Первый слайд презентации: Экологияға кіріспе »
Орындаған:Төрегелді.С Тобы:Б-ФӨТҚ-01А-23 Қабылдаған: Оразова М.М Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Экология және тіршілік қауіпсіздігі
Слайд 2: Экология деген іміз не?
Экология – барлық деңгейдегі биологиялық жүйелердің тіршілігін, түзелуін және өмір сүру заңдылықтарын зерттейтін ғылым – ағзалардан бастап биосфераға дейін және сыртқы ортамен олардың байланыстарын қарастырады.
Слайд 3
Экология» ұғымын 1866 ж. ғылымға енгізген Э. Геккель болды. Ол бұл ұғымды ағзаның ортамен өзара қарым - қатысына байланысты мәселелермен айналысатын биологияның бөлімінің атауы ретінде ұсынған.
Слайд 4: Экология тарихы
20 ғасырдың басында экология жеке ғылым бағыт ретінде таныла бастады, ал “ экологияның алтын ғасыры ” аталған 20 – 40-жылдары популяциялар мен қа-уымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалып, Экологияның негізгі ережелері мен заңдары тұжырымдалды : Ф.Клементс (1916) биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік сипатындағы құбылыс екендігін көрсетті ; А.Тинеманн (1925) өнім ұғымын енгізді, ал Ч.Элтон алғашқы оқулығында (1927) биоценоздарда жүріп жатқан процестердің заңдылықтары көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына анықтама берілді, В.И. Вернадскийдің “Биосфера” атты кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі азғалар жиынтығының – “ жердің тірі затының ” ғаламдық рөлі айқын көрініс тапты. Экология тарихы
Слайд 6
Экологияның мақсаттары: 1. Т ірі организмдердің кеңістікте орналасуын зерттеу ; 2. Организмдердің санының өзгеруін зерттеу ; 3. Тірі организмдердің қатысуымен өтетін тірі жүйелер арқылы энергия ағымын, заттар айналымының заңдылықтарын зерттеу ; 4. Тірі организмдердің санын реттеу ; 5. Биологиялық ресурстарды пайдаланудың ғылыми негізін құру; 6. Табиғи орталардың ластануын және жағдайын экологиялық индикациялау
Слайд 8
Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология -бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қарайтын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсті.
Слайд 9
• Бірінші кезең-экологияның ғылым ретінде қалыптасуы,жиналған деректер бойынша бірінші ғылыми тұжырымдар жасалына бастаған кезең болып саналады.Мысалы,Гиппократ адам денсаулығына ортаның факторларының әсері туралы жорамалдар жасады,Аристотель азықтану әдісі бойынша 500-ден астам жануарларды топтарға жіктеді,сонымен қатар Карл Линней « Табиғат жүйесі » атты еңбегінде жануарлар мен өсімдіктерге ғылыми жүйе қолданды. • Екінші кезең – экология жеке ғылым ретінде құрылды (19 ғасырдың 60-шы жылдарынан кейін ). Бұл кезең Чарльз Дарвиннің « Түрлердің табиғи талдау жолымен пайда болуы » еңбегімен сипат алады. Ал,1877 жылы жаңа экологиялық ұғым – биоценоз пайда болды, оның анықтамасын неміс гидробиологы К. Мебиус берді. Биотоп ұғымы – биоценоз тіршілік ететін орта шарттары – оны Ф. Даль 1903 жылы енгізді. • Үшінші кезең 20 ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап осы күнге дейін жалғасады. Экология кешенді ғылымға айналды – география, геология, химия, физика, экономика, социология және т.б. ғылымдардың заңдылықтарын қоса ала отырып қоршаған табиғи орта мен оны қорғау туралы ғылымға айналдырды. Экология дамуы үш кезеңнен тұрады :
Слайд 11
Экологиялық проблема — адамның табиғатқа және керісінше табиғаттың адамға тигізетін қолайсыз әсерлеріне байланысты туындайтын кез келген құбылыс. Қазіргі таңда экологиялық мәселелер өзекті мәселеге айналуда.Су,ауа, қоқыс, орман мәселелері алдыңғы қатардағы мәселелері екені барлығымызға анық.
Слайд 13
Су экологиясы, көбінесе ауылды елді мекендерде байқалады. Оған су ресурстарының жетіспеушілігі ; көл, өзендердің ластануын мысал ретінде ала-аламыз. Тау-кен өндірісі, металлургия мен мұнай өнеркәсібі ластап жатыр. Қоқыс мәселелері бойынша зардап шегетін ол ауылдар,қалалар,жағажайлар мен далалы жазық жерлер. Пластик тұрмыстық химия заттары, тағам қалдықтары және алуан түрлі заттарды жәй ғана жерден көре аламыз. Жәнеде бет-перделер мен полиэтилен қаптары өзен, көлдер мен мұхиттарды ластап отыр. Ормандардың жаппай кесілуі, антропогендік факторлардың салдырынан пайда болған экологиялық мәселе. Орманның кесілуі көмірқышқыл газы мөлшерінің көбеюіне, флора және фауна ( өсімдік және жануарлар әлемі ) жойылуы, топырақтың эрозиясы, шөлдің пайда болуына әкеліп соғады.
Слайд 14
Қазақстанда да,өте көп экологиялық мәселелер бар.Солардың бірі,Арал теңізінің тартылуы. ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығы аралығында Арал теңізі терең экологиялық дағдарысқа ұшырады. Теңіз суының тартылуы мен тұздылығының артуы көптеген экологиялық топтардың жойылуына әкеп соқты. Бұның нәтижесінде кейбір жергілікті түрлер бейімделіп, кейбіреулері инвазияға ұшырап көптеген экологиялық байланыстар қайта құрылды. Арал теңізінің тартылып, теңіздің маңайындағы аудандардың экологиялық жағдайларының нашарлауының көптеген себептері бар. Соның ішінде ең басты себеп Аралға құятын Сырдария мен Әмудария өзендерінің аңғарларында суармалы егіс көлемінің жөнсіз ұлғайтылуы, су режимін дұрыс сақтамау егістік жерлердің сортаңдануына алып келді. Соның салдарынан Арал теңізінің деңгейі 14,7 метрге дейін төмендеді. Көлдің 26 мың км2 су табаны құрғап, орнына 2 мың гектардай жерде тұзды шөл пайда болды.
• Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындары ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уакытша кешіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алада жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды.
Слайд 18
– Семей өңірінде 1949 жылдан 1991 жылға дейін 450-ден астам ядролық сынақ өткізілді. Сол сынақтан зардап шеккен өңірдегі ахуал қазір де ауыр халде.
Последний слайд презентации: Экологияға кіріспе »: Қорытынды
Биосфера шегінде барлық тірі организмдер бір-бірімен байланысты және қарым қатынас жағдайында ғана тіршілік етуге бейімделген. Бұл байланыстардың біреуінің бұзылуы табиғаттағы тепе-теңдікке өзгерістер әкелуі мүмкін. Сондықтан адам баласы әрбір табиғат құрауыштарының орта мен табиғи экожүйедегі рөлін білуі тиіс. Табиғат қорғау және экология ғылымдарының түпкі мақсаты-табиғатты қорғау. Табиғатты қорғаудың алдына қойған мақсаты мен міндеттері айқын. Табиғат қорғауды жүзеге асыру үшін оның негізгі бағыттарын, заңдарын, ұстанымдарын білу әрбір азаматтың борышы болып саналады. Сондықтан осы айтылған жағдайларды бәріміз саралап ары қарай өз әрекеттерімізбен көрсете білуіміз керек.