Первый слайд презентации: Ежелгі Шығыс елдері
Слайд 2
Ежелгі Шығыс адамзат баласының өркениеті мен мәдениетінің бесік бастауы болып табылады. Алғаш рет Шығыс елдерінде тәрбие, білім беру мәселелері көтеріліп, ғылымның дамуына жағдай жасалды. Ежелгі Шығыс елдері Қытай, Үндістан, Мысыр, Ассирия, Вавилонда ең алғашқы мектептер ашылып, тәрбие ісі ұйымдасқан түрде жүргізіле бастады.
Слайд 3
Қытай Халық Республикасы — Азия құрылығында орналасқан мемлекет. Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынан астам, халық көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән ); жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР-сын бір партиялы, авторитарлық елдер қатарына жатқызады.
Слайд 5
Үндістан Республикасы — Үнді мұхиты алабында, Гималай тауларынан оңтүстікке қарай Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Азия елдерін Еуропа және Африкамен байланыстыратын маңызды теңіз және әуе жолдарының торабында жатыр. Батыс жағалаулары Араб теңізінің, шығыс жағалаулары Бенгал шығанағының суларымен қоршалған. Аумағы 3,3 млн. км2 ( Лаккадив, Андаман және Никобар аралдарын қоса есептегенде ). Астанасы — Дели ( Нью-Дели ) қаласы. Халқы 1 млрд. 33 млн. (2001), оның 72%-ы шығу тегі жағынан үнді-арийлер, 25%-ы д равидтер ( негізінен оңттүстікте тұрады ), 3%-ы — моңғол тектестер. Халқының 9/10 бөлігін ірі ұлттар : хиндустандықтар (31%-дай), бихарлықтар, бенгалдықтар, телугулар, маратхилер, тамильдер, гуджараттар, малаялилер, каннара, ориялар, пенджабдықтар, раджастхан / раджастхандар, ассамдықтар, кашмирліктер, т.б. құрайды.
Слайд 7
Мысыр – Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елі. Оның аумағының бір бөлігі - Синай түбегі - Азияда жатыр. Екі құрылықтың арасындағы шекара Суэц каналының бойымен өтеді. Мысырдың миллион текше километрден асатын аумағының 96% - бұл сирек кездесетін шұрайлы жерлерден тұратын шөлді дала, ал шөлді даланың аумақты бөлігі – құмды емес, таулы болып келеді. Қалған бөлігінде 70-миллиондық тұрғыны бар елдің 9 пайызды әлі күнге дейін өмір сүріп жатқан Нілдің алқабы мен атырауы. Тіпті ежелгі грек тарихшысы Геродот «Египет – Нілдің сыйы » деп айтқан болатын. Ұлы өзеннің арнасы мың жарым километрге созылып, оңтүстіктен, Суданмен жалғасып жатқан шекарасынан солтүстікке, Жерорта теңізінің жағалауына дейін, шығыс Аравия шөлейтін Батыс Ливия шөлейтінен бөліп жатыр. Нілдің бойындағы « тіршілік жолағының» арнауы оңтүстігінде бір километрден Каир ауданына дейін 20-25 километрге дейін жетеді. Шөлейт жерлерінің өзі: құм, құм төбелер, көшпенділердің тілдерінде ғана атауы түсінікті – сарыдан, қою сары секілді күлгін түске дейінгі небір түстердің түрлері аса бір әсерде қалдырады.
Слайд 9
" Ассирия " — біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың бас кезінде Тигр өзенінің орта ағысы тұсында ( қазіргі Ирак аумағы ) құрылған ірі мемлекет. Ассирияның болашақ астанасы Ашшур қаласы маңызды сауда жолдарының бойында орналасты. Біздің заманымыздан бұрынғы 16 ғасырда осы қала басшылары көрші территорияларды жаулап алып, Ассирия мемлекетінің негізін қалады. Көп ұзамай Вавилон ықпалына түскенімен, ол әлсірей бастаған уақытта қайтадан тәуелсіздікке қолы жетті. Біздің заманымыздан бұрынғы 14 ғасырда Митанияны ж аулап алып, қуатты мемлекетке айналды. Хет патшалығы құлағаннан кейін Ассирия билеушісі Тиглатпаласар І ( біздің заманымыздан бұрынғы 1115 – 1077 ) бірнеше сәтті жорықтар нәтижесінде мемлекет шекарасын Вавилоннан Мысырға дейін кеңітті.
Слайд 11
Вавилон, Вавилония – Е желгі мемлекет. Даму тарихы төрт кезеңге бөлінеді : 1) ерте Вавилон патшалығы ( біздің заманымыздан бұрынғы 1894 – 1518); 2) касситтер дәуірі ( біздің заманымыздан бұрынғы 1518 – 1204); 3) саяси құлдырау дәуірі ( біздің заманымыздан бұрынғы 1204 – 626); 4) жаңа Вавилон патшалығы ( біздің заманымыздан бұрынғы 626 – 538). Месопотамияның оңтүстік бөлігінде (қазіргі Ирак жері ) біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың басында пайда болған бұл мемлекет өзінің басты қаласының атауымен аталды. Ол алғашында (біздің заманымыздан бұрынғы 24 – 22 ғасырлар ) Аккад мемлекеті патшаларының, кейіннен Ур әулетінен шыққан ( біздің заманымыздан бұрынғы 22 – 21 ғасырлар ) патшалардың қол астына қарады