Слайд 2
Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің идеялары мен ағартушылық қызметі Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық жүйесі. Ыбырай Алтынсаринді танып білу өзектілігі мен тәрбиелік ой-пікірлері. Қорытынды
Слайд 3
Ы. Алтынсарин – ағартушы, прогресшіл қайраткер, демократ, гуманист, этнограф, публицист-жазушы. Сонау XIX ғасырдың перзенті Ыбырай Алтынсарин өз замандастарынан әлдеқайда ілгері тұрып, көпшілік істерде бастамашылық танытты, көшбасшы бола білді. Ол - өз дәуірінің озық ойлы тұлғасы. Сондықтан да заман тынысын дөп басып сезіп, ілім – білімге туған халқын меңіреу тыныштықтан серпілтер, жарық дүниеге қол созуға бағыт сілтер шамшырақ, пәрменді құрал ретінде қарады. Қазақ сахарасында қоңырау болып сыңғырлап, «өнер – білім бар жұрттар» қатарына қосылуға шақырды. Өмірінің қысқа мерзімінде ұстаздардың ұстазы Қазақстандағы халық ағарту тарихына баға жетпес үлес қосты.
Слайд 4
Қазақ халқының ұлы перзенті Ыбырай Алтынсарин қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырып, тұңғыш халық ағартушысы атанып қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күресіп, халық игілігі үшін жан аямай еңбек етудің үлгісін көрсетті, бүгінгі күнде білім беру мазмұны Ыбырай Алтынсаринның жасаған игі істерімен жалғасын тауып жатыр десек қателеспейміз. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы аса көрнекті ағартушы-демократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды. Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Бала психологиясының жалпы сипаты туралы тақырыпты алғаш рет талдаған Ы. Алтынсарин болатын. Ыбырай Алтынсариннің мектепті ұйымдастыруы мен мектептегі оқыту үдерісінің әлеуетін бағалаумен айналысты. Ы. Алтынсарин 1860 жылдардан бастап, жергілікті жерлерде мектеп ашу ісімен айналысады.
Слайд 5
Мектеп – қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осында, тек осы мектептерде ғана деп жазған болатын. Қазақ топырағында тәрбиеші ұстаз, мұғалімдер жөніндегі небір жүрек тебірентерлік тың ойлар, аталы сөздер де Алтынсарин аузынан бірінші естілген еді. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық жүйесінің өміршеңдігі. Оның прогресшіл сипаттағы педагогикалық жүйесі халық ағарту саласында аса зор, пайдалы рөл атқарды. Сондықтан да заманауи білім беру саласының стратегиялық мәселелерін қарастырғанда ағартушының бай мұрасын терең зерделеп пайдалану қажеттігі туындап отыр.
Слайд 6
Ыбырай мектептер ашу ісімен ғана шектеліп қалмады. Ол қазіргі уақытта да көкейтесті сұрақтардың бірі болып отырған жан-жақты, білімді, ұстамды, өзіндік пікірі бар мұғалім дайындау сияқты мәселелермен шұғылданды. Мұғалім – мектептің негізгі тұтқасы екендігін жақсы түсінген Ыбырай сол мектептердегі тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді. Оқу-тәрбие ісін жаңа бағытта ұйымдастырды. Бұл ретте ол мұғалімнің атқаратын рөлін жоғары бағалады. Оның «Халық мектептері үшін ең керектісі – мұғалім. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да мұғалімге тең келе алмайды», - деп жазуы мұғалім мамандығының қоғамда қаншалықты орын алатындығын және беделінің зор екендігін көрсетсе керек. Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары демократияшыл ағартушылық ой-пікірлер мен алдыңғы қатарлы орыс мектебінің тәжірибесі негізінде қалыптасты.
