Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері — презентация
logo
Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері
  • Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері
  • Жоспар:
  • Құлдық дәуірдегі саяси ой- пікірлер Құлдық – адамзат тарихындағы қанаудың дөрекі түрі. Құлдық алғашқы қауымдық қоғам ыдырай бастаған кезеңде пайда болды.
  • Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды. Онда қоғам Шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Греция ол
  • Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшы л ар көп. Бірақ біз солардың ішінде ең көрнекті екі өкіліне - Платон мен Аристотельге тоқталамыз
  • Платон б.з.б. 427-347 жылдарда өмір сүрді. Платонның екі жүздей еңбектері бар. Олардың ішінде біздің ғалымызға тікелей қатысы бар шығармалары “Мемлекет”,
  • Платон адамдардың бәрін теңдестірмеген. Керісінше, ол адамадарды үш үлкен әлеуметтік топқа ( сословиеге ):
  • Аристотель б.з.б. 384-322ж.ж. өмір сүрді. Ол 17 жасында аты шыққан Платон академиясын іздеп келіп оқуға түседі. Оны үздік бітірген соң 20 жыл бойы сонда
  • Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты-адамды, мемлекетті
  • Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар
  • Жаңа замандағы саяси ой Қайта өрлеу дәуіріндегі саясат пен құқық проблемалары. Х VI — ғасырда феодализмге қатты соққы жасалды. Капиталистік қатынастар ене
  • И.Кант пен Г.Гегельдің концепцияларындағы мемлекет пен азаматтық қоғам концепциялары.
  • Марксистік саяси идеялар
  • Қазақ ағартушыларының саяси көзқарасы
  • ХХ ғасырдағы саяси ілім.
  • Пайданылған әдебиеттер тізімі : • Р.Әбсаттаров.Саясаттану негіздері.1том.Алматы.2011ж • Кузутаева.Н.САЯСАТТАНУ Ақтау.2010ж • Интернет желісі : •
1/16

Изображение слайда

Слайд 2: Жоспар:

1 Құлдық дәуірдегі саяси ой- пікірлер (Конфуций, Платон, Аристотель). 2 Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар (Августин, Аквинский, Әл-Фараби ). Саясаттың мәні туралы Макиавеллидің көзқарасы. Ж.Боденнің мемлекеттік билік егемендігі теориясы. Утопиялық социализм идеяларындағы мінсіз қоғамдық құрылыс. ( Т.Мор, Т.Кампанелла ). 3 Жаңа замандағы саяси ой. ( Т.Гоббс, Ш-Л. Монтескьенің саяси ойлары ), Ж.Ж.Руссоның радикалды демократизмі. ( Т.Джеферсон, Т.Пейн ); 4 И.Кант пен Г.Гегельдің концепцияларындағы мемлекет пен азаматтық қоғам концепциялары. 5 Марксистік саяси идеялары. 6 Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары. ( Ч.Валиханов, И.Алтынсарин, Абай) 7 ХХ ғасырдағы саяси ілім.

Изображение слайда

Слайд 5: Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшы л ар көп. Бірақ біз солардың ішінде ең көрнекті екі өкіліне - Платон мен Аристотельге тоқталамыз

Платон (Аристокл ) Аристотель

Изображение слайда

Слайд 7: Платон адамдардың бәрін теңдестірмеген. Керісінше, ол адамадарды үш үлкен әлеуметтік топқа ( сословиеге ):

Әкімдер ; Қорғаушылар ; Өндірушілер. Әр топ өзіне тиісті қызметті атқаруы керек. Сонда ғана әділдік орнайды. Бір таптан екінші тапқа әсіресе ( төменгі таптан жоғарғы таптарға ) өтуге болмайды. Қай сословиеде тусаң, соның өкілі боласы ң. Адамдарды осылай жіктей келе, Платон оларды тым бай немесе өте кедейлікке жібергісі келмеді. Себебі, мұндайда қоғамда ортақ мүдде орнамайды. Сондықтан орта деңгейді ұнатты.

