Еңбек тәрбиесі — презентация
logo
Еңбек тәрбиесі
  • Еңбек тәрбиесі
  • Еңбек тәрбиесі
  • Еңбек тәрбиесі
  • Еңбек тәрбиесі
  • Еңбек тәрбиесі
  • Еңбек тәрбиесі
  • Еңбек тәрбиесі
  • Еңбек тәрбиесі
  • Еңбек тәрбиесі
  • Еңбек тәрбиесі
  • Еңбек туралы мақал – мәтелдер
  • Еңбек тәрбиесі
  • Еңбек тәрбиесі
  • Еңбек тәрбиесі
  • Еңбек тәрбиесі
1/15

Первый слайд презентации

Еңбек тәрбиесі

Изображение слайда

Слайд 2

Тәрбиенің өзі, егер ол адамға бақыт тілейтін болса, оны бақыт үшін емес, өмір сүру еңбегіне даярлау керек. Тәрбие адам бойында еңбекке деген сүйіспеншілік пен әдетті дамытуы керек; ол адамға өмірдегі өзі үшін қажетті еңбекті табуға мүмкіндік жасауы керек. Тәрбие адамның ақылын ғана дамытып, оны белгілі көлемдегі мәліметтермен таныстырып қана қоймай, адам жүрегінде еңбексіз адам өмірі абыройлы да, бақытты да болмайтындай еңбекке деген ынтаны жандыруы қажет.

Изображение слайда

Слайд 3

Еңбек тәрбиесі  дегеніміз еңбек етуге психологиялық даярлықты, еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, еңбек тәртібі мен мәдениетін меңгеру.

Изображение слайда

Слайд 4

Еңбек тәрбиесінің мақсаты – балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуге даярлықтарын, мамандықты саналы таңдауларын қалыптастыру.

Изображение слайда

Слайд 5

Еңбек тәрбиесінің міндеттері: – оқушыларды еңбек іс-әрекетінің әр түріне мақсатты бағыттайтын жалпыға пайдалы еңбек қажеттілігін қалыптастыру; – белсенділік, іскерлік, еңбекті құрметтеу сияқты қасиеттерді дамыту; – тұлғаның қайсарлығын, ұқыптылығын, тапқырлығын, ептілігін және басқа да жігерлік қасиеттерін дамытатын қажетті дағдыларды бекіту; – жастарға кәсіптік бағдар беру, оқушыларды еңбек іс-әрекет түрлерімен уақытылы таныстыру; – оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, ұжымдық еңбекте ынтымақтастық және өзара көмектесу, өзара жауапкершілік сезімдерін дамыту.

Изображение слайда

Слайд 6

Балабақшадағы балалар еңбегінің 4 төрт түрі: 1. өзіне - өзі қызмет көрсету; 2. шаруашылық – тұрмыстық қызмет; 3. табиғаттағы еңбек; 4. қол еңбегі.

Изображение слайда

Слайд 7

Өзіне - өзі қызмет көрсету өзін күтуге (жуынуға, шешінуге, киінуге, төсегін жинауға, жұмыс орнын әзірлеуге және т. с. с.) бағытталған. Еңбек қызметінің бұл түрінің тәрбиелік маңызы ең алдымен оның өмірлік қажеттігінде. Бұл іс - әрекеттер күн сайын қайталанатындықтан, балалар өзіне - өзі қызмет көрсету дағдысын мықтап игереді; өзіне - өзі қызмет көрсету міндет ретінде ұғыныла бастайды.

Изображение слайда

Слайд 8

Мектепке дейінгі ересек шақта өзіне - өзі қызмет көрсетудің жаңа түрлері: төсегін жинау, шашын, аяқ киімін күту, үзілген түймелерін өздері қадау және т. б. еңбекке тәрбиеленеді. Бұл кезеңде тәрбиелік міндеттер күрделене түседі, олар: балалардың бойында мұнтаздық пен тазалық әдеттерін, құрбыларының арасында өзін дұрыс ұстау дағдысын қалыптастыруға бағытталады. Бала басқалармен араласуы барысында өзіне - өзі қызмет көрсетеді. Мектепке дейінгі сәбилік шақта тәрбиеші балаларда қарапайым шаруашылық - тұрмыстық дағдыларды: үй сыпыру, жинау, үстел жасауға көмектесу, ойнап болғаннан кейін ойыншықтарды тәртіпке келтіру және жуу, ауладағы жапырақтарды жинау, бақтағы орындықтардағы қарды сыпыру және т. т. дағдыларды қалыптастырады.

