Менің өмірімдегі география» — презентация
logo
Менің өмірімдегі география»
  • « Менің өмірімдегі география»
  • Менің өмірімдегі география»
  • Менің өмірімдегі география»
  • Менің өмірімдегі география»
  • Менің өмірімдегі география»
  • Менің өмірімдегі география»
  • Менің өмірімдегі география»
  • Менің өмірімдегі география»
  • Менің өмірімдегі география»
  • Менің өмірімдегі география»
  • Менің өмірімдегі география»
  • Менің өмірімдегі география»
  • Қорытынды:
  • Менің өмірімдегі география»
1/14

Первый слайд презентации: Менің өмірімдегі география»

Абай атында ғ ы жалпы орта білім беретін мектебі « Менің өмірімдегі география» Орындаған:Паритхан Гүлбақыт Мұғалімі : Утегалиева Г.Б. 2025 жыл

Изображение слайда

Слайд 2

Зерттеудің мақсаты : Абай ауылы бойынша топонимдерін және тарихи атауларын зерттеп, шығу.Өз туған жеріміздің жер – су аттарының шығу тарихын зерттеу арқылы туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімге тәрбиелеу. Міндеттері : Жер – су аттарының этимологиясын зерттеуде сөздердің шығу, даму төркінін анықтау. Зерттеу кезеңдері : Жер – су атауларын анықтау. Топонимикалық атауларды талдау, тарихи – әлеуметтік маңызын анықтау. Зерттеу әдістері : ақпаратты жинақтау, топонимдердің шығу арналарын талдау, зерттеу нәтижелерін жүйелеу Болжам : Абай ауылының кейбір топонимдерінің шығу арналары әр қырынан зерттелуі мүмкін. Өзектіліг і: Абай ауылындағы микротопонимдердің тарихы мен қойылу себептерін анықтау; Нәтижесі мен қорытындысы : Абай ауылының топонимдерін тануға бағыт береді. Практикалық қолдану аясы : жа лпы орта мектептің білім бағдарламасына қосымша өлкетану бағытындағы материал ретінде қолданылу ұсынылады.

Изображение слайда

Слайд 3

Абай ауылы- Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы,Ақжайық ауылдық округінің аумағында, Жайық өзенінің сол жақ жағалауында облыс орталығы Орал қаласынан 60 км, Теректі ауданының орталығы Федоровка ауылынан 80 км жерде орналасқан.

Изображение слайда

Слайд 4

Ал ауылдың іргетасы 1929-1932 жылдары жүргізілген ұжымдастыру науқаны кезінде Ыждахат колхозы деген атаумен қаланды. Шамамен 30-40 шақты үй болды. ХХ ғ. 30 жылдары бастауыш мектеп ашылды. 1945-1952 ж.ж. колхоздарды ірілендірудің жаппай сипат алуына байланысты 1951 жылы Ыждахат колхозы мен Молотов колхозы біріктіріліп, Молотов колхозы деп аталды.1952 жылы 97 отбасы көшіріліп әкелініп, бастауыш мектеп жетіжылдық мектепке айналдырылды. Сол мектепке Молотов есімі берілді.

Изображение слайда

Слайд 5

1951-1958 жылдары ауылдық клуб және кеңсе үйі, шағын электр станциясы, почта бөлімшесі,азық-түлік,өндірістік тауарлар дүкендері салынды. 1961 жылы Еңбек совхозының құрылуына байланысты Еңбек астық совхозының № 2 бөлімшесі Абай ауылы деп аталды. 1967-1970 жылдары мал бордақылау комплексі,1974 жылы мектеп ғимараты, ауылдық фельдшерлік пункті салынды.Сондай-ақ Жабық,Аралтөбе,Қалмақ,Институт мал қыстату пункттері мен сауын фермалары, №3,№4 егін, №10 шөп шабу бригадалары ұйымдастырылды.

Изображение слайда

Слайд 6

Ерте темір дәуірі ескерткіштері Абай ауылынан 3 км қашықтықта Абай қорғаны, 15км қашықтықта Алтыаяқ және Сарқырама каналдарының аралығында да бірнеше обалар кездеседі.Бұл ерте темір дәуірінің обалары. Б.з.д V ІІІ- ІІІ ғасырларға жатады. Обалардың биіктігі 1,5-2 метр, диаметрі 8-10 метрге жуық. І,ІІ Сарқырама обасы, «Исмагилов обасы»деп аталады.

Изображение слайда

Слайд 7

Абай ауылы маңындағы елді-мекендер атаулары: Аралтөбе- Абай ауылынан 1 км қашықтықтағы төбе атауы. Жайық өзені қатты тасыған жылдары жан – жағын су басып арал болып қалған. Кеңес Одағы кезінде сүт фермасы орналасты.

Изображение слайда

Слайд 8

Бөрібай - кісі есімі. Ыждахат колхозына қарасты елді-мекен. 1951 ж.ж 30 шақты үй болды. Жабық - кісі есімі. Құлтай тайпасынан шыққан Мамырдың әкесі.Сол жерде Жабықтың қыстауы болған.

Изображение слайда

Слайд 9

Баспақсалған- Жағасы батпақты кішігірім көлшік. Жаз айында суы мүлде құрғап, су ішуге келген мал батпаққа батып қалатын кездер болыпты.

Изображение слайда

Слайд 10

Өгізөлген- қос өгіз шөп тиелген арбасымен осы өзеккке құлап өлген немесе ойықтан су ішуге ұмтылған өгіздердің салмағын көтере алмаған жұқа мұз жарылып, өгіздер суға кетіпті деген ел аузында әңгімелер бар.

Изображение слайда

Слайд 11

Қалмақ - ел арасында бұл атаудың шығуы туралы бірнеше әңгімелер бар. Әйгілі «Шаңды жорық» оқиғасы кезінде яғни, 1771 жылы Еділден Жоңғарияға үдере көшкен Еділ қалмақтарын өкшелей қуған қазақ әскерлерінің қалмақтармен шайқасы болған жер болуы мүмкін.Бұл жерлерден өте тайыз қазылған шұңқырларға көмілген көп адамдардың сүйектері табылып жүр. Көп адам бір шұңқырға жерленген. Қазақ шаңырағында ия күңдікте,ия асырап алынған қалмақ қызының тұрған жері.

Изображение слайда

Слайд 12

Шәкен- Доға тәріздес терең өзек. Жайық өзенінен су көп келген жылдары ортасы аралға айналады.Шәкен деген байдың жайлауы болған.

Изображение слайда

Слайд 13: Қорытынды:

Қорыта айтқанда топонимика ғылымының халық үшін ағартушылық рөлі зор. Оның қоғам өмірінде алатын орны ерекше, өйткені өзіндік сыр-сипаты, тарихы бар. Олай болса, қазақ тіл білімі ғылымындағы ономастика саласының сан-салалы проблемалы мәселелеріне зейін қойып, лингвистикалық, әрі тарихи этнографиялық, әрі географиялық қыр-сырын ашып, зерттеп, лайықты еңбектер жасау үлкен мәселелердің бірі деп білеміз. Ғылыми жоба мазмұнын қорыта келе, Қазақстанның барлық жерлері секілді, Абай ауылы да тарихи топонимикалық атауларға өте бай. Оның ішінде тарихи тұлғаларға байланысты болсын, тарихи оқиғалар негізінде сақталған жер-су аттары болсын, тілдік, тарихи тұрғыда да нақты жүйелі зерттелуін күтуде.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Менің өмірімдегі география»

Назарларыңызға рахмет !

Изображение слайда

Похожие презентации