Ғылым тарихы — презентация
logo
Ғылым тарихы
  • Ғылым тарихы
  • Жоспар:
  • Ғылым дегеніміз не?
  • Ғылым тарихы
  • Ғылымның пайда болуы
  • Ғылымның пайда болуы
  • Ғылымның дамуының негізгі кезеңдері
  • Ғылымның дамуының негізгі кезеңдері
  • Үндістан
  • Қытай
  • Антика ғылымы
  • Антика ғылымы
  • Орта ғасыр ғылымы
  • Орта ғасыр ғылымы
  • Ғылыми төңкеріс және классикалық ғылым
  • Ғылыми төңкеріс және классикалық ғылым
  • Постклассикалық ғылым
  • Постклассикалық ғылым
  • Ғылым тарихы
1/19

Первый слайд презентации: Ғылым тарихы

Орындаған: Маккам Ұ.Б. Қабылдаған: Кудайбергенова Н.Ж.

Изображение слайда

Слайд 2: Жоспар:

Ғылым дегеніміз Ғылымның пайда болуы мәселелері Ғылымның дамуының негізгі кезеңдері

Изображение слайда

Ғылым — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. Жалпы тұрғыда ол жүйелі білім мен ғылыми тәжірибені меңзесе, ал, арнайы мағынада ғылыми әдістер арқылы жинақталған логикалық білім жүйесін көрсетеді. Яғни, ғылым ғылыми білімдерді ғана емес, сол білімдерге қол жеткізудің барлық жолдары мен әдістерін түгел қамтитын біртұтас кешенді жүйе.

Изображение слайда

Слайд 4: Ғылым тарихы

Ғылым тарихы - бұл әртүрлі ғылымдардың дамуы немесе қазіргі заманғы ғылыми дүниетанымның тарихы : ғылыми ілімдердің, ғылымда жазылған фактілер мен құбылыстардың, әдіснамалардың, идеялардың, дүниетанымдардың, процестер мен мәселелердің тарихи дамуының суреті, олардың әсері. уақыт өте келе байқауға болады.Ғылым, атап айтқанда, ғылыми қоғамдастық алған Дүние туралы эмпирикалық, теориялық және практикалық білімдердің жиынтығы. Бір жағынан, ғылым объективті білімді білдірсе, екінші жағынан, оны адамдардың меңгеру және пайдалану процесін білдіретіндіктен, ғылымның саналы тарихнамасы тек ойлау тарихын ғана емес, сонымен бірге даму тарихын да ескеруі керек. тұтастай алғанда қоғамның.

Изображение слайда

Слайд 5: Ғылымның пайда болуы

Ғылымның тарихи уақыты туралы м ə селе бірнеше шешімнің иесі болады. Олардың барлығы үстемді ж ə не күшсіз болуы мүмкін, себебі, ə р ұсынылған нұсқада тарихи уақыттың ə серімен ғылым өзгеше сипатталады. Кейбір ғалымдар антикалық ғылым феноменіне назар аударады, яғни, сол кезде теориялық ғылымның негіздері қалыптасты деген пікір ( мысалы, Евклид геометриясы ). Алғашқы натурфилософтар ( Стагириттің анықтамасы бойынша « фисиологтар ») көбінесе философтар емес, ғалымдар болған. Б ə рімізге м ə лім, антика ə лемі математиканы қолданып, теориялық деңгейіне дейін ə келді. Антикада ақиқатты тануға, яғни, логика мен диалектикаға назар аударған.Басқа еӊбектерде антикалық ғылымның ежелгі түрі – мысыр өркениеті туралы айтылады. Б.д.д. 4 мың жылдықта Ежелгі Мысыр өркениетінде математика, медицина, география, химия, астрономия салаларын терең біліммен меңгерген.

Изображение слайда

Слайд 6: Ғылымның пайда болуы

Ежелгі Мысырдан шыққан құпия, мистикалық ілімдер ақырында Үнді, Парсы, Халдей, Қытай мен Жапон, Ежелгі Грекия мен Римнің білім үрдісіне ə сер еткені айқын. Айтылған барлық салалар бойынша Мысыр — ең ежелгі антикалық ғылым түрінің иесі. Тағы бір нұсқа — ғылымның соңғы орта ғасыр м ə дениетінде пайда болуы туралы. Кейбір м ə ліметтерде ғылымның шығуын Батыс Еуропада (12-14 ғғ.) соңғы орта ғасыр м ə дениетінің өркендеуінде деп санаған. Ағылшын епископы Роберт Гроссетест (1175-1253 жж.) пен ағылшын францискан монахы Роджер Бэконның (1214-1292 жж.) қызметінде т ə жірибелік білімнің ролі басқаша қарастырылған. Ғылымның пайда болу туралы ең д ə стүрлі нұсқасы — ғылымының бастамасы Жаңа заманда болған, жалпы еуропалық тұрғыда (16-17 ғғ. Басы), Коперниктің талпарысы, Галилей мен Ньютонға негізделген классикалық механиканың заңдары, дүниенің ғылыми бейнесі.

