Первый слайд презентации: Ынтымақтастық технологиясы
Асқатқызы Ұлпан ШТ-18-1 тобы
Слайд 2: АНЫҚТАМА
Ынтымақтастық технологиясы – оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым – қатынастың тең дәрежеде жүзеге асуы, бірлік одақта қызмет етуі, мұғалімнің оқушыға басымдылық көрсетпеуі. Мақсат, талап ету педагогикасынан қарым – қатынас педагогикасына өту ; оқушыға ізгілік тұрғысынан қарау ; оқыту мен тәрбиелеуді ұштастыру.
Слайд 3: Ынтымақтастық – бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс - әрекет. Оған керекті жағдайлар :
мақсаттың бір екенін анық сезіну ; ынтымақтасушы жақтардың қызметі дәл белгілеу ; мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушылардың т.б педагогикалық үрдіске қатысушылардың бір – біріне көмек беруі.
І кезең – оқыту процесіне қатысушылардың тренингтерді, өзара оқыту және шағын сабақтарды ұйымдастыру арқылы аталған іскерлікті меңгерудің қажеттілігін сезінуі ; ІІ кезең – оқушылардың бір-бірін біріккен әрекетке қатыстыруға қолдауды, жауаптарды жалпылауды, қорытындылауды, пікірлерді сынауды, жаңа материалды өткен материалмен байланыстыруды түсінуі. Аталған іскерлікті игеру, ақыл -ой ойындары мен тренингтердің көмегімен жүзеге асады және бақылаудың жеке парағына мұғалім немесе оқушы белгілейді ; ІІІ кезең – мұғалімнің қарым-қатынас жағдайларына байланысты жағдаяттарды құруы, топтық тапсырмаларды өңдеуі ( ақпаратты өзара алмасу, жасалған жұмыс бойынша есеп беру, оны бақылаушы топпен бағалау ); IV кезең – мұғалімнің оқушыларды іскерлікті оқу құралдарының көмегімен әрі қарай меңгеруін қолдауы.
Слайд 6: Үлес қосқан ғалымдар
Ынтымақтастық оқытудың негізгі идеологиясы американ педагогтарының үш тобымен бөлшектеліп өңделді : Джон Хопкинс университетінен, Миннесот (Роджер Джонсон и Дэвид Джонсон) университетінен, Дж.Аронсон, Калифорния тобымен. Содан бастап ынтымақтастық оқыту пікірі көптеген әлем мемлекеттеріндегі педагогтарының күшімен өзіндік дамуға ие болды.