Изображение слайда

Слайд 8: Аристотель б.з.б. 384-322ж.ж. өмір сүрді. Ол 17 жасында аты шыққан Платон академиясын іздеп келіп оқуға түседі. Оны үздік бітірген соң 20 жыл бойы сонда ұздаздық етті. Б.з.б 342-340 жылдары Македония патшасы II Филиптің шақыруымен оның баласы,болашақ император Ескендірді ( Александр Македонскийді ) оқытып, тәрбиеледі. Оның саясаттануға қатысты “ Саясат ”, “ Афиналық политика”, “Этика”, “Риторика” деген еңбектері бар

Изображение слайда

Слайд 9: Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты-адамды, мемлекетті жақсы тұмысқа, молшылыққа,бақытқа жеткізу деп білдірді. Сөйте тұра, ол құл иеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді. Аристотель Платон айтқан қоғамдық меншікке қарсы шығып, жеке меншікті жақтады. Сонымен қатар ол адамдардың аса байып немесе шектен тыс кедейленіп кетуін құптамады. Себебі, мұндайда қоғамның тұрақтылығы бұзылады дей келіп, орта деңгейді дұрыс көрді

Изображение слайда

Слайд 10: Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар

Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354—) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225—1274) болды. Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды.

Изображение слайда

Слайд 11: Жаңа замандағы саяси ой Қайта өрлеу дәуіріндегі саясат пен құқық проблемалары. Х VI — ғасырда феодализмге қатты соққы жасалды. Капиталистік қатынастар ене бастады, буржуазия мен пролетариат пайда болды

Ағылшынның материалист, ойшылы Томас Гоббстың (1588-1679) «Левиафан», « Философияның негіздері », «Адам жөнінде », « Азамат жөнінде » деген еңбектері бар. Ол тұңғыш рет сол кездегі жаратылыстануға сәйкес механистік материализмнің толық жүйесін жасады. Гоббс мемлекет жөніндегі ілімінде мемлекет шығуға дейінгі табиғи күйді жойып, оны адамдар арасындағы шарттасудың нәтижесі деп қарайды. Адамдардың әу бастан тең болу приципін жақтайды. Жан-Жак Руссоның (1712-1778 ) демократия теориясы көбінесе қатысу теориясы болып табылады. Өзінің " қоғамдық келісімінде " ол саяси шешімдерді қабылдау процесіне эр жеке адамның қатысуына ерекше назар аударады. Оның тұжырымдамасы жеке адамдарға қатысудың психологиялық әсер етуіне ( яғни, әлеуметтік мінез-құлықтың психологиялық құрылымы мен сәйкес әлеуметтік институттардың құрылымы арасындағы өзара байланысына ) деген қызығушылықты білдіреді.

Изображение слайда

Слайд 12: И.Кант пен Г.Гегельдің концепцияларындағы мемлекет пен азаматтық қоғам концепциялары

Георг Вильгельм Фридрих Гегель мемлекет пен құқық мәселелерін қарастырды. Гегель азаматтық қоғам мен саяси мемлекеттің ара- жігін ажыратып қарастырады. Оның ойынша, мемлекет дамудың ең жоғарғы сатысы - азаматтық қоғамда пайда болады. Азаматтық қоғам деп ол буржуазиялық қоғамды түсінеді. Азаматтық қоғам - ерекше, жеке мақсаттарды және жеке адам мүдделерін жүзеге асыру аясы. Гегель азаматтық қоғамды қарама-қайшы мүдделер текетіресетін антагонистік қоғам ретінде сипаттайды. Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарастыра отырып, Гегель азаматтық қоғам қанша байлыққа кенелсе де, кедейлікпен күресуге қабілетсіз екендігін мойындайды. Құқықтық мемлекет теориясының философиялық негізін Иммануиль Кант қалыптастырып дамытты. Ол мемлекеттің құқыққа сүйенуі қажеттігін негіздеді. Мемлекет құқықтық заңдарға бағынатын көптеген адамдардың бірлігі, онда халық өзі үшін шеше алмаған м ə селені заң шығарушының шешуі мүмкін еместігі қағидасы ə рекет етеді. Иммануиль Кант билікті жіктеуді мемлекеттік билік идеясынан логикалық қажеттілікпен шығатын сананың қатаң талабы ретінде қарастырған. Заң шығару, атқару ж ə не сот биліктері дербес субъект болса да, жиынтығында бір тұлға — мемлекет құрады.