Изображение слайда

Слайд 7: Ғылымның дамуының негізгі кезеңдері

Ежелгі ə лемнің архаикалық білімі немесе ғылымның қалыптасу қарсаңы — бұл Ежелгі Шығыста практикалық т ə жірибені индуктивтік жалпылау арқылы ж ə не қоғамда ұрпақтан – ұрпаққа жалғаса берген білім. Астрологияның, Евклидке дейінгі геометрияның, жазудың, нумерологияның қалыптасуы. Антика ғылымы — алғашқы ғылыми теорияларыны ӊ қалыптасу кезеӊі (атомизм) және алғашқы ғылыми трактаттардың жазылуы, мысалы Птолемей астрономиясы, Теофраст ботаникасы, Евклид геометриясы, Аристотель физикасы. Орта ғасыр ғылымы — орта ғасырдағы ғылымның қалыптасуыны ӊ мысалы болып Жабир ибн Хаиянның алхимиясы болып табылады.

Изображение слайда

Слайд 8: Ғылымның дамуының негізгі кезеңдері

Ғылыми төңкеріс және классикалық ғылым — Галилео Галилейдің, Исаак Ньютонның, Карл Линнейдің еңбектерінде ғылымның қазіргі мағынасында қалыптасу кезеӊі. Постклассикалық ( классикалық емес ) ғылым — классикалық рационалдықтың дағдарыс кезеңінің ғылымы : Дарвинның Эволюциялық ілімі, Эйнштейннің Салыстырмалылық теориясы, Гейзенбергтің Анықталмағандық принципі, Үлкен жарылыс гипотезасы, Рене Томның қирау теориясы, Мандельброттың фракталды геометриясы.

Изображение слайда

Слайд 9: Үндістан

Жалпы адамзат тарихында қола дәуірінен өту өндіргіш күштердің ширақ дамуына ғана әкеліп соққан жоқ, сонымен қатар рулық, алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, құлдық қоғамның пайда болуына, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуіне, адамның белсенді іс-әрекеті арқасында өзінің табиғат құдыреттері алдындағы әлсіздігі, бағыныштылығы сияқты құбылыстарды жоюда алғашқы қадам жасауына, сол табиғат құбылыстары туралы білімнің қалыптасуына осы негізде абстракциялық ойлау қабілетінің өсуіне мүмкіндіктер туды. Сөйтіп ғасырлар бойына қалыптасқан әдет-ғұрып, дәстүр, дүниетанымдық көзқарас күйзеліске ұшырап, олардың орнына қоғамда қалыптасқан жаңа жағдайларды түсіндіретін тың көзқарас кең өріс ала бастады. Бұл көзқарас қияли заңдылықтарға сүйенген мифологиялық дүниетаным мен жаңадан дүниеге келіп жатқан білім және ойлау қабілетінің арасындағы қайшылықтарды шешуге тырысты. Бірақ, мұндай көзқарас әлі де болса философия емес еді. Себебі, ежелгі шығыста өндірістік тәсілдің баяу қалытасуы, философиялық ой- пікірдің сол кездегі жетістіктермен нашар байланыста болуы, шығыс философиясының діни-мифологиялық көзқарастан, күнделікті әдептілік санадан толық арылуына мүмкіндік бермеді.

Изображение слайда

Слайд 10: Қытай

Ежелгі қытайда ғылымның да кейбір салалары пайда бола бастады. Мысалы : метематика астрономия, медицина. Осы ғылымдар саласындағы жетістіктер негізінде ай мен күнннің тұтылу мезгілін анықтады, астрономиялық құбылыстар мен тұтылу мезгілін анықтады, астрономиялық құбылыстар мен жердегі құбылыстардың байланысын айқындауға, күнтізбе (календарь), уақыт есептеу т.б. Тәсілін ойлап, табуа мүмкіндік туды. Бірақ, ғылым әлі де болса әлжуаз қалыпта еді. Бұл жағдай философиялық ілімдердің деңгейіне әсер етпей қойған жоқ. Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған ежелгі қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа – мектептарге бөлінді. Олар : конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі ( легистер ), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және атаулар мектебі. Біз бұл аталған философиялық мектептердің ішіндегі ең көрнектілері – конфуцийшылдық, даосизм және легистерге ғана қысқаша тоқталамыз.

