Слайд 2: Сабақтың мақсаты
Білімділік: Қатынас ыдыстардың қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру. Дамытушылық: Өмірден мысалдар келтіріп, оқушы ойын дамыту. Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа баулу.
Слайд 3: Сабақтың түрі мен әдістері
Сабақтың түрі: Жаңа ұғым қалыптастыру. Әдіс-тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау, ашық ой сабағы. Көрнекіліктер: суреттер, қатынас ыдыстар, приборлар, тірек схема.
Слайд 4: Үй тапсырмасын тексеру
1. Судың ыдыс табанына түсіретін қысымы бірдей бола ма? 2. Саңылаулары бар цилиндрдегі сұйық неге әртүрлі қашықтыққа шашырайды? 3. Қысым дегеніміз не? Өлшем бірлігі. 4. Сұйық бағанының қысым формуласы. 5. Теңіздің ең терең жеріндегі қысым. 6. Адамға әсер ететін қысым (9 м тереңдікте). 7. Қатты денелер, газ және сұйықтардағы қысым қалай беріледі?
Слайд 5: Жаңа тақырып
Қатынас ыдыстар – сұйық құйылған бәріне ортақ бөлігі бар ыдыстар. Сұйық бағандарының биіктігі олардың тығыздығына кері пропорционал. Су құбыры – қаланы, ауылды сумен қамтамасыз ететін жүйе. Тұрмыстық су құбыры – тұрғындарға ауыз су жеткізеді. Өнеркәсіптік су құбыры – өндірістік қажеттіліктерге қолданылады.
Слайд 6: Сабақты пысықтау
1. Қатынас ыдыстарға мысалдар келтіріңдер. 2. Әртүрлі сұйықтар құйылса, деңгейі қандай болады? 3. Бірдей су құйылса, деңгейі қалай болады? 4. Шүмегі ыдыс бетінен кіші болса не байқалады? 5. Шүмегі ыдыс бетінен ұзын болса не байқалады?