Первый слайд презентации
Биология 10-сынып ТА ҚЫРЫП: Тұқым қуалайтын өзгергіштік (мутация) пен эволюция арасындағы өзара байланыс.
Слайд 2
Оқу мақсаты: Бағалау критерийлері: 10.2.6.1. Тұқым қуалайтын өзгергіштік пен эволюция арасындағы өзара байланысты сипаттау. Тұқым қуалайтын өзгергіштікті оқып біледі; Мутация мен эволюция арасындағы байланыс туралы біледі.
Слайд 3
«Адамда хромосома санының ауытқуына байланысты болатын хромосомдық аурулар» тақырыбын қайталау. Тапсырма №1 Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Хромосомалық аурулар дегеніміз не? Көптеген хромосомалық аурулардың пайда болуының басты себебі қандай ? Клайнфельтер синдромымен ауыратын балалардағы белгілер қандай ? Патау синдромымен ауырған балалардың өмірі жайында не айта аласыз ?
Слайд 4
Жауабы : Хромосомалық аурулар деп — клиникалық сипаттары жағынан түрліше болып келетін адамдар патологиясының үлкен бір тобын айтамыз. Тарихи, эволюциялық қалыптасқан жүйенің — кариотиптің өзгеруі. Хромосома сандарының не хромосомалардың құрылымының бұзылуы болып табылады. Бойлары өте ұзын, иықтары тар, бөкселері кең, бұлшықеттері нашар дамыған, астеник немесе әтек ( пішілген адам ) типтес болып келеді. Патау синдромымен ауырған нәрестелер өмірінің алғашқы күндерінде немесе алғашқы аптада ақ әліп қалады. Дегенмен, кейде олар 2—3 жыл өмір сүруі де мүмкін.
Слайд 5
Мутация мен эволюция арасындағы байланыс Мутациялардың көбісі зиянсыз, оларды үнемі қалыпты доминантты ген жауып тұрады. Бұндай мутациялар эволюцияның материалы болып табылады. Эволюцияның ең қарапайым деңгейі мутациялық өзгерістер болып табылады. Табиғи сұрыпталу кезінде мутация арқылы пайда болған жаңа белгілер мен қасиеттер организмдердің жаңа орта жағдайларына бейімделуіне жағдай жасайды.
Слайд 6
Эволюциялық ілім Эволюциялық ілім – тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептері мен қорғаушы күштері, олардың механизмдері және жалпы заңдылықтары туралы ілім. Эволюция биологияда – тірі табиғаттың қайта айналып келмейтін және тура бағытталған тарихи дамуы. Эволюция құбылысы тіршілік деңгейлерінің барлық сатыларында, яғни молекулалық тіршілік деңгейінен биосфералық деңгейге дейін байқалады және үнемі құрылысы мен атқаратын қызметтері бойынша ерекшеленеді.
Слайд 7
Эволюциялық ілім жасауда Чарльз Дарвиннің еңбегі зор. Эволюция терминін алғаш рет швейцариялық философ Шарль Бонне 1762 жылы өз еңбектерінде пайдаланды. Эволюциялық процестер заңдылығы өте күрделі және ғалымдар күні бүгінге дейін анықтай алған жоқ. Эволюциялық ілім Шарль Бонне (1720 — 1793) Чарльз Дарвин ( 1809 - 1882)
Слайд 8
Биологиялық эволюция Биологиялық эволюцияның мынадай бірнеше анықтамалары бар: Тірі ағзалардың тарихи дамуының қайталанбайтын үдерісі. Биологиялық жүйелердін ; біртіндеп, азды-көпті бағытта жоғары сатыға көтерілу үдерісі. Тірі ағзалардың қарапайым формадан күрделірек ( жетілген ) формаға баяу өзгерген үдерісі. Эволюция тарихи өзгеріс процесі ретінде үнемі біркелкі жүрмейді. Организмдердің сан алуан жүйелік топтарындағы эволюциялық өзгеріс жылдамдығы айтарлықтай ерекшеленеді. Бір топтар қандай да бір уақыт аралығында өзгелерінен жылдамырақ эволюция жолымен дамып және сол тарихи даму барысында екіншісі уақыт аралығында мүлдем бөгеліп қала алады. Тірі организмдердің қандай да бір жүйеленген тобының дамуына, қалыптасып жетілуіне көптеген факторлар әсер етеді. Атап айтқанда, сақталып қалуы, тірі қалып, одан әрі дамып-жетілуі факторларға тәуелді болады.