Изображение слайда

Слайд 11: Антика ғылымы

Б.д.д. V ІІ- V антикалық рухани даму мифологиялық, діни көзқарастан ғылыми, философиялық көзқарасқа қарай бағытталды. Бұл кезеңді антикалық философия тарихында сократқа дейінгі, ал б.д.д. V- ІІІ ғасыр ойшылдардың мәнділіктің генетикалық бастамасын, түпнегізін жалпы дүниетанымдық жалпы дүниетанымдық көзқарастың негізі етіп алып, оны өзінің категориялық аппараты тұрғысынан түсіндіріп философиялық ойлауды биік деңгейге көтеруіне байланысты кезеңді – сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп кіге бөледі. Сократқа дейінгі дүниеге келген алғашқы философиялық мектеп кіші азияда шыққан милет мектебі болды. Оның негізін қалаушы милет қаласында өмір сүрген, жеті данышпанның қатарына жататын солардың ішінде ең сыйлысы фалес болды ( шамамен б.д.д. 625-547 жж.). Ол “ бастама туралы ”, “ күн туралы ”, “ күн мен түннің теңесуі туралы ”, “ теңіз астрологиясы ” деген еңбектер жазған, бірақ олар біздің заманымызға жетпеген. Аристотель өзінің “метафизика” деген еңбегінде заттардың генетикалық бастамасын іздеген, олардың сол бастамадан қалай пайда болғанын және содан қалай қайтып келетінін, басқаша айтқанда, денелердің өзгеруіне қарамастан, жалпы табиғатың жойылмайтындығын мәселе етіп көтергендердің ішіндегісі біріншісі фалес болды деп көрсетеді.

Изображение слайда

Слайд 12: Антика ғылымы

Фалестің ілімінше, барлық денелердің генетикалық бастамасы – су. Бұл жерде су – мухит ( нун ), абзулардың ( апсулардың ) философиялық жиынтықталған ұғым. Фалес, бір жағынан, барлық денелер суда қалқып жүреді десе, екінші жағынан, ол жай су емес, ол “ ақыл -ой”, осы тұрғыдан ол құдай тектес дейді. Ол әлемдегі барлық заттардың өмір сүруінің алғы шарты -мыс. Күн және басқа әлемдік денелер судың буымен қоректенеді. Әлем құдайға толы, құдайлар әлемдегі болып жатқан құбылыстардың, ісәрекеттің негізгі күші, сонымен қатар, сол денелердің өзіндік қозғалыстарының қайнар көзі ретінде – солардың жаны. Мысалы, магниттің жаны бар, себебі, ол өзіне темірді тарта алады. Анаксимандр ілімінше, тіршілік теңіз бен құрлықтың шекарасы айда, аспан отының әсерімен пайда болды. Алғашқы тірі жәндіктер теңізде өмір сүрді, кейін олардың кейбіреулері өздерініе қабыршықтарын тастап, құрлыққа шығып, тіршілік етті, сөйтіп, жануарлар пайда болды. Ал адам теңіз жануарларының бір түрінің ішінде өсіп, өрбіп, ер жеткеннен ( есейгенннен ) кейін құрлыққа шығып, өмір сүрді. Пифагор ( б.д.д. 580-500 жж.) Біздің дәуірімізге дейінгі V- І ғасырдың аяғында философиялық ілімдер кіші азиядан “ ұлы элладағы ” ауыса бастады. Осы кезеңде оңтүстік италия мен сицилияда “ пифагоршылар мектебі ” деп аталған одақ құрылып, онда қоғамдық өмірді діни-әдептілік тұрғыдан реформалау қажеттігі туралы ілім кең өріс алады.

