Орындаған: Избасаров Махат Жетекші : Алтынбекова З. « XX-XXI ғғ. Батыс — презентация
logo
Орындаған: Избасаров Махат Жетекші : Алтынбекова З. « XX-XXI ғғ. Батыс
  • Орындаған: Избасаров Махат Жетекші : Алтынбекова З. « XX-XXI ғғ. Батыс
  • Орындаған: Избасаров Махат Жетекші : Алтынбекова З. « XX-XXI ғғ. Батыс
  • Орындаған: Избасаров Махат Жетекші : Алтынбекова З. « XX-XXI ғғ. Батыс
  • Орындаған: Избасаров Махат Жетекші : Алтынбекова З. « XX-XXI ғғ. Батыс
  • Орындаған: Избасаров Махат Жетекші : Алтынбекова З. « XX-XXI ғғ. Батыс
  • Орындаған: Избасаров Махат Жетекші : Алтынбекова З. « XX-XXI ғғ. Батыс
  • Орындаған: Избасаров Махат Жетекші : Алтынбекова З. « XX-XXI ғғ. Батыс
  • Орындаған: Избасаров Махат Жетекші : Алтынбекова З. « XX-XXI ғғ. Батыс
  • Орындаған: Избасаров Махат Жетекші : Алтынбекова З. « XX-XXI ғғ. Батыс
1/9

Первый слайд презентации

Орындаған: Избасаров Махат Жетекші : Алтынбекова З. « XX-XXI ғғ. Батыс Еуропаның жастар субмәдениеті және олардың қазақстандық жастардың құндылықтық жүйесіне әсері » Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Изображение слайда

Слайд 2

«Субмәдениет» терминін 1950 жылы американдық социолог Дэвид Райзман ғылымға енгізген екен. Субмәдениеттің негізгі тірегі-жастар. Сол жастар арқылы жаман мәдениет жасап, былайша айтқанда « алдыңғы қатарлы озық » мәдениет арқылы қоғамға ықпал ету. Яғни, бастапқыда аталған сөздер субмәдениеттің түрлері болып есептеледі. Субмәдениет (лат. sub — төменгі, нем. kultur — мәдениет ) — дәлме-дәл аударымда « астыңғы мәдениет », ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Жастар субмәдениеті - киген киімнен, сөй­леу мәнерінен, жаргондардан және ай­р­ықша әуестенулерден көрініс табатын үл­кендер әлеміне, қоғамның ережелері мен құндылықтарына деген өзіндік қар­сы­лық. Субмәдениет ұғымы

Изображение слайда

Слайд 3

Дәстүр мен жаңашылдық - әдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен с оңғының байланысын білдіретін ұғым. Дәстүр — болмысты көркем образға айналдырудың ғасырлар бойы машықталған тәсілдерінен және айналамызды қоршаған қоғамдық орта мен табиғатты ой таразысына сала отырып бейнелеудің ұрпақтардан ұрпақтарға мирас боп келе жатқан қағидаларынан құралады. Ұлттық дәстүрлер көркемдік шеберліктің халықтар жинаған мол қазынасын ғасырдан ғасырға әкеп тапсыратын эстафета іспетті. Бірақ олар ұлттық әдебиеттердің өзара қарым-қатынасының, өзара игі ықпалының нәтижелерін міндетті түрде қамтиды. Батыстан келген қазақ қоғамына жат дәстүрлер көзге үйреншікті, құлаққа сіңісті болып барады. Қазақтың "тал бесіктен жер бесікке " дейінгі ғұмыры салт-дәстүрге негізделгені белгілі. Алайда, өз ғұрпымыздан бөлек, жаһандану әсерінен түрлі батыстық дәстүрлер қазақтың салт-санасына еніп кетті. Солардың бірнешеуіне тоқталсақ.

Изображение слайда

Слайд 4

Тортқа шырақ жағып үрлеу Бұл дәстүр әлемнің түкпір-түкпіріне таралып кеткелі қашан?! Алайда оның шығу тарихын, неліктен осылай жасалатыны туралы біреу білсе, біреу білмес. Ғаламтордағы дереккөздердің жазуынша, Германияда Х VIII ғасырда тек балалардың туған күнінде шырақ жағу дәстүрі болған. Сол күні көзге көрінетін жерге торт қойылып, оған шырақ жаққан. Шырақ саны баланың жасынан бір санға артық болыпты. Қосымша шырақ болашақты білдірген деседі. Шырақ күні бойы жанып тұрған, сөнсе жаңасына алмастырған. Ал кешке туған күн иесі ішінен өзінің арманын айтып, шырақты үрлеген. Сенім бойынша шырақтан көтерілген түтін бала тілегін құдайға жеткізуі тиіс. Туған күнге қатысты тағы бір жаңа әдет қалыптасып үлгерді. Ол туған күн иесінің бетіне тәтті торт лақтыру. Бұның шығу себебін нақты дөп басып ешкім айта алмайды. Адамға торт лақтыру көбінесе әзіл-қалжың деп есептеледі. Сондай-ақ танымал саясаткерге, жұлдызға қарсылық көрсету әдісі ретінде қабылданып жүр. Ал оны алғаш рет әзіл ретінде пайдаланған ағылшынның жеке театр саласындағы кәсіпкері Фред Карно. Торт лақтыру 1909 жылы Америкада шыққан комедиялық "Мистер Флип" атты мылқау фильмнің сахнасында көрсетілгеннен бері танымал. Қоғамда туған күн иесіне торт лақтыру әдетін жақтырмайтындар көп. Жақында әлеуметтік желіде туған күніне орай анасының бетіне торт жаққан қазақ жігіті көптің сынына ұшырады.

