Первый слайд презентации
Бизнес - жоспар « Жайдарлы”тігін шеберханасы Дайындаған: Әбденбай Ә.Ә Тексерген: Есенбекова З.Ж Семей 2017
Слайд 7: 4. Өндірістік жоспар Шеберхананы ашудағы алғашқы қадам орынжайды іздеу болып табылады . Шеберхананы әдетте ғимараттардың бірінші қабаттарында немесе сауда орталықтарында орналастырады. Орынжайды іздеу кезінде екі нұсқа мүмкін: біріншісі - тапсырыс қабылдау мен тігін цехын біріктіру; екіншісі - тігін цехын тұрғылықты аумақтан тыс орналастырып, тапсырыс қабылдау пунктін тікелей адамдардың көп шоғырланатын жерінде ұйымдастыру Тиімді нұсқасы - Тапсырыс қабылдау пунктін әрі алушылар көп келетін сауда орталықтарында ұйымдастыру. Бірінші жағдайда жалға алу шығындары жоғары болады, өйткені, тігін цехы айтарлықтай үлкен орынжайды алатыны белгілі. Екінші жағдайда жалға алу бағасы төмен болады, оның үстіне сіздің клиенттеріңіздің қатарына сауда орталықтарында сатылатын қалыпты өлшемдегі киімдерді адамдардың дене бітіміне қарай қиыстыру қажет болатындар да қосылуы мүмкін. Келесі қадам - тігін жабдықтарын сатып алу болып табылады. Тігін шеберханасына арналған негізгі жабдықтар - түрлі мақсатта қолданылатын тігін машиналары:. астарлап тігетін, тура тігісті, трикотаж материалдарына арналған, тері илеуші, немесе көпфукнционалды тігін машинасы мен көпоперациялы тігін станогы . Сонымен бірге қажетті заттар: әдіптеу сайманы, бу генераторы, орындықтар, айна, жарық құрылғылары, манекен, әкімгердің жұмыс орнына арналған үстел
Слайд 8: Келесі кезең - персоналды іріктеу шеберхана үшін қажетті минималды штат - тапсырысты қабылдаушы, сәнгер-дизайнер және киім жөндеу және тігу шебері. Шеберханаға жұмыс тәжірибесі мол шеберлерді алған жөн, ал тапсырыс қабылдаушы өлшемдерді дұрыс ала алатын болуы қажет. Персоналды таныстардың арасынан, достарыңыздың ұсыныстары бойынша, ғаламтор сайттарынан немесе жұмысқа орналастыру агенттіктері арқылы іріктеуге болады. Келісімшарт жасау кезінде міндетті түрде тігіншінің материалдық жауапкершіліктерін түсіндіру қажет, өйткені, тұтынушылар жөндеуге өте қымбат заттарды және тігу үшін қымбат материалдарды алып келеді. Егер де тігінші тәжірибесіз болса, тіпті, одан да сорақысы, ықылассыз болса, онда ол бұзылған зат үшін жауапкершілікті толығымен өз мойнына алуы тиіс. Тұрғын ауданда орналасқан шеберхананың жарнамасы ашық әрі көрнекі маңдайшаны орнату және үйлердің кіреберістерінде мен аялдамаларда хабарландыру жапсыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны - жеке кәсіпкер. Бизнесті жүргізудің мұндай нысанын таңдаудың негіздемесі қызметтің түпкі тұтынушылары жеке тұлғалар болып табылатындығы тиісінше, бұл салықтарды қысқартуға және қойма мен бухгалтерлік есептерді жүргізуді жеңілдетеді
Слайд 10: 5. Инвестициялық жоспар Өзгермелі шығын
Атауы Саны бағасы Ғимаратты жалға алу 1 60 000 Шығыс материалдары 1 30 000 Айына жұмсалатын қаржы 90 000
Слайд 11: Тұрақты Шығын
Атауы Саны бағасы Барлығы Тігін машиналары 3 100000 300 000 Құрал-сайман, жиһаз 1 00 000 600 000 Заңдық рәсімдеу 1 15 000 15 000 Жарнама 1 50 000 50 000 БАРЛЫҒЫ 1 000 000
Слайд 12: 6. Қаржылық жоспар кесте. Өнімді таратудан түсетін табыс
Атауы Ай сайынғы тапсырыстың орташа мөлшері Тапсырыстың орташа құны Айлық кіріс 1-жылғы нәтиже Киімді қиыстырып тігу және жөндеу 30 2 000 60 000 720 000 Дайын киімдерді тігу 30 8 000 240 000 2 880 000 Перделерді тігу, қиыстыру және басқа да жұмыстар 10 5 000 50 000 600 000 БАРЛЫҒЫ ( Теңге ) 350 000 4 200 000
Слайд 13: 2-кесте. Еңбекақы төлеу
Атауы Саны Еңбекақы Қызметкерлерге ай сайын жұмсалатын қаражат жиыны Жылдық жиынтық Тігінші 3 50 000 150 000 1 800 000 Тапсырыстарды қабылдаушы-өлшеуші 1 40 000 40 000 480 000 Сәнгер-дизайнер 1 70 000 70 000 840 000 Барлығы 5 260 000 3 120 000
Слайд 14: 3-кесте. Жылына жұмсалатын шығын және кіріс есебінің болжамы
Сала атаулары Жылына, теңгемен Қызмет көрсетуден түсетін табыс 4 200 000 Қызметтің өзіндік құны ( шығындар ): 3 436 000 Шығыс материалдары, құрал-саймандарды жөндеу 100 000 Еңбекақы төлеу шығындары ( жалдамалы жұмысшыларға ) 3 120 000 Еңбекақыдан бөлінетін әлеуметтік төлем (5%) 156 000 Ғимаратты жалға алу 60 000 Жалпы пайда 764 000 Салық төлеу 22 920 Таза пайда ( таза табыс ) 741 080
Слайд 15: кешке арналған көйлек
Шығыстар Атлас матасы-1.5 м-755тг-ден,1075 тг Гипюр матасы-0.5 м-955 тг-ден,1910тг Жіптер-2 шт.-100тг Биссер-3 түсті(2 шт-тан)-35тг-ден.210тг Сырма-1 шт.-100тг Барлығы: 3,395тг