Изображение слайда

Слайд 13: Орта ғасыр ғылымы

Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына батыс европа елдерінің қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алып, тарауына байланысты “ шіркеу әкейлері ” мен “ пұтқа табынушылар ” философиясының арасындағы мәмлеге келмес күрестің өрбу деңгейіне байланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Біздің заманымыздың ІІ ғасырынан бастап, алғашқы христиандық ойшылдардың ілімдерін жинақтап, кейін алолегетика ( қорғау ) деп аталып кеткен діни-философиялық бағыт пайда болады. Негізгі өкілдері : юстин мученик (100-167 жж ), тациан (ІІ ғ. Екінші жартысы ), тертуллиан квинт септимий флоренс (160-222 жж ) т.б.б олар өз ілімдерінде христиан діні ежелгі грек философиясы сияқты жалпыазамат алдында тұрған маңызды да күрделі мәселелерді көтеріп, оларға ежелгі грек философтарынан гөрі тереңірек, ауқымды және ұтымдырақ жауап береді, сондықтан да оларды христиан дініне сенбейтін билеушілер мен ғалымдардың сынауы негізсіз деген пікірді басшылыққа ала отырып, жаңа грек философиясының орнына боасатын христиандық діни-филослофия жасауға бар күштерін салды. Барлық нақтылықтың денесі бар. Құдай – нақтылық. Демек, құдайдың да денесі бар. Жалпы нақтылық уақыттық бастамасы жоқ ( тертуллин ). Осы тұрғыдан апологеттер платоншылар мен гностиктердің тән және жан туралы ілімдерін сынға да алады. Апологеттердің христиан дінінің өнегелік қағидаларының артықшылығын ескере отырып, оны мемелекеттік дінге айналдыру қажет деген идеясы, құдайдың мәні мен табиғаты, әлемнің жаратылуы, адам табиғаты және өмір сүру мақсаты туралы көтерген мәселелері ортағасырлық философияның келесі сатысы – патристика, схоластика кезеңдерінде өз көріністерін тапты..

Изображение слайда

Слайд 14: Орта ғасыр ғылымы

Орта ғасырлық шығыста V ІІІ-ІХ ғасырларды батыс еуропаның мәдениеттік даму деңгейі төмен дәрежеде қалып қойған кезде араб тілді философия, араб мәдениеті кең өркен жайды. Бұл арабтардың ұлттық санасезімінің оянуы, мәдениетінің кең өркен жаюы, жалпы V ІІ ғасырда арабстанда жаңа ислам дінінің пайда боуымен де байланысты болды. Олар V ІІ ғасырдың екінші жартысында ислам туының астында үлкен бір орталыққа айналды. Араб халифаты V ІІІ ғасырдың бірінші жартысында тіпті бұрынғы рим империясынан да асып түскені бізге тарихтан белгілі. Оның құрамына арабстаннан басқа иран, армения, индияның солтүстік батысы, сирия, египет, палестина, бүкіл солтүстік африка жағалауы және пирней түбегі кірді. Атлантикадын қытайға дейінгі сауда жалпы арабтардың қолында болды, араб тілі гибралтардан инд өзеніне дейінгі жерде ортақ тілге айналды. Араб халифатның қол өнері, шаруашылығы, атап айтқанда суармлы жерді пайдалану мәдениеті мен техникасы, саудасы мен өндірісі еуропаға қарағанд анағұрлым жоғары дәрежеде еді. Осы себептердің бәрі жиналып келіп, орта ғасырлық ғылым мен философияның күрт дамып өркен жаюына игі ықпал жасады.

Изображение слайда

Слайд 15: Ғылыми төңкеріс және классикалық ғылым

Техника мен технология бүгінгі қоғамның жедел дамуының маңызды факторына айналды және техника ықпалын тигізбеген адам өмірінің бірдебір саласы қалмады. Қазіргі коммуникация құралдарының арқасында мемлекеттің еркі оның ең шалғай аудандарына дейін қамтып, кез-келген уақытта әрбір үйде өзін білдіре алады. Техниканың әсерімен терең процестер орын алады, еңбек өнімділігі өте шапшаң өседі. Оның мазмұны өзгереді. Қоғамның әлеуметтік құрылымы өзгереді. Оның үстіне адам да өзгереді. Қазіргі техника тіпті адамның терең тылсымдық жақтарына да ықпалын тигізеді. Егер ертеректе адамға табиғаттағы да, әлеуметтік саладағы да өмір сүрудің өзгерген жағдайларына бейімделуі үшін жеткілікті дәрежеде уақыт бөлінсе, ал қазір табиғат пен қоғамдағы техника мен технологияның ықпалмен болатын өзгерістердің жылдамдығы сонша, қазіргі адам өмір сүрудің өзгерген жағдайларына бейімделіп үлгіре алмайды және әрқашанда таусылмайтын жаңа мәселелердің үнемі туындап отыруына әкеледі. Осыған байланысты қазіргі философияда адам мәселесін зерттеудің техника философиясы түріндегі жаңа қырын қою қажеттілігі туындайды.

