талдау жолы 13 Сөз таптары: Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік 14 Етістік, оның шақтары, Үстеу, Шылау, Одағай 15 Қайталау
Слайд 4
«Маған оңай» Мұғалім қазақ тілі сабағында нәтижелі түсіндіре алатын бір сабағы туралы айтып береді. Берілетін уақыт- 2 минут. Қатысушылар пікірі, толықтырулар, қабылдау.
Слайд 5: ДЫБЫСТАР құлаққа естіліп, сөз құрауға негіз болады
Дауысты дыбыс Созылып, ұзақ айтуға болатын дыбыстар А, Ә, Э О, Ө, Е, Ұ, Ү, У Ы, І, И ЖУАН ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР а, о, ұ, ы ЖІҢІШКЕ ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР Ә, Э Ө, Е, Ү, У, І, И я = Й +А, Ю= Й+У, ё= Й+О Екі дыбыстың орнына қолданылатын әріптер Дауыссыз дыбыс Созылмайтын, қысқа айтылатын дыбыстар ҮНДІ : (7) р,й, у, л, м, н, ң ҰЯҢ: (7) б-в; г-ғ; д-ж; з ҚАТАҢ : (12) к,қ,х, с, ц,т, ш,щ,ч, п,ф,Һ
Слайд 6: Кей әріптер мен дыбыстар ерекшелігі
“Ө” «Ұ», “Ү”, «ғ» - Сөздің соңында жазылмайтын әріптер «ң» - Сөздің басында келмейтін әріп «В», «Ц», «Щ», «Ч», «Ф», «Һ», «Э», «Ь», «Ъ», «Я», «Ё», «Ю» Өзге тілден енген әріптер «Я», «Ё», «Ю» - Қос дыбыстың орнына алынған әріптер Й+У= Ю, Й+О=Ё, Й+А = Я Тойу – тою, киіу – кию; қойан – қоян «П», «К», «Қ» Дауысты дыбыстың әсерінен басқа дыбысқа айналатын әріптер Кіта п – кіта б ы; тақ+у – тағу, күре к- күре г і; саба қ – саба ғ ы «У» - Дауысты (жуан, жіңішке) да, дауыссыз (үнді) да болатын әріп «У» дыбысы дауыссыз дыбыстың алдында, не одан кейін келсе, дауысты дыбыс болады. У- р а, с у-р ет; Дауысты дыбыстан кейін, не сөз басында дауыстыдан бұрын келсе, дауыссыз дыбыс болады. ба у, у а – қыт, у- ы з Тұйық етістіктің «у» жұрнағы дауысты дыбысқа біткен етістікке жалғанса, «ы» дыбысы түсіп қалады. Оқы+у - оқу
Слайд 7: С Ө З Дыбыстардан құралып, сөйлемнің, ойдың негізі болады
Мағынасы бір-біріне жуық,мәндес, айтылуы, жазылуы әр түрлі сөз -- Синоним Туыс, тума, ағайын, туысқан Мағынасы қарама-қарсы, айтылуы, жазылуы әр түрлі сөз -- Антоним Ұзын, қысқа; жақс ы, жаман; Мағынасы әртүрлі, айтылуы, жазылуы бірдей сөз - Омоним Ара: құрал, жәндік Қос сөз Екі сөздің қосарлануынан жасалатын сөздер Қайталама қос сөз : бара-бара Қосарлама қос сөз : әке-шеше,бала-шаға, көйлек-көншек Біріккен сөз Бірнеше сөзден бірігіп, бір ұғымға берілген сөздер Ала+бұта, Сары+арқа, Бота+гөз, тас+кене, есен+темір, бал+қаймақ ақ+сүйек, бү+гі (бұл күн), биыл (бұл жыл) ҚЫСҚАРҒАН СӨЗ Сөздерді ықшамдап айту үшін алынған сөздер ТМД-Тәуелсіз елдер достастығы См – сантиметр, педколледж ТІРКЕСКЕН СӨЗ Бірнеше сөзден құралып, бір затқа берілген