Феодалдық экономика ерекшеліктері неде ? — презентация
logo
Феодалдық экономика ерекшеліктері неде ?
  • Феодалдық экономика ерекшеліктері неде ?
  • Ой қозғау Феодализм сөзін қалай түсінесіз?
  • Феодализм
  • Феодалдық экономика ерекшеліктері неде ?
  • Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері
  • ФЕОДАЛИЗМ
  • ФЕОДАЛИЗМ
  • Феодалдық шаруашылық түрінің ерекшеліктері.
  • Феодалдық бытыраңқылық.
  • Феодалдық саты
  • Феодалдық саты
  • Феодалдық экономика ерекшеліктері неде ?
  • 2-тапсырма: Әскери іспен айналысатын феодалдардың қай елге қатысты екендігін анықтаңдар.
  • 3-тапсырма: Шаруалардың феодалға өтейтін міндеткерліктерін анықтаңыз.
  • Үйге тапсырма
1/15

Первый слайд презентации: Феодалдық экономика ерекшеліктері неде ?

6 сынып Дүниежүзі тарихы Феодалдық экономика ерекшеліктері неде ? БҮГІН САБАҚТА Сенің білетінің : Феодализм түсінігін біледі Сенің меңгеретінің : - Феодалдық шаруашылық түрлері мен ерекшеліктері - Феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымы

Изображение слайда

Слайд 3: Феодализм

«Феод» атауы « жерге мұрагерлік иелік ету » деген латынша ұғымды білдіреді. Ал бұл жердің иесін «феодал» деп атаған. Феодализмнің мәні — жер кімнің иелігінде болса, биліктің де соның қолында болуы. XVII ғасырдағы француз тілінің түсіндірме сөздігінде « феодализмге » берілген тұңғыш анықтамада « феодтың иесіне берілетін заңдық құқықтардың жиынтығы » деп сипатталған.

Изображение слайда

Слайд 4

Негізгі ұғымдар Сыйға берілген жер «феод», ал ол үлестің иесі «феодал» деп аталды. Натуралды шаруашылық - мұндай шаруашылық кезінде еш нәрсе сатылмайды және сатып алынбайды. Дворяндар – а қсүйек, шонжарлар Рыцарьлар – әскери іспен айналысатын феодалдар. Шаруа - қарапайым, күндерін қара еңбекпен көріп жүрген тұрғындарды айтады.

Изображение слайда

Слайд 5: Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері

Батыс Еуропа елдерінде ІХ-Х ғасырларда қалыптасты. Оның ең басты белгісі — жердің негізгі табыс пен байлық көзіне айналуы Кімнің жері көп болса, сол құрметті адам болды. Ақсүйек шонжарлар мен корольдер, әскер қолбасшылары қауым жерлерін, жаулап алынған жерлерді өздерінің мұрагерлік меншігіне айналдырды. Ірі жер иелеріне өздерінің жер иеліктерін ұлғайтуға мемлекет көмектесті. Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері

Изображение слайда

Слайд 6: ФЕОДАЛИЗМ

Король мен ақсүйек шонжарлар бірте-бірте ірі жер иеленушілерге айналды. Король, ақсүйектер мен әскер қолбасшылары — мырзалар артық жерлерін өз қызметкерлеріне, бағынышты феодалдарына ( вассалдарына ) үлестіріп берді. Алғашқыда жер әскери қызмет атқарғаны үшін сыйға берілсе, кейін мұраға қалдырылды. Бір феодалдың жер үлесі ұлан-ғайыр көп болса, екінші феодалдың жері аздау болды. Феодалдар жерді онда өмір сүретін жүздеген, мыңдаған шаруаларымен қоса иемденді. Сондықтан орта ғасырда « қожайынсыз жер болмайды » деген нақыл тарады. ФЕОДАЛИЗМ

Изображение слайда

Слайд 7: ФЕОДАЛИЗМ

Феодалдар өз жерлерінде ерікті шаруалардың еңбегіне негізделген шаруашылық құрды. Осындай шаруашылық феодалдық поместъе (вотчина) деп аталды. Феодалдық поместье V ІІІ-ІХ ғасырларда Франк мемлекетінде қалыптасып, Батыс Еуропа елдерінде кеңінен қанат жайды. Мұндай шаруашылықта шаруалар жер иелеріне тікелей тәуелді еді. Феодалдық вотчинадағы жер 2 бөліктен тұрды : 1) қожаның жері домен деп аталды ; 2) тәуелді шаруалардың пайдалануындағы үлестік жерлер. Кейбір шаруалардың шағын, дербес шаруашылықтары да болды. Бірақ олар жерсіз күн көре алмағандықтан, поместьенің иесіне тәуелділікке түсті. Феодалдар мемлекеттің көмегімен шаруаларды өздеріне кіріптар етті. ФЕОДАЛИЗМ

