Первый слайд презентации
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар ҚРБжҒМ 2020 -2021 жылдың 28 желтоқсандағы №548 бұйрығы Бжб мен ТЖБ жұмыстарының жүргізілуі
Слайд 2
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ 2-11 сыныптарда Бөлім бойынша 1 жиынтық жұмыс Тоқсан бойынша 1 жиынтық жұмыс ҰСЫНЫЛАДЫ: 2-11 сыныптарда 2021 жылдың 1-13 наурыз аралығында БЖБ 2-11 сыныптарда 2021 жылдың 15 наурыздан бастап ТЖБ БЖБ және ТЖБ өткізілетін пәндер мектептің жұмыс оқу жоспарына сәйкес анықталады. 1-сыныпты бағалау жүргізілмейді. БАЛЛ ҚОЙЫЛУЫ: Ең жоғары балл 2-11 сыныптарда 10 балдан аспауы тиіс Қорытынды баға мынадай арақатынаста есептеледі: БЖБ – 25% ФБ - 25% ТЖБ – 50 %.
Слайд 4
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ Педагог: «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 548 бұйрығына сәйкес жиынтық бағалауды өткізу кезінде қойылатын талаптарды басшылыққа алады 2 қосымшасы. Сонымен қатар №548 бұйрықты негізге алу ІІІ тоқсан 3 ) «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Қоғам және дін» оқу пәндері бойынша жиынтық бағалауды өткізбейді; 4 ) жиынтық жұмыстың нақты берілген күнін көрсетеді. 5 ) Мұғалім оқу бағдарламасына сәйкес, үшінші тоқсанда өткен оқу материалының мазмұны бойынша жиынтық жұмыстардың (бұдан әрі – БЖБ, ТЖБ) тапсырмаларын әзірлейді. 6 ) Мұғалім БЖБ және ТЖБ тапсырмаларының техникалық спецификациясы негізінде 2-11 сынып оқушыларына арналған жиынтық жұмыс тапсырмаларын құрастырады. БЖБ және ТЖБ жауаптарын есептен шығарудың алдын алу мақсатында мүмкіндігінше шығармашылық сипаттағы тапсырмалар, практикалық тапсырмалар, жобалар, эссе және т. б. ұсынылады. 7 )Үйде оқитын, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін мұғалім оқу жүктемесін және олар оқыған оқу материалдарын ескере отырып жеке тапсырмалар әзірлейді.
Слайд 5
ЖИЫНТЫҚ ЖҰМЫСТАР ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ Қысқа және толық жауаптарды талап ететін көптеген жауаптарды таңдау сұрақтары бар тапсырмалар: 1) бірнеше жауап таңдау сұрақтарында білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауапты таңдайды; 2) қысқаша жауапты талап ететін сұрақтарда білім алушы жауапты сөз немесе қысқа сөйлем түрінде жазады; 3) толық жауапты талап ететін сұрақтарда білім алушы жауапты ұсыныс түрінде жазады. 4) Жауап нұсқаларымен тест тапсырмалары. 5) Шығармашылық тапсырмалар, практикалық жұмыстар, бағалаудың нақты критерийлерімен зерттеу міндеттері. 6 ) Бөлім үшін жиынтық бағалаудың оқу тапсырмаларының саны: – 2-4 сынып оқушылары үшін – 3 оқу тапсырмасы; – 5-11 сынып оқушылары үшін – 5 оқу тапсырмасы.
Слайд 6
БЖБ ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ ҚАДАМДЫҚ ӘРЕКЕТІ БЖБ өткізу кезіндегі мұғалім: 1) БЖБ өткізетін бөлімдерді/өтпелі тақырыптарды анықтайды. 2) таңдалған оқу материалын бөлімінің өткен тақырыптарына/оқу бағдарламасы бойынша өтетін тақырыптарға сәйкестігін тексереді. 3) білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлейді. 4) білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалау мақсатында тапсырмалардың мазмұнын тексереді. 5) білім алушылардың функционалдық дағдыларын дамытуға арналған тапсырмаларды қамтиды. 6) білім алушыларға жауап берудің нақты күнін көрсетеді. 7) Қол жетімді байланыс құралдары арқылы БЖБ тапсырмаларын жібереді (Күнделік.kz, мектеп порталының платформасында, электрондық пошта, чат, телебағдарламалар, Қазпошта және т.б. орналастыру) 8) сынып оқушыларының БЖБ тапсырмасын алғаны туралы аңықтап біледі. 9) жауаптарды есептен шығару жағдайларының алдын алу мүмкіндігін қарастырады. 10) Қажет болған жағдайда қол жетімді байланыс құралдары арқылы кеңес береді. 11) ҚР БҒМ № 548 бұйрығына сәйкес өлшенетін өлшемдерді баллмен пайдалануды сақтайды (БЖБ үшін max балл 1-4 сыныптарда 7-ден кем емес және 15-тен артық емес, 5-11(12) сыныптарда 7-ден кем емес және 20-дан артық емес). 12) оқушылар орындаған жиынтық жұмыстарды тексереді. 13) электрондық журналға/мұғалімнің уақытша журналына балл қояды. 14) білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне кез келген қолжетімді байланыс құралдары арқылы қағаз немесе электрондық форматта коментарий жазады/береді.
Слайд 7
ТЖБ ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ ӘРЕКЕТІ ТЖБ өткізу кезіндегі мұғалім: 1) ТЖБ тапсырмалардың техникалық спецификациясы негізінде тоқсан үшін жиынтық жұмыстың тапсырмаларын құрастырады. Орындауға 40 минуттан артық емес уақыт бөлінеді; 2) ТЖБ тапсырмалардың техникалық спецификациясы негізінде Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийін құрастырады; 3) білім алушалырға ТЖБ тапсырмаларын қол жетімді байланыс құралдары арқылы жібереді (электронды журналға орналастыру, интернет платформасында және басқа байланыс құралдары); 4) ТЖБ тапсырмасын сынып оқушылары алғандығына көз жеткізеді; 5) жауаптарды көшіру жағдайларының алдын - алу мүмкіндігін қарастырады; 6) техникалық ерекшелікке сәйкес балл қою схемасын қолданады ; 7) тоқсан бойынша оқушылар орындаған жиынтық жұмыстарды тексереді; 8) электрондық журналға/мұғалімнің уақытша журналына балл қояды; 9) білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне кез келген қолжетімді байланыс құралдары арқылы қағаз немесе электрондық форматта коментарий береді/жазады.
Слайд 8
БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ЖИЫНТЫҚ ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫН ҰСЫНУ ТӘСІЛДЕРІ 1) Мұғалім жауап берудің нақты күнін көрсетеді және білім алушыларға жиынтық жұмыс үшін тапсырмаларды электрондық журнал жүйесі, электрондық пошта, чат, теллеграммалар және басқа байланыс құралдары арқылы жібереді. 2) Интернет болмаған жағдайда балалардың оқу тапсырмалары мен өзіндік жұмыстары санитариялық қауіпсіздік шараларын пайдалана отырып (пошта бөлімшелері арқылы, қолма-қол) үйге жеткізіледі. 3) Қажет болған жағдайда мұғалім білім алушыларға қолжетімді байланыс құралдары арқылы кеңес береді. Әдістемелік ұсыныстарда 2-11 сыныптарда БЖБ және ТЖБ өткізілетін пәндердің саны мен атауларын көрсететін кестелер бар (2 қосымша)