атау Каспий теңізі, «Арман» сауда орталығы Қыстырма сөз мақұлдағанда, сеніп-сенбегенде, ойды қорытып,санамалағанда, ой иесінің іс-әрекетке көзқарасын білдіретін сөздер Абырой болғанда, шынында, сіздіңше, бәлкім, қысқасы, айтпақшы, олай болса, меніңше, бәсе, сөз жоқ, амал қанша, сірә, мүмкін, біріншіден ҚАРАТПА СӨЗ біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөз Алатауым, сені көргенде қатты куандым! ( Кім қуанды? Мен- бастауыш)
Слайд 8
МӘТІННІҢ ТҮРЛЕРІ ӘҢГІМЕЛЕУ МӘТІНІ Бір нәрсе, оқиға туралы хабарлап, баяндайды. Не істеді? СИПАТТАУ МӘТІНІ заттың,не құбылыстың белгілерін суреттейді. Қандай? ПАЙЫМДАУ МӘТІНІ Оқиғаның, әрекеттің неліктен болғанын дәлелдейді. Неліктен? Әңгіменің басы Ширақ қимылды, ақ сары Гүлнәр ұяңдау Еркежанға қарағанда пысық, сабаққа да алғыр.Үнемі «Мен ай-тайыншы» деп отырады. Математикадан Еркежан кібіртіктеп қалады. Негізгі бөлім Сол кемшілігі бүгін тағы алдынан шықты. Еркежан есеп шығарудан қиналып қалды. Соңы Гүлнәр Еркежанға матема-тикадан көмектесетін болды. ҚЫЗҒЫШ ҚҰС Бұл құстың аты - қызғыш. Мойны мен жемсауы қара жасылдау, жылтыр, ал арқа-сы жасыл жылтыр, бауыры мен екі бүйірі ақ түсті, қанаты біршама жалпақ және доғал-дау, тұмсығы түзу, әрі қысқа болып келеді. Шүйдесінде қара қауырсын айдары бар. Қызғыш жауын құртымен, ұсақ қоңыздармен қоректе-неді, зиянды насекомдарды жеп пайда келтіреді. Дәлелденетін пікір: Мыңдаған жылдар бұрыне сәнді сарайларды кірпіштен салған. Кірпіштен үй салу құрылысшыларға ұнаған еді. Дәлелдеу пікірі: Кірпішті саз бен құмнан жа-сайды. Ал саз бен құм барлық жерден табылады. Кірпіш отқа жанбайды, суға ерімейді. Қорытынды: Кірпіштен салынған үй қыста жылы, жазда салқын болады. МӘТІН Өзара мағыналық байланысқа түсіп, оқиға, әрекеттер туралы ой айтылатын сөйлемдер жиынтығы
ЖҰРНАҚ Сөзге жаңа мағына береді, түрлендіре- ді СӨЗ ТҮРЛЕНДІРУШІ ЖҰРНАҚ Апа-й, апа+тай, апа+шым, апа+жан, ап (а) +еке СӨЗ ТУДЫРУШЫ ЖҰРНАҚ Тіл+ші, сараң+дық, жеті+ген, қызыл+шыл ЖАЛҒАУ Сөздің мағынасын өзгертпей, сөйлемдегі сөздерді байланыстырады КӨПТІК ЖАЛҒАУ - сөзге көптік мағына береді. +дар, дер, тар, тер, лар, лер. Бала+ лар, кітап+ тар, қыз+ дар СЕПТІК ЖАЛҒАУ - сөздерді байланыстырады. Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік Ата+ 0, ата +ның, ата +ға, ата +ны, ата +да, ата +дан, ата +мен ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУ - меншіктік мағына туғызады. Менің,сенің,сіздің,оның, Біздің,сендердің,сіздердің, олардың (есімдік) Апа+ м, апа+ ң, апа+ ңыз,апа+ сы, апа+ мыз, апа+лар+ ың, апа+лар+ ыңыз, апа+лар+ ы ЖІКТІК ЖАЛҒАУ - жекелену, даралану мағынасын білдіреді. Мен, сен, сіз,ол; Біз, біздер, сендер,сіздер, олар (есімдік) Әнші+ мін, + сің,+ сіз, 0 ; Әнші+ міз, + сің +дер, әнші+ сіз +дер, әнші+лер+ 0
