Первый слайд презентации: Өсімдік қалай дамиды?
ОРЫНДАҒАн:сарбас.Н КЕҢЕСБАЙ.А ТЕКСЕРГЕН :СТАМБЕКОВА.А.С 2-КУРС пмно көптілді, 3-топ
Слайд 2: ЖОСПАР :
1.Ө сімдік туралы жалпы түсінік 2.Өсімдіктердің көбею физиологиясы 3.Фотопериодизм 4.Өсімдіктердің вегетативті жолмен көбеюі 5.Өсімдіктердің дамуына ішкі,сыртқы жағдайлардың әсері
Слайд 3: Өсу жөнінде жалпы түсінік
Өсу-өсімдік организміндегі тіршілік процесінің айқын бір бейнесі болып саналады.Өсу-өсімдіктегі барлық зат алмасу процесімен тығыз байланысты,жинақтаушы,нәтижелеуші қызмет атқарады
Слайд 4: ӨСУДІҢ КӨПТЕГЕН БЕЛГІЛЕРІ БАР :
1.Өсімдіктің,яғыни жеке мүшелерінің ұлғаюы ( көлемінің не болмаса бойының ). 2.Мүшелері санының көбеюі,артуы. 3.Клетка санының көбеюі,артуы. 4Клетка көлемінің ұлғаюы. 5.Өсімдіктегі құрғақ заттың ұлғаюы,артуы. 6.Клетканың құрылымдық элементтерінің көбеюі.
Слайд 5
Бірақ бұл белгілер жеке күйінде өсімдікте өсу процесінің бар екендігін нақтылы көрсете алмайды. Мысалы : клетка көлемінің үлғаюы су copy н ə тижесінде ісіну салдарынан, қант қызылшасының тамыр жемісінің салмағының артуы клеткада тек қант заттарының жиналу салдарынан болуы мүмкін. Бұлардың жеке өзі ə лі де өсу емес. Тек құрғақ зат салмағының артуына қарай да өсу бар деп айтуға болмайды. Мысалы : ұрық толық қараңғылықта өнгенде қүрғақ зат артпаса да өсу процесі белсенді түрде жүргенін көруге болады. Қараңғы жағдайда үзақ уақыт өнген өркеннің ұрықтағы қор затының мол тарауының н ə тижесінде, оның қүрғақ салмағы алғашқы ұрықтың құрғақ салмағынан 50 % кем болады. Яғни қор затты жүмсау, жарату мен жаңа үлпаларды құру ( бұл екі қарама-қайшы процесс) — өнудің де, өсудің де жалпы бейнесі. Сондықтан өсу деп мүшелердің, клеткалардың ж ə не олардың элементтерінің жаңадан пайда болуы процесі негізінде өсімдік мүшелерінің кері қайтпастай ұлғаюын айтады.
Слайд 7
М ə селен, бұршақтың тұқымын суға салатын болсақ, бірнеше сағаттан кейін оның көлемі 2-3 есе артады. Бірақ бұлай көлемінің өсуіне, артуына қарай өсу бар деп айтуға болмайды. Бұл жерде тұқым құрамындағы гидрофилді коллоидтардың суды қабылдап, соның салдарынан көлемінің артуы. Ал егер осындай өңделген түқымды кептіретін болсақ, көлемі бастапқы қалпына қайта келеді. Сөйтіп тұқымның суға қанығып, ісінуі н ə тижесіндегі көлемінің ұлғаюы сияқты кері қайтатын жағдайларды өсу деп айтуға болмайды. Өсімдіктің жеке үлпаларының да барлығы бірдей ( біркелкі ) өспейді. Өсу процесі өсу нүктелерінде белсенді түрде жүреді. Өсу нүктелерінде жасаушы үлпа — меристема бар. Өзінің орналасуына қарай меристемалар төбелік, бүйірлік, қыстырмалы болады.
Слайд 8
Төбелік меристема негізгі ж ə не бүйірлік сабақтардың ұшында, көптеген тамыр тармақтарының ұшында орналасады. Төбелік меристемалар бөлінуі н ə тижесінде өсімдіктің бойы өсіп, бүтақтанып, бүйір сабақтары, жапырақтар, гүлдер пайда болады. Төбелік меристема өсімдіктің бастапқы қүрылысын қамтамасыз етеді. Ал бүйірлік меристема (камбий) — өсімдіктің жуандауын қамтамасыз етеді. Қыстырмалы меристемалар сабақтың, жапырақтың кей бөлімдерінде ғана орналасып, олардың үзаруын қамтамасыз етеді ( мысалы, астық түқымды өсімдіктің, традесканцияның буын аралықтарының ұзаруы ). Өсу — көп кезенді процесс. Клетканың өсуінде үш кезеңді байқауға болады : 1. Эмбриональды, 2. Созылу, 3. Ішкі жіктелу ( дифференциялану ). Бірінші кезеңде меристемадан пайда болған эмбриональды клеткаларда вакуольдар болмайды, олар протоплазмаға толық қор заттары да (белок, крахмал) болады.