Изображение слайда

Слайд 16: Ғылыми төңкеріс және классикалық ғылым

Техника философиясы — бүгінгі күні өзінің гүлдену кезеңін бастан кешіп жатқан батыс философиясының қазіргі бағыттарының бірі. Батыста техника философиясының қалыптаса бастауын И.Бекманның есімімен және 1777 жылы басылып шыққан оның “Технология бойынша жетекшілік, немесе қолөнерді, фабрикалар мен мануфактураларды тану ” деп аталатын еңбегімен байланыстырады. Бірақ көпшіліктің пікірінше, бұл саладағы негіз қалаушы еңбек 1877 жылы жарияланған және жүз жылдан кейін Германияда қайта басылып шыққан Э.Капптың “Техника философиясының негізгі белгілері ” деп аталатын жұмысы болып саналады. Техника философиясы — қазіргі әлемдегі техника феноменін философиялық-методологиялық және дүниетанымдық тұрғыда зерттеуге негізделген қазіргі философиядағы бүтіндей бір бағыт. Бұл бағыт бастапқыда Батыс Европа мен Солтүстік Америкада, кейінірек 60-80 жылдары Жапонияда кеңінен таралды. Батыстағы қазіргі техника философиясының бастапқы өкілдері қатарына Э.Капп және Ф.Дессауэрмен қатар О.Шпенглерді, Ортега -и- Гассетті, Мэмфордты, К.Шиллингті және т.б. жатқызуға болады. Бірақ, сонымен қатар техника ұғымы ертедегі ойшылдарда да кездеседі. Мысалы, еңбектің табиғи және жасанды органдары арасындағы анология туралы ой Платон мен Аристотельде ұшырасады. Егер Аристотель қолды “ құралдың құралы ” деп атаса, Гегель де осы идеяны қайталайды.

Изображение слайда

Слайд 17: Постклассикалық ғылым

Постбейклассикалық ғылым ол 1970 жылдары басталған ғылымның қалыптасуының жаңа келбетін айтамыз. Аталмыш тұжырымдаманы алғаш болып академик В.С.Степин енгізен болатын. Бұл ұғыммен қатар қазіргі кезде " постбейклассикалық рационалдылық ", " постбейклассикалық ойлау ", тіпті " постбейклассикалық әлем " деген түсініктер қатар пайда болды. Постбейклассикалық кезеңнің ерекшеліктері деп пәнаралық зерттеулердің алдыңғы орынға шығуы, кешенді зерттеу бағдарламаларының дамуы, өнеркәсіптің утилитарлық, яғни қолданбалы қажеттіліктеріне қызмет етуіні атап көрсетуге болады. Демек, ғылымды синтездеудің жаңа формалары, ғылымның жаңа класстары пайда болды. Постбейклассикалық ғылымы XIX ғасырдың аяғы — ХХ ғасырдың бірінші жартысында әр түрлі ғылымдардағы әлемді сипаттауда параллелизмі немесе релятивизмге негізделген классикалық емес ғылымнан кейін келсе, ал өз кезегінде оның алдында әлемнің механистік бейнесіне негізделген Х VII ғасырдың классикалық ғылымы болды.

Изображение слайда

Слайд 18: Постклассикалық ғылым

Пост- классикалық ғылымның маңызды жаңалығы-бұл " адам мөлшері " ( человекоразмерных ) (В.С. Степин) деп аталатын осындай нысандарды зерттеу шеңберіне ену. Олар қазіргі адамзаттың қызметіне тікелей тәуелді болатын объектілерді ( мысалы, экологиялық немесе адам -машина жүйелері, Жер биосферасы, жақын ғарыш немесе " жаһандық проблемалар " деп аталатын ) немесе тіршілік етуі адамның биологиялық табиғатына әсер етуі мүмкін объектілерді ( мысалы, гендік инженерия объектілері ) білдіреді. "Адам өлшемді " Нысандар ғылыми қоғамдастықтың алдына тек моральдық-этикалық қана емес, сонымен бірге құқықтық мәселелерді де қояды — ғылыми зерттеулер саласында тыйым салу мен жорамалдар жүйесін енгізу қажеттілігі туындайды. Осылайша, ғылыми объектінің қалыптасуына ғылыми емес факторлар айтарлықтай әсер етеді.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Ғылым тарихы

Назарларыңызға рахмет!

Изображение слайда

Похожие презентации