Первый слайд презентации: ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ КӨЛІК АКАДЕМИЯСЫ Саяси ойлар тарихындағы басқарудың дұрыс және бұрыс формалары
Орындаған:Мырзабаева Нұргүл Тексерген:Сарсенбаев Ақылбек
Слайд 2
Жоспары: Платон қоғамды бөлуі Аристотельдің мемлекеттік саясатты дұрыс және бұрыс формаға бөлуі Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Слайд 3
Батыс елдер ішінде саяси идеялар ежелгі гректерде қатты дамыды. Онда қоғам шығыс елдер мен салыстырғанда онда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді.Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып қалған калалар құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық ж ə не құл иеленушілік демократиялық орын алды. Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар өте көп. Олардың ішінде ең көрнекті Платон мен Аристотель Платон ( б.з.б. 427-347 ж.ж.) Шын аты – Аристокл Платон атақты ф ə лсафашы Сократтың ш ə кірті Платонның 200-ден астам еңбектері бар Олардың ішінде саясаттаану ғылымына қатысы бар шығармалар “ Мемлекет ”, “ Саясатшы ”, “ Заңдар ”, “Софист”, “ Парменид ”.
Слайд 4
Платон қоғамды үш сословиеге бөлді : Ə кімдер Қорғаушылар Өндірушілер Ə кімдерге - ф ə лсафашыларды жатқызды. Олар табиғатынан шындықты, ақиқатты, игілік идеясын саралап, танып-білуге қабілетті, икемді болуы керек.к Қорғаушылар - олар әкімдердің ой, ниеттерін іске асырады, мемлекетті қорғайды. Өндірушілер - өмірге керекті қаржыларды тауып, мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етеді. Олар билеу ісіне араласпайды.
Слайд 5
Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді : Тирания Аристократия Олигархия Тимократия Демократия Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақылестілік, парасаттылық билейді, оның прициптері-адамгершілік ар- намыс деп санады. Платонның ойынша адамдар қажеттіліктерін жеке -дара өтей алмайды. Олар бірігудің арқасында ғана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады
Слайд 6
Аристотель Ежелгі грек философы Аристотельдің түсінігінде мемлекет отбасы секілді табиғи даму н ə тижесінде пайда болған. Отбасы мен ауылдар – адамдардың өзара араласуының алғашқысы формасы. Мемлекет – араласудың жоғары формасы. Адам – саяси жануар ж ə не ол өзінің дамуын мемлекетке келіп тоқтатады. Ғалымның айтуынша, мұндай деңгейге барлық халықтар жете қойған жоқ. М ə селен, варварлар өмірдің саяси формасын жасауға қабілетсіз, өйткені олардың адами табиғаты жеткілікті деңгейде дамымаған еді. Платонның идеалды мемлекет туралы жобасымен келіспеген Аристотель саяси құрылымдар түрлерінің өзіндік классификациясын ұсынды. Ол мемлекеттің 3 дұрыс ж ə не 3 бұрыс түрін ерекшеледі. Аристотельдің мемлекеттерді дұрыс ж ə не бұрыс деп анықтау қағидасы адамдарға бақыт сыйлау үшін мемлекетке не қажет екендігіне негізделген. Мемлекетте заңдар болады ж ə не ол заңдарды билік мемлекет пен оның азаматтарын қорғау үшін пайдалануы тиіс. Ал азамат болу үшін бірқатар азаматтық құқықтарға ие болып, өзі тұратын елдегі мемлекеттік құрылымның негізгі қызметтерін атқаруы қажет, яғни заң шығару, ə кімшілік ж ə не сот қызметтерінде жұмыс істеп, мемлекетте бекітілген құдайға сыйыну
Слайд 7
Аристотель Дұрыс Монархия Аристократия Полития Бұрыс Тирания Олигархия Демократия
Слайд 8
Дұрыс Бұрыс Аристотель дұрыс мемлекеттерге монархияны, аристократияны ж ə не политияны (республика) жатқызды. Оларды салыстырмалы түрде бағалай отырып, ол ең дұрыс мемлекеттік құрылым осы үш элемент үйлесім тапқанда ғана жүзеге асады деп қорытынды жасаған. Шектен шыққан жағдайда дұрыс мемлекет бұрыс мемлекетке, яғни монархия – тиранияға, қоластындағылардың мүддесін қорғауды көздемейді, аристократия – олигархияға, полития – демократияға айналады. Өзі атаған 3 дұрыс мемлекеттің ішінен Аристотель политияны ең дұрысы деп санады. Бұл форма – басқа түрлердің тек жақсы жақтарын алған ж ə не екі шектің ортасында тұр. Бұрыс мемлекеттерде билік халық үшін емес өзі үшін өмір сүреді. Билікті өзі үшін ғана пайдаланған монарх тиранға айналады. Бір топ бай адам билікті қолдарына алып, оны өзге азаматтар есебінен өз байлығын көбейту үшін пайдаланған аристократия олигархияға айналады. Сондай-ақ, билікті ешкімге бағынбайтын тобыр ( охлос ) басып алатын жағдайлар да болады. Тирания – мемлекеттік құрылымның ең нашар түрі, ол қоластындағылардың мүддесін қорғауды көздемейді, керісінше оларға қарсы жұмыс істейді. Олигархия – аристократиядан туған жаңа форма, бай адамдардан құралған азшылық көпшілікті билейді. Демократия – кедейлерден тұратын көпшіліктің билігі. Аристотельдің ойынша, теңдіктің болмауы мемлекет ішіндегі көтерілістердің, толқулардың негізгі себебі.
Слайд 9
Қорытынды Мемлекеттің дұрыс ж ə не бұрыс түрлері - ежелгі грек ойшылы Аристотель өзінің " Саясат " еңбегінде қалыптастырған түсінік. Бұл еңбегінде Аристотель Платонның " Мінсіз мемлекет " ілімін сынға алады. Платоннан өзгеше ол алдыңғы орынға мемлекеттің " шексіз жақсы " үлгісін ұсынады. Платон ұсынған мүлік, ə йел, бала ортақтығы мемлекетті жояды деп түсінеді. Аристотель мемлекет билеушілерінің алға қоятын мақсаттарына байланысты мемлекеттік құрылымның дұрыс ж ə не бұрыс түрлерін ажыратады. Дұрыс түрлеріне ол басқарушының санына қарамай ( біреу ме, бернешеу ме, ə лде, көпшілік пе ) ортақ игілікке ұмтылатын мемлекеттік құрылымды жатқызды. Дұрыс түрлері : 1) монархия ( бір адамның билігі ); 2) аристократия ( азшылықтың билігі ); 3) полития ( көпшіліктің билігі ). Ал, бұрыс түрлеріне - билеушілердің өздерінің жеке мүдделерін көздейтін мемлекеттік құрылым жатады. Бұрыс түрлері : 1) тирания; 2) олигархия; 3) демократия. Осылайша, Платон " мінсіз мемлекетті " іздеді, ал Аристотель, шынайылыққа бір табан жақын тұрып, " ортақ мүддені көздесе, кез келген басқару түрін қабылдауға " келісті.
Слайд 10
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Аристотель «Политика. Афинская полития ». Москва. Мысль. 1997. 2. Матяш Т.П, Матяш Д. В., Несмеянов Е. Е. «Актуальны ли мысли Аристотеля о «хорошем» обществе?»//Гуманитарные и социально-экономические науки № 3, 2012. 3. https:// www.google.com