Изображение слайда

Слайд 13: Марксистік саяси идеялар

Марксистік саяси идеялар XIX ғасырдың бірінші жартысында капиталистік өндіріс әдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшылықтарының шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды. Карл Маркс пен Фридрих Энгельс капитализмнің орнына социализм келеді, ол міндетті орындайтын қоғамдық күш-жұмысшы табы деп үйретті. Себебі, пролетариат- буржуазиялық қоғамның ең революцияшыл, ең ұйымдасқан, ең саналы және интернационалдық табы. Маркс пен Энгельс тап күресі, социалистік революция және пролетариат диктатурасы туралы ілімді жасады. Олар пролетариаттың өзінің меншікті саяси партиясы-коммунистер партиясы болуға тиіс, ол жұмысшы козғалысына басшылық жасауға тиіс деген қағиданы негіздеді. Марксизм-ленинизм коммунизм кезінде мемлекет, саясат болмайды деп ұқты.

Изображение слайда

Слайд 14: Қазақ ағартушыларының саяси көзқарасы

Шоқан Уалихановтың саяси өмірі салаларының даму үдестеріне тарихи дәуір тұрғысынан жаңа пікір танытқан “Сот реформасы жайында ” еңбегі. Ол қалың бұқара мен бүлік иелері өкілдерініің мақсат мүдделерінің айырмашылығын тап басып, қазақ даласында жүргізілмекші реформаның өзектілігі төңірегінде мәселе көтереді. Дәуір ерекшелігіне сай халыққа экономикалық және әлеуметтік реформалардың тиімділігі мен жайлылығын “ саяси реформалар экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек ” және “ адамның тұрмыс қажетін өтейтін реформа ғана пайдалы да, ал бұл мақсатқа қандай да болса да кедергі келтіретін реформа зиянды болып табылмақ ”,- дейді. Шоқан реформа жасауға асығыстыққа жол бермеуге, жергілікті халықтың әдет-ғұрып ерекшелігін ескеруге шақырады.

Изображение слайда

Слайд 15: ХХ ғасырдағы саяси ілім

Х I Х ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында капиталистік елдерде орасан зор өзгерістер болды. Мемлекеттік-монополистік капитализм монополиялар мен мемлекеттің күшін біріктірді. Бұл системада байлық пен билік тоғысып, ат төбеліндей байлардың құдіретін одан әрі арттыра түсті.Буржуазиялық-мемлекеттік, әскери-өндірістік кешеннің ықпалы күшейді. Әлеуметтік қарым-қатынастарды зерттеуде социологиялық тәсілге ерекше көңіл бөлінді. ХХ ғасырдың бірінші жартысында Батыс елдерінде солидаризм ілімі кең өріс алды. Бұл ілімнің негізін салушы француз ғалымы Л.Дюгидің (1859-1928) пікірінше әрбір тап өмірде өз міндетін атқаруы, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесушілігін қамтамасыз етуі қажет. Ол еңбектің қоғамдық бөлінуіне байланысты таптардың бірлесіп жұмыс істеуіне тура келеді. Бұл жағдай капитализмнің қолайсыз жақтарын революциясыз, бейбітшілік жолымен жеңуге мүмкіндік жасайды деп санады. Адамдарды әлеуметтік ынтымақтастықты нығайтуға, оған зиян келтірерлік ештеңе жасамауға шақырды.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері: Пайданылған әдебиеттер тізімі : • Р.Әбсаттаров.Саясаттану негіздері.1том.Алматы.2011ж • Кузутаева.Н.САЯСАТТАНУ Ақтау.2010ж • Интернет желісі : • http://bkp.ucoz.com/publ/referaty na kazak hskom jazyke / sajasattanu / ldy d uirdegi saja si oj pikirler /27-1-0-585 • https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D2%B1 %D0%BB%D0%B4%D1%8B%D2%9B • http://referatikz.ru/load/aza sha referattar/s ajasattanu / rkeniet tarikhynda y sajasi ojdy damu keze deri /18-1-0-561

Изображение слайда

Похожие презентации