Слайд 7
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық жүйесі Ы. Алтынсариннің педагогикалық жүйесінде Қазақстан жағдайында алғаш рет жалпы педагогика, дидактика және методика слаласының аса маңызды ғылыми принциптері қолданыла бастады: оқытудың көрнекілігі, тәжірибе мен бақылау, оқытудың белгілі мақсатқа құрылуы, класс жұмыстары мен кластан тыс жұмыстардың түрлері жүзеге асырылды. Ол оқыту әдісін өз түйгенінше, орыс мектебінің озық үлгісіне негіздеп құруды ойластырды. Мектеп оқушыларына арнап оқу құралдарын, программалар, нұсқау хаттар жазды. Мектеп кітапханаларының физикалық, химиялық, астрономиялық құралдарымен жабдықталуына, оқушылардың түрлі ғылым мен өнер саласындағы жаңалықтарды біліп отыруына үлкен мән берді.
Слайд 8
Оқу методтары мен балаларды оқыту тәсілдерін Ы. Алтынсарин мұғалімдерге олардың кең тәрбиелік мағынасында түсіндірген: а ) оқыту методтары - балалардың жүре келе мектепке, сабаққа кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға ынталандыратын, ықыластандыратын жол ә ) сабақта балалардың ойлау қабілетін арттыратын жаттығулар қажет, мысалы, әңгіме, түсіндіру арқылы оқыту методы. Бұл көрнекілік заттарды және өмір фактілерін пайдалануға көмегін тигізеді: заттарды және құбылыстарды суреттеу, олардың қасиеттерін салыстыру, әр түрлі қорытындылар жасау. Сондықтан да балаларда дұрыс ойлау қабілеті қалыптаса бастайды.
Слайд 9
Ы. Алтынсарин еліміздегі оқулық жасаудың негізін салды. Ол қазақ оқулығының тарихында өз орны бар ағартушы. Ы.Алтынсарин Қазақстандағы әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешудің басты жолдары мен негізгі ұстанымдарын ұсынды. Іргесі қаланбақшы алғашқы мектеп құрылысын, тұңғыш берілетін білімнің бағыт-бағдарын айқындады, қалың бұқараға оның мазмұны мен маңызын түсіндірді, бастауыш мектепке қажетті оқу-құралдарын дайындады. Оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Мұғалімнің ұстанымы-оның көзқарасы, қабылдаған шешімі мен іс-әрекетінің негізі. Педагогикалық ұстаным – бұл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез – құлқында басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдайлары. Оқыту ұстанымдары – оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын негізгі жағдайлар.
Слайд 10
Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде, балалармен дұрыс сөйлесе білуінде. Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және ой еңбегіне үйретуге тиіс, олардың білімге деген ынтасын мейлінше арттыруға тиіс. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілілігін арттыруға арналған «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасының мазмұнынынан кешегі Ыбырай салған жолмен ілгері жылжуды бақылауға болады. Ыбырай Алтынсарин оқыту мен тәрбиелеуде негізгі тұлға мұғалім екенін ұғынып, сапалы білім беретін мұғалімдерді дайындау жолында жұмыс жасаған болса, бұл игі бастама әлі де күшін жойған емес, «Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мүғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне көбірек ықпал етеді.
Слайд 11
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға –мұғалім. Бүгінгі заман талабына сай білім беруде мұғалімнің алдына қойған басты мақсаты, өз мүддесі мен қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, зиялы, адамгершілігі мол, денсаулығы мықты жеткіншек тәрбиелеу. Оқушылардың санасына туған халқына деген патриоттық сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру. Сондай – ақ тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт дәстүрін меңгерту. Әр оқушыны дара тұлға деп танып, олардың бойына үнемі оқып үйренсем деген ізденімпаздық қасиет дарыту, оларға өздігінен білімдерін толықтырып тереңдету тәсілдерін жаңа технологиялармен, әдіс тәсілдермен байланыстыра отырып дамыту Ыбырай еңбегімен үндесіп жалғасын тауып отырған іс деп қарауымызға болады.