Изображение слайда

Слайд 5

Хэллоуин (ағылшын тілінде Halloween) — әлемнің көп елдерінде 31 қазанда тойланып жүрген атаулы күн. Хэллоуин дәстүрлі түрде Батыс Еуропа мен Америкада тойланады. Елімізде бұл дәстүрді студенттер, мектеп оқушылары, тіпті балабақша жасындағы балалар да біледі. Бүгінде қоғамда қорқынышты, сұрықсыз атрибуттарымен белгілі Хэллоуинді атап өткісі келетіндер қатары көбейген. Нарықтан Хэллоуин кештерге арналған маскарад костюмдерін еркін сатып алуға болады. Бұл түні түрлі «көңілді кештер», түнгі клубтарда қорқынышты би кештері және фрик-балдар, түрлі квесттер ұйымдастырылып жүр. Адамдар онда барынша көңіл көтеруге тырысып, шын мәнінде не тойлап отырғанын өздері түсінбейді. Қазақ дастарханынан онсыз да табылатын тойдан сарқыттың тағы бір түрі пайда болды. Бонбоньерка тойға келген әр қонаққа берілетін тәттілер. Бонбон сөзі француз тілінен кәмпит деп аударылады. Бонбоньерканың ішіне әдетте бес тал кәмпит салынады. Оның мәні әр кәмпит денсаулық, ұзақ өмір, қуаныш, байлық пен сәттілік дегенді білдіреді. Кәмпит санының тақ сан болуы екі жастың бөлінбес берік отбасына айналуын меңзейді. Бонбоньерка беру

Изображение слайда

Слайд 6

“Hens party” Гендер пати ( Gender party) Бұл кештің мәні –  аяғы ауыр келіншек немесе отбасының жақын достары құрсақтағы шарананың жынысын болашақ әкесіне сүйіншілеп, тосынсый жасайды. Үльтрадыбыстық зерттеу нәтижесін, яғни баланың жынысы туралы мәліметті қолына алған әйел оны түрлі әдіспен білдіре алады. Жағымды жаңалық шардың түсі, тәтті торттың түсі немесе қорапқа жасырылған басқа да атрибут арқылы жеткізілуі мүмкін. “Hens party” немесе “ Hens night”, сөзбе-сөз аударғанда “ Тауық кеші ” – бұл қалыңдықтың құрбылары той алдында бас қосатын отырыс. Қалыңдыққа арналған қыздардың кеші әлемнің көптеген елдерінде ұйымдастырылып жүр. Хен пати түсінігі Ұлыбритания, Ирландия, Аустралия мен Жаңа Зеландияда кең таралған. Ал АҚШ пен Канадада бұл кешті " Тұрмыс құрмаған қыздар кеші " ( Бэчалорет пати ) деп атайды.

Изображение слайда

Слайд 7

Қазақ қоғамында сыналған тағы бір шеттен келген дәстүр - тойда гүл лақтыру. Қалыңдықтың тұрмыс құрмаған құрбыларына гүл шоғын лақтыруы бізге батыстан сіңді. Онсыз қазір бірде бір той өтпейтін болды. Тарихына көз жүгіртсек, қалыңдықтың құрбылары қалыңдықтың той көйлегінің етегінің шетін жұғысты болсын деген ниетпен жұлып алып отырған. Көйлек бүтін қалу үшін қалыңдық оған гүл жапырақшаларын жабыстырған екен. Алайда ол да көйлекті бүлдіріп, ыңғайсыз болғандықтан, гүлшоғын лақтыру дәстүрі қалыптасыпты. Тойда гүл шоғын лақтыру Қазіргі тойларда келіннің қолынан шай ішу емес, торт жеу әдетке айналды. Бұл дәстүр екі жақтың ата-аналарына құрмет көрсетудің белгісі саналып жүр. Тәттінің бірінші кесілген бөлігінен міндетті түрде жастардың ата-аналары ауыз тиеді. Бұлардың арасында ақылға қонымдысы да, бізге мүлде түсініксізі де бар. Батыс мәдениетінің дендеп еніп кетуін қоғам аңғармай да қалғанға ұқсайды. Ата-енеге торт жегізу

Изображение слайда

Слайд 8

Деректерде " Әулие Валентин күнін " Батыс Еуропа ХІІІ ғасырдан бері, АҚШ 1777 жылдан бастап мерекелеуде. Оның Қазақстанға және басқа да ТМД келген кезі - тоқсаныншы жылдардың басы. Христиан діндарларының аңыздарында үш Валентин туралы айтылады. Біріншісі - Рим императоры Юлий Клавдийдің сарбаздардың үйленуіне тыйым салған заңын бұзып, некелескені үшін өлім жазасына бұйырылған адам. Ал осы оқиғадан 200 жыл өткеннен кейін екінші император Геласиустің шешімімен " Әулие Валентин" күні мерекеленген. Екінші бір діни аңызда Валентиннің дін қызметкері екендігі, христиандарға көмектескені үшін түрмеге қамалғаны, осында жатып оның түрме қызметкеріне ғашық болғаны, оның жазаға тартылып, басының шабылғандығы айтылады. Ал енді үшінші Валентин ешкімге ғашық болмаған. Христиан дінінің қызметкері болған оның не үшін жазаланғаны белгісіз. Тек ол өлім жазасына кесілгеннен кейін " Әулие " деп жарияланған. 14 ақпанда әлемнің көптеген елдерінде ғашықтарға орайластырып тойланатын мереке.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Орындаған: Избасаров Махат Жетекші : Алтынбекова З. « XX-XXI ғғ. Батыс

Назар аударғандарыңызға рахмет!

Изображение слайда

Похожие презентации