Первый слайд презентации: Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау
1 3 -дәріс тақырыбы
Слайд 2: Басқару есебі мен бюджеттеу
Баскару есебі баскару шешімдердің тиімділігін алдын ала бағалауға, оптималды түрде ресурстарды бөлімшелер арасында бөлуге, кәсіпорынның даму жолдарын белгілеуге және дағдарыс жағдайын болдырмауға қолайлы жағдай туғызатын бюджеттеу жүйесіне сүйенеді Басқару есебі мен бюджеттеу
Слайд 4: Анықтама
Бюджет — бұл бөлімшелердің және кәсіпорынның қызметін толығымен сандық көріністе көрсететін жоспарлы көрсеткіштер. «Бюджет» термині « смета » және « жоспар » терминдеріне жақын ұғым, сондықтан оларды кейде синонимдер ретінде пайдаланады. Анықтама
Слайд 5: Анықтама
Смета (немесе бюджет) — жорамалдаған әрекеттерді орындауға дейін жасалатын қаржылық құжат болып табылады. Және осы әрекет болашақ қаржылық операцияның болжамы ретінде саналып, содан соң ол бюджеттеу кезеңіне өтеді. Басқару есебіндегі бюджеттеуді жоспарлау процесі деп түсіндіріледі. Жоспарлау – кәсіпорынның мақсаттарын болжамдар мен жоспарға айналдыру. Анықтама
Слайд 6: Сметаны құраудың мақсаты
жыл сайынғы операцияларды жоспарлау; ұйымның әртүрлі бөлімшелерінің қызметін үйлестіру (координация) және олардың өзара қатынастарының үйлесімділігін қамтамасыз ету; жоспарларды әртүрлі жауапкершілік орталығындағы қызметке жауап беруші менеджерлерге дейін жеткізу (ақпараттандыру); ұйым мақсаттарына жетуіне байланысты менеджер-лердің жұмысын ынталандыру (мотивациялау); қызмет түрлерін басқару; менеджерлердің жұмысының тиімділігін бағалау Сметаны құраудың мақсаты
Слайд 7: Бюджеттеудің кезеңдерді
сметаны құрауға жауапты тұлғаларды кәсіпорында қабылданған, осы процеске қатысты негізгі тәсілдермен таныстыру; өнімді шығаруды шектеуші, факторларды анықтау; өнімді өткізу сметасын дайындау; сметалардың түрлі нұсқаларын бастапқы дайындау; сметаларды жоғарғы басшылықпен талқылау; сметаларды үйлестіру мен талдау; сметаларды түпкілікті бекіту; сметалардың кейінгі талданылуы Бюджеттеудің кезеңдерді
Слайд 8: Сметалық кезең
Әдетте сметаны бір жылға алдын құрастырады. Орындалуды ағымдық бақылауы үшін, ол 12 айлық не 13 төртапталық кезеңдерге бөлінуі мүмкін. Үздіксіз (жылжымалы) сметаларды құрастыру, ол өткен тоқсанның бюджет мерзімі аяқталғанда, сметаны келесі тоқсанға қосатын он екі айлық сметаның тұрақты болуын кепілдейді. Сметалық кезең
Слайд 9: Жоспарлы-қаржылық комиссия
Сметаларды құрау процесін басқару үшін, әдетте компания қызметтерінің негізгі бағыттарын ұсынатын жоғарғы деңгейдегі мамандардан жоспарлы-қаржылық комиссия құрылады. Комиссияның басты міндеті - шындыққа негізделген сметаларды қабылдануын және олардың тиісінше үйлесімділігін қамтамасыз ету. Жоспарлы-қаржылық комиссия
Слайд 10: Бухгалтердің ролі
Комиссия сметаға жауаптыны тағайындай-ды, әдетте ол - бас бухгалтер болып табылады. Оның ролі - жеке сметаларды үйлестіріп, жоспарлы-қаржылық комиссия және функ - ционалды бағыттардағы басшылар бүкіл кәсіпорын қызметіне жеке сметалардың ықпалын көре алатындай, кәсіпорынның жалпыланған сметасына жинақтау болып табылады. Бухгалтердің ролі
Слайд 11: Сметаны құрау үшін нұсқама
Сметаны құрау бойынша жұмыстың тиімді - лігін қамтамасыз ету үшін бухгалтер сметаны құрау бойынша нұсқаманы құрастырады. Нұсқамада сметаны құраудың мақсаты мен амалдары (процедура) суреттелуі тиіс. Оған қосымша жоспарлы-қаржылық комиссия ұсынатын сметалардың мерзімі көрсетілген график қарастырылуы мүмкін. Нұсқаманы сметаларды дайындауға жауапты тұлғалардың бәріне беру қажет. Сметаны құрау үшін нұсқама