Изображение слайда

Слайд 9

Балалар ересектердің жәрдемімен балықтарға жем береді, бөлмеде өсетін өсімдіктерді суарады және жуады, пияз отырғызады, өз бақшасынан өнім жинауға қатысады, қыстап қалған құстарды қоректендіреді. Сосын еңбек күрделенеді, балалардың өздері өсімдіктерді суарады, қанша ылғал қажетін анықтауды үйренеді, көкөніс өсіреді (тұқым себеді, жүйектерге су жібереді, өнім жинайды), тәрбиешінің жәрдемімен жануарларға (тиіндерге, үй қояндарына, тотықұс, көгершін және т.б.) жем әзірлейді. Балалар еңбегінің көлемі де ұлғаяды. Мектеп жасына дейінгі балалар щеткамен түкті жапырақтардың шаңын сүртеді, жерді қоректендіреді, аквариумның суын ауыстырады, бақша мен гүлзардың жерін әзірлейді, көшет отырғызады, жабайы өсімдіктердің жемісін, ұрығын жинайды (қыстайтын құстарға беру үшін).

Изображение слайда

Слайд 10

Қол еңбегі – алуан түрлі материалдардан: картоннан, қағаздан, ағаштан, табиғи материалдан (ағаш бүрінен, емен жапырағынан, сабаннан, ағаш қабығынан, жүгері сабағынан, шабдалы сүйегінен) тері, қауырсын, мүйіз, жүн, мата қиқымдарын, темір-терсек және т.с.с. пайдалана отырып тұрмыстық шаруашылық процесінің қажетті бұйымдарын жасау – балалар бақшасының ересектер тобында жүзеге асырылады. Балалар өздеріне қажетті ойыншықтар, қазақ үйдің сүйектерін жасап, бояйды, үй жиһаздарын, ұлттық киім үлгілерін пішіп, тігеді, төрт түлік малдардың бейнесін жасайды. Оларды дайындау барысында балалар ұлттық оюлар, нақыштар, өрнектермен танысып, әр түрлі бұйымдар жасайды. Мұндай нәрселер туған-туыстарға, достарға жақсы тарту болуы мүмкін.

Изображение слайда

1. Еңбегі қаттының ембегі тәтті. 2. Еңбек — өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі. 3. Еңбек түбі — береке. 4. Еңбексіз өмір жоқ, Ауырсыз жеңіл жоқ. 5. Шеберді саусағы асырайды.

Изображение слайда

Слайд 12

Ерікті еңбек адамның өмір сүруі үшін ерекше маңызды роль атқарады, еңбексіз адам өзінің барлық адамдық қасиетінен және барлық құнынан айырылады. Еңбек адамның жетілуі үшін керекті жағдайды жасап қана қоймай, сонымен бірге адамның ар-ұятын өз дәрежесінде сақтап тұруға да көмектеседі. Адам өзінің жеке еңбегінсіз бір адым ілгері баса алмайды, қайта кері кетеді. («Еңбектің тәрбиелік маңызы жөнінде» еңбегі).

Изображение слайда

Слайд 13

Қазақ халқының ұлы ұстазы, балалар әдебиетінің атасы, тәлімгер әрі педагог Ыбырай Алтынсарин сәби тәрбиесіне айтарлықтай ерекше мән беріп, балаға деген рақымшылық сияқты аталық сезімін білдірген ұлы қаламгер. Ыбырай атамыздың шығармаларынан үнемі есіп тұратын лебіз ол «Адам бол!» деген гуманизм. Яғни, адам болу үшін іздену, талаптану, еңбек ету, үлкенге құрмет, кішіге ізет ету, сыншыл болу керектігін әр шығармасында тілге тиек етерліктей атап өтеді. Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы – еңбек тәрбиесі. Осындай еңбек тақырыбына арналған Ыбырай атамыздың туындылары да жетерлік. Мәселен, «Сәтемір хан», «Әке мен бала», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Қыпшақ Сейітқұл», «Бай баласы мен жарлы баласы», т.б. шығармалары бар.

Изображение слайда

Слайд 14

Балабақшада жаңа бағыттағы тәрбие жүйесін іске асыру үшін халықтық педагогикаға негізделген дәстүрлі еңбек тәрбиесінің төмендегідей бағыттарын белгілеу керек: ата-баба дәстүріне, әдет-ғұрпына, ұлттық өнер саласына арналған материалдар жинап, оны сәбилер тобынан бастап, мектепке дейінгі бала жасына лайықты етіп топтастыру, мазмұндық сабақтастығын ескеру; дәстүрлі еңбек тәрбиесін кешенді жүргізу мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді меңгеру; отбасы мен балабақша арасындағы бірлікті нығайту, еңбек тәрбиесін отбасындағы дәстүрлі еңбек түрлерімен байланыстыра отырып жүргізу; тәрбиешінің баланың жеке басының даму ерекшелігін, отбасы тәрбиесінің өзіндік сипатын жете білуі, осының негізінде еңбек тәрбиесін ұлттық еңбек дәстүріне сәйкес жүргізуі; қазақ балабақшаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, балаларды қазақ халқының дәстүрлі еңбегіне баулитын ғылыми-әдістемелік құралдармен, түрлі дидактикалық көрнекіліктермен, т.б. қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Еңбек тәрбиесі

Назарларыңызға рахмет!!!

Изображение слайда

Похожие презентации