Слайд 9
Эволюция ілімінің қалыптасуы Эволюциялық ілімнің бастапқы қалыптасу кезеңі ертедегі грек философтары Аристотель, Гераклит, Демокрит Лукреций, Эмпедокл т.б. еңбектерімен тығыз байланысты. Олар табиғаттың өзгеріп отыратындағы, организмдердің тарихи дамуы туралы жазды. Эволюциялық ілімнің пайда болуына үлкен әсер еткен – К.Линнейдің тірі организмдерді жеке жүйелік топтарға жіктеуі, қосарлы атауды, яғни бинарлық номенклатураны енгізуі болды. Ең алғашқы эволюциялық ғылыми көзқарастың қалыптасуына елеулі еңбек сіңірген Жан Батист Ламарк болды. Ол 1809 жылы «Зоология философиясы» атты еңбегшінде эволюцияның ұзақ уақытқа созылатын тарихи процесс екендігін атап көрсетті.
Слайд 10
Эволюция ілімінің қалыптасуы Ағылшын геологі Ч.Лайельдің Жер ғаламшарының қалыптасуы туралы теориясы да эволюциялық ілімнің қалыптасуына ықпал етті. 1859 жылы Ч.Дарвин эволюция теориясын қалыптастыру арқылы эволюциялық ілімнің негізін салды. XX ғасырдың басында Г.Мендельдің тұқымқуалаушылық заңдары ашылды. Дарвиннен кейін молекулалық биология мен генетиканың жетістіктеріне байланысты жаңа деректер, жаңаша талдаулар жасала басталды.
Слайд 11
Эволюция ілімінің қалыптасуы ХХ ғасырдың 30-жылдарында микроэволюция және макроэволюция туралы қалыптасқан көзқарастар эволюцияның жасанды терориясы деп аталды. Оның негізгі қағидалары: тұқым қуалайтын өзгергіштік эволюцияның материалы, тіршілік толқыны, оқшаулану кездейсоқтық және бағытталмаған сипатта болатын гендердің дрейфі эволюцияның факторы, ал табиғи сұрыпталу эволюцияның қозғаушы күші болып табылады. Жүйелік топтардың эволюциясы биологиялық прогресс және регресс арқылы жүруі мүмкін Биологиялық прогресс – жүйелік топтағы даралар санының артуы, таралу аймақтарының кеңеюі, басқа да жүйелік топтарға ажырауы, популяция мен түрдің түрішілік ортасына бейімделуі. Биологиялық регресс – дамудың кері кетіп, төмен қарай құлдырауы, яғни жүйелік топтағы даралар санының кемуі, таралу аймақтарының тарылуы.
Слайд 12
Эволюция ілімінің қалыптасуы Академиктер Алексей Николаевич северцов пен Иван Иванович Шмальгаузен биологиялық эволюцияның бағыттарын анықтады. Биологиялық эволюцияның бағыттары Аромарфоз Идиоадаптация Дегенерация
Слайд 13
Биологиялық эволюцияның бағыттары Аромарфоз, оны кейде арогенез деп те атайды. Бұл кезде организмдердің құрылысында күрделі өзгерістер байқалады, яғни даралардың құрылым деңгейі күрделеніп, тіршілк етуге бейімділіг арта түседі. Аромарфоз тұқым қуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталудың нәтижесінде пайда болады. Идиоадаптация – организмнің құрылым деңгейі күрделенбей, өзгермей тіршілік үшін күресте белгілі бір орта жағдайда бейімделуі. Әрбір түр белгілі бір ортада тіршілік ететіндіктен, дәл сол ортаға тән бейімделушілік қалыптасады. Дегенерация немесе морфофизиологиялық регресс – организмдердің тұрақты және қалыпты жағдайларға бейімделуінің нәтижесінде құрылысының қарапйымдалуы.
Слайд 14
Тапсырма №2 Суреттерге мұқият қарап, биологиялық эволюцияның қай бағытына жататынын анықтаңыз және не себепті екенін айтыңыз. Жауабы: Құстардағы идиоадаптация – әртүрлі азықпен қоректенулеріне қарай бейімделген тұмсық пішіндері. Идиоадаптация. Бүркеніш реңнің болуы. 1. 2.
Слайд 15
Тапсырма №3 Эволюция дамуындағы Шарль Бонненің рөлі. Эволюциялық ілім Биологиялық эволюция бағыттары Мутация мен эволюция арасындағы байланыс Анықтама беріңіз
Последний слайд презентации: Биология 10-сынып ТА ҚЫРЫП: Тұқым қуалайтын өзгергіштік (мутация) пен эволюция
Жауабы : Эволюция терминін алғаш рет швейцариялық философ Шарль Бонне 1762 жылы өз еңбектерінде пайдаланды. Эволюциялық ілім – тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептері мен қорғаушы күштері, олардың механизмдері және жалпы заңдылықтары туралы ілім. Биологиялық эволюция бағыттары: аромарфоз, идиоадаптация, дегенерация. Мутациялардың көбісі зиянсыз, оларды үнемі қалыпты доминантты ген жауып тұрады. Бұндай мутациялар эволюцияның материалы болып табылады. Эволюцияның ең қарапайым деңгейі мутациялық өзгерістер болып табылады.