Слайд 12: Master budget, мастер-бюджет, бас бюджет
Бюджет жан-жақты үйлестірілген блок болып қызмет атқарады, оны жылдық бюджеттеудің жай сызбасымен көруге болады. Бұл кәсіпорынның жалпы қызметін қамтитын бюджет бас бюджет (Master budget, мастер-бюджет) деп аталады және оны екі бюджетке бөліп қарастыруға болады: операциондық және қаржылық Master budget, мастер-бюджет, бас бюджет
Слайд 13: Master budget
Операциондық бюджет (жоспар) — кәсіпорын-ның шаруашылық қызметінің арнайы техникалық-экономикалық көрсеткіштері арқылы баяндалады (суреттеледі), онда оның сатып алынатын материалдық ресурстарының бағасы, сатылатын өнімнің бағасы, өнімді сатудың көлемі, өндіріс көлемі, өндірістік-шаруашылық қызметі-нің кезеңі және басқада жекелеген жақтары сипатталады. Master budget
Слайд 14: Master budget
Қаржылық жоспарда — кәсіпорынның шаруа-шылық қызметінің, операциондық жоспарлы көрсеткіштерінің негізінде есептелген және онымен қисынды байланысқан, ерекше қаржылық көрсеткіштерінің кешенді түрі көрсетіледі. Мұндай көрсеткіштер қатарына: ақтық қаржылық нәтижесі, ақша ағындары, кәсіпорын мүліктерін қаржыландырудың көздері және т.б. жатады. Master budget
Слайд 15: Бюджеттеу сату сметасынан басталады !
Өнімдерді сату (өткізу) сметасы басқа да құрастырылатын барлық сметалар үшін негіз болып келеді, өйткені түпкілікті барлық шығындар, тікелей сату көлеміне тәуелді. Смета компания сатуға жоспарлаған әр бұйым саны мен сатудан алынатын жоспарлы түсім көлемін көрсетеді. Бюджеттеу сату сметасынан басталады !
Өндірістік смета тек көлемдік көрсеткіш-терде құрастырылады және өндіріске жауапты менеджердің жауапкершілік ауқымына енеді. Оның басты мақсаты – тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін жеткілікті өндіріс көлемін қамтамасыз ету және экономикалық тиімді деңгейдегі тауарлы-материалдық запастар көлемін қолдану. Өндірістік смета немесе өндірістік бағдарлама
Слайд 17: Өндірістік сметаның формуласы, (бірлікпен)..... Білу қажет!!!
Жоспарлы өндіріс көлемі = Өткізу көлемі қосу Кезең соңындағы жоспарлы қор тең Сатылуға ДӨ және қоймадағы қор алу Кезең басындағы қор Өндірістік сметаның формуласы, (бірлікпен)..... Білу қажет!!!
Бұл сметаға сатып алулар бойынша менеджер жауапты, өйткені өндіріс қажеттілігін қамтамасыз ететін, жоспарланған шикізат көлемін сатып алу жауапкершілігі нақ өзіне жүктелген. Оның міндетіне жоспарланған сатып алу бағасымен осы материалдарды уақтылы сатып алу кіреді. Бұдан басқа, ол жоспарланған шикізат қорының деңгейін де қамтамасыз етуі тиіс. Негізгі өндірістік материалдарды сатып алу бойынша шығындар сметасы
Слайд 19: Негізгі өндірістік материалдарды сатып алу бойынша шығындар сметасы
Ұқсас формуланы білу қажет!!!! Жылдық смета бойынша өндіріс қажеттілігін өтеу үшін керекті материалдар мөлшері қосу Кезең соңындағы жоспарланған қор алу Кезең басындағы қолда бар қор тең Сатып алынуға тиісті мөлшер көбейтеміз Материал бірлігін сатып алудың жоспарлы бағасы (теңге) тең Материалды сатып алулар бойынша жасалатын шығындар сметасы (теңге) Негізгі өндірістік материалдарды сатып алу бойынша шығындар сметасы
Слайд 20: Еңбек ақы шығындары бойынша смета
Бүл сметаны орындауға әдетте цех басшылары жауапты. Олар өндіріс мұқтаждығын қанағаттандыруға керекті жұмыс уақыты жұмсалымдарының есебін даярлауы тиіс. Егер кәсіпорында жұмыскерлердің квалификация - лық (мамандану) бөлу орын алса, онда әр квалификация бойынша еңбек түрі сметада жеке көрсетіледі. Сметалық сағаттық нормалар еңбек қатынастары бөлімінде анықталады Еңбек ақы шығындары бойынша смета