Слайд 10: СӨЗДЕРДІҢ СЕПТЕЛУІ
Септіктер Зат есім Сын есім Сан есім Есімдік Етістік Атау септік ( 0 ) гүл Көк Үш сен Келген, (кел+у) Ілік септік ( 6 ) Гүл+ дің Көк+ тің Үш+ тің Се(н)+ нің Келген+ нің Барыс септік (9 ) Гүл+ ге Көк+ ке Үш+ ке Са+ ған Келген+ ге Табыс септік (7 ) Гүл+ ді Көк+ т і Үш+ ті Се(н)+ ні Келген+ ді Жатыс септік (6 ) Гүл+ де Көк+ те Үш+ те Се(н)+ нде Келген+ де Шығыс септік (6 ) Гүл+ ден Көк+ тен Үш+ тен Се(н)+ нен Келген+ нен Көмектес септік (6 ) Гүл+ мен Көк+ пен Үш+ пен Сен+ і+мен Келген+ мен Гүл – жердің көркі. Кешке гүл(дің) иісі аңқып кетеді. Гүлге күтім керек. Біз есіктің алдына гүл (ді) отырғыздық. Гүлді уақытында суармасаң, қурап қалады. Гүлден неше түрлі десте дайындауға болады және гүлдермен үйдің ішін безендіруге болады.
Слайд 11: НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! -ды, -ді, -ты, -ті
Т ү р і М ы с а л ы 1 Табыс септігінің жалғауы тас-ты, оқы-ған-ды, гүл-ді, айт-у-ды (Есімше мен тұйық етістік септеледі) 2 Жедел өткен шақтың жұрнағы айт -ты, кет-ті, кел-ді, бар-ды ( етістік түбіріне тіке жалғанады ) 3 Шылау Ол маған баяғыда ескерткен-ді, айтатын-ды, (Бұл шылаулар дефис арқылы жазылады). 4 Жіктік жалғаудың ІІІ жағы Әли көп біл-е- ді, сауатты жаз-а-ды, сөйле-й-ді. (етістік түбірінен кейін көсемше жұрнағы жалғанып содан кейін -ды, -ді, -ты, -ті жалғауы жалғанады).
Слайд 12: СӨЗДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
Жақтар Зат есім Сын есім Сан есім Етістік Мен Биші+мін Сары+мын үшінші+мін Кел+ д і+м, кел е +мін Сен Биші+сің Сары+сың үшінші+сің Кел д і+ң, кел е +сің Сіз Биші+сіз Сары+сыз үшінші+сіз Кел д і+ңіз, кел е +сіз Ол Биші+0 Сары+0 үшінші+0 Кел д і+0, кел+ е +ді Біз дер) Биші+міз Сары+мыз үшінші+міз Кел д і+к, кел е +міз Сендер Биші+сің+дер Сары+сың+дар үшінші+сің+дер Кел д і+ң+дер, кел е сіңдер Сіздер Биші+сіз+дер Сары+сыз+дар үшінші+сіз+дер Кел д і+ңіз+дер, кел е сіздер Олар Биші+0+лер Сары+0 үшінші+0+лер Кел д і+0, кел е +ді І жақ- 11 +мын,мін,пын,пін, көпше; +мыз,міз, пыз, піз, к, қ, ІІ жақ - 3 +сың,сің,ң + көптік жалғау ІІ ж/с - 4 +сыз, сіз,ңыз, ңіз + көптік жалғау ІІІ жақ -4 0 + көптік жалғау; (көсемше жұрнағынан кейін +ды, ді, ты, ті). СӨЗДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
Слайд 13: СӨЗДЕРДІҢ ТӘУЕЛДЕНУІ