Слайд 9
Ағзалардың көпшілігіне жарықтың т ə уліктік ырғағы, яғни жарық ( күн ұзақтығы ) мен қараңғы ( түннің ұзақтығы ) арақатынасындағы т ə улік кезеңдері т ə н қасиет. Өсу ж ə не даму үдерістерінен керінетін ағза жауабы жарықкезеңдік немесе фотопериодизм ( грекше « рһоіо s» - жарық, « регіосіо s» - айналым ) деп аталады Жарықкезеңдік (фотопериодизм).
Слайд 10
Өсімдіктер жарық ұзақтығының т ə уелділігі бойынша ұзақ күндік өсімдік ж ə не қысқа күндік өсімдік деп бөлінеді. Ұзақ күндік есімдік т ə уліктің жарық кезі 20 ж ə не одан ұзақ сағатка жететін үйектік ( полярлық ) шеңбері ауданында өседі. Мысалы, сары сояу (дурнишник) өсімдігі т ə уліктің жарық кезі 21 сағатқа жеткенде ғана гүлдейді. Егер жарык кезінің ұзақтығы 21 сағаттан кем болса, онда бұл өсімдіктің үсікке тап болуы мүмкін. Солтүстік үйек шеңберінен аздап оңтүстікке қарай ж ə не оңтүстік үйек шеңберінен аздап солтүстікке қарай өсетін өсімдіктер қысқа күн өсімдіктері ( мысалы, соя, бамбук, мақта, тары, жүгері, темекі ) жатады. Бұл өсімдіктер ұзақ күн жағдайында гүлдей алмайды.
Слайд 11
АУКСИН — растительный гормон, вырабатывающийся преимущественно в растущих частях растений. Ауксины способствуют ускорению роста, стимулируя деление клеток и увеличение их размеров, а также взаимодействуя с другими гормонами.
Слайд 12
Өсімдіктерге ə сер ететін факторлар А. Климаттық факторлар : 1. Бастапқы периодты факторлар ( жарық, температура). 2. Туындаушы периодты факторлар ( ылғалдылық ). 3. Периодсыз факторлар ( кенеттен соққан дауыл : атмосфераның ед ə уір иондануы, өрттер, су тасқыны ). Б.Климаттық емес физикалық факторлар : 1. Сулы орта факторлары ( оттегі мөлшері, тұздылығы, РН, қысымы, тығыздығы, ағыны ). 2. Эдафикалық факторлар (РН, ылғалдылық, механикалық құрамы, тұздылығы ). В. Қоректену факторлары : 1. Азықтық мөлшері. 2. Азықтық сапасы. Г. Биотикалық факторлар : 1. Түр ішіндегі ə серлесулер. 2. Түраралық ə серлесулер.
Слайд 13
Өсімдіктердің сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасы туралы ғылым өсімдіктер экологиясы деп аталады. Өсімдіктердің құрылымына ə сер етуші табиғаттағы экологиялық факторлар : Сыртқы ортаның белгілі бір факторына қатысты өсімдіктерді ə ртүрлі экологиялық типтерге бөлінеді. Ылғалға қатысты : 1. Гидрофиттер – сулы ортаға бейімделген өсімдіктер. 2. Гигрофиттер – бұлар ылғал тапшылығын білмейді. Сондықтан трансперацияны көтеріңкі клетка арасын кеңістік жақсы жетілген /аэренхима/ булану жақсы жүреді 3. Мезофиттер – ылғалы жеткілікті, қоңыржай жағдайда өсетін өсімдіктер 4. Ксерофиттер – ылғалдылықтың ауада, топырақта немесе уақытша тапшылық жағдайда өсетін өсімдіктер. 5. Тұзды мол топырақта өсімдіктердің тобы. Галофиттер / соран бұзаубас, көппек /. қалың көлеңкелі жағдайда өсетін өсімдіктер-цинофиттер деп аталады ( орман өсімдіктері ). Көлеңкеде өсе алмайтын өсімдіктер тобыгелиофиттер деп аталады ( сарбас жоңышқа )
Слайд 14
Өсімдіктің тіршілік формасы-жергілікті жағдайда ұзағырақ бейімделу н ə тижесінде пайда болды. Өсімдік формасы, ұрпаққа беріледі. Өсімдіктердің өсу формасына ж ə не вегетативтік мүшелерінің тіршілік мерзімінің ұзақтығына негізделген эколого- морфологиялық классификациясы бойынша тіршілік формалары үш категорияға бөлінеді. 1. Ағаш өсімдіктер : бұталар ж ə не бұташалар, ағаштар. 2. Шөптесін өсімдіктер : бір жылдық ж ə не көп жылдық. 3. Жартылай ағаш өсімдіктер : жартылай бұталар, бұташалар. Ағаштар мен шөптесін өсімдіктердің өзара басты айырмашылығы, алғашқысының ұзақ жылдар бойы өсетіні, бүршікті көп жылдық қаңқалы өркенінің болуы. Жартылай ағаш өсімдіктердің жер беті бөліктерінің бір бөлігі өліп, енді бір бөліктері жаңарту бүршіктерімен жерден 5-20 см деңгейінде, көп жылдық ретінде сақталады. ( Жусанның түрлері, теріскен )