Изображение слайда

Феодалдық құрылыстың келесі бір белгісі — шаруашылықтың натуралды, яғни томаға-тұйық сипаты. Феодалдың өміріне қажетті бұйымдар мен азық-түліктердің бәрі оның поместьесінде ( иелігі ) өндірілді. Феодал поместьесіндегі шаруалар малдың жүнінен жіп иіріп, мата тоқыды, одан киім-кешек тікті, үй жиһаздарын, ыдыс-аяқ пен құрал-саймандарды өздері жасады. Шаруалар да, олардың қожайындары да еш нәрсені сатып алмады, « бәрі өзімізде бар» деген үрдісте өмір сүрді. Тек өздері өндірмейтін тұз бен темірді ғана олар азық-түлікке, малға айырбастап алатын. XI ғасырға дейін ел ішіндегі сауда-саттық өте төмен дәрежеде болды. Феодалдық шаруашылық түрінің ерекшеліктері.

Изображение слайда

Слайд 9: Феодалдық бытыраңқылық

IX ғасырда Карл империясынан Франция, Германия, Италия бөлініп, жеке корольдіктер құрды. Олардың әрқайсысы көптеген иеліктерге бөлінді. Көптеген феодалдардың жер көлемі король иелігінен де асып түсті. Әрбір ірі феодалдың өз әкімшілігі мен соты, әскері болды. Оларды қол астындағы шаруаларды бағыныштылықта ұстау әрі сыртқы жаудан қорғануға пайдаланды. Ірі феодалдар көршілерімен соғысу немесе бітім жасау мәселелерін өздері шеше беретін. Күшейіп алған жекелеген феодалдар өздерін корольмен тең санай бастады. Осының бәрі ІХ-Х ғасырлардағы Батыс Еуропада феодалдық бытыраңқылықтың негізгі себептері болды. Феодалдық бытыраңқылық.

Изображение слайда

Слайд 10: Феодалдық саты

Изображение слайда

Слайд 11: Феодалдық саты

Ең жоғарғы баспалдақта басты феодал - королъ тұрды. Ол жоғарғы сот және әскердің қолбасшысы міндеттерін де атқарды. Келесі баспалдақта корольдің бағыныштылары герцогтер мен графтар болды. Герцогтер мен графтардың қол астына жүздеген деревнялар қарады. Олардың билігінде үлкен өскер отряды болды. Графтардан кейінгі баспалдақта олардың бағыныштылары - барондар мен виконттар түрды. Олар жиырма-отыз деревняны басқарып, сол деревнялардан шағын әскер бөлімін жасақтауға мүмкіндік алды. Барондар ұсақ феодалдардың - рыцарълардыц мырзасы еді. Ал рыцарьлар әлі рыцарь атағын ала қоймаған қатардағы жауынгерлердің мырзасы атанды. Мырзалардың бір-біріне сатылы бағыныштылығы әр елде әр түрлі болды. Мысалы, Германияда феодалдық сатының баспалдақтарында тұрғандардың бәрі өздерін төменнен жоғары қарай корольге бағыныштымыз деп есептеді. Ал Францияда « менің бағыныштымның бағыныштысы маған бағынышты емес » деген қағиданы ұстанды. Феодалдық саты

Изображение слайда

Слайд 12

ШАРУАЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Изображение слайда

І. Рыцарьлар ІІ. Самурайлар ІІІ. Сипахилер Батыс Еуропа Осман империясы Жапония

Изображение слайда

Слайд 14: 3-тапсырма: Шаруалардың феодалға өтейтін міндеткерліктерін анықтаңыз

Міндеткерлік түрлері Соғыста жүрген ауылдастарын азық-түлікпен қамтамасыз ету Феодалдан алған жер үшін міндеткерлік: Барщина, оброк Қоғамдық жұмыстар: тегін көпір салу, жол жөндеу

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Феодалдық экономика ерекшеліктері неде ?: Үйге тапсырма

Европадағы феодалдық бытыраңқылықтың себептерін берілген кластер арқылы ашып көрсетіңіз ? Европадағы феодалдық бытыраңқылықтың себептері

Изображение слайда

Похожие презентации