Первый слайд презентации: Липидтердің құрылымдық компоненттері. Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтері
Слайд 2: Липидтер
Липидтер — ( гр. λίπος, lípos — май) — барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар.
Липидтердің қызметтері Липидтер барлык тірі жасушаларда болады, осыған орай организмде мынадай маңызды қызметтер атқарады : құрылыс, энергия көзі, қоректік зат, қорғаныштық, метаболизмдік және т.б. Құрылымдық. Нәруызбен бірге жарғақша құрамына кіріп, оның жартылай өткізгіштігін қамтамасыз етеді. Регуляторлық. Кейбір гормондар липидтік табиғатты болады. Қорғаныштық. Жылуды сақтайды, ішкі мүшелерді қорғайды, тері астындағы май созылғыштықты қамтамасыз етеді. Жануарлар организмі үшін су көзі Энергияны депонирлеу. 1 г май ыдырауының нәтижесінде 39 кДж немесе 9,5 ккал энергия бөлінеді.
Майлар Химиялық құрамы бойынша глицерин мен үлкен молекулалы май қышқылдарының эфирі болып табылады. Майлардың қызметтері : Май тағамның құрылымы мен дәмін қамтамасыз етеді, сондықтан қуырылған және майлы тағам әрқашан дәмді болып келеді.
Слайд 5: Майлардың химиялық құрылымы күрделі болып келеді. Оның молекуласы үш атомды спирт — глицерин мен жоғары молекулалы май қышқылдарынан тұратындығы мынадай формулада бейнеленген :
R 1, R 2, R 3 радикалдарының орнына кез келген пальмитин, стеарин, олеин және т.б. қышқылдары болуы мүмкін. Майлар : жануар, өсімдік майлары және т.б. болып бірнеше топқа бөлінеді. Майлардың бір-бірінен айырмашылығы — олардың құрамына кіретін май қышқылдарының сипатына байланысты.