Слайд 12
Алтынсариннің міндеттері мұғалім туралы нұсқаулары - олардың қалай оқу керектігі - оның өз заманындағы методиканы терең және жан- жақты білгенін көрсетеді. Ауызша әңгіменің ойлау мен жазбаша жаттығулардың көптеген әдістері туралы түсіндірмесінде ол балалардың әрбір еңбегінің құр босқа ойсыз жаттауға жұмсалмай, мағыналы және жүйелі болуы керек екенін жазды. Әрі қарай ол балаларды тәрбиелеуде үстіртін және мардымсыз түсініктердің, шалағайлықтың болмауы керектігін ескертті. Ол нашар оқыту мен нашар қарым- қатынас балалардың басын қатырып, шатастыратын ал, керісінше балалар сергек, олармен қарым-қатынас неғұрлым жақсы оқушылардың көңіл-күйіне әсер неғұрлым көп болса, сабақ соғұрлым табысты болатынын нақтылы мысалдар арқылы түсіндірді.
Слайд 13
« Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасында балаларды оқыту тәсілдері тиімді оқыту, табысты оқыту, сындарлы оқыту тәсілдерімен жалғасын тауып отыр. Оқытудың бұл тәсілдерін қолдануда мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырады, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыруға ынталы болады - бұл жерде де ұлы ағартушының ұстанымының жаңа заман талабымен үндестігін көруімізге болады. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасынан бүкіләлемдік тәлім тәрбиенің алтын діндегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз.
Слайд 14
Ы. Алтынсариннің демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. - Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шығаруға арнаса, - екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер даярлауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді. - Үшіншіден шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде, болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі азамат болуға, зиянды іс-әрекеттен, ұрлық-зорлық, жатып ішер жалқаулық сияқты жаман әдет жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырады.
Слайд 15
Ыбырай Алтынсаринді танып білу өзектілігі мен тәрбиелік ой-пікірлері Алтынсариннің педагогикалық тәрбие қиялдары мен мектеп системасы ғылым мен жалпы білімді жоғары бағалауға, балаға сүйіспеншілікпен қарап, оны қадірлеуге және өз халқының мүддесі үшін қызмет істей алатын жас адамдарды дайындауға негізделіп жазылған және де бүгінмен үндесіп, еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеуде зор үлесін қосып отыр десек қателеспейміз. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасынан әлемдік тәлім-тәрбиенің алтын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз.
Слайд 16
Мысалы, өзінің екі кластық мектептердің меңгерушілеріне жазған нұсқау хатында ол: «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені де ықыласпен, түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да, жалықтырып жібереді. Оқытушыларды бағалағанда олардың іске мәнді қатынасы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың біліміне қарап бағалау керек» - деп жазған еді. Ы. Алтынсарин өзінің ұстаздық қызметіне байланысты қазақ жастарын оқытып-тәрбиелеу мәселесін ең басты мәселе деп есептеді. Оның шығармаларында екінші бір өзекті мәселе – жастарды түрлі жақсы қасиеттерге баулу, жаман істерден жирендіру мәселесі.
Слайд 17
Ы. Алтынсарин өз шығармалырында жасөспірімдерді адамгершілік қасиеттерге баулып отыру мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті деп дұрыс түсінді. Осы идея Алтынсарин әңгімелерінің арқауы. Ол – еңбек адамының өмір жөніндегі көзқарасын кеңейтіп, оның бойында жақсы қасиеттердің (кішіпейілділік, мейірімділік, зеректік, әдептілік, жинақтылық, жомарттық) қалыптасуына әсерін тигізетін, сондықтан да әрбір ата-ана еңбектің осындай жасампаздық қасиетін балаға кішкентайынан ұғындыра білудің қажеттігін айтады. Ұлы ұстаздың қандай да шығармасын алсаң да оқушысының санасын оятып, жасөспірімдерге үлгі-өнеге берерлік, болашағына жол сілтерлік, оларды іс- әрекетке үйретіп өмір танытарлық ой тастайды. Өнерге ұмтылу, Отанын, елін сүю, талаптылық, жігерлілік, ізденімпаздық, кішіпейілділік, махаббат қайырымдылық, адамгершілік, жинақылық тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез құлыққа тәрбиелеуге қажетті мәселелерді қамтиды.