Жақтар Зат есім Сын есім Сан есім Етістік Менің апа+м аппағ+ым бес+ім айту+ым; барған+ым Сенің апа+ң аппағ+ың бес+ің айту+ың Сіздің апа+ңыз аппағ+ыңыз бес+іңіз айту+ыңыз Оның апа+сы аппағ+ы бес+і айту+ы Біздің дер) апа+мыз аппағ+ымыз бес+іміз айту+ымыз Сендердің апа+лар+ң аппақ+тар+ың бес+тер+ің айту+лар+ың Сіздердің апа+лар+ыңыз аппақ+тар+ыңыз бес+тер+іңіз айту+лар+ыңыз Олардың апа+сы аппақ+тар+ы бес+тер+і айту+лар+ы І жақ +ым, +ім, +м, көптік жалғау +мыз, +міз, +ымыз, +іміз (7) ІІ жақ көптік жалғау + ың,+ің, +ң (3) ІІ ж/с көптік жалғау + ыңыз, +іңіз (2) ІІІ жақ түбір+ сы, сі; түбір + көптік жалғау +ы, і, (4) СӨЗДЕРДІҢ ТӘУЕЛДЕНУІ
Слайд 14: ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ Сөйлемдегі сөздегі дыбыстар мен буындардың бір-біріне әсер ете айтылуы
БУЫН ҮНДЕСТІГІ Сөздегі буындар арасындағы әсер Сөздер не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке буындардан тұрады. Ба+ла+ға; үй+ім+ді, ә+ке+ме Бұл заңға бағынбайтын сөздер: Біріккен сөзде: көк+құтан, кәде+сый, арқар+мүйіз жұрнақтар: Асан+ дікі, өнер +паз, айтыс +кер, пайда +күнем, Кірме сөздер (кі-тап, мұ-ға-лім) ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІ Сөздер аралығындағы, не сөздің соңғы дыбысы мен қосымшаның бі-рінші дыбысы арасындағы әсер Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, жалғанатын қосымша қатаң дыбыстан басталады. Ха т+т ың Сөздің соңғы дыбысы үнді болса, жалғанатын қосымша не үнді, не ұяң дыбыстан басталады. Ба р + д ы, со ң + ғ ы, та л + д ы Сөздің соңғы дыбысы дауысты дыбыс болса, жалғанатын қосымша не үнді, не ұяң, ал сөз тәуелдік жалғаудың III жағында тұрса, қатаң дыбыстан басталады. Әке+ме, әке+ге, әке+сі Көп б(п) ала, Үміт +б(п) ай, ақ (ғ) лақ
Слайд 15: СӨЙЛЕМ тиянақты ойды білдіреді
Хабарлы сөйлем Баяндап, суреттеп айтылатын сөйлем (.) Бүгін күн суытқалы тұр. Терезелерге қырау түсіпті. Сұраулы сөйлем Жауап алу мақсатымен айтылатын сөйлем (?) - Бұл кім, Беренбісің? - Иә, әке! - Қайдан келесің? – Ауылдан,әке. Лепті сөйлем Көңіл-күйге байланысты ерекше айтылатын сөйлем (!) Па! Жаңбырдың құюын-ай! Қап, ұмытып кеткенімді қарашы! ЖАЙ СӨЙЛЕМ Бір ғана ойды білдіретін, бір ғана іс-әрекеті бар сөйлем Кеше Әсел театрға барды. Күнім-ау, далада көп жүрдің ғой! (бастауыш жасырын тұр - сен) Жалаң сөйлем Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем Жаңбыр жауды, Жер көгерді. Малдар төлдеді. Ақ молайды. Жайылма сөйлем Тұрлаусыз мүшелер араласқан сөйле м Астана – әдемі қала. Біздер саяхатқа барамыз. Құрмалас сөйлем Бірнеше жай сөйлемнен тұратын сөйлем Түскен жапырақтарды жинадық та, екеуміз ауланы сыпырдық.