Слайд 21: Жалпызауыттық үстеме шығындар сметасы
Бұл сметаны дайындауға өндірістік бөлімдердің менеджерлері жауапты. Сметадағы үстеме шығындардың жалпы сомасы өндірістің жобаланған деңгейіне байланысты жеке баптар бойынша шығындардың өзгеруіне тәуелді болады. Үстеме шығынның айнымалы баптары бойынша сметалық шығындары әр цех бойынша негізгі өндірістік жұмыскерлердің сметалық еңбегін айнымалы үстеме шығындардың сметалық сағаттық ставкасына көбейту арқылы анықталады. Барлық айнымалы үстеме шығындар негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбек ұзақтығына тәуелді болады деп шамаланады. Жалпызауыттық үстеме шығындар сметасы
Слайд 22: Өнімді өткізумен байланысты және әкімшілік шығындар сметалары
Тәжірибеде бұл сметалар жеке құрастырылуы тиіс: сатылым бойынша менеджер өткізу бөлімінің сметасы үшін, ал әкімшілік бөлімінің басшысы - әкімшілік сметасына жауап беруі тиіс. Өнімді өткізумен байланысты және әкімшілік шығындар сметалары
Слайд 23: Цех тық с мет а
Негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбегі бойынша шығын сметасын бақылау үшін, негізгі өндірістік материал дарды қолдану смета сы мен жалпызауыттық үстеме шығындардың смета лары цех тық смет аға ( әр қайсысы жеке ) жинақталады. Әдетте, мұндай смет алар он екі жекелей айлық смет аларға жіктеліп, нақты шығындар жоспарлы әр бапп ен с алысты р ыл а ды. Мұндай с алысты р у, цех басшысы өзіне жауапты шығындарға қаншалықты тиімді бақылау жүргізгеніне объектив ті баға беруге мүмкіндік береді. Цех тық с мет а
Слайд 24: Соңында
Барлық сметалар құралып болған соң, смет алық кезеңнің жоспарлы өнімділігінің жалпы суреттемесі п айда мен залалдардың смет алық шоты мен смет алық баланс тық есептемесі түрінде ұсынылады. Соңында
Слайд 25: Кассалық шоғырландырылған смета
Бұл сметаның мақсаты – түрлі сметалардағы операциялық деңгейлерге сәйкес келетін, кез - келген уақытта жеткілікті касс алық нақты ақшаларды қамтамасыз ету. Жалпы айтқанда, бір жағынан, олардың жеткілікті мөлшеріне ие болу, одан басқа – қазіргі кезде пайдаланылмаған ақшаны салым жасаудан мүмкіндігінше жоғарырақ пайыздар ала отырып, ақшалай қаражаттарды басқару қажет. Кассалық шоғырландырылған смета
Слайд 26: Бюджет түрлері: статикалық не икемді
Статикалық бюджет - бұл кәсіпорынның нақты іскерлік белсенділік деңгейінде есептелген бюджет. Басқаша айтсақ, статикалық бюджет табыстар мен шығыстардын тек бір ғана сату деңгейінен шығатын жоспарды (немесе жоспарлауды) көрсетеді. Бас бюджетке, кіретін барлық бюджеттер, статикалық болып табылады. Өйткені, кәсіпорынның белгілі бір жоспарлан-ған сату деңгейіне жету үшін, табыстарды да, шығыстарды да, бас бюджеттің құрамында қарастырылады. Бюджет түрлері: статикалық не икемді
Слайд 27: Бюджет түрлері: статикалық не икемді
Икемді бюджет - бұл тек нақты іскерлік белсенділік денгейі үшін ғана емес, сондай-ақ оның диапазонын анықтау үшін де жасалатын бюджет, яғни онымен сату көлемінің бірқатар баламалы варианттарын қарастырады. Икемді бюджет (немесе «айнымалы» бюджет) - бұл өндірілген өндіріс көлеміне қарап, өзгеріп отыратын бюджет. Әрбір сату деңгейі үшін (әрбір балама үшін) шығындардың сол деңгейге тиесілі сомасы анықталады. Бюджет түрлері: статикалық не икемді
Слайд 28: Бюджет түрлері: статикалық не икемді
Сонымен, икемді бюджет сату деңгейінің өзгерісіне тәуелді шығындардың өзгерісін ескереді және ол қол жеткен көрсеткіштер-ді жоспарланғандармен салыстырып, оның қарқындық базасын жасауды мақсат тұтады. Икемді бюджетті жасау үшін шығындарды айнымалы және тұрактыға бөледі. Бюджет түрлері: статикалық не икемді