Слайд 18
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының тағдырына ерекше мән берген ұлы ағартушы – педагог. Ы.Алтынсарин педагогикасының мұраларының негізгі идеяларының бірі – адамның өзара қарым – қатынасы, жастарды еңбекке баулу. Өзінің барлық педагогикалық теориясында жас жеткіншектердің ұлттық тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген пікірді ұстанғандардың бірі Ыбырай. Ы. Алтынсарин шығармалары халқымыздың салт – дәстүрі, әдет – ғұрыптарын сипаттайтын этнографиялық мәнде келеді. Ы.Алтынсарин жастарды оқу – білім, өнерге үндегенде құрғақ насихатқа ұрынбайды, айтпақ пікірін оқушы зердесіне сіңіру үшін әр түрлі ұстаздық амал тәсілдерді қолданады.
Слайд 19
Оның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына әсіресе, қазақтың мәдениетін, өнерін терең білетін, ақыл – парасаты жоғары, сөзге шешен, елге сыйлы атасы Балғожаның ықпалы ерекше болды. Ыбырай бала жастан халықтық педагогикадан алған тәлім – тәрбиесін, үлгі – өнегесін көңіліне түйгендерін оқу ағарту істері арқылы қазақ балаларының бойына сіңдіре білді. Ы. Алтынсариннің ұлттық эстетикалық тәрбие проблемаларын қозғайтын арнайы еңбектерін жазып қалдырмағаны белгілі, бірақ Ы. Алтынсариннің ұлттық – эстетикалық тәрбиеге қатысты оның педагогикалық қызметінен көрініс тапты. Ы.Алтынсарин өзінің төл туындыларында тәрбиелік, нақыл – насихаттық мәніне ерекше көңіл аударып отырды. Сол арқылы жас буынды адамгершілік пен ізгілікке, еңбек пен зейінділікке, өнер – білімге баулуды көздейді. Ол ел жұртқа қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы тұрақты мектептер арқылы жүзеге асады деп санады. Ы. Алтынсарин қызметінде балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысы ерекше орын алады. Мектептегі оқыту мен тәрбие процесін жүргізуші мұғалім деп таниды. Ы.Алтынсарин надандықтың зиянын, ғалымның қоғамдық маңызын түсіндіреді. Бұл әсіресе «Талаптың пайдасы» т. б. әңгімелерімен көрінеді.
Слайд 20
Ы. Алтынсарин еңбек процесінің бала тәрбиесіндегі ерекше маңызын көре біледі. Ы.Алтынсарин әңгімелерінде еңбек процесінің адамның сана – сезімін, психологиясын қалыптастыруда ерекше орын алатынын жақсы түсінген. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей жасөспірімдердің басында кездесетін түрлі жаман мінездерді отбасындағы тәрбиемен терең астастырады. Адамның жеке басының мінез – құлқын қалыптастыру, оның бойынан жойылып бара жатқан адамгершілік қасиеттерді сіңіру, иманжүзді етіп тәрбиелеу ата – ананың тікелей әсерімен отбасынан басталып, мектепте жүзеге асатынын ескерген жөн. Ыбырай келешегінен үміт күткен, өз халқын жан тәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот азамат еді. Өз заманының ақыл ойшылдары ірі қоғам қайраткерлері, олардың дарқан бейнелері мен іс әрекетінен қазақ халқының мәдени экономикалық дамуын, қазақтың ұлт болып бірігуін, жаппай сауатты, мәдениетті, оқыған ел болуын көксеген біртуар асыл азаматы.
