Слайд 3
Цифрлы Қазақстан деген не? 2017 жылдың 12 желтоқсанында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылған болатын. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында айрықша атап өткен болатын. «...Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Осыған орай, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын...»,-делінген Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында. 1 2
Слайд 4
Мақсаты «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының еңнегізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір сапасын жақсарту, сонымен қатар ұлттық экономиканы цифрландыру. Құжатты жүзеге асыру аясында 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын сексен процентке дейін артып отыр және Қазақстан Республикасы тұрғындарының тоқсан бес пайызын цифрлық xабар таратумен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы азаматтардың цифрлық сауаттылығын сексен пайызға дейін арттыру жоспарда бар.
Слайд 5
Жоспар *You may download and read the full report here. Жоба басты төрт бағыт аясында іске асатын болатын. Оның әрқайсысына тоқталып, талдап көрелік. Бірінші бағыт – ауылды аймақтарды интернетпен қамтамасыз ету жоспары тұр, Қазақстан Республикасының транзиттік жағдайын арттыру. Екінші бағыт – Қазақстан Республикасы экономикасының түрлі саласына цифрлық технологияны ендіру. Оның әрқайсысына жеке-жеке тоқтап өтелік. Олар - көлік және логистика саласы, денсаулық сақтау саласы, білім беру саласы, ауыл шаруашылығы мен электронды сауда саласын дамыту. Үшінші бағыт – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жұмысының сапасын жақсарту және Қазақстан Республикасы азаматтарына ыңғайлы ету. Төртінші бағыт – IT-секторындағы білікті мамандарды дайындау.
Последний слайд презентации: Цифрлы Қазақстан Eldar Salyk
Қорытынды «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жасау барысында көптеген өркениетті, дамыған елдердің тәжірибесі қолданылды. Олар - цифрлық технологияны іске асыру жолында толағай жетістіктерге қолжеткен Австрия, Дания, Аустралия, Канада мен Сингапур секілді елдерді мысалға келтіруге болады. Мысал, Австрия астанасы Вена қаласында қалалық қаржылық бюджетті дайындауда жоспарлаудың «цифрлық» принципі пайдаланылады. Соның нәтижесінде, Австрия астанасы Вена қаласының бюджетіндегі қаржының жыл сайын екі миллион еуросын үнемдеуге көмектеседі екен. Ал, Америка Құрама Штаттарындағы Бостонда коммуналды қызмет түрлерін бақылауға арнайы мобильді қосымша бар. Ол қолданысқа енгізілгелі бері Қазақстан Республикасы тұрғындарының шағымы алпыс алты пайызға бірден қысқарған.