Слайд 16: СӨЗ ТІРКЕСІ сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен мағына жағынан байланысуы
Жасалу жолы Орын тәртібі тіркестегі сөздердің орнын ауыстыруға болмайды сиқыршы бала (бала сиқыршы), алтын алқа (алқа алтын). жайнаған өлке (өлке жайнаған) Қосымшалар арқылы Сабақ+ қа барамын, төрт+і нші сынып Шылаулар арқылы Күн сайын айтамын,көлге дейін бардым Сөз тіркесінің сыңарлары Бағыныңқы сыңар БАСЫҢҚЫ СЫҢАР Тіркестегі бірінші сөз: құлпырған Тіркестегі екінші сөз: дала ЕСІМДІ ТІРКЕС Екі сыңары да есімдерден болады Қалың ағаш - сын есім+зат есім Бұл өлке - есімдік+зат есім, Бес оқушы – сан есім+зат есім ЕТІСТІКТІ ТІРКЕС Басыңқы сыңары етістіктен болады Тез оқыды, әдемі жазады, сылқ-сылқ күлді
ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕР (сөйлем құрайды) БАСТАУЫШ- Атау септік сұрақтары Барлық сөз таптары атау септікте тұрып бастауыш бола алады. Ол келді. Оқыған озады. БАЯНДАУЫШ қайтті,не істеді? Барлық сөз таптары баяндауыш бола алады Жоғары баға – бестік. ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕР (сөйлем құрай алмайды) ТОЛЫҚТАУЫШ – кімге,кімді,кімде, кімнен, кіммен кім туралы, кім жайында, (не?) Ол кітап оқып отыр. Етістікті заттық мағына жағынан толықтырады. АНЫҚТАУЫШ -кімнің,ненің, қандай, қай, қайдағы, недегі, қайткен, қанша, неше? Ол әдеби кітап оқып отыр. Есім сөздермен байланысады. ПЫСЫҚТАУЫШ -қайда,қашан,қалай, қайдан, не үшін, неге, неде, неден, немен? Ол бас алмастан бақта әдеби кітап оқып отыр. Етістіктің мекен, мезгіл,мақсат,себеп сынын білдіреді. ДАРА және КҮРДЕЛІ МҮШЕЛЕР Сөйлемнің бес мүшесі де дара және күрделі мүше бола алады. Дара мүше бір сөзден, күрделі мүше екі немесе бірнеше сөзден тұрып, бір сұраққа жауап береді.
Слайд 18: C ӨЙЛЕМ МҮШЕСІНЕ ТАЛДАУ
1 Сөздерді сөз табына талда! Ол өзеннен ұсақ балық аулады. (41215) 2 Бастауыш пен баяндауышты тап! Ол аулады. Бұл сөйлем, сөй тіркесі емес 3 Сөз тіркесін құра - өзеннен аулады, -ұсақ балық, - балық аулады. Түрлерін ажырата біл! - етістікті тіркес және есімді тіркес. 4 Сөз тіркесінің бағыныңқы (1)және басыңқы (2) сыңарын ажырат. Мысалы: өзеннен – бағыныңқы сыңар, аулады- басыңқы сыңар Сөйлем мүшесіне талдауда септік жалғауларды, сөз таптарын және сөз тіркесін жақсы білу керек! 5 Назар аудар! Егер тіркес ЕТІСТІКТІ ТІРКЕС болса, тіркестің бағыныңқы сыңары не пысықтауыш, не толықтауыш болады. өзеннен аулады, өзен – мекенді білдіріп, пысықтауыш болады, балық аулады - балық заттық мағына, сондықтан толықтауыш болады. Ал тіркес ЕСІМДІ ТІРКЕС болса, тіркестің бағыныңқы сыңары анықтауыш болады. ұсақ балық – басыңқы сыңар зат есім, сондықтан, ұсақ сөзі анықтауыш болады.
Слайд 19: ЗАТ ЕСІМ Заттың атын білдіреді, сұрағы кім, не?
ДАРА ЗАТ ЕСІМ Бір сөзден болады Негізгі зат есім Түбір күйінде болады: ән, үй, бұлт, от, Туынды зат есім Жұрнақты сөздер: Тіл+ші, гүр+іл, жеті+ген, кезек+ші КҮРДЕЛІ ЗАТ ЕСІМ Бірнеше сөзден болады Біріккен сөзді: Ақ+тау, ақ+қу, Асан+әлі, Қос сөзді: Ата-ана, киім-кешек, бала-шаға Тіркескен сөзді: Абай Құнанбаев, Каспий теңізі Қысқарған сөзді: ҚР, ҚАЗМИ пединститут, см ЖАЛҚЫ ЗАТ ЕСІМ Жеке заттарға берілген атау Асқар, Астана қаласы, Қарақия, «Бәйтерек» сауда кешені, «Шерқала» мейрамханасы Жалқы зат есімдер барлық уақытта бас әріппен жазылады. ЖАЛПЫ ЗАТ ЕСІМ Жалқы есімдерден басқа заттарға берілген атау тау, тас, гүл, кітап, апа, терезе, жаңбыр, Жалпы зат есімдер сөздің басында келгенде, бас әріппен, қалған уақытта кіші әріппен жазылады.