Слайд 21
Қазақ педагогикасының дамып, өркендеуіне белсене ат салысып мынандай үлес қосты: қазақ балаларына алғаш мектеп ашты, Ырғыз қазақ қыздарына арналған мектеп – интернат ашты, «Қазақ хрестоматиясын», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралын» жазды. Қоғамның заңды тіршілік етуі тек қана халықтың ағартушылық деңгейі қоғамдық және дара санының дамуы арқылы мүм-кін болатынын тарихи іс тәжірибе көрсетіп отыр. Әлемдік деңгейдегі балық құқықтық мемлекеттерде азаматтық қоғам ғасырлар бойы жинақталған құндылықтар негізінде қалыптасқаны белгілі. Ұлы ғалым – педагог Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» және «Таза бұлақ» деген оқу – әдістемелік еңбектері қазақ халқының рухани мәдениетінің даму тарихында аса зор оқиға болып бағаланады. Және болашақ ұрпақтың ақыл ойы мен жеке тұлғаны қалыптастыруда адамгершілік, эстетикалық еңбек дағдылары мен қасиетін тәрбиелеудің негізі болып есептеледі. Жеке тұлғаны оқу мен өнерге, мәдениетке, адамгершілікке тәрбиелеуде Ы.Алтынсарин аса бағалы, бай қор – қазақ фольклорына ерекше назар аударды. Бұдан ұлы ағартушының істеген ісінен, шығармаларынан бала тұрғысынан қалыптастыру мен тәрбиелеуде қазақ отбасының тәлім аларлық ең жақсы дәстүрлеріне жоғары баға бергендігін көреміз.
Слайд 22
Қазіргі уақытқа дейін қазақ халқының әсіресе, бала тәрбесіндегі, оқу-ағарту саласындағы көкейкесті мәселелерді қозғаған кезде ұлы ұстаздың еңбектеріне назар аударатынымыз рас. Себебі қай уақытта болмасын бала тәрбиесі мен жас ұрпақты дұрыс жолға салу - күн тәртібінен түспеген үлкен мәселе. Ыбырай Алтынсарин туған халқына жан аямай еңбек етті, ұрпақтарына үлгі-өнеге боларлық, тәлім аларлық, рухани нәр боларлық бай мұра қалдырды. Қоғамдық әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу үшін, ел ішінде білім, өнер тарату ісін кеңейте беру керек деп ұққан ол бар күш-жігерін мектеп ісіне, бала оқыту жүйесін жақсартуға жұмсайды. Оның мұғалімдердің бала оқытудағы орнын жоғары бағалай келіп: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, ол - мектептің жүрегі» - деген сөзі осы күнге дейін құнын жойған жоқ.
Слайд 23
Қазіргі уақытқа дейін қазақ халқының әсіресе, бала тәрбесіндегі, оқу-ағарту саласындағы көкейкесті мәселелерді қозғаған кезде ұлы ұстаздың еңбектеріне назар аударатынымыз рас. Себебі қай уақытта болмасын бала тәрбиесі мен жас ұрпақты дұрыс жолға салу - күн тәртібінен түспеген үлкен мәселе. Ыбырай Алтынсарин туған халқына жан аямай еңбек етті, ұрпақтарына үлгі-өнеге боларлық, тәлім аларлық, рухани нәр боларлық бай мұра қалдырды. Қоғамдық әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу үшін, ел ішінде білім, өнер тарату ісін кеңейте беру керек деп ұққан ол бар күш-жігерін мектеп ісіне, бала оқыту жүйесін жақсартуға жұмсайды. Оның мұғалімдердің бала оқытудағы орнын жоғары бағалай келіп: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, ол - мектептің жүрегі» - деген сөзі осы күнге дейін құнын жойған жоқ.
Последний слайд презентации: ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН: БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ
ҚОРЫТЫНДЫ Ұлттық ғылыми білім беру, мектеп философиясы, әдебиеттану, дипломатия, лингвистика, әліппетану, мектептану, жаңа алфавитке көшу, рухани-адамгершілік жаңғыру, балалық шақ философиясы мен тәрбие идеалы, отбасы мен қыз тәрбиесі, балада тілдік, тарихи, географиялық сананы қалыптастыру, діни құндылықтарды, халықтық поэзияны тиімді пайдалану, хрестоматия, оқулық жазу, орыс тілін оқыту әдістемесі, кәсіптік-техникалық білім беру, кәсіпкерлік пен аударма салалары мамандарын және мұғалімдерді жаңаша дайындау заманауи педагогика мен психологияның зерттеу пәніне айналмақ. Ыбырай Алтынсариннің ілімі өз алдына дербес, тұтас бір педагогикалық жүйе болып табылатындығы ақиқат.