Первый слайд презентации: Қазақ фольклоры
Дайындаған : Тәжібай Заманбек Абай атындағы ҚазҰПУ Және оған әсер еткен тұлғалар
Слайд 2: Фольклор
Халық шығармашылығы, яғни аңыздар, қиссалар, ертег і л ер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар және т.б. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде пайда болған фольклор дамыған қоғамның этностарында да сақталған. Ол нақты тарихи фактілер мен тұлғаларды бейнелеуге ғана арналмай, өткен тарихтың басты-басты мән - мазмұнын көркемдік-бейнесі тұрғыдан білдіруге саяды. Фольклордағы көркемдік жинақтама бейнелер арқылы халық қоғамдық өмірдің әр түрлі құбылыстарына көзқарас тұрғысын білдірген.
Слайд 3: Қазақ Фольклорына тоқтала кетсек
Көшпелілер мәдениетінің ең бір көне нұсқалары — ол миф пен әпсаналар. Миф — фольклордың ең көне жанры. Оның тұп-тамырлары сонау алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Адам баласы өзін қоршаған орта, табиғат, жан-жануарлар, өмір, өлім, өсіп-өну туралы ерте заманнан-ақ өз түсініктерін қалыптастырған. Көшпелілердің көне мифтік көзқарастары жыр-аңыздарда көрініс тапқан. Түркі көшпелілерінің ең көне аңыздарына Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер жатады. Қорқыт туралы аңыз-әңгімелердің негізгі сюжеті — өмір мен өлім, адамның ажал алдындағы дәрменсіздігі.
Слайд 4: Ежелгі түркі Фольклоры
Ғұндар мен көне түркілердің өздерінің шығу тегі жөніндегі аңыздарының да тарихи мәні бар. Ол аңыздың бір нұсқасы бойынша, ғұндар ( түркілер ) өзінің күншығыстағы көрші елінен қатты жеңіліс тауып, тегіс қырылады. Жау әскері бір жас баланы өлтірмей, тастап кетеді. " Содан тараған жұрт ғұндар мен түркілер еді " дейді көне аңыз. Көне түркілер қасқырды ата тегіміз деп біледі. Түркі халқын бірінші басқарған Ашына өзінің осы тектік ерекшелігін білдіру үшін ордасының қақпасына бөрі басының суреті бар ту байлаған. Бұл аңыздың бұлыңғыр сілемі кейінгі қазақтарға дейін жеткен. Қазақта бөріні " тәңір серісі " деп құрметтеген. Ғұн, үйсіндер қала да салып, қала мәдениетін білген. Бұл дәуірде пайда болған Түймекент, Тасақыр қалалары жөнінде қазақ арасында ғажайып хикаялар, аңыздар сақталған. Аңызда бұл қалалар Талас өзенінің бойында салынғандығы айтылады.
Слайд 5: Қазақ Фольклоры …
Қазақ фольклоры негізінен : Эпостық жырлар Батырлар жыры Әлеуметтік-тұрмыс эпосы Тарихи жырлар дан Тұрады
Последний слайд презентации: Қазақ фольклоры: Қазақ халқының фольклорына әсер еткен тұлғалардың бірі
Илья Николаевич Березин ( 1818 - 1896 ) - орыс ғалымы, шығыс зерттеуші, Петербург университетінің профессоры. Ол « Шығыс тарихшыларының кітапханасы » атты жинақ шығарып, оған Рашид ад-Дин, Мұхаммед Шайбани, Қадырғали Жалаири, Әбілғазы еңбектерінің орыс тіліндегі аудармасын енгізген. « Шығыс елдеріне саяхат » деген еңбегі, « Орысша энциклопедиялық сездігі » жарық көрген. Ғалым Алтын Орда тарихымен айналысып, Жошы ұлысы хандарының жарлықтарын зерттеген. Князь В. А. Кудашев кешіріп алған Абай қолжазбасы осы кісі арқылы Петербургтағы Орыс географиялық қоғамына келіп түскен. Ол өлеңдер авторы Абай екенін біле қоймаса да оларды жоғары бағалап, « Географиялық қоғам жазбалары » журналында бастыру мақсатымен атақты ғалымдар П. П. Семенов-Тян-Шанский мен П. М. Мелиоранскийді таныстырған. Березиннің қолында бұл қолжазбамен қатар Абайдың кадет корпусыңда оқитын інісі Халиуллаға жазған хаты, әкесі Құнанбайдың атынан жазған хаттары және ақын ауылының молдасы Ғабитханның хаттары да болған. Бүл аса құнды құжаттар қазір С.- Петербургтегі Күншығыс халықтарын зерттейтін ин- ттың кітапханасында Сақтаулы.