Слайд 20: СЫН ЕСІМ Заттың түсін, түрін, сапасын, көлемін білдіреді, сұрағы қандай, қай, қайдағы?
ДАРА СЫН ЕСІМ Бір сөзден болады Негізгі сын есім (түбір күйде болады) Көк, жасыл, сақ, сұйық, лас, ескі, әдемі Туынды сын есім : (түбір+ жұрнақ) көк+шіл, толық+тау, көңіл+ді Күрделі сын есім Бірнеше сөзден болып, бәрі бір сұраққа жауап береді Біріккен сөзді: аппақ, көкпеңбек Қос сөзді: Қап-қатты, бұп-бұйра Тіркескен сөзді: қызыл ала, ақ сары, қой көзді, Қарсы мәндес сын есім Мағыналары қарсы сын есімдер, сұрақтары бірдей болады көңілді-көңілсіз, қызық-қызықсыз, Ащы-тұщы Сын есім сөздер жалғауларды қабылдайды. Ақ+тың,ақ+қа, ақ+ты, ақ+та, ақ+тан, ақ+пен. Ақылды+м, ақылды+ң, ақылды+ңыз, ақылды+сы Күшті+мін, міз, күшті+сің, сің+дер, күшті+сіз, сіз+дер 0;
Слайд 21: САН ЕСІМ Заттың санын білдіріп, неше? қанша? деген сұраққа жауап береді
Дара сАн есім Бір сөзден болады Негізгі сан есім (түбір) бір, жүз, елу, төрт Туынды сан есім : (түбір+ жұрнақ) бір+інші, жүз+дей, бес+тік, төрт+еу Күрделі сАн есім Бірнеше сөзден болып, бәрі бір сұраққа жауап береді Біріккен сөзді: тоқсан (тоғыз он), сексен (сегіз он) Қос сөзді: бес-бестен, төрт-бестерде Тіркескен сөзді: Екі мың отызыншы, ЕСЕПТІК САН ЕСІМ Заттың нақты санын білдіреді. Сұрағы- неше, қанша? 1,2,1941,2030,1 000 000 РЕТТІК САН ЕСІМ Заттың қатарын, ретін білдіреді. (+ыншы,інші,ншы, нші; сұрағы нешінші?) Бір+інші, екі жүз елу+інші, он+ыншы, алты+ншы, жеті+нші Сан есім сөздер жалғауларды қабылдайды. үш+тің,үш+ке, үш+ті, үш+те, үш+тен, үш+пен. бес+ім, бес+ің, бес+іңіз, бес+і екінші+мін, міз, екіншіі+сің, сің+дер, екінші+сіз, сіз+дер 0;
Слайд 22: ЕСІМДІК зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына қолданылатын сөздер
Дара есімДІК Бір сөзден болады Негізгі есімдік (түбір) мен, бұл, қалай, кім, бәрі, бүтін, барлық; Туынды есімдік : (түбір+ жұрнақ) ана+дай, сұңқар+дайын, бұрынғы+ша, Күрделі есімДІК Бірнеше сөзден болып, бәрі бір сұраққа жауап береді Біріккен сөзді: Әлде+кім, кей+біреу, еш+кім, Қос сөзді: өзді-өзі, кей-кейде ЖІКТЕУ ЕСІМДІГІ Үш жақта келеді, адам есімдерінің орнына қолданылады. Жекеше Көпше І Мен, Біз (дер) ІІ Сен, Сіз, Сендер, Сіздер, ІІІ Ол Олар Есімдіктер жалғауларды қабылдайды. кім+нің, кім+ге, кім+ді, кім+де, кім+нен, кім+мен. ешкім+мін, +біз, сің, +сің+дер +сіз, +сіз+дер 0; Баяғы+м,мыз, баяғы+ң, +лар+ың, лар+ыңыз, баяғы+сы, +лар+ы
Слайд 23: ЕТІСТІК Заттың қимылын білдіріп, не істеді, қайтты? деген сұраққа жауап береді
