Отбасы тәрбие бастауы» — презентация
logo
Отбасы тәрбие бастауы»
  • «Отбасы тәрбие бастауы»
  • Мақсаты :
  • Міндеті :
  • Психологиялық ахуал
  • Қызығушылығын ояту.
  • Отбасы тәрбие бастауы»
  • Отбасы тәрбие бастауы»
  • Отбасы тәрбие бастауы»
  • Папа пен мама сөзіне түсінік беру.
  • Ойын кезеңі.
  • « Менің отбасым ».
  • Қорытынды:
1/12

Первый слайд презентации: Отбасы тәрбие бастауы»

1 «А» сынып Сынып жетекшісі: Жорабекова Меруерт

Изображение слайда

Слайд 2: Мақсаты :

1.   Отбасы туралы ұғымдарын кеңейту. Отбасы мүшелерінің алатын орны туралы түсінік беру. Отбасы — әр адамның шағын Отаны. Оқушыларға әке — шеше, бауырдың қадірін түсіндіру. 2.   Балалар әке — шешесінің қамқорлығына, сүйіспеншілігіне бөленіп, олардың дәулеті мен қызығын көріп қана қоймай, олардан адамгершілік қасиеттерін алып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу. 3.   Оқушылардың бойына ата — анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Изображение слайда

Слайд 3: Міндеті :

Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.

Изображение слайда

( С аусақ гимнастикасы : балалар саусақтарын жұдырықтарына түйеді ) Бір үйде біз нешеуміз ? Кел, ойнайық екеуміз : Бас бармағым — папам, Балаң үйрек — апам, Ортан терек — ағам, Шылдыр шүмек — мен, Титтей бөбек — сен. Бір үйде біз нешеуміз ? Бір үйде біз бесеуміз ! ( балалар жұдырықтарын ашып, жұмады )

Изображение слайда

Слайд 5: Қызығушылығын ояту

Ата - аналар бір біріне жүрекше сыйлау арқылы ыстық лебізін білдіреді. Сол жүрекшелерге өзінің атын және баласының атын жазып, бір - біріне сыйлайды. Осылайша, ата-аналар өзара танысуға мүмкіндік алады.

Изображение слайда

Слайд 6

Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз. « Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі » демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді.

Изображение слайда

Слайд 7

Мұғалім: Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар ! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу. Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Міне, осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.

Изображение слайда

Слайд 8

Изображение слайда

Слайд 9: Папа пен мама сөзіне түсінік беру

— Бұл екі сөз де қазақ тіліне жат болған. Бірақ бірнеше ондаған жылдан бері қазақ тілінің ең көп қолданылатын сөздерінің қатарында келеді. Көп адам екеуін де орыстың сөзі деп, қазақылыққа жат сөздерге жатқызады. Тіпті, әкесін «папа» деп атайтындарды жетесіздер, арсыздар қатарына жатқызатындар да бар. Қоғам болған соң әртүрлі пікірдегі адамдардың болатыны табиғи заңдылық қой. « Папа» мен «мама» сөздері ешқандай да орыстың немесе басқа да славян халықтарының төл сөздері емес. «Папа» сөзі көнедегі гректің « papas» сөзі мен латынның « papa» сөздерінен шыққан. Католиктік шіркеуде дінқызметкерлерінің ең лауазымды, ең жоғары қызметкеріне «Папа» деген атау берген. Мысалы, Рим Папасы Бенедикт VIII деген сияқты. Сөйтіп орыстар арқылы қазақ еліне де жетті. «Папа» сөзі — орыстардың сөзі » деуге болмайды. Өйткені ол сөздің орыстар арқылы жеткені болмаса, түп тамыры латын тілінде жатыр. Орыстардан басқа әлемнің қаншама ұлты әкені «папа» деп атайды. Мама сөзі де солай : әлемнің көптеген ұлттары ананы «мама» деп атайды. Бірақ «мама» сөзінің мағынасы ертедегі шіркеулерге қатысты емес. Мама — латынша « mamma ( мағынасы : әйелдің емшегі )» сөзінен шыққан. Баласын емізетін әйелді, яғни ананы «мама» деп атау ертедегі латын тілінен шыққан деуге толық негіз бар. Барлық тілде дерлік баламасы бар

Изображение слайда

Слайд 10: Ойын кезеңі

Ауызша тапсырма : « Сиқырлы шарлардан » тапсырмалар : 1. Отбасының қорғаны кім ? 2. Шаңырақ сөзін қалай түсінесің ? 3. Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін әлдилеген кім ? 4.Не отбасынан басталады ? 5. Ұлдардың үлкені 6. Нағашы жұрт деген кім ? 7. Отбасы нешеге бөлінеді ? Атап айтыңдар

Изображение слайда

Жоспар бойынша әңгімелеу : 1. Отбасында неше адам ? ( оларды ата ). 2. Олардың әрқайсысы туралы айтыңдар ( қайда жұмыс істейді, оқиды, бос уақытында немен айналысады ). 3. Сенің отбасың барлығы жиналғанда не істегенді ұнатады ? 4. Сен өз отбасыңды неге және не үшін жақсы көресің ?

Изображение слайда

Последний слайд презентации: Отбасы тәрбие бастауы»: Қорытынды:

Адам баласы бақытты болуы үшін он екі мүшесі сау болып,өмірдегі бар жақсылықты бойына жинап,білім алу керек.Бұған аяулы ата-анасы,қоғам көмектеседі,осы жасалған жағдайды пайдаланып өмірден өз орнын табуға міндеттіміз.

Изображение слайда

Похожие презентации