Первый слайд презентации
Нұр-Сұлтан қ. «Білім беруді жаңғырту орталығы» www.astana-modern.kz Қазақ әдебиеті 8-сынып Бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын Сабақ № 14 Тақырып: Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік -Кебек»дастанының тілі Әзірлеген: Жұмабай Нағима Сейтжанқызы, Нұр-Сұлтан қаласы, №64 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Слайд 2
2 Оқу мақсаты: А/И3 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау ; Сабақ мақсаты: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды. Сабақ мақсаты :
Слайд 3
3 Бағалау критерийі: Бағалау критерийі Дескриптор Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтай алады. Автор стилін анықтайды. Шығармадағы көркемдегіш құралдарды қолдану ерекшелігін талдайды. Автор стилінің қолдануын түсіндіреді.
Слайд 4
4 Жаңа әдеби-теориялық ұғыммен танысайық танысайывқ Эллипсис ( көне грекше : ἔλλειψις, еlleірsіs – сөз тастау, қысқарту, кеміту ) — сөйлемнің бір мүшесін алып тастау арқылы құрылған сөз үлгісі. Ол сөйлемнің, ойдың ықшамдылығын, әсерлілігін, өткірлігін арттырады. Эллипсисті сөйлемдердегі түсіп қалған сөздердің мәні белгілі болады. Мысалы, Жау келіп қалды … – келіп қалды. Эллипсис адамдардың бір-бірімен сөйлесу барысында, диалог түрінде көбірек қолданылады. Мыс., Қар көшкіні болады дейді. Қар көшкіні ?
Слайд 5
5 Берілген үзінділерден автор стилін табыңыздар. 1 - тапсырма. Үзінді Автор стилінің қолдануын түсіндір 1. Қабекең екі-ақ ауыз жұмбақ айтты, Ол сөзінің мағынасы мынау депті : " Еңлікті алып қашқан - Кебек батыр, Оны айтпай-ақ біздің би біліп жатыр. " Тауық " деп қызды айтады, " Сұңқар "- Кебек, Тоқтамысқа қаратып қой дейді ақыр. 2. Кейбіреуі таспенен атпақ болды, Кейбіреуі дарға да аспақ болды... Бірі ол деп, бірі бұл деп көп кеңесті, Біле алмай, не берерін, не бермесін.
Слайд 6
6 Үзінді Автор стилінің қолдануын түсіндір 1. Қабекең екі-ақ ауыз жұмбақ айтты, Ол сөзінің мағынасы мынау депті : " Еңлікті алып қашқан - Кебек батыр, Оны айтпай-ақ біздің би біліп жатыр. " Тауық " деп қызды айтады, " Сұңқар "- Кебек, Тоқтамысқа қаратып қой дейді ақыр. 2. Кейбіреуі таспенен атпақ болды, Кейбіреуі дарға да аспақ болды. Бірі ол деп, бірі бұл деп көп кеңесті, Біле алмай, не берерін, не бермесін. 1-үзіндіде ақын образдарды ашуда метафораны өте ұтымды қолданған. Көбей қызды «Тауық», Кебекті «Сұңқар» деп, Қабекеңе жұмбақтап жеткізеді. 2-үзіндіде Қ айталау түрлерін орынды қолданған (кезекті қайталау, әдепкі, еспе қайталау). О қырманның назарын аударып, ықыласын баурап алғысы келген тұстарда сөзді қайталап, әрі тартымды, әрі оқығанда бірден есте қалатындай етіп жеңіл ұйқастарға құрған. Өзіңді тексер!
Слайд 7
7 2-тапсырма. Кестені толтыр. П сихологиялық параллелизм Эллипсис Қайталау Берілген көркемдегіш тәсілдерге шығармадан мысалдар келтіріңіз. Дескриптор Берілген көркемдегіш тәсілдерге шығармадан мысалдар келтіре алады
Слайд 8
8 Өзіңді тексер! П сихологиялық параллелизм Эллипсис Қайталау Қаза келсе, малдыдан мал таймай ма, Ажал жетсе, батырдан жан таймай ма ? Азар болса күйеуің жастау шығар, Жарлы байып, жас өсіп, қартаймай ма ? Жас түзеліп, түрленіп, ер жетпей ме ? Бойындағы балалық бір кетпей ме ? Асыққандық емес пе мына сөзің, Жақсы әйел жаман ерді түзетпей ме ? " Өлерде үш тілек бар деуші еді " ғой, Құдай үшін, берсеңдер, мен сұрайын... Таң ата келіп іздеп таба алмады. Қисыны – біреу ұрлап кеткен сынды. " Шырағым, бал аштым деп мал алмаймын, Ол үшін саған ақыл сала алмаймын. Жаман айтсам, жабығып қала көрме, Жынның сөзін жасырып қала алмаймын... Кебек мұны есітіп көп ойлады, Асықпай біраз ғана еп ойлады. Түні бойы қыз мені сынапты ғой, Мен де мұны сынайын деп ойлады "...
Слайд 9
9 3-тапсырма Автордың шығармада б ейнелеу тәсілдерін қолданудағы ерекшелігі неде? Бейнелеу тәсілдері Шығармадан мысал Қолданылу ерекшелігі Дескриптор: Автордың шығармада бейнелеу тәсілдерін қолданудағы ерекшелігін түсінеді
Слайд 10
10 Өзіңді тексер! Бейнелеу тәсілдері Шығармадан мысал Қолданылу ерекшелігі Эпитет 1.Аң қуған аңғал батыр 2. Сері Кебек 3. Е р Кебек 4. Батыр Кебек Батырларға тән аңқаулығы бар. Сегіз қырлы, бір сырлы жандар демек. Ол Кебек мықты болған жас басынан. Кебек – батыр, ержүрек, ақылды, жас та болса, бас бола алатын сері жігіт. Батырлығы елге аян. Теңеу Қайран жастар қапыда қолға түсті, Елтіген бөрідей боп жеген уға... Бабаңның нұр жүрегі болды мұздай, Жазасыз жасқа ешкімнің жаны қызбай... Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңдерін әдемі теңеу, ұшқыр қанатты сөздермен ажарлап шебер бере білген. Бұл жерде жұрттың құрған құрығына түскен бөріге ұқсап дегенді білдіреді.
Слайд 11
11 Қосымша дереккөздер https://www.youtube.com/watch?v=RdC1RQSbBik&ab_channel=Azekee
Слайд 12
12 КЕРІ БАЙЛАНЫС «3-2-1» Сабақтағы 3 маңызды ақпарат; Қиындық тудырған 2 мәселе; Сабақта ұнаған 1 аспект.