Слайд 29: Өсімтал смета
Әдеттегі сметаны құрау кезінде жанама жұмсалымдар мен қосалқы қызмет түрлері өсімталдық принципі (қағида) бойынша дайындалады, өйткені бұл жердегі ресурстарды тұтыну шығарылған өнімге пропорцио-налды өзгермейді. Сосын бұл база келесі сметалық кезең ішінде орын алады деп күтілген өзгерістерді ескере түзетіледі. Мұндай тәсіл өсімтал сметаларды құрастыру деп аталады, өйткені бұл жердегі сметаны құрау процесі, ең алдымен келер сметалық кезең ішінде орын алатын ағымдағы операцияларға немесе шығындарға «қабаттасумен» ( өсімталдық) байланысты. Өсімтал смета
Слайд 30: Кемшілігі
Мысалы, сметалық шығындарды бөлуге, өткен сметалардағы бөлінулер, қосу инфляцияның әсерінен, тым жоғары бағаларды жабуға арналған қосымшалар - негіз болуы мүмкін. Өсімталдылық тәсілінің негізгі кемшілігі, қызметтің «базалық деңгейімен » байланысты шығындардың қомақты бөлігінің өзгеріссіз қалуы болып табылады. Сондықтан, қызметтің басқа түрлерінің шығындары, немесе тікелей нақты өніммен байланысты емес, белгіленген болып келеді. Бұл - бұрынғы кемшіліктер мен тиімсіз шығындардың ары қарай да жалғасуына апаруы мүмкін. Кемшілігі
Слайд 31: Нольдік базадағы смета - ZBB
Бұл сметаларды құрау XX ғғ. 60-шы жж. соңында өсімтал сметалардың шектелуін жеңуге әрекет ретінде пайда болды. Бұл тәсіл, дәстүрлі сметалар сипатындағы функционалды бөлімдерге емес, бағдарламалар мен қызмет түрлеріне негізделген. Ол әсіресе дискрециялық шығындар мен қосалқы қызмет түрлеріне тура келеді. Шығындардың дискрециялық сипаты дегеніміз, менеджерлер белгілі-бір қызмет түріне қаржы бөлуде біршама еркін әрекетенеді. Мұндай типті шығындарға мысал ретінде: жарнама, зерттеу, персоналды даярлау шығындарын келтіреміз. Нольдік базадағы смета - ZBB
Слайд 32: Нольдік базадағы смета - ZBB
Нольдік базадағы сметаларды құрау келесі үш қадамды қарастырады: жалпы қабылданатын шешімдер қоржыны ауқымында шешім қабылдануы тиісті кәсіпорынның әр қызмет түрлерінің мазмұндамасы; шешімдердің басымдылық сипатына қарай бағалау мен топтау; жалпы бөлінген қаражатты ескере, басымдылық сипаты негізінде ресурстарды үлестіру. Нольдік базадағы смета - ZBB
Слайд 33: Басымдылық негіздегі өсімтал сметалар
Бұл жағдайда менеджерлер сметаны құрағанда, егер олар ұсынған сметалық жобаларды әлде-бір процентке арттырса не кемітсе (мысалы, 10%-ға), қызмет түрлері қалай өзгереді не қандай басқа да өзгерістер орын алатынын көрсетуі тиіс. Бұл жерде сметалық үлестіру, шығындардағы өзгерістер мен алынатын пайдадағы өзгеріс-тердің салыстырмалы нәтижелері бойынша орындалады. Сонымен, басымдылық негіздермен өсімтал сметалар, нольдік базадағы сметалар мен дәстүрлі өсімтал сметалардың арасындағы экономикалық келісімді (ымыраны) ұсынады. Басымдылық негіздегі өсімтал сметалар
Последний слайд презентации: Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау: Тест
Астық сататын компания келесі айдың сату бюджетінде 300000 $ табыс алуды жоспарлады. Сатылған астықтың өзіндік құны өнімді өткізуден түскен табыстың 40 %-н құрайды деп күтілуде. Сатыл ған астыққа төленетін төлемдер сатып алынған айдан кейнгі айда төленеді. Кезең басындағы астықтың қоры 10000 $ тең, ал кезең соңына жоспарланған қор 12000 $ тең. Кезе ң басындағы төлеуге тиісті шоттар 76000 $ құрайды. Келесі айда сатылатын астықтың құны қанша болады ( $ ) : А) 180000 В ) 132000 С ) 122000 D ) 120000 Тест