Дара ЕТІСТІК Бір сөзден болады Негізгі етістік : (түбір) кел, жүр, тұр, ал, отыр Туынды етістік : (түбір+ жұрнақ) кел+ді, шеге+ле+ді, айт+қыз+ба+ды Күрделі еТІСТІК Бірнеше сөзден болады Тіркескен сөзді: айтып бере алмады, келіп отыр Қос сөзді: Көре+көре, сөйлей-сөйлей БОЛЫМДЫ ЕТІСТІК Іс-әрекет, қимыл орындалады Жаздым, барамын, айта аламын, БОЛЫМСЫЗ ЕТІСТІК Іс-әрекет, қимыл орындалмайды Жаз+ба+ды, бар+ма, айт + па+й+мын. Есімше және тұйық етістік қана жалғауларды қабылдайды. Оқыған+ның, ға, ды, да, нан, мен Бару+ым,+ ымыз ың, +лар+ың, +ыңыз, +лар+ыңыз, ы. Білген+мін, +біз,+сің, +сіз, +сің+дер, +сіз+дер, 0
Слайд 24: ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ Іс-әрекеттің орындалу уақыттарын айқындайтын көрсеткіш
ОСЫ ШАҚ Іс-әрекет қазір орындалып жатады Сұрағы: не істеп отыр? (отыр, жатыр, тұр, жүр) Мен жазып отырмын, сен жазып отырсың, ол жазып отыр. ӨТКЕН ШАҚ Іс әрекет бұрын орындалып кеткен, Сұрағы: не істедім не істедің, не істеді? Мен кел+ді+м, ол кел+іп+ті КЕЛЕР ШАҚ Іс-әрекет алдағы уақытта орындалады, Сұрағы: не істеймін, не істейсің, не істейді? Мен айтамын, Олар ертең ұшады. Ауылға барғалы отыр.
Слайд 25: Ү с т е у іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сынын білдіреді сұрақтары:қашан,қайда, қалай ?
Дара ҮСТЕУ Бір сөзден болады Негізгі үстеу : (түбір) тіпті, тым, талай, ілгері, жоғары, Туынды үстеу : ( түбір+ жұрнақ) қыстай, көптеп, сұңқардайын,баяғыда,немісше Күрделі ҮСТЕУ Бірнеше сөзден болады Тіркескен сөзді: манадан бері, таң сәріде, ала жаздай Қос сөзді: жол-жөнекей, әрең-әрең, бірте-бірте Біріккен сөзді: бүгін (бұл күн), биыл (бұл жыл), жазды (ғы) гүні МЕЗГІЛ ҮСТЕУ Іс-әрекет, қимылдың мезгілін білдіреді кеше, былтыр, күндіз, әлдеқашан, баяғыда, Ежелден келе жатқан дәстүрді бұза алмайсыз. МЕКЕН ҮСТЕУ Іс-әрекет, қимылдың мекенін, орнын білдіреді Жоғары, төмен, алда, артта, жол-жөнекей, ілгері Жолшыбай нағашымның үйіне түстік. СЫН-ҚИМЫЛ ҮСТЕУ Іс-әрекет, қимылдың қалай орындалғанын білдіред і етпетінен, шалқасынан, тез, баяу, ақырын, балаша Ол жай, баяу сөйлеп отыр.
Слайд 26: ШЫЛАУ Өз алдына тұрғанда мағынасы жоқ, сөйлем мен сөйлемді, сөз бен сөзді байланыстырып тұратын, сөзге үстеме және сұраулық мағына беретін, сөздерден бөлек жазылатын, сұрағы жоқ сөздер
Сөз бен сөзді байланыстыратын Шылау мен (бен), пен, және Асан мен Үсен айдалада келе жатыр. Тіркескен сөзіне күшейту, анықтау мағынасын білдіретін ШЫЛАУ да, де, та, те Жақын жерде өзен де, көл де бар. Асан да, Үсен де адасқандарын енді білді. Сөйлемде сұраулық мағына туғызатын ШЫЛАУ ма, ме, ба, бе, па, пе? Балаларымды көрдіңдер ме ? Айт+па+й+ мы +сың? Сөйлемде өтіну, даралау, шектеу мағынасын туғызатын ШЫЛАУ ғой, қой, ғана, қана, -ақ, -ай, -ау, -мыс, -ды, -ді, ты, ті. Тез үйге бара ғой, Асан ғана келсін. Айтқаның дұрыс- ақ. ЕСКЕРТУ: Шылау сөздерді бөлек жазылуынан, сұраққа жауап бермейтіндігінен, сөйлемнен алып тастағанда мағына өзгермейтіндігінен ажыратамыз.
