Қазақтың ұлттық мейрамдары — презентация
logo
Қазақтың ұлттық мейрамдары
  • Қазақтың ұлттық мейрамдары
  • Наурыз
  • Қазақтың ұлттық мейрамдары
  • Қазақтың ұлттық мейрамдары
  • Сәйкестендір
  • Ол кім,бұл не?
  • Жаңа жылды наурыздың 22сі күні таңғы сағат үште қарсы алады. Бұл түні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттерге арнап соғымның соңғы етін уызға салып
  • Қазақтың ұлттық мейрамдары
1/8

Первый слайд презентации: Қазақтың ұлттық мейрамдары

Изображение слайда

Слайд 2: Наурыз

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша ( наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава = жаңа + рәзаңһ = күн, « жаңа күн » мағына білдіреді. 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз " Халықаралық Наурыз күні " болып аталып келеді. Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде " Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын " мәлімдеді. Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді. Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн : 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап ). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.

Изображение слайда

Слайд 3

Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “ патрих ”, бирмалықтар “су мейрамы ”, тәжіктер “ гүл гардон ”, “ бәйшешек ”, “ гүлнаурыз ”, хорезмдіктер “ наусарджи ”, татарлар “ нардуган ”, буряттар “ сагаан сара ”, соғдылықтар “ наусарыз ”, армяндар “ навасарди ”, чуваштар “ норис ояхе ” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды ; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды ; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “ сумалак ” ұсынады ; ескі киімдерін тастайды ; ескірген шыны аяқты сындырады ; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “ күн символын ” салады ; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі ; түрлі жарыстар ( жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады. Наурыздың Әзірбайжанда тойлануы Әзірбайжан әйелін мерекелік үстелде бейнелейтін пошта маркасы Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады ; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен ( етпен ) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен ( сүт, ақ ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар- ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар ( көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу,алтыбақан, тең көтеру, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады. Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде (1920 – 25) шығыс халықтары бұл мерекені атап өткенімен, 1926 жылы ол “ діни мейрам ”, “ ескілік сарқыншағы ” деп танылып тоқтатылды, бірақ Қазақстанның бар аумақтарында жасырын түрде сақталып қалды. 1988 жылдан Алматы қаласында, республиканың көптеген аудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады.

Изображение слайда

Слайд 4

Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл -ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен (« Айқыш-ұйқыш », « Ақ серек пен көк серек », « Алқа қотан », т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, « Қызғалдақ » мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай « Алтыбақан » айналасындағы тамашамен аяқталатын. Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс-қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де мейрамнан кейінгі 2-ші күні жаппай егіске кірісетін. Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы ( жаңа жыл ) екенін қазақ баласының көбі біледі.Наурыз туралы көптен бері,жыл сайын газеттерде жазылып келеді.Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ.Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар.Ызғарлы қыстың кетіп,жан йесі өмір қуатын туғызған жыл,жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. ˝ Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп,үңгірде жатқан кәрі құйрық,мертік-шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерінбілгізе бастайтын,аурулар сауығамын деп,аттар тойынамын деп,жалаңаштар киімсіз де күн көремін ˝ дегендей жұрттың бәріне үміт,әркім деп жылы шырай сезіне бастап, ˝ бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз ˝ дегендей сағынышты көрісілері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. ˝ Бүгінгі күні Самарқанның көк тасы да жібіпті ˝, - десіп Наурыз күні пейілін кеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы келіп,аңыз қылысатын

Изображение слайда

Слайд 5: Сәйкестендір

Наурыз тілек Наурыз жұмбақ Наурыз шешек Наурызша Наурыз төл Отамалы Үт наурыз айындағы жұлдыздардың қозғалысы мен орнына, күн мен түннің теңелуіне, табиғат құбылысына, бұл айдағы амалдар мен ауа райының өзерісіне байланысты айтылатын … өлең. наурыз күнгі бет көрісіп, амандасу рәсімімен құттықтау негізінде тақпақпен айтылатын қуанышты …. наурыз айында туған бота, құлын, бұзау болса, наурыз … деп аталады. саңылау, тесіктен үйге түскен күн сәулесінің тозаңдануын – қазақ … кірді деп есептейді. наурыз қырбақ, қарайған жерді жасыра алмай, қылаулап жауған жұқа қар. наурыз айында гүлдейтін көп жылдық өсімдік. Әсемдік үшін қолдан өсіруге болады. 15 наурызда кіріп, 17 наурызда шығатын амал.

Изображение слайда

Слайд 6: Ол кім,бұл не?

Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша наурыздың 21‑і түні даланы Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы түн « Қызыр түні » деп аталады. Қызыр – адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял‑ғажайып бейне. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы – Қызыр ата даланы кезе жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе тасты ерітіп жібереді екен.

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Қазақтың ұлттық мейрамдары

Ұлыс күні жеті түрлі заттан – соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, сүт, езілген құрт, бидай (тары, күріш ), пияз және сәбізден қазан толы көпкөже ( наурыз көже ) пісіріледі. Әр үйдің дастарқанына ақтан ( сүт тағамдары ), көк ырыстан ( дән тағамдары мен жеміс‑жидектер ) және қызылдан ( еттен істелген ) жеті түрлі тағамдар қойылады. Қалыптасқан салт бойынша қойдың басын ауыл ақсақалы мүжиді. Ал басқалары « жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын » десіп, наурыз көжені тоя ішеді. Жиналған жұрт : « Ауызды ақтан айырмасын, қызылды уақытысымен көрсетсін !» деп тарқасады. Әдетте Наурыз түнгі қасиетті дәмнен алыс сапарда жүрген адамдарға, қадірменді ақсақалдарға сыбаға сақталады. НАУРЫЗ КӨЖЕ

Изображение слайда

Похожие презентации