Первый слайд презентации
Пән атауы : Академиялық жазылым Тақырып : Эмпирикалық зерттеу әдістері Орындағандар : 3-топ Бердибаева С. Абдуасилова А. Асирбаева А. Егізекова А.
Слайд 2
Мақсаты : Эмпирикалық зерттеу әдістері дегеніміз не, бұл топқа қандай әдістер жататындығын көрсетіп, олардың ерекшеліктерін сипаттау. Жоспары : 1. Бақылау әдісі. 2. Педагогикалық эксперимент. 3. Сұрақ – жауап әдістері.
Слайд 3
Педагогикада зертеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар.
Слайд 4
1. Бақылап зерттеу – заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау ; зерттеу обьектісінің сыртқы жақтары,қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылап зерттеуге, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу обьектісі, бақылап зерттеу шарттары, сондай-ақ бақылап зертеу құралдары – видеоаспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары.
Слайд 5
Зерттеу барысында бақылап-зерттеу түрлерінің әр алуан жіктемесін ажыратуға болады : тікелей бақылап – зерттеу, мұғалім-зертеуші оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы ; Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады ; жасырын немесе елеусіз бақылап-зерттеу тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералы бар мектептерде жүргізіледі ; Бір бағытты бақылап – зерттеу жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады ; Бақылап-зерттеу және іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады.Мұндай бақылап-зерттеу үшін біршама уақыт пен зерттеушінің аналитикалық жұмыс жасауы қажет.
Слайд 6: Академиялық жазылымның ерекшелігі :
Объективті түрде жазылады; Ғылыми стильде жазылады; Жүйелі құрылыммен жазылады; Сілтемелерді жиі қолданады.
Слайд 7
2.Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық деңгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды олардың өту барысының тіркелген жағдайларында зерттеушіге бағытталған.
Слайд 8
Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: қалыпты, оқыту мен тәрбиенің күнделікті жағдайларында жүзеге асады.Сондай-ақ, эксперименттің белгілеп-анықтайтын түрі бар, ол зерттеу обьектісінің педагогикалық жүйесінің бастапқы күйін белгілеп, көрсетеді ; қалыптастыратын түрі – зерттеу обьектісін қайта құруға бағытталған.
Слайд 9
3.Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің обьективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты «субъект – субъект» жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады. Эмпирикалық зерттеу тәртіптерін құрастыру кезінде субъектінің өз іс-әрекетінің жағдайын оның сол іс-әрекет туралы түсінігі ретінде қабылдайтынына сүйену керек.
Әңгіме-сұқбат. Бұл ұйымдастырылуы мен мазмұны жағынан еркін диалог, оның кезінде әңгімелесушілер арасында бейресми және еркін қатынастар орыналады. Сұқбат-әңгіме. Әңгіме-сұқбаттың бұл түрі зерттеу обьектісінің өз іс-әрекеті туралы өзінің түсінігінің динамикасын белгілеуге көмектеседі, ол өзіндік пікірімен қоса психологиялық-педагогикалық анализдің тақырыбы болып табылады. Анкета. Бұл арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының варианттарының катологикалық құрылысы.Анкета құрастырушы ұсынған алдын ала белгіленген бірнеше мүмкін деген жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады.
Слайд 11
4. Тәжірибе дегеніміз педагогтің ұзақ жылдар бойындағы практикалық-педагогикалық іс-әрекет нәтижесінде жинастырған шеберлігі, ол практик- мұғалімнің тәжірибелігі.Практика ұғымының мәні кең, өйткені онда мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысының озат, мазмұны тар тіпті теріс тәжірибесі жиналуы мүмкін.
Слайд 12
5. Эмпирикалық әдіс ретіндегі дәрігерлік-педагогикалық тексеру медикалық-пеадгогикалық кестені жаппай дайындаумен байланысты.Ол кестелер оқушыларға қатысты жеке дара қолданылады, оқушылар әртүрлі ғылыми мамандар текссеруінен өтеді.Тексеру барысында оқушылардың өмірбаяны, психологиялық-педагогикалық сипаттамасы, олардың үлгерімі, жеке тұлғалық дамуынң генезисі,ауырған ауруларының сипаты, олардың туа біткен кемшіліктері, оқушылардың, олардың ата-аналарының денсаулығы, таным процесі барысының ерекшелікктері зерттеледі.
Слайд 13
Қорытынды: Оқушылардың даралық-психологиялық ерекшеліктеріне,ынта-талаптарына,мақсат-мүдделеріне,бейімділігі мен қабілеттеріне талдау жасау олардың оқыту, тәрбие, дамыту процестеріне деген қатынасын анықтауға мүмкіндік береді, жеке тұлғаның танымдық процестері мен қабілеттерінің қалыптасу деңгейін көрсетеді.