Слайд 27: ЕЛІКТЕУІШ СӨЗ Табиғаттағы әр түрлі құбылыс-қимылдардың дыбыстарына еліктеуден, құбылыс-қимылды бейнелеуден туатын сөздер
Дара ЕЛІКТЕУ СӨЗ Бір сөзден болады НЕГІЗГІ ЕЛІКТЕУ СӨЗ (түбір) Ыз, ыр, лап, күрк, дүңк, қаңқ, жылт, гүр, кеңк, сырт, шаңқ ТУЫНДЫ ЕЛІКТЕУ СӨЗ ( түбір+ жұрнақ) Томп-аң, бұлт-ақ, елп-ең, қызар-аң, КҮРДЕЛІ ЕЛІКТЕУ СӨЗ Бірнеше сөзден тұрады : : Арс-арс, қиқаң-қиқаң, сырт-сырт, күрк-к үрк ЕЛІКТЕУІШ СӨЗДЕР Дыбыстарға еліктеуден пайда болған сөздер ( Есту арқылы ) Қарқ, тарс, шаңқ,ырс, дүрс, шыр-шыр БЕЙНЕЛЕУІШ СӨЗДЕР Қимыл, қозғалыстарды бейнелейтін сөздер ( Көру арқылы ) Кілт, маң-маң, ыржаң-ыржаң, бүкшең-бүкшең, дір-дір, ЕСКЕРТУ: Түбір еліктеу сөздегі дауысты дыбыстардың ауысуы сөз мағынасына әсер етеді. Мысалы : Алыстан от жалт етті, алыстан от жылт етті ( Оттың көлемі өзгеріп көрінеді ). Есік сарт етіп ашылды, есік сырт етіп ашылды. ( Есік ашылуының күйі өзгерді : бірде қатты, бірде жай ашылды.)
Слайд 28: ОДАҒАЙ Сөйлеушінің айтылған ойға, іс-әрекетке көзқарасын білдіретін, сұрағы жоқ сөздер
Таңырқап, қуанғанда айтылады Алақай, япырау, о-о-о Өкінгенде айтылады Қап, әттең, Шаршағанда айтылады Уф, Ұнатқанда,риза болғанда айтылады Пай-пай, беу, бәрекелді, Шақырғанда айтылады Кә-кә, құрау-құрау Жазуға келмейтін ОДАҒАЙ Ысқыру, таңдайды тақылдату т.т. Дара ОДАҒАЙ (бір сөзден болады) тәйт, пәлі, жә, тек, туу, паһ, шіркін, бәлем, уау Күрделі ОДАҒАЙ (бірнеше сөзден болады) Қос сөзді: көс-көс, кә-кә Тіркескен сөзді: үрит соқ! Біріккен сөзді: мәссаған, мә+саған, ойпырымай-ой+пірім+ай
Слайд 29
Мен үйрендім... Мен бұрын қиналатынмын... Мен бұрын білетінмін... СЕМИНАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Слайд 30: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 Н.Оралбаева.Гайни Мадина, А.Абилкаев «Қ аза қ тiлi » 2 Т.Сайрамбаев «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері» 3 А.Ыс қ а қ ов «Қ азiргi қ аза қ тiлi » 4 Ж.Қ.Балтабаева, М.Қ.Солтанғазина,Ф.С.Лекерова «3 сыныпқа арналған қазақ тілі әдістемелік құралдары» 5 С.Исаев «Қазақ тілі» 6 Г.И.Уәйісова, Ә.Е.Жұмабаева 3,4 сынып, Қазақ тілі оқулығы